Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігінің Тіл комитеті



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата03.01.2017
өлшемі5,62 Mb.
#1096
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ

 Жəңгір хан кесенесі

 Тəуке хан. 

Суретші Н.Қарымсақов

шағатайлықтарға елшілер жiбердi. Самарқанд əміршісі 

Жалаңтөс баһадүрмен достық қарым-қатынас орнатты. 

Ақылды, қайсар жауынгер Жəңгiр хан өз Отанын – қазақ 

жерiн басқыншы жоңғарлардан азат ету жолында 1680 жылы 

дүниеден қайтады. 

Жəңгiр ханның денесі Түркiстандағы Қожа Ахмет Иасауи 

кесенесiне қойылған.



ТƏУКЕ

Қазақ хандығының аса көрнектi қайраткерлерiнiң бiрi – 

Тəуке хан. Тəуке (1626 – 1718 жж.) – Салқам Жəңгiр ханның 

ұлы. Ол ХVII ғасырдың екінші жартысы мен XVIII ғасырдың 

басы аралығында билiк жүргiзген. Тəуке хан мемлекетiнiң 

астанасы Ташкент пен Түркiстан қалалары болды.

Тəукенiң тұсында Қазақ хандығы саяси жағынан нығайған, 

бір орталыққа бағынған бiртұтас мемлекетке айналды. 

Халық зердесінде Тəуке заманы Қазақ хандығының ең бір 

өркендеген дəуірі, «алтын ғасыры» саналады. Ол 1690 жыл 

шамасында «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның 

ескі жолы» ережелерін жаңғыртып, «Жеті жарғы» деп 

аталатын жаңа заңдар жүйесін енгізді. Бұл заңдар мемлекеттi 

нығайтуға бағытталды.

 Тəуке хандықты билеуде, негізінен, əр жүздің билеріне ар-

қа сүйеді. Ұлы жүзде – Төле биге, Орта жүзде – Қазыбек биге, 

Кіші жүзде – Əйтеке биге басқару тұтқасын берген. Оның 

тұсында хан кеңесі, билер ке ңе сі жұмыс істеп, жыл сайын үш жүздің шонжарларының 

жиынын өткізу қалыптасты.

Қазақ хандығында Тəуке тұсында сыртқы жағдайлар біршама тұрақтанып, нығая 

түсті. Өзi билiк құрған кезде Тəуке хан жоңғарларға қарсы табандылықпен күрестi. Ол 

Орта Азияда əмір құрған Аштархан əулетімен жəне Ресей, Моғолстанмен сауда-саттық 

байланыстарын жүргізді, дипломатиялық қатынастар орнатты. Бұхар хандығымен 

сауданы дамыту мақсатында елшілікті жолға, қойды. Бiрақ Бұхар хандығымен Сырдария 

бойындағы қалалар үшін кiшiгiрiм қақтығыстар болып тұрды.

Халық Тəуке ханның еңбегін бағалап, оны «Əз-Тəуке» деп ардақтаған.

Тəуке хан – билiгi қазақтың үш жүзiне тараған қазақтың ең соңғы ханы. Ол қайтыс 

болғаннан кейiн олардың əрбiреуiнде өз хандары сайланып, тұтас мемлекет жүздерге 

қарай ыдырап кеттi. Тəуке хан 1715 жылы қартайған шағында дүниеден өтті. Ол да 

барлық ата-бабалары сияқты Түркiстанда жерленген.



60

ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ

ƏБIЛҚАЙЫР

Əбiлқайыр хан (1693 – 1748 жж.) – iрi мемлекет 

қайраткерi, қолбасшы, мəмілегер, Кіші жүз ханы. Шыңғыс 

хан əулетінің кіші буыны – Өсекенің (Үсек) ұрпағы. 

Тəуке хан қайтыс болғаннан кейін Əбiлқайыр қазақ 

елінің бас хандығына таласады. Бірақ мұрагерлік жолмен 

таққа Тəукенің ұлы Болат отырады. Ол кейін өзінің 

күшімен, айласымен, шабуылды ұйымдастыра білетін 

əскери қолбасшылығымен, батырлығымен, ақылдылығы 

жəне саясаткерлігімен танылып, Кіші жүзге хан болып 

сайланады.

Əбiлқайыр хан сайланбай тұрған кезінде қалмақ 

билеушiсi Аюханның қол астында қызмет етiп, орыс 

князьдігіне қарсы башқұрттар көтерiлiсiне қатысады. 

Кейiн ол Аюханмен де, башқұрттармен де шайқасқа 

түседi. Көтерiлiс кезiнде көрсеткен ерлiгi оны əйгiлi 

етеді. 

1723 жылы Едiл қалмақтарына соққы берiп, олардың 



жоңғарлармен бiрiгуiне кедергi жасайды. Одан соң 

жоңғарларды басып тастап, қазақтарға Түркiстанды 

қайтарып алып бередi. Оның мұндай батырлығы мен 

соғысты ұйымдастыру қабілетіне көзі жеткен халықтың 

оған сенімі артады. 1726 жылы болған Құрылтайда 

қазақтың үш жүзi бiрiгiп, Əбiлқайырды жоңғарларға 

қарсы бастайтын бүкiл қазақ əскерiнiң бас қолбасшысы 

етiп тағайындайды. Ол халықтың сенiмiн ақтай бiлдi. 

Əбілқайырдың басшылығымен қазақтар өз жерлерiнен 

жоңғарларды қуып шықты. 

Қазақстандағы көптеген тарихи жағдайлар Əбiлқайыр 

ханның есiмiмен байланысты. 1729 жылы Аңырақайдағы 

ойраттарды талқандаған соғыста əскерді үйлестіру 

Əбілқайырдың қолында болады. Бұл қазақтардың 

жоңғарларды бас көтере алмастай етіп күйреткен, Қазақ 

хандығының қуатты ел екенін көрші елдерге паш еткен 

ірі жеңісі еді. 1731 жылы Əбiлқайыр хан Кiшi жүздің 

Ресей империясының қол астына кiргендігi жөнінде ант 

береді. Осылай Қазақстанның Ресейге бiрiгуiнің ұзақ та, 

қиын жолы басталды.

 Ақтөбе қаласындағы 

Əбілқайыр хан ескерткіші

 Əбілқайыр хан. 



Суретші Ə.Бұхарбаев

61

ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ

 Кіші жүз ханы Əбілқайырдың ордасында Ресей елшілерін қабылдауы. 



Джон Кэстлдің суреті. 1736 жыл

62

ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ

АБЫЛАЙ

Абылай хан (1711 – 1781 жж.) – қазақ 

халқының əйгілі ханы, Қазақстан тари хын -

дағы  аса  белгiлi  мемлекет  қай рат  кер ле рi нiң 

бiрi. Қазақ мем  лекетiнiң пайда болуы мен 

өркендеуi  жə   не  сырт  қы  саясаттағы  жеңiстер 

Оның  есiмi мен  бай ла  ныс ты.  Абы лайдың  шын 

аты – Əбiл ман сұр. Бір ұрыста үлкен əкесі-

нің аруа ғын  шақы рып, жауға «Абы лай лап» 

шабады. Осыдан бастап ол Абылай атанып 

кетеді. Абылай 1711 жылы арғы тегі Шыңғыс 

хан ның ұлы Жошыдан та райтын белгілі тұл-

ға лар дың  ша ңы ра ғын да  дүниеге  келген.

Абылай əкесі Уəлиден айырылып, же-

тімдіктің зардабын ерте тартады. Балалық 

шағы мен жасөспiрiм кезi қуғында өтедi. Ол 

атақты Төле бидiң бақташысы болған деп те 

айтады. Абылайдың аты жоңғарлармен болған 

шайқаста əйгілі болады. Ұрыстардың бiрiнде 

жекпе-жекте жоңғардың батыры Шарышты 

өлтiрiп, «Абылай» деген ұранмен жауға қарсы шығады. Қазақ жауынгерлеріне жігер 

беріп, рухтандырып, шайқаста жеңiске жетедi. Осы жеңістен соң ол Орта жүздің 

сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді əміршілердің біріне айналады.

1771 жылы Түркiстанда Абылайды ақ киiзге көтерiп, қазақтардың үш жүзiнiң ханы 

етiп тағайындайды.

Абылай Қазақ мемлекетiнің саяси бірлігін қалпына келтіріп, ірі мемлекетке 

айналдырды. Ресей мен Қытай арасында жүріп, Қазақ хандығының тəуелсіздігін 

сақтап қалуға тырысты. Екі мемлекетпен арақатынасты бірдей ұстап, халқының өз 

туған жерінің қожасы, өз тағдырының иесі болуын көкседі. Оның данышпандығы 

мен көрегендігі арқасында кең байтақ Ұлы Далада ұзақ уақыт бойы бейбіт заман 

орнады.

Абылай хан он жыл билік жүргізді. Осы мерзім ішінде ешкімнің қолынан келе 



бермейтін істерді атқарды. Ол билік жүргізген он жылдың Дала тарихына Абылай 

дəуірі боп кіруі тегін емес. Сол уақытты қазақ халқы зор құрметпен еске алады. 

Абылай хан 1781 жылы 70 жасында өмірден қайтты. Тарихи ұлы тұлғаның денесі 

Түркiстандағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесiне қойылған. Халық жадында ол тəуелсіз 

Қазақ мемлекетінің символы іспеттес.


63

ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ

КЕНЕСАРЫ

Кенесары Қасымұлы (1802 – 1847 

жж.) – қазақтың iрi мемлекет қайраткерi, 

қолбасшы, 1841 жылы бүкіл қазақ халқының 

мақұлдауымен хан көтерілген Қазақ 

хандығының соңғы ханы. 1837 – 1847 

жылдардағы қазақ халқын басқыншылардан 

азат ету күресінің басқарушысы. Ұлы 

Абылай ханның немересi. Ол хан атасының 

барлық қасиеттерiн бойына сiңiрген. Жiгерлi 

əрi батыл Кенесары жас кезiнен-ақ халық 

құрметіне бөленген.

1837 жылы Кенесары отаршыл Ресейге 

қарсы ұзақ та, ауыр шайқасқа түседi. Одан 

кейiн Орта Азия билеушiлерiмен де соғысып, 

Қазақ мемлекетiнiң тəуелсiздiгiн қайтаруға ат 

салысады.

1841 жылы Кенесары əскерi шешуші 

жеңістерге қол жеткізіп, Созақ, Жаңақорған, 

Ақмешiт сияқты қоқан қамалдарын басып 

алады. Сол уақытта үш жүздiң өкiлдерi Кенесарыны қазақтардың ханы етiп 

сайлайды. Кенесарының қатты серпiлiс əрекеттерiнен қорыққан Ресей өкiметi 1843 

жылы оларға қарсы əскери шаралар қолдана бастайды. Кенесары əскерлері орыс 

жасақтары мен оларға жақ қазақ сұлтандарына 

тойтарыс беріп отырды. Бірақ жақсы қаруланған 

орыс əскерлерi көтерiлiсшiлердi Жетiсуға қарай 

жылжытты. Кенесары қырғыз манаптарынан 

өзiн хан екенін мойындап, олардың көтерiлiске 

қатысуын талап етедi. Алайда қырғыздар 

қарсылық бiлдiредi. 1847 жылы қырғыздарға 

қарсы көтерiлiсте ол тұтқынға түсiп, өлiм 

жазасына кесiледi.

Кенесарының ерлiгi қазақ халқының жадында 

мəңгi қалады. 



► Астана қаласында Кенесары ханға тұрғызылған 

ескерткіш

 Кенесары. 1830 жылдары Омбыда 



түсірілген фотосурет

64

ҚАЗАҚ БИЛЕРІ

ҚАЗАҚ БИЛЕРІ

Тəуке ханның тұсында Ұлы жүзге – Төле би, Орта 

жүзге – Қазыбек би, Кіші жүзге – Əйтеке би басшы болып 

тағайындалған. Олар ел бірлігі мен жердің тұтастығына 

ерекше мəн берген. Қоғамдық-əлеуметтік жағдайларға, 

тарихи оқиғаларға, адам мен оның іс-əрекеттеріне, 

келешек күндеріне ерекше назар аударған. Сөйтіп, ел 

тəуелсіздігі мен тұтастығы үшін ақылын, күш-жігерлерін, 

мол өмір тəжірибелерін сарп еткен.

Əз-Тəуке ханның төңірегіне топтасқан үш би болашаққа 

бағыт-бағдар жасады. «Билер кеңесі» бекіткен «Жеті 

жарғы» атты əдеп-құқықтық құжаттың негізін қалап, онда 

қоғамдық қатынастарды жүйелеп, өмірге ендірді. Осы 

арқылы да халықтың бірлігі мен тұтастығын сақтады. 

Олар келешекке мол үміт артып, өмірлік мұраттарының 

орындалуы жолында көп еңбек сіңірді.

Қазіргі кезеңде үш бидің мақсат-мұраттары толық жү-

зеге асты. Еліміз тəуелсіздік алды. Халқымыз тату-тəтті 

өмір сүріп жатыр. Адамзаттың мақсат-мұраты да осы.

ТӨЛЕ БИ

Төле би Əлібекұлы (1663 – 1756 жж.) – қазақтың би-шешені, 

мемлекет жəне қоғам қайраткері, ойшыл дана. Ұлы жүздің төбе 

биі. Əз-Тəуке құрған билер кеңесінің мүшесі, «Жеті жарғы» деп 

аталатын жаңа заңдар жүйесін жасаушылардың бірі. Ол қазіргі 

Жамбыл облысы Шу ауданының Жайсаң жайлауында дүниеге 

келген. Қазақ шежіресінде Төленің бабалары мына ретпен 

айтылады: Дулат, Дулаттан – Жаныс, одан – Жарылқамыс. 

Жарылқамыстан – Жанту би, одан – Жайылмыс би, Жайылмыстан 

– Құдайберді би («Тоғыз ұлды Құдайберді» деп те аталады). Сол 

тоғыз ұлдың бірі Əлібектен Төле би туады. 

Төле жастайынан ескіше оқып сауатын ашады. Қазақтың 

аңыз-əңгіме, өлең-жырларын, шежіре-тарихтарын ел арасынан 

тыңдап, өзінен бұрынғы өткен шешен билер мен хандардың, 

əсіресе, өзінің бабалары – Жанту, Жарылқамыс билердің кесімді төреліктері мен өнегелі 

нақыл-шешен сөздерін ойында сақтап өседі.

 Төле би.

Суретші Ə.Бұхарбаев


65

ҚАЗАҚ БИЛЕРІ

Əкесі Əлібек шешен, сауатты жəне ел əңгімелерін жақсы білетін адам болған. Ол 

ұлының ерте есейіп, сол кездегі атақты билерден бата алуына себін тигізеді. Төле 

бала жасынан əкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды. Он бес жасынан ел билігіне 

араласып, өзінің ақыл-парасаты, əділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түсе бастайды. 

Ол жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады.

Төле бидің əділдігі, ойға жүйрік, сөзге шешендігі жұртшылыққа оны белгілі, сыйлы 

етеді. Сонымен бірге қазақ халқын біріктіру, Қазақ мемлекеттігін нығайту, халық 

атынан сөйлеп, шешім шығару Төле бидің өмірлік мұраты болды. Төле би Абылай 

ханның «Төбе биі» болып, Ташкентте өмірінің ақырғы жылдарына дейін Ұлы жүзді 

басқарып тұрған.    

Шешендіктен не пайда, 

Артында сөзі қалмаса? 

Батырлықтан не пайда, 

Халқына қайран қылмаса? 

Хандықтан не пайда, 

Қарашасын жалмаса? 

Молдалықтан не пайда, 

Шариғатты өзгертіп, 

Нашарларды алдаса?

ҚАЗЫБЕК БИ

Қазыбек би Келдібекұлы (1667 – 1764 жж.) – қазақтың 

белгілі би-шешені, мемлекет жəне қоғам қай раткері. Орта 

жүздің төбе биі. Əз-Тəуке құрған билер кеңесінің мүшесі, 

«Жеті жарғы» деп аталатын заңдар жүйесін жасаушылар-

дың бірі. Қазақ шежіре деректері бойынша, шыққан тегі – 

Орта жүздің арғын тайпасының қаракесек руынан. Сол қа-

ра кесектің бір атасынан Бұлбұл, Бұлбұлдан Шаншар туады. 

Бұлар да оқыған, тоқығаны көп, ақылгөй абыз, шешен би 

боп өткен. Шаншардың екінші əйелі – Айбикеден Келдібек, 

Тыныбек, Жəнібек, Есіркеп (оларды ел «төрт бегі» деп те 

атаған) тарайды. Қазыбектің əкесі Келдібек кезінде аузына 

ел қаратқан белгілі шешен, би болыпты. Анасы Тоқмейіл де 

ұтымды да тапқыр сөйлейтін зерек жан екен. Кішкентайынан 

 Қазыбек би.

Суретші Ə.Бұхарбаев

осындай ортада өскен Қазыбек бала биден дана биге айналып, «қара қылды қақ жарған 

Қаз дауысты Қазыбек», «Алты Алаштың ардағы» деген атаққа ие болады.

Қазыбек жасынан ел əңгімелерін, нақыл-өсиет сөздерін естіп өседі. Əке тəрбиесі мен 

би-шешендердің əсер-ықпалы да көп көмек етеді. Жастайынан ел билігіне араласып, 

адалдықты жақтайды, əділеттілікті, бейбіт жолды қалайды. 



66

ҚАЗАҚ БИЛЕРІ

Алтын ұяң – Отан қымбат, 

Құт-берекең – атаң қымбат. 

Аймалайтын анаң қымбат, 

Мейірімді апаң қымбат. 

ƏЙТЕКЕ БИ

Қаз дауысты Қазыбек кезінде атақты да беделді билердің бірі атанды. Ол Абылай, 

Тəуке, Əбілмəмбет, Семеке хандардың тұсында халық қамы үшін ел қорғау ісіне 

белсене араласты. Төле, Əйтеке билермен тізе қоса отырып, жоңғар шапқыншылығына 

қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі болып, елдің азаттығы үшін аянбай тер 

төкті. Абылай жоңғарлардың қолына тұтқын болып түсіп қалғанда, оны босатып алуға 

елшілікке барған. Сондай-ақ ол  Ресей, Бұхар, Хиуа мемлекеттері арасындағы еларалық 

мəселелерге араласып, аразды татуластырып, алысты жақындастырып отырған мəмілегер 

ретінде танылды. «Елдестірмек – елшіден, жауластырмақ – жаушыдан» деп, бейбітшілік 

пен достықты дəріптеп, елшілік қызметті мінсіз атқарған тұңғыш дипломат болды.

Үш жүздің ішіндегі шешуі қиын, ең күрделі мəселелердің басы-қасында жүріп, 

хандардың сенімді ақылшысы, халықтың ханға бергісіз биі болған Қазыбек əр кез батыр 

жинап, ел шаппай, қылыш шауып, оқ атпай-ақ ақылымен жол тауып, ел бірлігін сақтауға 

күш салған. Осыған байланысты халық аузында Қазыбек туралы мынадай аңыз-əңгіме 

кең таралған. Оның жоңғар ханы Қалдан Бошақтыға айтқан «Біз қазақ деген мал баққан 

елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, 

жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған 

елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дəм-тұзды ақтай 

білген елміз. Асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз... Сен қабылан да, 

біз арыстан, алысқалы келгенбіз... Сен темір де, біз көмір, еріткелі келгенбіз...» деген 

жалынды сөздері қазақ халқының рухын биіктеткен ұранға айналды.

Қазыбек бидің ақыл-ойға негізделген өсиет сөздерінде əділ шешімдері, ел еркіндігі 

мен бірлігі, ынтымағы терең танылады.

Əйтеке би Байбекұлы (1644 – 1700 жж.) – қазақтың атақты 

би-шешендерінің бірі, мемлекет жəне қоғам қайраткері. Кіші 

жүздің төбе биі. Əз-Тəуке құрған билер кеңесінің мүшесі, «Жеті 

жарғы» деп аталатын заңдар жүйесін жасаушылардың бірі. 

Шыққан тегі – Кіші жүздің алшын тайпасының əлім руынан. 

Оның туып-өскен жері, тегі туралы əр алуан көзқарас, аңыз-

əңгімелер көптеп кездеседі. Осы аңыз-əңгімелердің бəрінде 

Əйтеке əділ бітім айтқан, шешендігімен белгілі болған дана 

 Əйтеке би.



Суретші Ə.Бұхарбаев

Асқар тауың – əкең қымбат, 

Туып өскен елің қымбат. 

Ұят пенен ар қымбат, 

Өзің сүйген жар қымбат.

67

ҚАЗАҚ БИЛЕРІ

Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін, 

Батыр болсаң, жауыңа найзаң тисін. 

Бай болып елге пайдаң тимесе, 

Батыр болып жауға найзаң тимесе, 

Елден бөтен үйің күйсін! 

Бүркіт бол, заманыңыз түлкі болса, 

Бай болар кедей жігіт мүлкі болса. 

Жақсылардың белгісі сол емес пе, 

Қара қылды қақ жарған əділ болса.

ретінде суреттеледі. Əйтеке бидің бітім-шешімдерінде адам əлемі, қоғамның көрініс-

құбылыстары кең орын алған. Өмірлік мақсатын шешендік тіл, көркем өрнектер арқылы 

бейнелі, нанымды жеткізген.

 Астана қаласындағы қазақтың үш биіне арналған ескерткіш


68

ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫРЛАРЫ

ҚАНЖЫҒАЛЫ БӨГЕНБАЙ БАТЫР

Бөгенбай Ақшаұлы (1680 – 1775 жж.) – 

жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық 

жорығын ұйымдастырушылардың бірі, 

қазақ халқының даңқты батыры, ұлы 

қолбасшы. Шыққан тегі – Орта жүздің 

арғын тайпасының қанжығалы руынан. 

Ол есімдері əуелден елге мəлім бол-

ған батырлар əулетінен шыққан. Батыр-

дың атасы Əлдеуін – қазақтың атақты ханы 

Еңсегей бойлы ер Есімнің атақ ты ба тыр-

ларының бірі болған. Өз əкесі Əл деуін ұлы 

Ақша  заманында  дұш  па ны на  бет  қаратпа-

ған айтулы батыр, айбын 

ды қолбасшы 

болыпты. Үмбетей жыраудың «Алатаудай 

Ақшадан асып тудың Бөген бай» деуі ба-

тырдың айбынын, өжет те қай сар мінезін, 

болмыс-бітімін танытып тұрғандай. 

Бөгенбай батырды халықтың ерекше 

ардақтап, ғасырлар бойы есімін аялап, есте 

сақтап келуі оның ерлік, əскербасылық 

істеріне байланысты. Оның ғұмырының дені ат үстінде жортуылда өткен.

Бөгенбай жастайынан батырлық əрі қолбасшылық дарынымен ерекше көзге түседі. 

1708 жылы Əз-Тəукенің бұйрығымен 30 мыңдық жасақпен казак-орыстарды Еділден 

əрі асырып қуып тастайды. 1710 жылы Қарақұмда өткен үш жүз қазақтарының 

Құрылтайында Бөгенбай батыр үш жүздің Бас сардары болып сайланады. 1726 жылы 

Бөгенбай бастаған қазақ қолы Бұланты өзенінің бойында қалмақтарға қарсы күйрете 

соққы береді. «Аңырақай шайқасында» ерекше дарындылық көрсетеді. Сонымен 

қатар, Бөгенбай Ақшаұлы Жайық, Жем, Ойыл өзендері бойы мен Ерейментау, 

Қарқаралы, Аягөз, Түркістан, Шу бойы, Жетісу өңірі, Қырғыз жерлеріндегі т.б. ірі 

шайқастарда қол бастайды. 1756 – 58 жылдары бірінші рет Шығыс Түркістанға келген 

қытай əскерімен болған Талқы соғысында қытай əскеріне қатты соққы беріп, оларды 

Үрімжіден асыра қуады. 

Бөгенбай жасы ұлғайған шағында ауырып, 1775 жылы Ақмола облысы Ерейментау 

ауданындағы Қоржынкөл маңында қайтыс болған. Мəйітін Түркістандағы Қожа Ахмет 

Иасауи мешітіне жерлеген. 

 Бөгенбай батыр. Суретші А.Игембаев



69

ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫРЛАРЫ

ҚАРАКЕРЕЙ ҚАБАНБАЙ БАТЫР

Қабанбай Қожағұлұлы (1692 – 1770 

жж.) – жоңғар басқыншыларына қарсы 

күресті ұйымдастырушылардың бірі, қазақ 

халқының даңқты батыры, қазақтың бірік-

кен қолының талантты Бас қолбасшысы, 

жекпе-жекте жеңіліс көрмеген халық қа-

һарманы. Қабанбайдың шыққан тегі – Орта 

жүздің найман тайпасының қараке 

рей 


руынан, ел азаттығы жолында күрескен 

киелі батырлар əулетінен. Оның атасы 

Мəмбет те, əкесі Қожағұл да, Қожағұлдың 

ағасы Күшік те өз заманының аты шыққан 

айбынды батырлары болған. Ол 1692 жылы 

қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Үржар 

ауданы Барлық тауында дүниеге келген. 

Азан шақырып қойған есімі – Ерасыл. Жас 

күнінде жабайы қабандармен айқасқа түсіп, 

қорықпастан жайратып, «Қабан батыр», 

кейін келе «Қабанбай батыр»  атанған. 

Қабанбай батырдың өмірі елі мен жерін жаудан қорғау жолындағы күреспен өтті. 

Ол 1717 жылы Аягөз шайқасына, 1723 жылы Түркістан қорғанысына, 1726 жылы 

Бұланты шайқасына, кейін Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, 

Абылай ханның бас батыры – «Хан батыры» болды. 1741 жылы Шыңғыстаудағы Шаған 

шайқасында астындағы ақбоз атымен жауға қарсы ерекше көзге түсіп «Дарабоз» 

атанды. 

1751 жылы Сыр бойы, Шымкент, Сайрам, Ташкент қалаларын жоңғарлардан 

тазартып, Ташкентте Төле бидің билікке келуіне көмектесті. 

1752 – 54 жылдары Жетісу, Тарбағатай, Алтай өлкелерін жоңғарлардан азат ету 

жорықтарында Қабанбай басқарған қазақ əскері алдымен Іле, Балқаш, Қаратал өңірлерін 

жаудан тазартуға қатысты. Тарбағатайдың күнгей жағы, Зайсан, Марқакөл, Күршім 

өңірлерін жоңғарлардан азат етті. Қабанбай 1756 жылы жоңғар билеушісі Əмірсананы 

қуып келген қытай əскерінің бетін қайтаруға ат салысты. 

1770 жылы 500 адамдық қолмен келген қырғыз батыры Қарабекке ауырып жатқанына 

қарамастан қол бастап қарсы шығады. Қабанбай жекпе-жекте Қарабекті өлтіріп, өзі де 

ат үстінен құлап түсіп, қазаға ұшырайды. 

 Қабанбай батыр. Суретші Н.Қарымсақов



70

ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫРЛАРЫ

ШАҚШАҚҰЛЫ ЖƏНІБЕК БАТЫР

Жəнібек Қошқарұлы ( 1693 – 1752 жж.) – жоңғарларға 

қарсы күресте даңқы шыққан қазақ батыры. Бұқар 

жыраудың сөзімен айтқанда, Жəнібек  – «Қаракерей 

Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты 

Қазыбек, Шақшақұлы Жəнібек, Ормандай көп Орта 

жүз, содан шыққан төрт тіректің» бірі. Шыққан тегі 

– Орта жүздің арғын тайпасынан. Ол Шақшақұлы 

Жəнібек (Шақшақ Жəнібек) деген атпен кеңінен 

танымал. Атасы Шақшақ Аманжолұлы Еңсегей бойлы 

ер Есімнің қолбасшыларының бірі болған. 

Жəнібек батыр 1710 жылы он жеті жасында Тəуке 

ханның қолымен бірге жауға шауып, жекпе-жекте 

қалмақтың бас батырын өлтірген. Абылай ханның 

тұсында қол бастап, ханның негізгі кеңесшілерінің бірі 

болған. 1717 жылғы Аягөз маңындағы шайқаста қол 

бастап, ерлік көрсеткен. 1723 жылдан бастап Жəнібек батыр Еділ қалмақтарымен жəне 

жоңғарлармен болған күреске қатысып отырған. 1726 жылғы Бұланты шайқасында 

Орта жүз əскерлерінің ең үлкен бөлігі Жəнібек батырдың басқаруына қараған. 

Жəнібек батыр 1732 жылы жеті мың қолдық жоңғар əскерлері Орта жүзге шабуыл 

жасағанда қазақ əскерлеріне басшылық еткен. Жəнібек батыр бастаған қазақ жасақтары 

саны жағынан басым басқыншыларға тойтарыс берді. 

Ресей əкімшілігі Орта Азиядан Орынборға қатынап тұрған сауда керуендерінің 

қауіпсіздігін қамтамасыз етуді Жəнібек батырға жүктеген. Ресей патшайымы Елизавета 

Петровнаның жарлығымен Қошқарұлы Жəнібекке «тархан» атағы берілді. 

Жəнібек 1752 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданы Тосын құмында қайтыс 

болған. Батырдың мəйіті Түркістанға жеткізіліп, Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне 

жерленген. 

 Жəнібек батыр.

Суретші Н.Қарымсақов


71



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет