Бағдарламасы бойынша жарық көрді



Pdf көрінісі
бет41/60
Дата28.01.2023
өлшемі1,31 Mb.
#63408
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   60
I сюжет. Хан баласы сұлу қызды көріп, оған ғашық болады. 
Соны іздеп шығып, басқа шаһарға келеді. Шаһарда қызды 
тауып, кездеседі де, зынданға түседі.
1­эпизод: хан баласы аңда жүріп, суда жүзіп бара жатқан 
қызды көреді;
2­эпизод: қызбен тілдеседі, қыз оған жұмбақтап өз сырын 
айтады;
3­эпизод: ханзада үйіне келіп ауырады. Оған досы келіп, 
қыздың жұмбағын шешіп береді де, екеуі сұлуды іздеуге шы­
ғады;
4­эпизод: ұзақ жүріп, басқа шаһарға келеді, онда кемпірді 
тауып қызға жолығудың амалын табады;


[
218
]
5­эпизод: ханзада екі рет келген қыздан айырылып қалады
үшінші ретінде қызбен кездесіп отырып қолға түседі.
Міне, бұл – ертегідегі алғашқы сюжеттің ғана оқиғалары. 
Осылай бүкіл әңгіме бойы сюжеттер мен эпизодтар бірінің 
үстіне бірі жамалып, ертегінің оқиғалары қоюлана түседі де, 
мазмұны өте қызғылықты болады. Сөйтіп, бұл типтес ертегілер 
«халық романына» тән сипат алады.
Ғибраттық ертегіде ғұмырнамалық (биографиялық) цикл­
дену болмайды, онда кейіпкердің туғаннан бастап, тірлігінің 
соңына дейін айтылмайды, кейіпкер өмірінің бір яки бірне­
ше кезеңі ғана көрсетіледі. Сондықтан ғибраттық ертегідегі 
оқиғалар кейіпкердің азамат ретінде қалыптасу тарихымен я 
болмаса соның бір маңызды кезеңімен байланысты болмайды. 
Мұның бірі бұл жанрдың табиғаты мен көркемдік нысанасынан 
туған деп ойлау керек, өйткені егер бұрынғы батырлық және 
қиял­ғажайып ертегілерде ба сты мақсат – кейіпкерді мадақ­
тау болса, ғибраттық ертегіде кейіпкер арқылы өмірдегі кем­
шіліктерді сынау – негізгі шарт болып отыр. Егер бұрын халық 
идеалы дәріптеліп, әлеуметтік мәселе қозғалмаса, енді ол 
бірінші орынға қойылады.
Осы айтылғанның бәрі ғибраттық ертегінің айтылу мәнерін 
де, яғни стилін де өзгертеді. Енді бұрынғы эпикалық пафостың 
орнына жай баяндау, ғажайыпты түрде әсірелеудің орнына 
көркем түрде сынау пайда болады. Ертегінің шыншылдығымен 
бірге сыншылдығы да артады: ежелгі діни нанымдар мен тү­
сінік­пайымдар жоғалады я болмаса күлкіге айналады. Бұ­
рынғы хайуанаттар жайындағы ертегілерде де осындай көне 
түсініктерді күлкі ету барды, бірақ ондағы сын (сатира) көркем 
шарттылықпен шектеулі еді, сондықтан шындықты бейнелеу 
толық болмайтын. Ол ертегілер шыққаннан бергі уақытта 
өмірде сан алуан өзгерістер болды, соған сәйкес тіршілік, іс­
әрекеттер, адамдар пайда болды. Оларды сынап көрсету қажет 
болған кезде бұрынғы стиль мен сатиралық тәсіл жеткіліксіз 
бол ды. Сөйтіп, күнделікті болмыста өзінен әлсіздер мен кедей­
кепшіктерге үстемдік жүргізуші бай, би, молда, қожа, қажы, 
саудагер сияқтылар мен өмірде кездесетін алдау, өтірік айту, 
ұрлау тәрізді жағымсыз қылықтарды сынап­мінеу үшін жаңа 


[
219
]
жанрда жаңа тәсілдер пайда болды, ертегінің стилі жаңа 
тақырыптар мен дүниетанымға сәйкестенді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет