МОҢҒОЛ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ
БИЛЕУШІЛЕРІ
ҮГЕДЕЙ
Үгедей 1186 жылы дүниеге келген. Ол –
Шыңғыс ханның Бөрте деген бəйбішесінен
туылған үшінші ұлы. Шыңғыс хан көзінің
тірісінде-ақ оны өзінің мұрагері етіп та-
ғайындаған. Үлкен ұлы Жошы дүниеден
ерте өтіп, екінші ұлы Шағатайдың мінезі
қатал болғандықтан хан ұлы таққа мейі-
рім ді, мінезі жұмсақ Үгедейді таңдайды.
Қағанды сайлау рəсіміне барлық моңғол
ханзадалары қатысуы тиіс болатын.
Бірақ олардың көбі алыс жорықтарда
жүргендіктен Үгедейді Ұлы хан сайлау
рəсімі 1229 жылға дейін созылады. Бұл
уақытта империяны уақытша Шыңғыс
ханның төртінші ұлы Төле басқарады.
Үгедей қаған болып сайланған соң моңғол
əскері жаулаушылық соғыстарын əрі
Шыңғыс хан қатыгез де құдіретті əмірші ретінде танылған. Ол əскерінде өте қатаң
тəртіп орнатқан. Жазбаша іс жүргізуді ұйымдастырған. «Яса» («Жасақ») атты заңдар
жинағын жариялаған. «Яса» заңдарын орындамаған, тіпті кішігірім қателік немесе
қорқақтық жасаған жауынгерлер бірден өлім жазасына кесілген.
Шыңғыс хан Таңғұт мемлекетіне жорық кезінде 1227 жылы қайтыс болады. Күні
бүгінге дейін оның жерленген жері белгісіз.
қарай жалғастырады. Төленің тұсында моңғол əскерінің соққысынан Қытайда Цзин
империясы құлайды. Моңғолдар Азияның екінші шетіндегі мұсылман астанасы
Бағдад қаласына да баса-көктеп кіреді. 1237 – 1242 жылдары моңғолдар қыпшақтарды
біржолата талқандайды. Бұлғарияны басып алып, орыс князьдіктерін жермен-жексен
етеді. Моңғолдардың алдыңғы қатардағы жасақтары еуропалық рыцарьларды жеңіп,
шабуылды одан əрі табысты жалғастыра берер еді. Бірақ 1241 жылы желтоқсанда
Үгедейдің өліміне байланысты барлық əскери іс-қимылдарын тоқтатып, кері
қайтады.
Үгедей əділ, дана билеуші болды. Оның билігі тұсында империяның бүкіл жерінде
байланыс желісі ұйымдастырылып, халық санағы жүргізілді. Ол Шыңғыс хан бастаған
империя астанасы Қарақорым қаласының құрылысын аяқтады.
36
МОҢҒОЛ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ
БИЛЕУШІЛЕРІ
КҮЙІК
Үгедей өлгеннен кейін билік тізгінін жаңа ханды
сайлағанға дейін оның жесірі Туракино өз қолына алады.
Ол кеңесшілері мен қолбасшыларының емес, сарайдағы
қызметші əйелдердің сөзін көбірек тыңдайды. Іштеріндегі
тұтқын парсы қызы Фатима айтарлықтай көзге түседі.
Осы кезде моңғол ақсүйектері арасында алғаш рет ашық
келіспеушіліктер байқалған еді. Тек 1246 жылы өткен
құрылтайда Үгедейдің ұлы Күйік (1205 ж. туған) хан
деп жарияланады. Оның хан сайлануына моңғолдар риза
болмайды. Күйік хан наразылардың бір бөлігін – Шыңғыс
ханның бауыры Темуге-Отчигиннің жақтастарын өлім
жазасына кеседі. Елді басқарудан Төле ұрпақтары да
МӨҢКЕ
1251 жылы Жалпымоңғол Құрылтайында Төленің баласы Мөңке Ұлы хан болып
тағайындалады. Оның хан сайлануына Жошы ұлысының билеушісі – Батудың қолдауы
маңызды рөл атқарды.
Мөңке хан Күйік билік құрған жылдары əлсіреген мемлекеттің іргетасын нығайтады.
Мөңке хан сауда мен қолөнер ісін жүргізудің жаңа тəртібін енгізеді. Мөңкенің тұсында
Иранды басып алу аяқталып, Бағдад тізе бүгеді. Ол енді жаңа жердің билеушісі етіп
бауыры Хулагуды тағайындайды. Хулагудың ұрпақтары осы жерде өздерінің тəуелсіз
мемлекетін құрады. Мөңке əскері оңтүстік Қытайда Сун əулетіне қарсы ауыр соғысты
жалғастырады. Бұл жерде моңғолдарға ханның өзге інісі Құбылай қолбасшылық етеді.
Кезекті бір Қытай қаласын басып алудан кейін Құбылай тұрғындарға кешірім жасайды.
Моңғол заңына қайшы келетін бұл жағдай Мөңкеге ұнамайды. 1258 жылы ол моңғол
əскеріне қолбасшылық етіп Қытайға аттанады, бірақ 1259 жылы 11 тамызда Қытайдың
Хэчжоу қаласын қоршау кезінде қайтыс болады.
шеттетіледі. Жошы ханның ұлы, мұрагері – Бату Күйік ханға ашық түрде қарсы шығады.
1248 жылы Күйік пен Бату əскері бір-біріне қарсы ұрысқа аттанады, бірақ Күйік хан
жолда белгісіз себеппен қаза болады. Моңғол империясында тағы да өзара қақтығыс
басталады. Шыңғыс хан ұрпақтарының арасында тақ үшін талас-тартыс күшейеді.
Күйік хан билігі тұсында моңғолдар Кавказда, Кореяда, Қытай мен Иранда соғысты
жалғастырған. 1246 жылы Қарақорымдағы хан ордасына Рим папасы IV Иннокентийдің
елшісі францискандық монах Иоанн де Плано Карпини келіп, Күйіктің империяның
Ұлы ханы етіп сайлау рəсіміне қатысқан. Ол өз көргендерін «Моңғолдар тарихы» атты
кітабында жазып қалдырған.
37
МОҢҒОЛ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ
БИЛЕУШІЛЕРІ
Мөңке тұсында француз королі ІХ Людовиктің
өкілі, еуропалық жиһанкез Гильом де Рубрук
Қарақорымға келген. Ол өзінің «Шығыс елдеріне
саяхат» атты кітабында Шыңғыс хан империясы-
ның тұрмысын толық сипаттап жазған.
АРЫҚ БҰҒА МЕН ҚҰБЫЛАЙ
Шыңғыс хан империясының Ұлы ханы Мөңке
өлгеннен кейін ел бірлігі бұзылады. Билік үшін
күреске ханның інілері Құбылай мен Арық Бұға
таласады. «Жасақ» заңына сəйкес, хан сайлау үшін
барлық қолбасшылар мен ханзадалар атамекені –
Моңғолия жерінде Құрылтайда бас қосуы тиіс еді.
Бұл заңды Құбылай бұзады. Ол Қытайдағы жаңа
моңғол қаласы Шандуде жақтастарын жинап, өзін
«хан» деп жариялайды. Оған 1260 жылы өткен
Қарақорымдағы құрылтайда моңғол ақсүйектері
Ұлы хан сайлаған Төленің кіші ұлы Арық Бұға қарсы
шығады. Империя екі жауласушы жаққа бөлінеді.
Құбылайдың тəжірибелі жауынгерлері Арық Бұға
əскерін тез арада талқандап, Қарақорымды басып
алады. Бұдан кейін Құбылайға қарсы тұрар мықты
ешкім шықпады. Империя біртұтас болудан қалды.
Бұрынғы моңғол ұлыстары тəуелсіз мемлекеттерге
айналды. Жошы, Шағатай, Үгедей ұрпақтары
империяның батыс бөлігін өзара бөліп алды. Иран
жерінде Хулагу мен оның ұрпақтары билік құрды.
Құбылай кішірейген астанасын Қарақорымнан
Ханбалыққа (Пекинге) ауыстырып, өз империясын
қытайша Юань деп атады. Оның ұрпақтары
Қытайда Мин династиясынан жеңіліп, қуылғанға
дейін жүз жыл бойы билік етті.
Осылайша Ұлы империя ыдырады. Оның
ұлан-ғайыр жерінде көптеген жаңа мем лекеттер
құрылды.
38
АЛТЫН ОРДА ХАНДАРЫ
БАТУ ХАН
Бату (Батый, Сайын хан) (1208 – 1255 жж.) – Шыңғыс ханның немересі, Жошының
екінші ұлы, Алтын Орда мемлекетінің негізін қалаушы. 1227 жылы ақпанда əкесі
қайтыс болып, Жошы ұлысын (Ертістен Дунайға дейінгі аралық) басқарады. 1235 жылы
Қарақорымдағы Ұлы Құрылтайда Батысқа жорық жасау туралы шешім қабылданады.
Бату бастаған қалың қол 1236 жылы Еділ бойына жетіп, жергілікті қыпшақ тайпаларын,
келесі жылы желтоқсанда орыс князьдіктерін өзіне бағындырады.
1241 жылы Бату Еуропаға шабуылға аттанады. Краков пен Бреславль шаһарлары
отқа оранады. Лигница түбіндегі неміс-поляктармен болған шайқаста Бату сарбаздары
көшпелілердің соғыс өнерінің еуропалықтардан көш ілгері екенін дəлелдеді. 1241
жылдың желтоқсанында Ұлы хан Үгедей қайтыс болды деген хабар жетеді. Бату
жорықты тоқтатып, Қарақорымға қайтады. Осы кезде Ұлы хан болып Үгедейдің ұлы
Күйік сайланған еді. Бірақ Күйікті бұл таққа лайықсыз деп есептеген Бату бөлініп
шығып, аймақта дербес мемлекет құрады. Оны Алтын Орда деп атайды.
Алтын Орда мемлекеті Шығыс жəне Батыс Дешті Қыпшақ жерлерін, Ресейдің Еуропа
жақ бөлігін, Балтық теңізінің шығысындағы өлкелерді, Польша, Венгрия, Бұлғария,
Кавказ аймақтары кіретін кең-байтақ жерлерді қамтыды. Алтын Ордада мемлекетті
басқару ісі Шыңғыс ханның «Жасақ» заңдар жинағына сəйкес жүзеге асырылды.
Бату хан тұсында Алтын Орда нығайып, мемлекетті басқару ісіне, салық жинау
жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізілді. Халық санағы жүргізілді. Аймақтағы байланыс
желісі қалыптастырылды. Қалалар мен бекіністер салынды.
Бату 1255 жылы 47 жасында қайтыс болып, Еділ сағасындағы аралдардың бірінде
(Ахтуба алқабы) орналасқан Сарай қаласында көшпелілер салтымен жерленген.
39
АЛТЫН ОРДА ХАНДАРЫ
БЕРКЕ
Берке (1209 – 1266 жж.) – Алтын Орданың Батудан кейінгі атақты ханы. Ол –
Жошының үшінші ұлы, Батудың тетелес інісі. Алтын Ордадағы беделді нояндардың
бірі болған Берке ағасының өлімінен кейін билікті өз қолына алады.
Берке хан тұсында Алтын Орданың қуаты бұрынғыдан да артып, көркейді. Ол
мұсылман дінін бүкіл Алтын Орданың ресми діні етіп жариялады. Жаңа қала – Берке
Сарайы бой көтерді. Қара теңіз жағалауында Судақ порты салынды.
1257 жылы Берке хан өзіне бағынышты орыс князьдіктерінде халық санағын
жүргізді. Бұл оған жиналатын салық мөлшерін бақылап отыру үшін қажет болды.
Орыс шаһарларында салық жинаушылар қоныстарының орны əлі күнге дейін «татар
слабодкалары» деп аталады.
Берке 1266 жылы Қап тауына кезекті жорығы кезінде қаза болып, оның денесі Берке
Сарайында жерленді.
ТОҚТА
Тоқта, Тоқтай, Тоқты (т.ж.б. – 1313 ж.) – Бату ханның шөбересі. Ол Алтын Орда
тағына 1291 жылы отырды. Алғашқы билік құрған жылдары Тоқта Судақтағы «өкіл
əкесі» – Ноғай қолбасшының ықпалында болды. Бұл кезде Ноғайдың беделі өте жоғары
еді. Тіпті орыс князьдерінің көпшілігі «князь» атану үшін Алтын Орда ханына емес,
Ноғайға барып, рұқсат сұрайтын болған.
Мұндай жағдай Тоқтаға ұнамайды. Ол Ноғайға білдірмей, Алтын Орданың сенімді
сарбаздарынан өзіне əскер дайындап, 1300 жылы Судақ шаһарына жорыққа аттанады.
Днепрде болған шайқаста Тоқта Ноғайды тас-талқан етіп жеңіп, Дунайдан Еділге
дейінгі аймақты өзіне бағындырады. Ноғайды тұтқынға түсіріп, басын алады.
Тоқта Византия империясымен достық қарым-қатынас орнатып, Илхандар елімен екі
жақты сауда-саттықты жақсартады. Иелігіндегі орыс князьдіктерін аралап қайтқысы
келген Тоқта 1313 жылы Еділ бойымен жүзген кеме үстінде оқыстан сырқаттанып
қайтыс болады.
◄ Берке хан
► Тоқта хан
40
АЛТЫН ОРДА ХАНДАРЫ
ӨЗБЕК
Алтын Орда тарихында өшпес із қалдырған хандардың бірі – Өзбек хан. Ол таққа
1313 жылы отырды. Өзбек (т.ж.б. – 1342 ж.) – Бату хан əулетінен, Тоғлықтың ұлы,
Мөңке Темір ханның немересі, Алтын Орда ханы (1313 – 1342 ж.).
Өзбек ханның билігі тұсында Египет билеушісі Насыр сұлтанмен тату қарым-
қатынас орнатылды. Алтын Орда астанасы Берке Сарайы шаһарына көшірілді. Елдің
экономикасы мен мəдениеті гүлденіп, саяси жағдай тұрақтанды, қала мəдениеті
өркендеп, дамыды.
Өзбек ханның билігіне сүйікті əйелі Тайдула ықпал етіп отырған. Кенеттен көз
сырқатына ұшыраған сұлу ханымды ешбір емші жаза алмайды. Тек Владимирдегі
православие шіркеуінің патриархының жасаған емі қонып, Тайдула сырқатынан
айығады.
Бұл оқиғаны Мəскеу князі қалталы Иван (Иван I) өз мақсатына пайдаланады. Ол
Алтын Орда астанасына мол сыйлықпен келіп жүріп, орыс князьдіктерінің «Ұлы
князі» лауазымына қол жеткізеді. Осыдан кейін өзін «Мəскеудің жəне бүкіл Русьтің
Ұлы князімін» деп атай бастайды. Өзбек ханнан Владимирдегі православие шіркеуін
Мəскеуге көшіруге рұқсат алады. Хан ордасы үшін жиналатын салықты да өзі жинап,
Берке Сарайға əкеліп тапсырып тұру құқығына ие болады. Алтын Ордаға өткізген
салықтан қалған қазына оған бірте-бірте өзге орыс князьдіктерінің жерін сатып алуға
мүмкіндік береді.
Өзбек хан бейбіт өмірді, өзге елдермен елшілер арқылы қарым-қатынас жасап, сый-
сияпатпен алмасып тұруды ұнатқан.
Ортағасырлық араб тарихшылары Өзбек ханнан бастап Алтын Ордада билік құрған
хандардың бəрін «солтүстік елдердің патшалары», «қыпшық патшалары» деп атаған.
Мысыр елшісі ибн Баттута ханның керемет сарайын, əсіресе, Тайдула ханшайымның
сұлулығын тамсана суреттеп жазған.
Өзбек хан 1342 жылы өз ажалынан қайтыс болады.
41
АЛТЫН ОРДА ХАНДАРЫ
ЖƏНІБЕК
Жəнібек (т.ж.б. – 1357 ж.) – Алтын Орда Ұлы
хандарының бірі (1342 – 1357 жж.), Өзбек ханның кіші
баласы. Жəнібек билік жүргізген алғашқы төрт жыл өте
ауыр болды. Себебі осы кезде Қытайдан басталып, бүкіл
Еуропаны шарпыған «қара ажал» аталған жұқпалы індет
славян князьдіктері арқылы Алтын Орда аумағына да
жеткен. Бұл індеттен адам да, мал да қырыла бастаған.
Күйзелген шаруашылықты қалпына келтірген Жəні-
бек хан өз мемлекетінің аумағын кеңейтуге кіріседі.
Илхандар патшалығы да бұл кезде əбден əлсіреген.
Осыны пайдаланған Жəнібек Қап тауына жорық жасап, Əзербайжанды тартып алады.
Жаулап алған елді билеп-төстеу үшін баласы Бердібекті Тебриз шаһарында қалдырып,
өзі Ордасына қайтады. Бірақ жолда қатты ауырып, Дербент маңында кідіруге мəжбүр
болады. Жəнібектің сырқатынан қорыққан ханның Тоғылубай есімді бас əмірі Алтын
Орда тағына мұрагер болатын өзіне қолайлы адам іздейді. Дереу Тебризге жаушы
аттандырып, Бердібекті шақыртады. Бірақ осы кезде хан кенеттен ауруынан айыға
бастайды. Ордада жүрген ұлының əрекетінен шошыған ол өзінің қаупін Тоғылубайға
айтады. Тоғылубай хан шатырынан зəре-құты қалмай қорқып шығады. Бердібек екеуі
ақылдаса келе, «ханды өлтіру керек» деп шешеді. Олар түн ішінде хан шатырына
басып кіріп, Жəнібекті өлтіреді. Таңертең Тоғылубай қалың əскерге Жəнібек ханның
сырқаттан қайтыс болғанын жариялап, Бердібекті хан сайлатады.
Бұл – 1357 жылы болған оқиға. Жəнібек хан өзінің жазғы ордасы Сарайшықта жер-
ленген.
ТОҚТАМЫС
Тоқтамыс (т.ж.б. – 1406 ж.) – Тұойқожа оғланның
баласы, Жошы ханның ұрпағы, Алтын Орда ханы
(1380 – 1397/98 жж.). Ақ Орда билеушісі Орыс ханның
нөкерлерінің бірі болған. Ол елінен қашып кетіп,
Самарқанд билеушісінің қол астына кіреді. Əмір Темір
оның жанына көп əскер беріп, Ақ Ордаға жорыққа
аттандырады. 1380 жылғы шайқаста Орыс хан қаза
табады. Оның екінші ұлы Темірмəлік Тоқтамысқа
қарсы кескілескен соғыс ашады. Темірмəлік ұрыста
мерт болып, 1379 жылы Ақ Орда тағына Тоқтамыс
отырады. Өз билігін нығайтып алған ол енді Алтын
42
АЛТЫН ОРДА ХАНДАРЫ
МӨҢКЕ ТЕМІР
Мөңке Темір (Менгу Темір) – Алтын Ордада 1266 – 1280 жылдары билік жүргізген
хан. Мөңке Темір – Тоқайдың ұлы, Бату ханның немересі. Мөңке Темір дарынды
билеуші болып, Алтын Орданың одан əрі гүлденуіне мүмкіндік жасады. Ол Алтын
Орданың толықтай дербес мемлекет болуына қол жеткізді. Оған дейін Алтын Орда
Қарақорымдағы Ұлы қағанға бағынышты болса, Мөңке тұсынан бастап барлық істерін
өздері шешетін болды. Ешкімге тəуелсіз билеуші екенін көрсету үшін Мөңке Темір өз
атынан теңгелер шығара бастады. Мөңке Темір Алтын Орданы аса күшті мемлекетке
айналдырды. Ел астанасы Сарай қаласы тез үлкейіп, мемлекеттің саяси, сауда, мəдени
орталығына айналды. Кавказ, Қырым, Еділ, Сырдария бойындағы қалалар жедел
өркендей бастады. Сирия, Египет, Батыс Еуропа елдерімен тығыз байланыс орнатты.
Мөңке Темір тамағына белгісіз бір жара шығып қайтыс болған.
БЕРДІБЕК
Бердібек (т.ж.б. – шамамен 1359/61 ж.) – Өзбек ханның немересі, Жəнібек ханның
баласы. Бердібек – өзінің қаталдығымен аты шыққан Алтын Орда хандарының бірі.
1357 жылы Жəнібек хан Əзербайжанды басып алғанда Бердібекті Тебриздің билеушісі
етіп тағайындаған. 1357 жылы Жəнібек өлгеннен кейін Бердібек оның мұрагері
ретінде Алтын Орда тағына отырады. Бердібек Алтын Орданың беделді əмірлерінің
бірі Тоғылубимен бірігіп, Жəнібек ханды қастандық жасап өлтірген деген дерек те
сақталған.
Орданың Ұлы тағына көз салады. Сөйтіп, қалың əскермен Еділ дарияға қарай бет алады.
Бұл кезде Алтын Орданың Ұлы тағын Мамай баһадүр жеке-дара иеленіп алған-ды. Ол
орыс шаһарларын ойрандап қайтуға қол жиып жатқан. Дəл осы кезде Тоқтамыс оған ту
сыртынан шабуыл жасап, Алтын Орданы иеленеді. Осыдан кейін талай шаһар Тоқтамыс
сарбаздары мінген тұлпарлар тұяғының астында тапталады. Енді Мəскеуді күл-талқан
етіп, өзіне күні кеше ғана қамқор болған Əмір Темірге көз алартқан ол Самарқандқа
аттанады. Бірақ қанды шайқастарда əбден шыныққан ұлы əміршіге қарсы тұра алмай,
жеңіліп, шағын жасағымен қашып құтылады (1391 ж.).
Еділ бойындағы жеңілістен кейін араға төрт жыл салып қалайда өш алмақ болған
Тоқтамыс қалың əскерді бастап, Дербент шаһары арқылы Қап тауына сұғына енеді.
Терек өзені бойындағы шайқас (1395 ж.) үш күнге созылып, Əмір Темірдің жеңісімен
аяқталады. Тоқтамыс бұл жолы да қашып құтылады. Бірақ 1406 жылы Сібірде бас
сауғалап жүрген оны қуғыншылар ұстап алып өлтіреді.
43
АЛТЫН ОРДА ХАНДАРЫ
Бердібек Алтын Ордадағы билікке келгеннен кейін, Жошы əулетінен тараған
адамдарды түгелдей қуғынға ұшыратады. Тіпті Тоғылубидің өзін де өлтірткен. Кейбір
жазба мəліметтер бойынша, Бердібек 1359 жылға дейін хандық құрған. Ал монетадағы
мəліметтерге қарайтын болсақ, 1361 жылға дейін билікте болған. Бердібектің өлімі
жөнінде нақтылы дерек жоқ. Бердібектен кейін Алтын Ордада Батудың ұрпақтары
билік жүргізбеген. Сондықтан да тарихта «Нар мойыны Бердібекте кесілді» деген сөз
қалған.
Зұлмат. Суретші Д.Қастев
44
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ
ҚҰРЫЛУЫ
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
XIV – XV ғасырларда Шыңғыс хан империясы мен Алтын Орда ыдыраған соң, қазіргі
Қазақстанның территориясында бірнеше мемлекет: Ноғай ордасы, Ақ Орда, Əбілхайыр
хандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті) жəне Моғолстан (Шағатай ұрпақтары билік
жүргізген хандық) бөлініп шығып, жеке-дара билік құрды.
Кең-байтақ дала мен оңтүстіктегі таулы аудандарды мекендеген қазақ тайпалары
осы мемлекеттердің құрамында болды. Тайпалардың тілі, əдет-ғұрпы мен дəстүрінде
ұқсастық көп еді. Барлығын да хандар басқарды. Олар, негізінен, көшпелі мал
шаруашылығымен айналысты. Ал өзен алқаптарын мекендеген адамдар егін
шаруашылығымен шұғылданды. Қалаларда қолөнершілік жақсы дамыды.
XV ғасырда Қазақстан жерінде екі мемлекет: Əбілхайыр хандығы мен Моғолстан елеулі
рөл атқарды. Əбілхайыр хандығы Орталық Қазақстанда орналасса, Моғолстан, негізінен,
Жетісуды жайлады. Осы уақытта билік үшін, хан тағы үшін күрес жүріп жатты. Шыңғыс
хан ұрпақтары – сұлтандар елді жеке-дара билеуді көкседі. Олардың əрқайсысы өзін Ұлы
хан болуға лайықтымын деп санады. Бұл өзара соғыстарға алып келді.
Билік үшін күрес шаруашылықты шайқалтып, қарапайым малшылар мен
диқаншылардың өмірін нашарлатты, сауданы шығынға ұшыратты. Бұл мемлекеттің
əлсіреуіне əкеліп соқтырды. Ішкі қайшылықтардың ауыр зардабын жатжұрттық
жаулаушылар пайдалануға тырысты. Сөйтіп, Қытай жеріндегі жоңғар тайпалары қазақ
жеріне шабуылдай бастады.
Əбілхайырдың əлсіреп, бытыраған əскері жоңғарларға қарсылық көрсете алмады.
Олар қазақ ауылдары мен қалаларына ала құйындай бас салды. Киіз үйлер мен сарайлар
отқа оранды, қарттар, əйелдер мен балалар ажал құшты. Жоңғарлар малдарды тартып
алып, егістікті таптады, қолөнерші шеберлерді тұтқындады.
Əбілхайыр 1457 жылы жоңғарларға тойтарыс бермек болды. Бірақ жеңіліске ұшырап,
ұрыс даласынан қашып кетті.
Əбілхайырдың саясатына көптеген сұлтандардың, əмірлердің, ру-тайпа
басшыларының көңілі толмады. Ханға наразы əрі үздіксіз соғыстардан шаршаған қазақ
ру-тайпалары Əбілхайырдың қол астынан кетпек болды. Олар Жəнібек пен Керей
сұлтандарды қолдады. Жəнібек пен Керей 1457 жылдың күзінде қазақ руларын бір
тудың астына топтастырып, қайыршылық пен опат болудан құтқару үшін оңтүстікке –
Моғолстанға бастап кетті.
Дүние-мүліктерін жинап, жылқы мен түйеге артып, жүз мыңдай халық аттылы-
жаяу жолға шықты. Əбілхайырдан бөліне көшкен тайпалар үсті-үстіне келіп қосылып,
қазақтардың саны көбейе түсті. Олар Жетісуға қарай толассыз ағылып жатты.
XV ғасырдың 60-шы жылдарының басында қоныс аударушылар Жетісуға келіп
жетті. Моғолстан ханы оларға Шу мен Талас өзендерінің алабынан жер берді. Оның
45
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ
ДƏСТҮРЛІ АЙМАҚТЫҚ-
ƏКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ
өз көздегені болды. Ол қоныстанушылардың көмегімен Əбілхайыр мен ойраттардың
шапқыншылығынан қорғануды ойлады.
Жаңа жерлерге қоныстанған халық Жəнібек пен Керей сұлтандарды өздерінің
билеушілері деп таныды.
Жəнібек пен Керей басқарған қазақтар өмір сүрген жерлерді ортағасырлық
тарихшылар Қазақ хандығы деп атайды.
Осылайша, қиын күрес пен ауыр сынақтардың нəтижесінде қазақтардың алғашқы
мемлекеті – Қазақ хандығы құрылды.
Осы кезде қазақ ұлты – қазақтар қалыптаса бастады.
1469 жылы Моғолстан ханы көз жұмды. Оның қол астындағылар Жəнібек пен
Керейдің билігіне өтті. Қазақ хандығы ұлғайып, күшейе түсті.
Сонымен, Қазақ хандығы – қазақ халқының тұңғыш мемлекеттік құрылымы (шамамен
1458 – 1847 жж.). Астаналары əр түрлі кезеңдерде Сарайшық, Сығанақ, Түркістан,
Созақ, т.б. қалалар болды.
Қазақ хандығының дəстүрлі аймақтық-
əкімшілік құрылымы
Қазақ хандығының аймақтық-əкімшілік құрылымының негізі жүздер болып
табылады. Жүздер тайпалық-рулық бірлестіктерден тұрды. Қазақ халқы, негізінен,
ХV – ХVІ ғасырларда қалыптасқан Ұлы жүз, Орта жүз жəне Кіші жүзден құралды.
Ұлы, Орта жəне Кіші жүздерге Қазақстанды ертеден мекендеген туыстас
бірнеше тайпалар кірді. Бұл тайпалардың əрқайсысының тарихы əріден басталады.
Əрбір тайпаның, əр рудың өз ұраны, таңбасы болды. Жүзге тек төре (Шыңғыс хан
ұрпақтары), қожа (тегі арабтық), төлеңгіт (хан-сұлтандардың қызметшілері,
нөкерлері) жəне кейбір топтар (мысалы, сунақ) кірген жоқ.
Жүздік құрылым Қазақ хандығы кезінде сыртқы жаулардан қорғануға оңтайлы
болды. Хан жарлығы, түрлі шешімдер жүзге, одан тайпаларға, одан руларға тез арада
жеткізілді. Əсіресе, жоңғарлардың шапқыншылығы кезінде жүздік бөлініс халықтың
топтасуына, бірігуіне көп мүмкіндік берді. Əрбір жүз өздеріне тиесілі əскер шығарып,
бүкіл ел басқыншыларға қарсы жұмыла көтерілді.
ХVІІІ ғасырдың басында əрбір жүзді жекелеген хандар басқарды. Қазіргі таңда
тайпалық одақтардың алғашқы кездегі мəні жойылған. Елдің бірлігі бұзылады деп қазақ
халқы жүзге, руға еш уақытта бөлінбеді. Өзара араздасуды, ру, тайпа арасындағы
46
қырқысуларды данагөй ақсақалдар шешті. ХХ ғасырдағы ұлт-азаттық көтерілістер,
ашаршылық І, ІІ Дүниежүзілік соғыстар зардабының салдарынан қазақ жүздерінің
кейбір рулары бастапқыда орналасқан жерлерінен қол үзіп қалды.
Халық арасында үш жүзге байланысты мынадай мақал тараған:
«Ұлы жүзге таяқ беріп, малға қой,
Орта жүзге қалам беріп, дауға қой,
Кіші жүзге найза беріп, жауға қой».
Бүгінгі таңда Ұлы жүз, Орта жүз бен Кіші жүз өкілдері əлемге тек біртұтас қазақ
ұлты ретінде ғана танымал.
Ұлы жүз
Ұлы жүз – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы Жетісу аймағын мекендеген
рулар мен тайпалар одағы. Ел аузындағы «Ұлы жүз – үйсін» деген аталы сөз Ұлы жүз
тайпаларының ерте замандардағы Үйсін мемлекетінен іргесі ажырамай өмір кешкенін
айғақтайды. Орта ғасырларда Ұлы жүз халқы Батыс Түрік қағандығының, кейінірек
Моғолстан мемлекетінің құрамына кірген. XV ғасырдың 60-жылдары Жетісу жерінде
Қазақ хандығы негізінің қалануы Ұлы жүздің қалыптасуын жеделдетті. Сөйтіп, XV
ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың басында Ұлы жүздің қалыптасуы аяқталды.
Ұлы жүзге жалайыр, қаңлы, албан, суан, дулат, шапырашты, сарыүйсін, сіргелі,
ысты, ошақты, шанышқылы, қатаған тайпалары кіреді. Ұлы жүз қазақтары, негізінен,
Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл жəне Алматы облыстарында шоғырланған. Олар суармалы
егіншілікпен жəне мал шаруашылығымен айналысты.
Орта жүз
Орта жүз – Қазақстанның шығыс, солтүстік, орталық жəне оңтүстік аймақтарын
мекендеген рулар мен тайпалар одағы. Қазақ хандығы мен қазақ халқының өзегін
құраған Орта жүзде адам саны мол, қонысы кең болған. Халық арасында «Орта жүз –
арғын», «Арғын – аға баласы» деген сөздер бар. Бұлай дейтіні – Қазақ хандығы тұсында
арғындар Орта жүз ру-тайпаларының арасында зор беделге ие болса керек.
Орта жүзге арғын, найман, қыпшақ, керей, уақ, қоңырат тайпалары кіреді. Қазақ
хандығы тұсында олар Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс, оңтүстік (Сырдария
өзенінің орта ағысы) өңірлерінде қоныстанып, мал шаруашылығымен шұғылданды.
Орта жүз рулары Сырдария, Қызылқұм, Қаратау, Мойынқүм өңірлері, Балқаш көлінің
солтүстігінде қыстаған. Жазда Тобыл, Есіл, Нұра, Торғай, Ертіс, Сарысу өзендері
салаларының алқабында, Орталық Қазақстанның кең байтақ далаларында көшіп-қонып
жүрген. Кейбір деректер Ұлы жүз бен Орта жүздің табиғи шекараларының бірі болып
Шу өзені белгіленгенін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |