ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДА ӨМІР
СҮРГЕН ЕРТЕДЕГІ ТАЙПАЛАР
МЕН МЕМЛЕКЕТТЕР
ҚИМАҚТАР
Қимақтар – түркі тілдес тайпалар. Жазба деректерде қимақтар туралы VII ғасырдың
басынан белгілі. Олар Батыс Моңғолиядан Шығыс Қазақстанға көшіп, қимақтар
одағын құрған. Одақтың құрамына қыпшақтар, құмандар кірген. Біртіндеп өздері
орналасқан аумағын батыс жəне оңтүстік бағыттарда ұлғайта түскен. IX ғасырда жеті
тайпадан тұратын қимақ бірлестігі қалыптасқан, артынша Қимақ мемлекеті құрылған.
Қимақ қағандығы ІХ – ХІ ғасырларда өмір сүрген. Оның билеушісі «қаған» лауазымын
иеленген.
Қимақтар, негізінен, мал шаруашылығымен айналысқан. Жылқы, сиыр, өгіз, қой
асыраған. Сонымен қатар сұлы, бидай, күріш жəне арпа егіп, жер өндеумен шұғылданған.
XI ғасырдың бас кезінде кыпшақтардың қысымына шыдай алмаған оғыздардың көптеген
тайпалары Орта жəне Кіші Азияға,
Шығыс Еуропаға ығысқан.
Оғыздар одағы əрқайсысы 12 тайпадан тұратын екі бірлестікті құраған. Олардың
құрамында печенег, ас, алан, т.б. далалық тайпалардың бөліктері болған.
Оғыз мемлекетінің билеушісі «жабғу» лауазымын иеленген. Жабғудың мұрагерін
«инал» деп атаған. Мемлекетте бас қолбасшы үлкен рөл атқарған, оларды басқа да түркі
тілдес тайпалардағы сияқты «сюбашы» деген.
Оғыз мемлекетінің халықтары мал шаруашылығымен айналысқан. Терісі əдемі
қойлар (қаракөл) мен қос өркешті түйелер өсірген. Кейін келе малынан айырылған
көшпенділер отырықшылыққа өткен. Олар «жатақтар» деген атпен белгілі. Жатақтар,
негізінен, жер өңдеумен жəне қолөнер кəсібімен айналысқан.
Оғыздардың жерінде Жент, Сауран, Сығанақ, Фараб жəне басқа да қалалар болған.
Оғыздар Киев Русімен одақтаса отырып, Солтүстік Кавказдағы хазарларды
талқандаған. Еділ (Волга) бойындағы бұлғарларға күйрете соққы берген.
▲
Оғыздардың шаруашылығы мен тұрмысы
13
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДА ӨМІР
СҮРГЕН ЕРТЕДЕГІ ТАЙПАЛАР
МЕН МЕМЛЕКЕТТЕР
Қимақтар мен қыпшақтар туыс тайпа еді.
Кейіннен қыпшақтар Қимақтар мемлекетінің
мұрагері болып қалған.
Терісі бағалы түлкі, құндыз жəне ірі жыртқыш
аңдар (жолбарыс пен барыс) аулаған.
Араб-парсы жылнамашылардың еңбектерін -
де қимақтардың тұрақты мекендері болғаны
айты
лады. Олар қалалары мен қоныстарын
өзендер мен көлдердің маңайына, таулы ай-
мақтарға, пайдалы қазбалары мол өңірлерге
тұрғызған. Мемлекеттің 16 қаласы болған.
Олардың көпшілігі сауда жолдарына жақын
салынған. Қимақтарда сауда-саттық жақсы
дамыған. Орта Ертісте жатқан қимақ астанасы
– Қимақия (Имақия) қаласына Еділдегі
Бұлғариядан, Енисей қырғыздарынан, Батыс
Қытайдағы тоғыз-оғыздардан, оғыздардан,
қарлұқтардан жəне Орта Азиядан шығатын
сауда жолдары келіп түйіскен.
Қимақ халқы көне түркі жазуын қолданған.
Олар ежелгі түркілердің салт-дəстүрлерін
ұстанып, оларды одан əрі байытқан, дамытқан.
ҚЫПШАҚТАР
Қыпшақтар – түркі тілдес тайпалар. Қыпшақтар VII ғасырдан бері белгілі.
Қимақтармен X ғасырға дейін тығыз қатынаста болып, олардың тайпалық одағына,
кейіннен мемлекетінің құрамына кіреді. XI ғасырдың басында қыпшақтар Қимақ
қағандығының орнын басып, өз мемлекетін – Қыпшақ хандығын (ХІ – ХІІІ ғғ. өмір
сүрген) құрады. Қыпшақтар оғыздарды ығыстырып, Сырдарияның бойын басып алады.
Шығыста – Ертістен бастап, батыста – Еділге дейінгі, оңтүстікте – Сырдарияның
орта ағысына дейінгі кең аймақты иеленеді. XI ғасырдың ортасынан бастап, қыпшақ
тайпаларының көптеген ірі топтары Еділдің батыс жағасынан ары жылжып, оңтүстік
орыс даласын Қара теңізге дейін жаулап ала бастайды.
XIII ғасырдың басында қыпшақтар Орта Азия жəне Шығыс Еуропадағы түркі тілдес
халықтардың ішіндегі саны жағынан ең көбі, ал жер көлемі жағынан ең үлкені болған.
Қыпшақ мемлекетін хандар билеген. Хандар Елбөрі атты іргелі əулеттен шыққан.
Қыпшақ хандығы ежелгі түркілердің дəстүрімен əскери-əкімшілік жағынан оң жəне
сол қанаттарға бөлінген. Сондықтан мемлекеттің екі орталығы болған. Оң қанаттың
ордасы Орал өзенінің бойындағы Сарайшық қаласы, ал сол қанаттың ордасы Оңтүстік
Қазақстандағы Сығанақ қаласы деп белгіленген.
▲
Қимақтар жауынгерлері.
14
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДА ӨМІР
СҮРГЕН ЕРТЕДЕГІ ТАЙПАЛАР
МЕН МЕМЛЕКЕТТЕР
ШЫҢҒЫС ХАННЫҢ ҰЛЫ ИМПЕРИЯСЫ
Қыпшақтар өз жазуын қолданған. Олардың
арасында біртіндеп ислам діні
тарай бастаған.
Қыпшақтар жылқы, ірі қара, түйе ұстап,
қой баққан. Байлықтың негізгі өлшемі ретінде
жылқы асыраған. Көп теген қып шақтардың
мыңдаған жыл қылары болған. Отырықшы
халық арпа, сұлы егіп, бидай өсірген.
Қыпшақ халқының қалыптасуының
соңғы кезеңі моңғол шапқыншылығының
салдарынан тежелді.
Шыңғыс хан империясы – ХІІ – ХІІІ ғасырларда Орталық Азиядағы көшпелілер
тайпасынан шыққан ұлы қолбасшы Шыңғыс хан (Темучин, 1162 – 1227 жж.) мен оның
ұрпақтары құрған мемлекеттердің ортақ атауы.
Шыңғыс хан мен немерелері дүние жүзінің төрттен үш бөлігінде екі жүз жылға жуық
уақыт (1182 – 1368 жылдар аралығында) билік құрды. Олардың ортақ иелігінің аумағы
шығыста – Тынық мұхиттан бастап, батыста – Альпі тауларына дейін, оңтүстікте –
мəмлүктер билеген Мысыр (Египет) елінен солтүстіктегі Сібір ормандарына дейін
созылып жатты. Империяның астанасы 1264 жылға дейін Қарақорым қаласы болды.
Империяның негізін қият руының көсемі Есугей батырдың ұлы Темучин қалаған.
Ол өзінің əскери дарыны мен қолбасшылық қабілетінің, батылдығы мен көрегендігінің
арқасында негізгі жауларын бас көтерместей етіп талқандады да, орасан зор аумақты
басып алды. Осы жеңістерімен бытырап жүрген тайпалардың басын біріктіруі оның
атақ-абыройын көтерді. Барлық ру-тайпалар енді оны өздерінің бірден-бір билеушісі
ретінде мойындады. Сөйтіп, 1206 жылғы Құрылтайда ол əлемнің əміршісі – Ұлы қаған
болып жарияланды. Ақсүйектер оған Шыңғыс хан есімін берді.
Шыңғыс хан басып алған жерлерін көзі тірісінде өз ұлдарына еншіге үлестіреді. Кіші
ұлы Төлеге – Моңғолия, үшінші ұлы Үгедейге – Батыс Моңғолия, Ертістің жоғарғы
ағысы мен Тарбағатай аймағы, екінші ұлы Шағатайға – Шығыс Түркістан, Жетісу мен
Мəуереннахрдың көп бөлігі, үлкен ұлы Жошыға – Ертістен батысқа қарай Жетісудың
солтүстік бөлігі жəне Еділдің төменгі ағысының бойына дейінгі жерлермен қоса бүкіл
Шығыс Дешті Қыпшақ тиесілі болады.
▲ Қыпшақтар жауынгерлері.
«ЕЖЕЛГІ МЕМЛЕКЕТТЕР»
15
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДА ӨМІР
СҮРГЕН ЕРТЕДЕГІ ТАЙПАЛАР
МЕН МЕМЛЕКЕТТЕР
▲ Шыңғыс хан
Бүгінгі Қазақстан аумағы ертеде Шыңғыс хан
империясының үш ұлысының құрамына кірген:
үлкен (далалық) бөлігі – Жошы ұлысына, оңтүстік
жəне оңтүстік-шығыс Қазақстан – Шағатай ұлысына,
Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі – Үгедей ұлысына
қараған.
Шыңғыс хан империясының аумағын 1242 жылдан
бастап Ұлы қағанның немерелері бөліп алып, дербес
мемлекеттерге айналдыра бастайды. Империядан 1242
жылы Алтын Орда, 1256 жылы Елхандар (Илхандар)
мемлекеті, 1264 жылы Юань патшалығы бөлініп
шығады. Империяның орталық аймағы батысындағы
Шағатай ұлысымен бірігіп, дербес мемлекетке
айналады. Осы ұлыс аумағында 1346 жылы Моғолстан,
ал 1370 жылы Əмір Темір мемлекеттері құрылады.
АЛТЫН ОРДА
Алтын Орда (1243 – 1503 жж.) – Еуразия
құрлығында екі ғасырға жуық салтанат құрған
көшпелілер мемлекеті. Бұл мемлекет алғашқыда
Шыңғыс хан империясының құрамында болған.
Оның аумағы Ертістен Дунайға дейінгі 10 миллион
шаршы шақырым аймақты алып жатқан.
Бату 1243 жылы Еділ бойынан өз ас танасын (Бату
Сарайын) салып, бұрынғы Жошы ұлысының орны-
на ешкімге тəуелсіз Алтын Орда мемлекетін құр-
ды. Мемлекеттің негізгі халқы түркі тайпалары-
нан құралды. Алтын Орда орта ғасырлардағы
əлем дегі ең қуатты мемлекетке айналды. Оған
орыс князьдіктері түгелімен, сондай-ақ Румыния,
Венгрия, Болгария, Грузия князьдіктері бағынды.
Мемлекет астанасы Бату Сарайына Франциядан,
Египеттен, Византиядан, т.б. елдерден елшілер
келіп тұрды. Бату Сарайы, Берке Сарайы, Бұлғар,
Судақ, Сарайшық, т.б. шаһарлар мəдениеттің, сау-
да-саттықтың үлкен орталықтарына айналды.
▲ Бату хан
16
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДА ӨМІР
СҮРГЕН ЕРТЕДЕГІ ТАЙПАЛАР
МЕН МЕМЛЕКЕТТЕР
ҮГЕДЕЙ ҰЛЫСЫ
Шыңғыс хан Орталық Азияны бағындырғаннан кейін жаулап алған жерлерін
төрт ұлының (Жошы, Шағатай, Үгедей, Төле) үлесіне бөліп бергені белгілі. Бүгінгі
Қазақстанның аумағына кіретін Ертістің жоғарғы ағысы, Еміл, Тарбағатайдан
Балқаштың сол жақ жағалауына дейінгі жерлер Үгедей ұлысы болып есептелген.
Орталығы қазіргі ҚХР-ның Шыңжаң аймағындағы Еміл қаласы болған.
1227 жылы кезінде жаһанды қаһарымен əрі күшімен тітіренткен Шыңғыс хан
дүниеден өтеді. Жошыдан кейінгі мұрагері Шағатай болғанымен, оның барынша
қатыгез жан екенін білетін Шыңғыс хан өлер алдында мінезінің жұмсақтығымен,
парасат-пайымымен, төзім-байыбымен ерекшеленетін сабырлы баласы Үгедейді бүкіл
империяның ханы етіп тағайындауды тапсырады. 1229 жылы Ұлы құрылтайда Үгедей
əкесінің өсиеті бойынша Ұлы хан болып жарияланады. Кейін ол өз ұлысының билігін
баласы Күйікке табыс етеді.
Күйік өлген соң Үгедей ұлысы бөлшектеніп кетеді. Үгедейдің немересі Хайдуды
Мөңке Ұлы қаған болған кезінде Қарақорымнан Тарбағатайға жер аударады. Хайду
мұнда Шағатай ұлысының ханы Ба
рақпен
одақтасып, 1269 жылы Таласта құрылтай
өткізеді. Құрылтайда Еміл, Жетісу бойы,
Сырдария, Ферғана өлкесі Хайдудың билігіне
өтеді. Осылай Үгедей ұлысы қайтадан
жанданып, Хайду мемлекеті болып құрылады.
Хайду 1271 жылы Таразда Үгедей ұлысының
ханы болып сайланады. Хайдудан соң 1302
жылы əкесінің орнына тұңғышы Жапар
билікке келеді. Осы кезден бастап Шағатай,
Үгедей əулеттері арасында тақ таласы қайта
басталады. Жапар əуелі Шағатай ұрпағы
Дуваның (Туваның) билігін мойындайды. Көп
ұзамай 1310 жылы Үгедей ұлысы жойылып,
Шағатай ұлысына біріктіріледі.
► Үгедей
Алтын Ордадан 1428 жылы Ақ Орда (1459 жылдан – Қазақ хандығы) 1430 жылы
Сібір, 1438 жылы Қазан, 1449 жылы Қырым, 1465 жылы Қажы-Тархан (Астрахань)
хандықтары бөлініп шығып, жеке мемлекеттер ретінде өмірге келді. Мемлекеттің
қалған бөлігінде, негізінен, Ноғай ордасының бектері билік жүргізді. Олар өздеріне
бағынатын адамдарды хан сайлап отырды. Алтын Орданың соңғы ханы Ахмет 1481
жылы ноғайлының Орақ батырының қолынан қайтыс болды. Екі ғасырға жуық салтанат
құрған Алтын Орда мемлекеті осы оқиғадан соң ресми түрде өмір сүруін тоқтатты.
17
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДА ӨМІР
СҮРГЕН ЕРТЕДЕГІ ТАЙПАЛАР
МЕН МЕМЛЕКЕТТЕР
Шағатай ұлысы – 1260 – 1346 жылдар аралығында Шығыс
Түркістан, Жетісу, Мəуереннахр аумағында салтанат құрған
көшпелілер мемлекеті. Бұл ұлыс Шыңғыс ханның екінші
ұлы – Шағатай иелігі негізінде пайда болған.
1251 жылы Төленің үлкен ұлы Мөңке ұлы таққа отырып,
алып империяны билеген тұста бақталастық өршіп, Шағатай
мен Үгедейдің ұрпақтары қуғынға ұшырайды, биліктен
аластатылады. Ұлыс ресми түрде ғана өмір сүреді. 1259
жылы Мөңке хан қайтыс болады. Енді оның інілері Құбылай
мен Арықбұға Шыңғыс хан империясының Ұлы қағаны болу
үшін таққа таласады. Құбылай Пекинге кетіп, Арықбұға
империяның бұрынғы астанасы Қарақорымда қалады. 1260
жылы Арықбұға ұлысты басқаруға Шағатайдың немересі
Алғұйды тағайындайды. Алғұй бұрынғы Шағатай ұлысын
дербес мемлекетке айналдырады.
Мемлекетті 1265 жылы Алғұй өлгеннен кейін Хайду (1267
– 1301), Дува (1301 – 1306), Кебек (1308 – 1326), Тармашырын
(1326 – 1334), т.б. хандар басқарған. ХIV ғасырдың
ортасында Шағатай ұлысы екіге бөлініп, батысында Əмір
Темір (астанасы – Самарқан) жəне Моғолстан мемлекеттері
(астанасы – Қашқар) пайда болған.
ШАҒАТАЙ ҰЛЫСЫ
ИЛХАНДАР МЕМЛЕКЕТІ
Илхандар (ел хандары немесе Хулагу əулеті мемлекеті) əулеті Таяу жəне Орта Шы-
ғыста 1256 жылдан 1353 жылға дейін өмір сүрді. Бұл мемлекет құрамына қазіргі Ауған-
стан, Иран, Ирак, Əзербайжан, Армения елдерінің аумағы толықтай енді. Мемлекет тің
негізін қалаған – Шыңғыс ханның Төледен туған немересі Хулагу хан.
1253 жылы Қарақорымда өткен құрылтайда Шыңғыс хан империясының сол кездегі
Ұлы қағаны Мөңке Таяу Шығысқа жорық жасауды ұсынады. Жорықты басқаруды өз
інісі Хулагуге тапсырады.
Хулагу сарбаздары Ауғанстан, Иран, Ирак, Сирия аумағын жаулап алып, Құдыс
(қазіргі Иерусалим) шаһарына жетеді. Оларға Египетті билеген қыпшақ Құтыздың
Бейбарыс сұлтан бастаған сарбаздары (мəмлүктер) қарсы тұрады. Дəл осы кезде Хулагуге
Қарақорымнан «Ұлы қаған Мөңке қайтыс болыпты» деген хабар жетеді. Империяның
Ұлы ханы болудан үміті бар Хулагу Құдыс түбіне жиырма мың сарбазымен Кетбұғаны
қалдырып, өзі Қарақорымға қайтады. Құдыс қаласының маңындағы Галилей жазығын-
▲ Шағатай. Қытай суреті
18
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДА ӨМІР
СҮРГЕН ЕРТЕДЕГІ ТАЙПАЛАР
МЕН МЕМЛЕКЕТТЕР
да 1260 жылдың 3 қыркүйегінде болған шайқаста Бейба рыс
бастаған мəм лүктер Кетбұғаның жиырма мыңдық əскерін
тас-талқан етіп жеңеді. Кетбұға сол шайқаста қаза табады.
Ал Хулагу Тебриз қаласын астана етіп, жаңа Илхандар
мемлекетінің негізін қалайды. Мемлекеттің христиан сені-
мін ұстанатын алғашқы хандары Рим папасымен, Франция
королімен одақтасып, мұсылмандықты қа былдаған Ал тын
Ордамен, Египет мəмлүктерімен, Осман сұлтандығымен
үнемі соғыс жүргізген.
Хулагу 1265 жылы қайтыс болып, ақсүйектер арасында
билік үшін талас өршиді. Жан-жақтағы мұсылман ел де-
рімен соғыс толастамайды. 1353 жылы соңғы елхан Туга
Темір өлген соң Ильхандар мемлекеті мүлдем құлап, Иран
жерінде тəуелсіз мемлекеттер құрыла бастады.
Юань патшалығы – 1271 – 1368 жылдар аралығында
қазіргі Моңғолия жəне Қытай аумағында салтанат құрған
мемлекет. Мемлекеттің негізін Шыңғыс ханның немересі
Құбылай қалаған. Ол 1267 жылы ұлы империяның ас та насы
Қарақорым қаласын інісі Арықбұғаға қалдырып, Құбылай
астанасын Ханбалыққа (қазіргі Пекин) көшіре ді. 1271
жылдан бастап өзі құрған мемлекетті Юань патшалығы
деп атайды. Оның аумағы Тынық мұхиттан Ауғанстан
шекарасына дейін созылып жатты.
Құбылай Жапонияны жаулап алуға да бірнеше рет
талпыныс жасады. Ол осы мақсатпен Корея мен бұрынғы
Сун империясының əскери-теңіз флотын қайта қалпына
келтіреді. Бірақ 1274 жылғы жəне 1281 жылғы Жапонияға
шабуыл еш нəтиже бермеді. Соңғы шабуыл кезінде Құбылайдың əскери-теңіз флоты
күшті теңіз дауылына тап болады. Сол кезден бастап жапондар өздерін құтқарған
дауылды «камикадзе» (құдай желі) деп атайтын болған.
Юань патшалығында мəдениет, өнер, білім жақсы дамыған. Алғашқы қазақ ақшалары
да осы мемлекетте жасалған.
Юань патшалығының соңғы ханы Тоған Темір 1368 жылы өлтіріліп, билік басына
Қытайдың Мин əулеті келеді.
ЮАНЬ ПАТШАЛЫҒЫ
▲ Құбылай хан. Қытай суреті
19
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДА ӨМІР
СҮРГЕН ЕРТЕДЕГІ ТАЙПАЛАР
МЕН МЕМЛЕКЕТТЕР
АҚ ОРДА
Қазақ хандығының негiзiн қалаған Ақ Орда ХIII ғасырда пайда болған. Ол ХV
ғасырдың 20-шы жылдарына дейiн өмiр сүрген.
Мемлекеттiң негiзiн салған Жошы ханның үлкен ұлы Орда Ежен едi. Оның ұрпақтары
мемлекет күйрегенге дейiн билiк жүргiзген.
Ақ Ордада Орда Ежен (1226 – 1247/1250), Күн Қыран (1250/1251 – 1280), Қоныша
(1289 – 1301), Баян (1301 – 1309), Сасы Бұқа (1309 – 1315), Сасы Бұқаның ұлы Ерзен
(1315 – 1320), т.б. хандар билік құрған.
Ақ Орда аумағының құрамына Жетiсудан басқа қазiргi Қазақстанның барлық
аймағы кiрді. ХIII ғасырда оның орталығы Шығыс Қазақстандағы Ертiс өзенi маңында
болса, кейiн ол оңтүстiкке, Сырдария өзенiнің бойында орналасқан Сығанақ қаласына
көшiрiлді.
Алғашында Ақ Орда Алтын Орданың бiр бөлiгi болып есептелген. Уақыт өте Орда
Еженнiң кейбiр ұрпақтары өз бетінше жеке өмір сүру үшін Алтын Орда билеушiлерiмен
соғыс жүргiзді.
Билiк үшiн күресте Алтын Орда əлсіреді. Бұл кезде, ХIV ғасырдың екiншi
жартысында, Ақ Орда тəуелсiздiкке қол жеткізді. Бірақ осыған дейін де Ақ Орда
билеушiлерiнiң кейбірі тəуелсiз хандар ретінде өздерiнiң теңгелерiн соға бастаған.
ХIV – ХV ғасырларда Ақ Ордада өмір сүрген түркi жəне түркi тiлдес моңғол тайпалары
(арғындар, наймандар, қоңыраттар, қыпшақтар, керейлер, үйсіндер жəне т.б.) қазақ
халқының негiзiн қалаған.
Ақ Орда іс жүзінде қазақтың алғашқы мемлекеті болып табылады.
► Ақ Орда
жауынгерінің
дулығасы.
Орталық
мұражай экспо-
наты
20
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДА ӨМІР
СҮРГЕН ЕРТЕДЕГІ ТАЙПАЛАР
МЕН МЕМЛЕКЕТТЕР
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихын оқыған кезде Көк Орда деген ұлыс атауы
кездеседі. Көк Орда тарихи деректер мен кейінгі зерттеулерде жиі айтылғанымен,
əлі нақты бекітілмеген атау болып табылады. Көк Орда жөнінде ғалымдар арасында
көптеген пікірлер бар. Бірқатар тарихшылар Көк Орда дегеніміз Бату жері, ал Ақ Орда
дегеніміз Орда Еженнің иелігі деп санайды. Сонымен қатар Бату иелігін Алтын Орда
деп, ал Орда Еженнің ұлысын Көк Орда деп қарастырған зерттеулер де ұшырасады.
Келесі бір тарихшылардың пікірінше, ортағасырлық шығармалардағы Ақ Орда, Көк
Орда атаулары тек Шығыс Дешті Қыпшақ аумағына қатысты айтылған, мұның Бату
мен оның ұрпақтары билік еткен аймаққа мүлде қатысы жоқ деп есептейді.
Сонымен қатар Ақ Орда аталған Орда Еженнің ордасы шығыста Ертіс өзенінің
орталық бойы мен оңтүстікте Сырдария өзенінің орталық бойын қамтыған қазіргі
Шығыс, Орталық жəне Оңтүстік Қазақстан аумағында орналасты. Ал Көк Орда аталған
Шибанның иелігіне қазіргі Батыс Қазақстан мен Батыс Сібір аумағы енді деген пікір де
кең таралған.
КӨК ОРДА
МОҒОЛСТАН
Қазақ хандығының негiзiн салушылардың бiрi – Моғолстан мемлекетi (ХIV –
ХVI ғғ.). Ол ХIV ғасырда Шағатай ұлысының құлдыраған кезінде пайда болып,
ХVI ғасырға дейін өмір сүрген. Мемлекет атауы «моғол», «моғұл» сөздерiмен
байланысты аталған.
Моғолстан мемлекетінің құрамына Жетiсу аймағы, Қырғызстан жəне Шығыс
Түркiстан кiрді.
Моғолстанның алғашқы билеушiсi – Тоғлұқ Темiр хан. Ортағасырлық тарихшы
Хайдар Мырзаның пікірінше, ол Шағатай ұрпағынан шыққан. Темір ханның басты
атқарған iстерi – Орта Азияны өзiне бағындырып, Шағатай ұлысын қайтадан бiрiктiруі
жəне моғол тайпасы арасында ислам дiнiн орнатуы.
Моғолстан тұрғындары көшпелi жəне жартылай көшпелi өмiр сүрiп, мал
шаруашылығымен айналысқан. Бұл жерлерде дулат, жалайыр, үйсiн, қаңлы жəне басқа
түркi тiлдес тайпалар мекендеген.
Моғолстанның күйреуiне əсер еткен басты тарихи оқиға – ХV ғасырдың ортасында
оның батыс бөлiгiне Шығыс Дештi Қыпшақтан тайпалардың келіп орналасуы. Бұл
тайпаларды Орыс ханның шөберелері Керей мен Жəнібек бастап келген болатын. Олар
Моғолстанға келген соң шамамен 1465 – 1466 жылдары Қазақ хандығын құрған еді.
Шағатай ұлысы ыдырағаннан кейін батысында Əмір Темір мемлекеті, шығысында
Моғолстан пайда болды.
21
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДА ӨМІР
СҮРГЕН ЕРТЕДЕГІ ТАЙПАЛАР
МЕН МЕМЛЕКЕТТЕР
Ақ Орда құлдырағаннан кейiн оның басым бөлiгiнде Əбiлхайыр хандығы (1428 –
1469 жж. өмір сүрген) орнады. Кейбір əдебиеттерде Көшпелі өзбектер мемлекеті деп
те аталады
Əбiлхайыр хан – Шибанның (Шайбани) ұрпағы, Жошының немересi. Ол хан тағына
1428 жылы келiп, 40 жылдай билiк жүргiзді. Əбiлхайыр хандығы батысында Жайықтан
бастап, шығысында – Балқаш көлiне, оңтүстiгiнде – Сырдария сағалары мен Арал
теңiзiне, солтүстiгiнде – Тобыл мен Ертiстің орта ағысына дейiнгi ұлан-ғайыр аймақты
алып жатты. Хандықтың құрамына қыпшақ, керей, найман, арғын, қоңырат жəне басқа
түркі тілдес тайпалар кiрдi.
Мемлекеттiң орталығы Сiбiрдегі Тура (қазіргі Түмен қаласы) қаласы болған. Кейiн
ХV ғасырдың 40-шы жылдары Əбiлхайыр хан Сырдария маңындағы қалаларды басып
алып, астанасын Сығанаққа көшiрген. Хандыққа Сығанақтан басқа Иасы, Отырар,
Өзкент қалалары қараған. Бұл жерлерде қолөнер, сауда жəне егiн шаруашылығы
дамыған.
Əбiлхайыр хан шетел басқыншыларына жəне Шыңғыс ұрпақтарына қарсы жиі-жиі
аяусыз күрес жүргiзіп отырған. 1459 – 1460 жылдары Əбiлхайырмен болған кикілжіңнiң
нəтижесiнде Орыс ханның ұрпақтары – Керей мен Жəнiбек Əбiлхайыр ханнан бөлініп,
Моғолстанға қоныс аударады. Сол жерде Ақ Орданың шаңырағын қайта көтеріп, олар
жаңа мемлекет – Қазақ хандығының iргесiн қалайды.
ƏБIЛХАЙЫР ХАНДЫҒЫ
НОҒАЙ ОРДАСЫ
Қазақ хандығының негiзiн салушылардың бiрi – Ноғай ордасы (ХIV – ХVI ғғ.) алғашқы
кезде «Маңғыт жұрты» деп аталды. Өйткені ол, негізінен, маңғыт тайпасынан құралды.
Ноғай ордасы деп аталу себебі – маңғыт тайпасынан шыққан билеуші Ноғайдың есі-
мімен (XIII ғ.) байланысты алынған. Ноғай ордасын осы тайпадан шыққан əйгiлi Едiге
əмiр мен оның ұрпақтары басқарған. Едiге ұрпақтарының хан лауазымын алуға құқығы
болмаған (ол тек шыңғыстықтарға ғана тиiстi еді). Сондықтан оларға «бек» деген лауазым
берілген.
Ноғай ордасының жер көлемi өте үлкен болған. Мемлекет орталығы Едiл мен Жайық
өзендерiнiң аралығына орын тепкен. Басты қағандық Жайық өзенiнiң оң жағалауындағы
Сарайшық қаласында орналасқан. Халқы Дештi Қыпшақты ежелден мекендеген маңғыт,
алшын, жалайыр, қаңлы, керей, қыпшақ, найман, тама, арғын, үйсiндерден құралған.
Кейiннен олардың көпшiлiгi қазақ халқының құрамына кірген.
ХVI ғасырдың екiншi жартысында iшкi жəне сыртқы жағдайларға бай ла ныс ты Но-
ғай ордасы жекеленген иелiктерге бөлiнiп, ыдырап кете дi. Аумақтың көп бөлігі қазақ-
тар дың Кіші жүз құрамына енеді.
|