Бағдарламасы бойынша жарық көрді



Pdf көрінісі
бет45/60
Дата28.01.2023
өлшемі1,31 Mb.
#63408
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   60
 Аввал замонда бир подшонинг уч вазири булган экан»
48
.
Татар ертегісіндегі кіріспе мен бастаманың қатар келген 
түрі:
«Борын­борын заманда, борыны китек команда, саесқан 
сотник, урдәк урядник, песнәк писер булып йөргән заманда эт 
дисәтниккә менде, ди, шул заманда начальство кубәеп китте, 
ди. Бар иде, ди, бер кеше, чыгып китте, ди, ул ике суқ­мақ, бер 
юл белән. Көкре китте, жантық китте, ди, чалыш китте, 
кыек китте, бара­бара барып житте, ди, бу ике куак бер 
талға. Берне кисте кәкрене, берне кисте бәкрене, яне китте, 
ди, ике сукмак бер юл белән; барып житте, ди, бу бер кулгә, 
утырып торадыр иде, ди, анда ике чурәки, бер урдәк. Көкре 
атты – тияр­тимәс булды, бәкре атты – тиде, ди. Урдәкне 
суйды, пот май чыкты, ди.
Шул заманда булган икән, ди, бер патша»
49
.
Төрт түркі тектес халықтардың ертегісіне тән кіріспе мен 
бастама басқа түркі тектес көшпелі халықтар ертегісінде дәл 
осылай қатар келе бермейді. Онда кіріспе мен бастама бірігіп 
кеткен, сондықтан ертегі дереу кейіпкермен таныстыруды 
мақсат тұтады. Соның нәтижесінде ертегіде ұзын сонар 
кіріспенің орнына кеңейтілген бастама айтылады. Бұл қара­
қалпақ, түрікмен, қырғыз, башқұрт, қазақ ертегілеріне тән. 
Бірнеше мысал келтірейік.
Түрікмен ертегісінің бастамасы:
«Бир бар экен, бир ек экен, патышахы дегремен, бәш 
дийсе, бәш галада, он дийсе, он галада, газакда, галпакда, 
екдуки ггенжи Гарабагда, Асма, Бусма, сурхы непедов, ажыңа 
ажы, эрезең­березең, ғарынжа депди, дуйәниң гозы чыкды. 
Астрабадың дағы, ичинде чар бағы, ғарынжа, билинде сапанча, 


[
230
]
бир эли эер гашында, бир эли уян башында, гадым эйямда Чан­
дыбил юрдунда бир Догулы диен молла барды. Бу молланың 
хуй­хасиети или алдап, пул алмакды».
50
Міне, мұнда кіріспе мен бастама бірігіп кеткен. Ертек 
оқиғасына қатысы жоқ жайттар айтылып келеді де, дереу 
кейіп кердің есімі, оның кім екені хабарланады, тіпті бірден 
оған мінездеме де беріледі. Мұндай жағдайды тағы басқа түр­
кілер ертегісінен анықтап көрейік.
Қарақалпақ ертегісінде: 
«Ертегим ертек, кулағы шертек, бири рас болса, бири өти­
рик, әйтеуир бурында бир гарры кемпир жасапты. Орта сында 
бир баласы болыпты» 
51
.
Тағы бір түрі: «Бұрынғы өткен заманда дин мұсылман 
аманда, бөденениң аяғын аннан­саннан бир басып, жорғалаған 
уақтында Шахаббаз деген патша өтіпті. Шахаббаз патша­
ның 40 қатыны болыпты»
52
.
Қырғыз ертегісінің бастамасы:
«Илгер­илгери Кебез­Тоонун кең жайлоосунда ажырадаар 
менен арбашкан, желмогуз менен кармашкан, ааламдын 
жузун кыдырган Тоштук деген баатыр болгон экен. Ал сакалы 
ағарып карыганча балалуу болбоп­тур»
53
.
Башқұрт халқының ертегісіндегі бастама:
«Борон­борон заманда тубөһене қараһақ, тубәтәйең тө­
шәрлек бейек, кеше уткеһез шырурманлы тау итәгендәге бер 
ауылда бар қарт һунарсы булган, ти. Уның Туземгол исемле 
бер генәулы ла булган «
54
. Тағы бір түрі:
«Борон­борон заманда көзә балкауник, һарык әфисәр бул ган 
заманда йәшәгән, ти, бер әбей мен бабай. Уларзың булган, ти, 
дурт қызы»
55
.
Қазақ ертегілерінде де мұндай кеңейтілген бастама кез­
деседі, алайда, сан жағынан көп емес. Академиялық түрде 
шық қан үш томға
56
енген ертегілерден мысал келтірейік:
1. «Ертеде, ерте­ертеде, ешкі құйрығы келтеде, Қаратау­
дың ойында, Қарасудың бойында Қазанқап деген бір кедей 
болыпты»
57
.
2. «Ертеде бір бай болған екен, төрт түлігі сай болған екен, 
бір перзентке зар болған екен»
58
.


[
231
]
3. «Ертегім ерте екен, ешкі жүні бөрте екен, ерте за манда бір 
аңшы болған екен»
59
.
4. «Ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда бір байға 
жүрген қойшы байдан көп жылдар бойы ақы ала алмаған соң 
және байдың қорлығына шыдай алмай бір түнде еліне қашып 
кетеді...»
60
.
5. «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, байлар киіп 
қырмызы, жарлының тоны келтеде, жердің үстінде, аспанның 
астында, әлемді таң еткен Келтен деген бір сараң бай болыпты»
61
.
6. «Ерте, ерте, ертеде Құбахан деген хан екен. Малының 
саны жоқ екен. Хандығының көлемі жеті айшылық жол екен. 
Құбахан жалғыз ұл көреді, ұлының атын Тотан қояды»
62
.
Келтірілген мысалдар жоғарыда айтқан ойымызды дәлелдеп 
тұр: бақташылықпен күнелтетін көшпелі түркі халықтарының 
ертегісінде өлеңдетіп, тақпақтатып айтылатын арнайы кіріспе 
жоқ. Оның есесіне кеңейтілген бастама бар. Онда ертегі оқи­
ғасын баяғыда өткен деп, шындық өмірден бөліп алумен бірге 
кейіпкер туралы бірден мәлімет беріледі, оның мекен­тұрағы, 
хал­жағдайы әңгімеленеді. Ал орыс, түрік, әзірбайжан, өзбек 
халықтарының ертегісінде арнайы түрде айтылатын кіріспеден 
кейін кейіпкердің қайда тұратыны, кім екені хабарланады, 
яғни кіріспе (присказка, текерлеме) мен бастама (зачин) қатар 
берілгенімен қосылып кетпейді. Кіріспенің мақсаты – ертектің 
өтірік екенін айту және тыңдаушыны сондай көңіл­күйге түсі­
ру. Сондықтан да ол ойнақы, мазмұны күлкілі, тақпақ фор­
масында бола ды.
Енді мынадай бір заңды сұрақ туады. Не себепті тегі бір 
түркі халықтарының ертегісі екі түрлі басталады? Бұған біздің 
ойымызша, бірнеше себеп бар. Ең бастысы – ертегісін талдап 
отырған түркі халықтарының өткен тарихи­қоғамдық, мәдени­
көркем жолдарының әр басқа болуы. Әзірбайжан, өзбек, түрік, 
татар халықтары атам заманнан бері отырықшылықта өмір 
сүріп келеді. XX ғасырға дейін олар феодализм қоғамында 
болды, ерте кезден­ақ орталықты мемлекет құрды, қала салып, 
сауда­саттық дамытты. Көрші елдермен, әсіресе Шығыс және 
Ресей халықтарымен ты 
ғыз байланыста болды, олардың 
әдебиеті мен мәдениетінен сусындап, өздерінің көркем өнерін 
өсірді. Араб, парсы тілдеріндегі классикалық поэзияны жете 


[
232
]
меңгерді. Міне, осының бәрі ауыз әдебиетіне, оның ішінде 
ертегіге де әсерін тигізді. Сондықтан да әзірбайжан, өзбек, 
татар, түрік ертектерінде шығыс әдебиеті мен фольклорының 
поэтикасы молырақ сезіледі, тілі өте құлпырмалы болады, 
сюжеттері көп оқиғалы, хикаялы болып келеді. Оның үстіне бұл 
халықтарда, әсіресе әзірбайжан мен түріктерде ертегі айтып 
тамағын асыраған кәсіпқой ертекшілер де болғанға ұқсайды. 
Оған осы тілдер ертегісінде кездесетін соңғы формулалар 
дәлел. Онда ертекші «көктен үш алма түсті, бірі – маған, бірі – 
ертек айтқанға, үшіншісі де – маған» деп ертегі айтқаны үшін 
үш алманы бірдей өзіне бұйырады, яғни ақы сұраған түрі: 
«Jедиләр, ичдиләр, мәтләбләринә jетишдиләр. Көjдән үч алма 
дүщдү, бири мәним, бири нағыл деj әнин, бири дә өзумун. Сен 
сағ, мән саламат. Сән jүз jаша, мән ики әлли, һансы чохду, ону 
сән көтур».
63.
Ал түрікмен, қарақалпақ, қырғыз, қазақ, башқұрт сияқты 
бақташы­көшпелі түркілер XX ғасырдың басына дейін 
патриархалды­феодалдық қоғамда өмір сүрді, оларда рулық 
қауымның қалдықтары болды. Әрине, бұл жалпы мәдениетте 
де, фольклорда да көрініс тапты.
Бұл халықтар да Шығыс және Ресей елдерімен араласты, 
олардың мәдениетімен байланыс жасады. Алайда, тарихи­
қоғамдық дамуының ерекшелігіне байланысты олардың 
фольклорлық дәстүрінде шығыс әдебиеті мен фольклорының 
әсерінен гөрі өзіндік белгілер басым болды. Басқа сөзбен 
айтқанда, патриархалды­феодалдық қоғамда өмір сүрген 
бақташы­көшпелі түркілердің ертегі поэтикасында көнелік 
сипат (синкретизм) пен эпосқа еліктеушілік бар және кәсіпқой 
ертекші стилінің жоқтығы байқалады.
Бақташылық тұрмыста кәсіпқой ертекші болмайды, себебі 
ауылдан алыста, далада күндіз мал бағып, түнде күзетіп 
жүрген кез келген адам ертекші болған. Ол ертегіні тамақ 
үшін емес, уақыт өткізу үшін айтқан
64
. Сондықтан ертекші 
айтушы мен тыңдаушыға оның тілінен гөрі мазмұнының, 
оқиғасының қызықты болғаны керек (Ал кәсіпқой ертекші 
мазмұнмен қатар айтылу мәнеріне, көркемділікке көңіл 
бөлген, өйткені ертегі оны асырайды). Сол себепті де бақташы­
көшпелі түркілер ертегісінде ертегі мазмұнына еш қатысы жоқ 


[
233
]
жайт айтылмайды, демек, арнайы түрде ұқсаспен баяндалатын 
кіріспе (присказка, текерлеме) қалыптаспаған және ертегі 
соңында әңгіме айтқаны үшін сыйлық сұрайтын аяқтама да 
пайда болмаған. Мысалы, үш томдық «Қазақ ертегілеріне» 
енген 372 текстің бірде­біреуінде ондай нышан жоқ.
Бақташы­көшпелі түркілерде кәсіпқой ертекшінің бол­
мауы на тағы бір себеп – бұл елдерде ақындық (шайырлық, 
жыраулық, бахшылық, шешендік, манасшылық, жыршылық) 
творчест воның өте жоғары дамуы. Ақын­шайырлар профес­
сионал болғандықтан поэзияны барынша дамытқан, сондықтан 
бұл елдерде поэзия – көркем сөз өнерінің биік шыңы деп 
бағаланған. Ал ақындар мен шайырлар ертегі айтпаған, сол 
себепті ертегіде ұйқасты кіріспе мен аяқтама тұрақты белгі 
ретінде қалыптаспаған. Реті келгенде айта кетейік: жоғарыда 
айтқан 372 текстің екеуінде ғана өрнектелген кіріспе бар
65

бірақ оның біреуі ғана ертегі мазмұнына тікелей қатысты. 
Алайда, бұл екі ертегі кеш жазылып алынған және айтушыдан 
тікелей (қалай айтса, солай) жа зылып алынған ба, жоқ па – ол 
жағы белгісіз. Жалпы, бақташы­көшпелі халықтар ертегісінің 
өте кеш жазылып алынғандығы – оның поэтикасына нұқсан 
келтіргені даусыз.
Осыған орай мына мәселені арнайы айтуымыз керек. Ха­
лық прозасы шығармаларын жинау барысында біз әлі күнге 
дейін ертекшіге көңіл бөлмей келеміз. Шындығын айтсақ, 
ертегі поэтикасын зерттеу үшін ертекшілердің айту мәнерін, 
талантын, стилін, басқаша айтқанда, оның ертегіні жадында 
ғана сақтамай елге қалай жеткізетінін анықтау қажет. Мұндай 
шаруаны Еуропа фольклористері өткен ғасырда­ақ қолға алған 
болатын. Қазіргі таңда олар бір ертекшіден араға уақыт салып 
бірнеше ертегіні дүркін­дүркін қайта жазып алып, қаншалық­
ты өзгеріске ұшырайтынын, бір ертекшіден әр кезде жазылып 
алынған ертегінің сюжетінде, мазмұнында, құрылысы мен 
стилінде қандай айырмашылық болатынын анықтап ертегі 
жанрының трансформациялық процесін, ертегілік дәстүрдің 
өмірін, тіпті ауыз әдебиетіндегі коллективтік пен даралық 
мәселесін зерттеп жатыр. Сондай зерттеудің бірі – В.М. Га­
цактің «Ертекші және оның тексі» деген мақаласы. Бір 


[
234
]
ертекшіден әр кезде жазылған бұл ертегінің әр түрлі нұсқасын 
салыстыра зерттеп ол мынадай қорытындыға келеді:
«Ертегі жеке бір нақтылы шығарма ретінде орындалады. 
Ертекшінің ойында сақтап айтатыны – жалпы ертегі емес. Оның 
баяндайтыны – белгілі бір қаһарманның іс­әрекеті, қимылы, 
өмірі. Сол ертегіні қайта айтқанның өзінде де ертекші сол 
қаһарманды өзгертпейді. Сондай­ақ ертекші ертек сюжетіне де 
ешбір сапалық өзгеріс енгізбейді»
66
.
Қызық тұжырым. Ал енді осы қорытынды қазақ ертегіле­
ріне, ертекшілеріне сәйкес келе ме? Міне, қазақ ха лық про­
засын зерттейтін мамандардың болашақта атқаратын ісінің 
бірі осы болмақ.
Әрине, мұнда тек сандық жағы ғана ескеріліп қоймауы ке­
рек. Ертекші аудиторияның ерекшелігіне байланысты бір 
ертекті әр түрлі айтуы да мүмкін. Демек, ертегі қандай ор­
тада және қандай мақсатта айтылатыны да ескерілуі қа­
жет. Сонымен бірге бір ертекшімен ғана шектелмеу керек. 
Айталық, бір ертегіні 2­3 ертекшіден бірнеше рет жазып алып, 
бір жағынан, әр ертекшінің әр кезде жазылған өз нұсқаларын, 
екінші жағынан бір ертегінің әр ертекші айтқан нұсқаларын 
салыстырып зерттеуге де болар еді. Сөз жоқ, бұл әдіс ертегі 
поэтикасының, ертекші творчествосының ішкі сырларын 
ашуға көп жәрдем берер еді.
Талдап отырған ертегі композициясына қайта оралайық. 
Сонымен, біз бірнеше түркі халықтарының құрылысына 
тән ортақ және алшақ белгілер бар екенін анықтадық. Ортақ 
белгі – ертегідегі оқиғаның өмірде болмайтын көркем түрде 
ес 
кертетін бастаманың болуы. Бірақ осы көркем ескертпе 
екі түрлі болады: бірі – ертегі мазмұнына еш қатысы жоқ 
өрнектелген кіріспе де, екіншісі – біршама көркемделген, бі­
рақ ертегідегі оқиғаға тікелей қатысты болып келетін бас­
тама. Міне, бұл – отырықшы түркілер мен бақташы­көшпелі 
түркілер ертегісінің композициясындағы өзгешелік.
Олардың ертегі композициясындағы тағы бір айырмашы ­
лық – сюжеттің эпилогпен кеңеюі, яғни ертегінің эпикалық 
бөлімі біткеннен кейін оқиға бірден шешімге (развязкаға) 
келмейді: кейіпкердің әрі қарайғы тағдыры баяндалады, я 
болмаса оның ұрпағы, әйтпесе інісінің іс­әрекеті әңгімеленеді. 


[
235
]
Көп жағдайда мұндай эпилогтың басты қаһарманы негізгі 
кейіпкердің кіші інісі немесе баласы болып келеді. Ол өзінің 
алдындағы герой дан (ағасынан, әкесінен) әлдеқайда күшті, 
ағасы немесе әкесі жеңе алмаған жойқын жауды жеңеді, 
сөйтіп, өзінен бұрынғылардың арманын жүзеге асырады.
Ертегінің негізгі сюжетіне мұндай эпилогтың жалғасуы, – 
сөз жоқ, батырлар жырының ықпалы. Өйткені ертегі эпи­
логында айтылатын ұрпақ жалғасы – қаһармандық эпосқа 
тән генеалогиялық циклденудің өзі, оның үстіне ертегі 
эпилогының мазмұны мен рухы қаһармандық эпостағы 
сияқты таза батыр лық сипатта болады. Мәселен, ертегі эпи­
логына тән батырлық сипат пен ұрпақ жалғастығын қыр­
ғыздың «Манасынан» («Сейтек», «Семетей»), түрікменнің 
«Героглысынан», қазақтың «Қырық батырынан», т.б. шығар­
малардан көреміз. Бұл – заңды. Себебі бақташы­көшпелі 
түркі халықтары фольклорында ұзақ уақыт бойы – тіпті 
осы ғасырдың басына дейін қаһармандық эпос басты роль 
атқарды, онда халықтың этикалық, эстетикалық, моральдық, 
имандылық (нравственный) түсініктері мен қасиеттері бой 
көрсетті. Қаһармандық эпостың осынша уақыт бойы сөн­
бей, қайта дамып, жаңғырып отырғаны патриархалды­фео­
далдық қоғамның табиғатына да байланысты болды. Рулар 
мен тайпалардың өзара қақтығысы, бір жағынан, сыртқы 
шапқыншылармен жиі соғыс, екінші жағынан, қаһармандық 
эпостың шарықтап шырқап, біздің дәуірімізге жетуіне 
жағдай жасады. Болмыста рулық әдет­ғұрыптардың сақталуы 
ақсақалды, жасы үлкен адамды, ата­ананы сыйлауға, олардың 
айтқанын екі етпеуге тәрбиеледі. Әкесі жүзеге асырмағанды 
баласы, ағасы орындай алмағанды інісі орындау рулық қа­
уымнын ең басты заңы еді. Осы заңды сақтаған адам өмірде де, 
фольклорда да дәріптелді, мадақталды. Сөйтіп, қаһармандық 
эпоста, оның әсерімен ертегіде генеалогиялық циклдену 
процесі пайда болды.
Біз осы кезге шейін түркі халықтары ертегісінің компози­
циясындағы айырмашылықтарды қарастырдық. Соны мен қа­
тар ортақ белгілер бар екенін де айтуымыз керек. Енді біз соған 
тоқталайық.


[
236
]
Әдетте, бұл халықтардың ертегілерінде кейіпкер туралы, 
оның тұрмыс­жағдайы, мекен­тұрағы жөнінде мәлімет беретін 
кеңейтілген бастамадан (развернутый зачин) кейін пролог ай­
тылады. Ол прологта ертегі оқиғасы басталғанға дейінгі кейіп­
кердің өмірге келу тарихы баяндалады: перзентсіз ерлі­зайып­
тылар неше түрлі тауқымет шегіп, әйтеуір балалы болады. 
Сол бала ертегінің кейіпкері болып шығады
67
. Осы пролог 
түркі халықтарының көптеген ертегілерінде, жырларында, 
дастандарында кездеседі, тіпті кейінгі орта ғасырда туған 
әдеби шығармаларда да ұшырасады. Ғалымдардың айтуы 
бойынша біз айтып отырған прологтағы болашақ қаһарманның 
керемет жағдайда тууы туралы мотив көптеген халықтың 
фольклорында бар және ол өте көне заманда, матриархат 
дәуірінде етек алған тотемистік түсініктермен байланысты
68

Ендеше, түркі халықтары ертегісінің композициясында пайда­
ланылатын пролог­мо 
тив типологиялық түрде барлық елде 
пайда болған, ал түркі халықтарында олар бөлінбей тұрған 
заманда туып, кейін әр халық жеке ел болып кеткен кезде 
өзінше дамып, көркемделіп, көркем фольклордың әр жанрына 
кірігіп кетті.
Ертегі поэтикасын құрайтын компоненттің бірі – көркемдеу 
құралдары мен тіл өрнегі. Олар ертегіні көркемдеп қана қой­
майды, оның эстетикалық функциясын да күшейтеді, өйткені 
халықтың идеалы – қаһарманды бейнелеуге қызмет етеді.
Кейіпкерді айрықша даралап көрсетуге ертегінің стилі мен 
әр түрлі көркемдік әдістердің де атқаратын ролі зор. Басқа 
халықтардың ертегілеріндегідей қазақтың ертегілерінде де өте­
мөте тұрақты және кең тараған әдістер әсірелеу, қайталаулар 
және контраст болып табылады.
Әсірелеу – жалпы фольклордың жанрлық төркінінен туып, 
қарапайым мен керемет нәрселердің, шалқыған қиял мен 
тіршілік жайттардың аралас келуін байқататын көркемдік 
әдіс. Әсірелеу эпикалық образ жасауда негізгі роль атқарады, 
ха лықтық кейіпкердің ерекшелігін айқындай түседі.
Ертегі негізгі кейіпкердің өзін де, көмекшілерін де, со нымен 
қатар оның күресіп жеңетін қарсыластары мен қиыншылық 
бөгеттерді де әсірелей көрсетеді. Кейіпкердің тұлғасы ерекше 
қасиеттерге бөленген. Ол туа келе кереметтей тез өседі, алып 


[
237
]
күштің иесі болады. Кейіпкермен бірге оның көмекшілері мен 
дұшпандары да әсірелей бейнеленеді.
Көмекшілердің ішінде өте­мөте әсірелеу арқылы суретте­
летіндері – ат пен алып құс. Мәселен, кейіпкер өзінің жан се­
рігі етіп таңдаған аттың тұрқы мен шабысын ертегі былай 
сурет тейді. Кейіпкер алыс сапарға даярланып жүріп үйірден 
өзіне лайық ат іздейді, оның назары бір аласа тайға ауады.
«Қотыр күрең тайды барып ұстай алады, ұстаған екен, құнан 
болады, жүгендеген екен, дөнен болады, ерттеп мінген екен, 
бесті ат болады. Айшылық жерді алты аттайды, жылшылық 
жерді жеті аттайды. Сол ат айтты еркем Айдарға: «Менің үстім­
де жүргенде сені мен жауға алдырсам, ат болмайын, менің үс­
тімде сен жауға алдырсаң, сен жігіт болма»
69
.
Ал Самұрық құстың ұшу жылдамдығы мен күші мынандай.
Кейіпкер жыл сайын алып қара құстың балапандарын жеп 
кетіп жүрген айдаһарды өлтіріп, бәйтерек түбінде демалып 
отырады.
«Сол кезде күнбатыс жақтан бір қара бұлт шықты. Қатты 
дауыл жерді шаңдатты.
– Бұл не? – деп сұрады Жартытөстік.
Сонда екі балапан айтты:
– Бұл – біздің анамыздың қанатының екпінді желі. Нөсер 
жауын құйып­құйып жіберді.
– Бұл қалай? – дегенде, балапан айтты:
– Анамыздың көз жасы. Жылда­жылда бала тапсам да бірі 
ілеспей қойды деп жылағаны, – деді.
– Күн ашылып, қар жауды жапалақ­жапалақ. – Бұл не? – 
деді.
– Анамыздың қуанып қарқ­қарқ күлгені, – деді. Құс келіп 
ағаш басына қонғанда, үйдің жуандығындай ағаш иіліп жерге 
тиді дейді»
70
.
Ертегіде кейіпкердің жаулары да әсірелей көрсетілген. 
Осы арқылы ертегі халықтық геройды онан әрі көтере, 
дәріптей тү 
седі. Оның жауы, мейлі ол мифтік керемет 
тұлға немесе адам болсын бәрібір, орасан зор күш иесі 
ретінде бейнеленеді. Мысалы, дәудің қайраты мен күштілігі 
соншалық – ол қаһар 
манның таспен ұрғанын тіпті бүрге 
шаққан құрлы көрмейді
71
.


[
238
]
Кейіпкердің, міне, осындай алып та күшті дұшпандарын 
жеңуі – сөзсіз, халықтың бұқара қорғанышы боларлық жан 
туралы арманының жемісі мен оның жақсылық ден жа­
мандыққа, әділеттілік пен әділетсіздікке деген көзқа ра сының 
сәулесі.
Қазақ ертегілерінде кең қолданылатын әдістердің бірі – 
қарсы қою, яғни контраст. Ол ертегіде екі түрлі сипатта кө­
рінеді. Бірі – сырттай, көзге бадырайып тұрады, яғни образдар 
қайырымдылық пен зұлымдықтың өкілдері есебінде бір­біріне 
қарама­қарсы қойылады. Мұндай ашық түрде қарама­қарсы 
қою арқылы ертегі қаһарманның ең ізгі қасиеттерін айқын 
көрсетеді. Оның басқа кейіпкерлерден ерекшелігін, жау­
ларынан артықшылығын сипаттайды. Сыртқы контраст халық 
алдында қаһарманға қас дұшпандардың зымияндық ойлары 
мен әрекеттерін ашық әшкерелейді.
Екінші – жай көзге сырттан көрінбейтін бір образдың өз 
ішінде кездесетін контраст. Басқа сөзбен айтсақ, образдың 
ішінде бірі мен бірі сыйыспайтын, қарама­қарсы қасиеттер 
мен қылықтардың үйлесуі. Образдың өзінде жақсылық пен 
жамандық, қайырымдылық пен зұлымдық, арамдық пен па­
сықтық сияқты қасиет­мінездер диалектикалық дәнекер 
тауып, бірлікте болады. Мысалы, әу баста түкке тұрғысыз, 
еш нәрсеге жарамсыз болып көрініп, ең соңында өзінің үлкен 
ағалары мен дұшпандарынан талантты да ақылдырақ болып 
шығатын кенже ұл мен тазша секілді жағым ды геройлар, міне, 
осындай. Геройдың басты қолғанаты – аттың да бейнесі осылай. 
Алғашқыда аласа, қотыр мәстек болып көрінген ол біраздан 
соң алты айлық жолды алты аттап өтетін тұлпарға айналады. 
Ертегінің басында балтыры қотыр, басы таз, түріне адам 
қарағысыз жетім бала, немесе адамның ең жаманы саналған 
Аяз би сияқты кейіпкерлер соңырақ елден асқан сұлу, ақылды, 
тіпті батыр болып шығады.
Міне, ертегі эстетикасы деген осы. Ол халықтың эстети­
касымен ұласып жатады. Халықтың эстетикалық мұраты – 
жаманды жақсы қылу, нашарды өрлету. Бұл мұрат пен арман 
ұштасып, халық оны ертегі эстетикасымен жүзеге асырады. 
Ол үшін қаһарман образында ішкі контраст бар. Сол арқылы 
бас кейіпкердің шын қасиеті танылып, халықтың оған деген 


[
239
]
сүйіспеншілігі білінеді. Халық ертегісінің кереметтігі сол – 
бас кейіпкерінің хас асыл қасиеттерін бірден көрсетпей, тың­
даушыларды қаһарманмен бірге өмір сүргізіп, ол құсап талай 
қиын­қыстауды бастан кешіртіп, әбден құмарттырып барып, 
оның бет пердесін, жан сырын ашады. Бұл үшін ертегі ішкі 
контраст әдісін қолданады.
Ішкі контраст жағымсыз кейіпкерлердің бейнелерінен де 
байқалатындығы орынды. Мысалға, жалмауыз кемпірді ала­
й ық: сырт қарағанда ол әлсіз, қаусаған кемпір секілді, ал шын 
мәнісінде ол – табиғаттың небір жасырын сырларын білетін, 
оларды өзіне бағындырған өте күшті әмірші. Де мек, ертегіде 
ішкі контраст әдісі бейнеленетін нәрсенің не образдың шын 
мәнін ашып көрсету үшін қолданылады.
Ертегі жанрына тән көркем әдістердің бірі – қайталау. Қай­
талау тәсілі ертегіде үш түрлі мақсатпен қолданылады. Бірін­
шісі – қаһарман кездесетін қиыншылықтарды күрделендіре 
түсу, сол арқылы образдың батырлық тұлғасын көтеру үшін; 
екінші – ретардация, яғни оқиғаны баяулату үшін, үшіншісі – 
ертегінің ауызша таралуына байланысты оның ұмытылмастай 
болып жақсы ұғылып, есте қалуы үшін пайдаланылады.
Көптеген ертегілерде кейіпкердің алдынан кездесетін әр 
түрлі бөгеттер бірнеше қайталанып келеді, әсіресе үш рет 
қайталанып отыру жиірек ұшырасады
72
және әрбір жаңа бөгет 
бұрынғысынан әлдеқайда қиын әрі күрделі. Қаһарман осының 
бәрінен де әрқашан аман­есен өтіп отырады. Мысалы, «Күн 
астындағы Күнікей қыз» ертегісінде кейіпкер алтын мүйізді 
киік ті ұстап алып оны ханға сыйға тартады. Сараң хан алғыс 
орнына оған бірінен­бірі қиын үш түрлі тапсырма береді. Ал­
дымен баланың өзі алып келген киіктің астына қоятын алтын 
тақты, одан кейін белгісіз елден алтын ағашты, ең со ңында күн 
астындағы Күнікей қызды әкелуге жұмсайды.
Міне, мұндай қайталаулар ертегіде, бір жағынан, геройдың 
орындар ісінің қиындығын көрсетсе, екіншіден, осы арқылы 
қарапайым халықтан шыққан адамды ардақтау мақсатын 
көздейді.
Ертегідегі қайталаудың басқа бір түрі – қимыл­оқиғаны 
баяулату үшін қолданылатын ретардация дедік. Ретардация 
жағдайында бүтіндей эпизодтар, кейде тіпті ертегінің бүкіл 


[
240
]
мазмұны түп­түгел қайталанып отырылады. Мысалы, «Ар­
ман тас» атты ертегіде қыз өлген адамның қасында оны тірілту 
үшін 40 күн, 40 түн отырады. Қыз шаршаған кезде, оны мыстан 
кемпір ауыстырады. Қыз демалу үшін далаға шығады. Осы 
сәтте өліп жатқан жігіт тіріледі де, «Сені мен тірілттім», – деп 
айтқан мыстан кемпірге үйленеді. Қыз өзінше қалады. Мыстан 
кемпір қыздың көзін жоюды ойлайды. Мыстанның бұйрығымен 
жігіт қызды өлтіріп, күлге көміп тастайды. Күлден ағаш өсіп 
шығады, кемпір ағашты шауып тастауды бұйырады... Ақыр 
аяғында қыз тіріледі. Жігіт базарға жүрерінде, қыз оған арман 
тасты әкелуді өтінеді. Жігіт әкеліп береді, қыз тасқа барлық 
өмір тарихын айтады, тас оны растайды.
Сонда әлгі арман тасты алдына қойып көп сөйлейді:
– Әй, арман тас! Мен кедейдің жалғыз қызы екенім рас па? – 
деді.
– Иә, рас, рас, – деді қозғалып, шәугімдей болды кеуіп»
73
.
Міне, өстіп әрі қарай қыз өзінің басынан кешкен жайттарды 
түгел қайталап шығады. Тас мақұлдайды. Мұндағы қайта­
лаудың мақсаты – баяндауды баяулату және сол арқылы ер­
тегіні жадында сақтап қалу. Сондай­ақ мұндай қайталау 
оқиғаның тыңдаушыға психологиялық әсерін күшейтеді.
Ертегілік образ жасауда көптеген ауызекі шығармаларда 
кездесетін дәстүрлі стильдік формулалар үлкен роль атқара­
ды
74
. Қазақ ертегілерінде мұндай формулалар топтап, жинақтап 
айтсақ, мына мақсаттарда қолданылады: 
а) қаһарманның ерек ше тұлғасын, қасиетін суреттеп, тегін 
емес екенін білдіру үшін «Атса мылтық өтпейді, шапса қылыш 
өтпейді, адамның күші жетпейді» делінеді;
ә) геройдың дұшпанмен жекпе­жек күресін «Ой жерді 
дөң қылады, дөң жерді ой қылады» деп сипаттаса, оның ер­
жүректілігін көрсету үшін қаһарманға «Атыспақ керек пе, 
алыспақ керек пе?» – деп тіл қатқызады;
б) бас кейіпкердің өте шапшаң өсіп­ержетуін «Ай сайын емес, 
күн сайын өсіпті; алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті, 
алты жылда жігіт болыпты» деп хабарлайды;
в) сол сияқты жүйрік аттың немесе желмаяның шабысын 
«Құстай ұшып, құйындай ұйтқып», яки болмаса «Айлық жер­
ді алты аттап, жылдық жерді жеті аттап» деп суреттейді;


[
241
]
г) ал қыздың сұлулығын «Ай десе аузы бар, күн десе көзі 
бар» деп сипаттаса;
д) ұзақ жол сапарының ауырлығы мен геройдың қайтпас 
жігерін, табандылығын былай білдіреді: «Ұшқан құстың 
қанаты күйеді, жүгірген аңның тұяғы күйеді»; «Таусылмас 
азық алды, тозбас киім алды» немесе «Маңдайым тасқа тиіп, 
табаным жерге тиіп»; «Темір етіктен теңгедей, темір таяқтан 
тебендей қалды»; «Мойны ырғайдай, биті торғайдай болды»;
е) кейіпкердің кезген уақытының мөлшері мен жолының 
ұзақтығы «Күн артынан күн өтіп, ай артынан ай өтіп, жыл 
артынан жыл өтті» немесе «Күн жүреді, түн жүреді, ай жүреді, 
апта жүреді» деп білдірсе, ертегі оқиғаның сәтті аяқталысы 
мен той жайын «Отыз күн ойын, қырық күн тойын жасады»; 
«Баршасы мақсат­мұратына жетіпті» деп баян етеді.
Осындай тұрақты формулалармен қатар қазақ ертегілерінде 
әр түрлі афоризмдер, мақал­мәтелдер, жұмбақтар және өлең­
жырлар да кездесіп отырады. Әсіресе, өлеңдердің жиі ұшы­
расатынын атап айту абзал. Олар ертегіні көркемдеп, жан­
дандыра түседі, оның әсерлілігін арттырады. Бірақ өлеңнің 
мазмұны ертегінің сюжетіне тәуелді боп келеді. Сондықтан да 
өлеңнің орнын ауыстырып, бір ертегіден алып екіншісіне қосу 
өте қиын. Әрбір өлең белгілі бір сюжеттің негізінде туындайды.
Белгілі бір ертегідегі өлеңдердің ешқайсысы да одан бөлек 
айтылмайды. Өлеңнің ертегі мазмұнымен біте қайнасқаны 
соншалық – онсыз өлең өзінің логикалық мәнін жоғалтып 
алады. Ертегі текстіндегі өлеңдер образдың тұлғасын жан­
жақты ашуға, геройдың белгілі бір жай­күйін: қайғысын, 
уайымын, сағынышын, қуанышын көрсетуге көп септік етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет