Бағдарламасы бойынша жарық көрді



Pdf көрінісі
бет43/60
Дата28.01.2023
өлшемі1,31 Mb.
#63408
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   60
ПОЭТИКА МӘСЕЛЕЛЕРІ
Сонымен, қазақ халық прозасының жанрлары өте ерте 
заманда пайда болып, ұзақ уақыт бойы қалыптасқан фольк­
лорлық құбылыс екені анықталды. Әр дәуірде, әр қоғам 
да 
өмірге қажетті функция атқара отырып, олар қарапайым­
дықтан көркемдікке қарай дамыды, сөйтіп алғаш кезде таза 
утилитарлық міндет атқарған халық творчествосы көркем­
дік сапасы өте жоғары, эстетикалық функция атқаратын 
фольклорға, яғни ертегіге айналды. Егер жанрды нақтылы 
мазмұн мен соған сәйкес көркем құралдар жиынтығының 
жүйесі деп білсек
39
, осы жүйенің ішінде айтарлықтай маңызы 
бар компоненттің бірі – поэтика.
Бізде қазақ фольклорының поэтикасына арналған үлкен 
зерттеу жоқ. Тіпті, фольклорды былай қойғанда, қазіргі 
әдебиетіміздің поэтикасы жайлы еңбектер аз, тек соңғы жыл­
дары ғана монографиялар жазыла бастады
40
. Оның өзінде де бұл 
зерттеулерде «поэтика» ұғымы өте кең мағынада алынып жүр. 
Ал бұған қоса фольклор мен қазіргі әдебиеттің поэтикасында 
үлкен айырмашылық бар екенін ескерсек, қазақ ертегілерінің 
поэтикасын басқаша әрі нақтылы түрде зерттеу қажеттігі 
дәлелдеп жатуды талап етпейді.
Поэтика ұғымын біз бастапқы мағынада аламыз, яғни 
композиция мен көркем құралдардың бірлігі деп түсінеміз. 
Демек, біз халық прозасының ең көркем жанры болып 
саналатын ертегінің құрылысы мен тіл кестесін қарастырамыз.
Көркемдік қасиеті биік ертегі жанры халықтың сөз өнеріне 
айналғандықтан фольклордың болмысқа эстетикалық қаты­
насының бір формасы болып саналады. Сол себепті ол қоғам 
дамуының әр кезеңіндегі халық идеалын бейнелейді, оның 
эстетикалық, этикалық түсініктерін танытады. Ал осылардың 
айқын көрінуінде ертегілік шығарманың композициясы мен 
тілі ерекше роль атқарады.
15­278


[
226
]
Қазақ ертегісінің құрылысы өзге халықтар ертегілерінің 
композициясымен ұқсас: кейіпкерді таныстыратын бастама, 
оқиғаны эпикалық пафоста баяндау және бақытты аяқталу, 
міне, бұлар көптеген халықтың классикалық ертегілеріне 
тән элементтер. Мұндай ұқсастық жалпы ертегі жанрының 
типологиялық табиғатынан және халық идеялын мадақтау 
мақсатынан туған. Әрине, көп ел ертегісінің композиция­
лық ұқсастығы мүлде бірдей деуге болмайды. Ұқсастық 
жалпы құрылыста, оның бөлшектерінде. Ал бөлшектің ішкі 
құрылысы мен мазмұны әр халық ертегісінде әр басқа. Міне, осы 
ерекшелік пен ұқсастықты бірнеше тегі бір халықтар мен орыс 
халқының ертегісін салыстыра зерттеп, анықтауға болады. 
Ол үшін біз бірнеше түркі тектес халықтардың (әзірбайжан, 
татар, башқұрт, қазақ, қарақалпақ, қырғыз, түрік, түрікмен, 
өзбек) ертегілерін композициялық тұрғыдан талдап көрелік. 
Бұл халықтар қадымда бір ел болғанымен тарихи­объективті 
жағдайларға байланысты әрқайсысы жеке жұрт болып, өз 
бетінше өмір сүріп, XX ғасырдың басында қоғамдық дамудың 
әр сатысында болды және көшпенді, отырықшы болып, екі 
түрлі ғұмыр кешті. Сондықтан бұлардың фольклорында 
да, дәлірек айтсақ, ертегісінде әрі ұқсастық, әрі алшақтық 
бар. Міне, осыларды орыс халқының ертегісімен салыстыра 
талдасақ, жалпы ертегі композициясының табиғаты ашылмақ.
Қай халықтың болсын классикалық ертегісі қаһарманның 
үйден шығуымен (отлучка из дому) басталып, үйге қайтып 
келуімен аяқталады. Әдетте, мұны рамалық құрылыс (рамочное 
построение) дейді. Мұндай құрылыс тағы бір формада көрінеді: 
ертегінің басталу, аяқталу сөздері оқиғаға қатыссыз болады. 
Осының бәрінде кейіпкердің өмір жолы бейнеленеді. Демек, 
бізге жеткен көркем ертегінің композициясы халық сүйген 
қаһарманды дәріптеу мақсатына сәйкес құрылған. Кейіпкерді 
мадақтау үшін ертегі оның алдына неше түрлі қиыншылықтар 
мен бөгеттер қояды, соларды аман­есен жеңген қаһарман 
мұратына жетіп, халық құрметіне бөленеді. Сондықтан ерте­
гінің бастамасы кейіпкердің жолға шығу формасында болып 
келеді. Бұл – бүкіл ертегі оқиғасының өзегі, ал сайып келгенде, 
кейіпкердің өтуге тиісті бірінші сынақ: үйден шыққан кейіпкер 


[
227
]
енді бейтаныс дүниеде жалғыз өзі сапар шегеді, алуан түрлі 
оқиғаны басынан кешіреді.
Кейіпкер үйден шығысымен­ақ ертегінің оқиғасы күрде­
леніп, қоюлана түседі: оның орындайтын істері мен ететін 
бөгеттері қиындай береді, бірақ ертегіге қосымша кейіпкерлер 
көп енгізілмейді, ал енгізілген күннің өзінде (айталық, керемет 
көмекші немесе қаскүнем) олар қаһарманның ерекше күшін, 
тағы басқа қасиетін аша түсуге қызмет етеді.
Ертегінің эпикалық, яғни оқиғалық бөлшегі түгелімен дер­
лік кейіпкердің әр түрлі мақұлықтар, құбыжықтармен кез­
десіп, олармен шайқасуынан тұрады. Неше түрлі жауыз дармен 
қақтығысып, оларды жеңуі – ертегінің нағыз шарықтау шегі. 
Ал барлық жауын жеңген қаһарманның адал жарымен аман­
есен еліне оралуы – көркем ертегінің шешімі (развязка).
Міне, бұл – қарастырып отырған түркі және орыс халықтары 
ертегісіне тән құрылыс. Ал енді олардың өзіндік ерекшеліктері 
қандай, осы мәселені зерттеп көрелік.
Орыс халқының классикалық ертегісінің басы мен соңында 
ертектің мазмұнына еш қатысы жоқ, ұйқасты сөйлемдерден 
тұратын бастама (присказка) мен аяқтамалар (кон цовка) бар
41

Бұл сөйлемдер ертегіде баяндалатын оқиғалардың ерекше елде, 
ғажайыпты жерде болатынын ескертіп, ертегіні алдынан да, 
артынан да тектеп тұрады
42
. Олардың мазмұны күлкілі болып 
келеді. Ойымыз дәлелді болу үшін бір­екі мысал келтірейік. 
Орыстардың «Звериное молоко» атты ертегісінің бір варианты 
былай басталады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет