Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігінің Тіл комитеті



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата03.01.2017
өлшемі5,62 Mb.
#1096
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

ҰЛЫ ƏМІРШІЛЕР

Мөде қаған (қытай жазбаларында Маодунь, кейбір əдебиеттерде Оғыз қаған, т.ж.б. 

– б.з.б. 174 ж.) – ғұндардың əйгілі тəңірқұты. Əкесі Тұман да ғұн көсемі болған. Мөде 

əкесі дүниеден қайтқан соң мұрагерлік жолмен тəңірқұт тағына отырады. Тұманның 

уақытында ғұндар біраз жерлерінен айырылады. Мөде билік құрған тұста, яғни б.з.б. 

III ғасырдың аяғындағы кезеңде ғұндар қуатты елге айналды. Мөде қолбасшылық 

дарынының арқасында сан мыңдаған мықты əскер құрып, онда темірдей тəртіп орната 

алды. Ол шынықтырған шабандоз садақшылары ептілік пен əскери қабілет жағынан 

бəрінен басым түсетін. Мөде ержүрек əрі тапқыр қолбасшы еді. Мөде ұшқан кезде 

жанды түршіктірер ащы дыбыс шығаратын жебе ойлап тапты. Осы дыбыстың өзі жау 

əскерінің бойына үрей қондыратын.

Мөде көршілес халықтарды, батыста иран тілдес көшпелі тайпалар – юечжилерді, 

солтүстікте – Енесай бойындағы ежелгі қырғыздар мен Оңтүстік Сібір тайпаларын, 

шығыста – дунхуларды бағындырды. Ал оңтүстікте қуатты Қытай мемлекетімен күрес 

жүргізді. Қытайлар Мөде қағанға жібек, бидай жəне басқа да тауарлар түрінде жиі-жиі 

салық төлеп тұруға мəжбүр болды. Қытай императоры оған əйелдікке ханшайымдарын 

берген. Соның нəтижесінде ғұндар мен Қытай арасында 

біраз уақытқа бейбіт келісім жасалған. Ғұндардың 

тегеурініне төтеп беру үшін қытайлар өте ұзын жəне 

берік Ұлы қорған тұрғызған, ол қазіргі күнге дейін 

сақталған.

Құдіретті көршілеріне тəуелді болған елін 

олардың тырнағынан жұлып алып, тұңғыш 

көшпенділер империясын құрған ұлы қолбасшы 

– Мөде қаған б.з.б. 174 жылы қайтыс болды. Ол 

құрған Ғұн мемлекеті үш жүз жыл өмір сүрді, 

ал оның ұлы əміршісінің есімі мыңжылдықтар 

бойы жасап келеді.



МӨДЕ ҚАҒАН

23

ҰЛЫ ƏМІРШІЛЕР

Ғұндардың Батыс елдерін бағындырған жеңімпаз жорықтары Аттила патшаның 

атымен тығыз байланысты. Осы жорықтардың арқасында ғұндар Еуразия кеңістігінде 

үстемдік жүргізген. 

Аттила – əйгілі Ғұн империясының əміршісі, шамамен 400 – 453 жылдары өмір 

сүрген. Оны Аттила деп сол кездегі латын тілінде, яғни Рим империясының мемлекеттік 

тілінде атағандықтан тарихта осы есім қалыптасты. Алайда оны əр халық əр түрлі 

атайды. Ғұн ордасымен тығыз байланыста болған герман тайпалары мен Скандинавия 

тарихында Этцель (Etzel), славяндарда Атыл, қазақ жəне басқа түркі халықтарында 

Еділ деген атпен белгілі. Бабамыздың есімінің түбірі Еділ 

өзенінің атауымен байланысты болуы мүмкін. 

434 жылы Ғұн империясының билеушісі Руғила өлгеннен 

соң мемлекет билігі оның немере інілері Бледа мен 

Аттиланың қолына тиеді. Аттила 10 жылдай немере ағасы 

Бледамен бірге билік етеді. 445 жылдан бастап билікті өз 

қолына алады. 

Аттиланың тұсында империя өзінің шарықтау биігіне 

көтеріледі. Шығыста – Кавказға, батыста – Рейнге, 

солтүстікте – даниялық аралдарға, оңтүстікте – Дунайға 

дейінгі жерлер Ғұн империясының иелігіне айналады. 

Аттила əскері 447 жылы Фракия мен Иллирияны талқандап, 

Фермопил мен Константинопольге дейін жетеді. Қуатты 

Шығыс Рим империясына (Византия) жорық жасап, оны 

тізе бүктіреді. 451 жылы Галлияға басып кіреді. Мұның 

соңы тарихта бұрын болмаған үлкен қырғын, осы дəуірдің 

ұлы оқиғасы – Каталаун (Франция жерінде) шайқасына 

алып келеді. 452 жылы Италияны ойрандап, Падуя, Милан 

секілді қалаларын алады. Алайда ол Рим қаласын қиратпай, 

тек салық жинап кері қайтады. 

Еділ патшаның кезінде Ғұн империясы аумағын кеңейтіп, көркейе түскен. Қаншама 

халықтар мен қалалар Еділдің алдында бас иген. Осылайша Ғұн империясының даңқын 

аспанға шығарған жаужүрек Еділ қаған 453 жылы қайтыс болды. Оның денесі Тисса 

өзенінің арнасына жерленген. Аттиланың өлімінен кейін ғұн тайпалар одағы ыдырап, 

тарап кетті. 

Жер қайысқан қолымен Еуропаны тізе бүктіріп, қол астына қаратқан бабамыз Еділ 

– Аттиланың есімі «адамзат тарихындағы ұлы адамдар – Александр Македонский мен 

Юлий Цезарь есімдерінің қатарында» аталады.

АТТИЛА


24

ҰЛЫ ƏМІРШІЛЕР

Бумын (қытай жазбаларында Ту-мынь кахань) 

(т.ж.б. – 553 ж.) – Түрік қағандығының негізін қалаушы 

қаған (542 – 553 жж. билік еткен), Ашина тайпасынан 

шыққан. Ашина тайпасы VІ ғасырдың ортасына дейін 

жужандардың қол астында күн кешкен. Темір кенін 

өндіріп, соларға қару-жарақ соғумен айналысатын бодан 

ел болған. Түркілердің басшысы болған əкесі өлгеннен 

кейін VІ ғасырдың ортасынан бастап мұрагерлік 

жолмен Бумын əкесінің орнын басады. Түркілердің 

басын біріктіріп, Түрік қағандығын құрады. Бумын 

қаған тұсында түркілер əскери жағынан күшейіп, 

Қытайдың Чжоу мемлекетімен сауда қатынасын 

орнатады. 545 жылы Вэй империясы оларды мойындап, 

елші жібереді. 546 жылы Тұрфандағы телілердің бір 

бөлігін бағындырады. 552 жылы Бумын қаған бастаған 

түрік əскерлері жужандармен соғысып, жеңіске 

жетеді. Осыдан бастап түркі жұрты Алтай өңіріндегі 

солтүстік қыр өлкесінің қожасына айналады. Бумын 

қаған «елхан» лауазымын алған соң көп ұзамай қайтыс 

болады. Таққа баласы Қара Ыссық хан келеді.

БУМЫН ҚАҒАН

Тоныкөк (Апа Тархан) (646 – 731 жж.) – Екінші 

Шығыс Түрік қағандығының (VІІІ ғ.) көрнекті 

мемлекет жəне қоғам қайраткері, түркі елінің үш бірдей 

(Елтеріс, Қапаған, Білге қағандар) қағанының ақылгөй 

кеңесшісі, қалың қол бастаған ерен батыры, кемеңгер 

ойшылы, дарынды ақыны. Тоныкөк түркі жұртын 

сыртқы жаулардан қорғау үшін талай жорықтарда қол 

бастап, тамаша жеңістерге жеткен. Ол түркі əскеріндегі 

ең жоғарғы лауазым – Апа Тархан, яғни «түркі əскерінің 

саяси жетекшісі» мəртебесіне ие болған. Сондай-ақ 

Тоныкөк – идеялық мəні мен көркемдік дəрежесі биік, 

əрбір жолы терең мағына беретін өсиет сөзге айналып 

кеткен, даналық пен ерліктің ұраны іспеттес «Тоныкөк» 

жырының авторы.

ТОНЫКӨК 


25

ҰЛЫ ƏМІРШІЛЕР

КҮЛТЕГІН

Күлтегін (684 – 731 жж.) – Екінші Шығыс Түрік қағандығы 

(Қапаған жəне Білге қағандар дəуіріндегі) əскерінің бас 

қолбасшысы, «көк түркінің көк семсері» атанған атақты батыры, 

Құтлық қағанның кенже баласы. Ол əкесінен 7 жасында жетім 

қалып, ағасы Қапаған қағанның тəрбиесінде өседі. Күлтегін 

тым ерте есейіп, қабырғасы қатып, бұғанасы бекімей жатып, 

жау жарағын асынып, тұс-тұстан төнген жауға үлкендермен 

бір қатарда тұрып ерлікпен айқасады. Міне, осыдан былай 

Күлтегіннің ерлік жолы басталады. Ағасы Білге қаған жəне 

Тоныкөкпен бірге ел тəуелсіздігін сақтап қалу жолында аянбай 

тер төгеді. Күлтегіннің ерлігін батырдың өзіне арнап орнатылған 

ескерткіштегі жазулардан анық аңғаруға болады. Ескерткіште 

сол дəуірдегі қырғын соғыстардың бірде біреуі Күлтегінсіз 

өтпегенін, дулығасы жарқырап, жауын жапырып, қан майданның 

ортасында жүргенін, соның бəрінде ол жауына жасындай тиіп, 

түркі əскерін жеңіске жеткізіп отырғанын тамсана баяндайды. 

Күлтегін батыр 47 жасында қайтыс болады.



ІСТЕМІ ҚАҒАН

Істемі, Естемі (қытай жазбаларында Ши-де-ми, грек 

жазбаларында Стемвис, Менандр жазбасында Дизавул) 

(т.ж.б. – 576 ж.) қаған – көрнекті ежелгі түрік əміршісі 

əрі қолбасшысы, Бумын қағанның інісі. Істемі билеген 

Түрік қағандығы VI ғасырдың екінші жартысында қуатты 

мемлекетке айналды. 

Көшпелі түрік қоғамында əскер ұйым дастыру ісіне үлкен 

мəн берілген. Жақсы машықтанған, шыдамды атты əскер 

Істемі əскерінің негізін құрады. Сан мыңдаған əскерлер 

əскери жасақтарға бөлінді. Осындай реттелген жəне 

ұйымдасқан əскер үлкен аумақты тез басып алатын. 

Бұхара қаласы түбіндегі шешуші шай 

қаста Істемі 

эфталиттерді (ақ ғұндарды) талқандады. Орта Азия 

жерлерін қала ларымен жəне елді мекендерімен, сондай-

ақ онда созылып жатқан Ұлы Жібек жо лымен бірге басып 

алды. Сөйтіп, түріктер бұрынғыдан да күшейе жəне байи 

түсті. Ежелгі Түрік мемлекеті мен Иран арасындағы 


26

ҰЛЫ ƏМІРШІЛЕР

Байбарыс (Бейбарыс) сұлтан (1217/18 – 1277 жж.) – 

Мысыр елінде 17 жылдан аса сұлтандық құрған əмірші-

сі əрі əйгілі мəмлүктердің қолбасшысы. Ол Батыс Қазақ-

стан қыпшақтарынан шыққан. Моңғол шапқыншылығы 

кезінде Байбарыс тұтқындалып, Мысырда құлдыққа 

сатылып, мəмлүктер əскеріне алынды. Əскери жолын 

алғашқыда сардарлықтан, кейін əскербасылықтан 

бастаған ол өзінің ақылдылығы мен батырлығының, 

əскер ұйымдастырудағы жəне ұрыс жүргізудегі табиғи 

дарынының арқасында XIII ғасырдың ортасында билік 

басына көтерілді. Мəмлүктер мемлекетінің билеушісі 

жəне əскербасы атанды. Оның жоғары деңгейде 

ұйымдастырылған ержүрек те, епті сарбаздардан 

тұратын сан мыңдаған əскері болды. Əскері, негізінен, 

БАЙБАРЫС СҰЛТАН

шекара Əмудария өзенінің бойымен өтетін болды. Енді Істемі əскерін бастап Батысқа 

қарай жылжыды. Көп ұзамай ол Еділ (Волга) өзенімен Қара теңізге дейінгі аралықтағы 

барлық халықтар мен тайпаларды бағын дырды. Сол жерде ол Византиямен əскери жəне 

дипломатиялық қарым-қатынас ор натты. 

Істемі қағанның қолбасшылық қабілетінің арқасында Түрік қағандығы Шығыстан 

Батысқа созылған Тынық мұхит пен Қара теңізге дейінгі орасан зор аймақта өз билігін 

жүргізді.

əр түрлі түркі тайпаларының өкілдерінен құралды. 

Байбарыстың əйгілі əскербасы ретіндегі дарыны оның жеңілуді білмеген моңғолдарға 

соққы беріп, крестшілерді талқандай алғанынан көрінді. Ол билік басына келісімен 

бар күш-жігерін крест тағушы франктерге қарсы шабуылға жұмсайды. Оларға 1265 

жылы шабуыл бастап, қамалдарын бірінен кейін бірін алады. Бұдан соң Кіші Армения 

патшалығына (1267 ж.), Кіші Азия селжұқтарына қарсы жорықтар жасап, берберлерді 

бағындырады. Байбарыс Хулагу моңғолдарына қарсы күресу мақсатымен Қыпшақ 

мемлекетімен (Алтын Ордамен) əскери одақ жасасады. Осыдан бастап Египет пен 

Алтын Орда арасында тұрақты дипломатиялық қатынас орнайды. 

Байбарыстың көршілес жəне алыс елдерге жасаған сəтті жорықтары Мəмлүктер 

мемлекетінің едəуір күшеюіне алып келді. Аравиядағы қасиетті мұсылман қалалары 

да Байбарыс сұлтанның қорғауында болған. Ол медреселер салуға көп күш жұмсаған, 

каналдар мен бөгеттерді жөндеткен. Каир қаласында ол салдырған мешіттердің бірі 

қазір де «Байбарыс мешіті» деп аталады.



27

ҰЛЫ ƏМІРШІЛЕР

Байбарыстың өмірі туған жерінде емес, шалғай аймақта өтті. Бөтен жерде сұлтан 

дəрежесіне дейін көтеріліп, ел басқарған ол қыпшақ жұртының даңқын аспанға шығарды. 

Көшпелілер даласының рухын биіктетіп, құдіретін əлемге танытты.

Қазір оның кіндік қаны тамған жерде – Жайық өзенінің атырауында биік тұғырға 

орнатылған алып бейнесі тұр.

Əмір Темір, Ақсақ Темір (1336 – 1405 жж.) – 

атақты қолбасшы, Темір əулеті империясының 

билеушісі. Ол ақсүйектер əулетінен, моңғолдың 

түркіленген барлас тайпасынан шыққан 

жергілікті билеушінің баласы. Темір табан 

тірескен күрестің ортасында шағын əскердің 

қолбасшысы бола жүріп, Орта Азияда XIV 

ғасырда өзінің империясын құра бастайды. 

Ол Самарқандты жаулап алып, өзін мемлекет 

басшысы деп жариялайды. 

Самарқандта бекінгеннен кейін Темір жойқын 

жорықтарымен бүкіл Орта Азияны, Бағдад пен 

Дамаскіні, Парсы, Мысыр, Үндістан елдерін 

жаулап алып, Ақ Орданың, Моғолстанның

Алтын Орданың іргесін шайқалтты. Осыдан-

ақ оның көрнекті қолбасшы жəне мемлекеттік 

қайраткер ретіндегі дарыны байқалады. Оның 

қуатты империясының құрамына Кавказдың, 

Кіші жəне Алдыңғы Азияның көптеген ха-

лықтары мен елдері кірді. Өмірінің соңғы 

кезеңдерінде Шығысқа – Қытайға ірі əскери жорық жасауға бел буады. Алайда жол 

үстінде, Отырар қаласында қайтыс болады. 

Аңыз-əңгімелерге байланысты Темір əскери жорықтарының бірінде аяғынан 

жараланып, ақсап басатын болады. Содан бастап Ақсақ Темір атанады. Жорықтан 

соң Ақсақ Темір əр кез өзінің сүйікті қаласы Самарқандқа оралатын болған. Тамаша 

сарайлар мен мешіттер салғызып, оны əлемдегі ең көркем жер деп санаған. Өз 

империясының құдіретін көрсету үшін Түркістанда Қожа Ахмет Иасауиге арнап 

кесене тұрғызған, Отырардың қасынан Арыстан-бабқа кесене жəне мешіт салдырған. 

Осылайша, Темірдің монументалдық құрылыстар мен архитектуралық ескерткіштер 

салу саласында да даңқы шыққан. 

ƏМІР ТЕМІР


28

ҰЛЫ ПАДИШАЛАР

АМАЗОНКАЛАР 

ПАДИШАСЫ – ИППОЛИТА

Бағзы заманда жауынгер амазонкалар Азов теңізін мекендеген. Олар өмірлерін үнемі 

соғысумен өткізген. Жебе, садақ, ұрыс балтасымен жəне жеңіл қалқанмен қаруланған. 

Киімдері мен дулығаларын өздері дайындаған. 

«Амазонка» атауы қару ұстап соғысуға, садақ тартуға ыңғайлы болсын деп қыздың 

омырауын күйдіру немесе кесіп тастау ғұрпынан шыққан. Көне грек тілінен аударғанда 

«амма» – емшек, төс, «зона» – орын деген мағынаны білдіреді.

Амазонкалар өз ұрпағын жалғастыру үшін бөтен елдің еркектерімен некеге отырған. 

Егер ұл туса, оны өлтіріп тастап, тек қыздарды тірі қалдырған. Амазонкалар қыздарын 

нағыз жауынгерлер сияқты тəрбиелеген. 

Амазонкалар трояндықтармен бірге ежелгі Троя қаласы үшін гректерге қарсы 

соғысады. Осы ұрыста Ахилл* амазонкалардың батыр қызын – Пенфесилеяны өлтіреді. 

Геракл* амазонкалар қаласы Фемискарды қоршап, олардың падишасы Ипполитаның 

белдігін иеленеді. Тесей* Антиопаға (Ипполитаның анасы) үйленеді. Амазонкалар Эфес 

қаласын салып, осы жерде Артемида храмын тұрғызған. Ежелгі скифтер амазонкаларды 

«эорпата», яғни күйеуін өлтірушілер деп атаған.



Бір күні амазонкалар мінген кеме Азов теңізіндегі Кремн 

– тəуелсіз скифтердің елді мекеніне келеді. Скифтер батыл 

амазонкалардан ұрпақ алу үшін оларға үйленеді. Осы одақтан 

пайда болған халық сарматтар деп аталды.

Скифтер мен амазонкалардың ұрпағы – сарматтар Илек 

өзенінде, оңтүстік Орал өңірінде өз мемлекетін құрды. Олар 

көшпелілердің ірі одағына айналды. Ежелгі Қазақстан мен 

Орта Азия көшпелі халықтарының тарихында Ипполита 

патшайым ұрпақтарының маңызы зор.

 Амазонкалар



29

ҰЛЫ ПАДИШАЛАР

► Гурандухт əкесімен

XII ғасырда Гүржістан патшасы IV Дəуіт селжұқ түріктері мен парсылар 

шапқыншылығына, Гүржістанның бірігуіне қарсы ішкі жаулар əрекеттеріне батыл 

түрде тойтарыс берді. Ең қатерлісі ішкі жаулар еді. Өйткені «Қорқыт ата кітабында» 

айтылғандай, сыртқы жаудан ішкі жаудың қатері орасан күшті. Ең алдымен патша 

туыстары IV Дəуіттің көзін жойып, онымен қоса бірігу идеясының тамырына балта 

шабу үшін түрлі арандатушылық əрекеттерге барды. Жауларынан төнген қатер бұлтын 

сейілту үшін Дəуіт патша əйелінің туыстары – қыпшақтардан көмек сұрауға шешім 

қабылдады. IV Дəуіттің жұбайы Гурандухт (Турандот ханшайым) қыпшақ ханы Сары 

ханның (Шарукан) қызы еді. Дəуіт патша ханның ұлы Атракты өзіне қызметке шақырады. 

Жауынгер осетиндер қыпшақтармен жау еді. Бірақ Дəуіт патша олармен келісімге 

келеді. Сөйтіп, осетиндер өз жері арқылы гүржі патшасының жеке күзетіндегі 5000 

салт аттыны жəне қыпшақтың 40 000 таңдаулы əскерін кедергісіз өткізеді. Дəуіт патша 

қыпшақтардың көмегімен гүржі ақсүйектерінің сағын сындырып, Гүржістанды бір елге 

біріктіріп, селжұқ сұлтандарының шапқыншылығына тойтарыс береді. Осылайша, бір 

кезеңде Гүржістан өзінің тəуелсіздігі үшін қыпшақтардың əскери жəрдемі мен қыпшақ 

ханының қызы Гурандухтқа борышты болды.

Кейінірек қыпшақ патшайымы Гурандухт жайлы лақап Еуропаға жетіп, италияндық 

драматург Карло Гоцци «Турандот ханшайым» пьесасын жазды. Оның басты кейіпкері 

шығыс ханшасы – Тұран қызы Гурандухт еді. 

Гурандухт – қыпшақ билеушісі Сары ханның қызы, Гуржістан патшасы IV Дəуіттің 

жұбайы еді.



ГҮРЖІ ПАДИШАСЫ – ГУРАНДУХТ

30

ҰЛЫ ПАДИШАЛАР

Талай ғасырлар бұрын ежелгі Тұран мен Иран жерлерінде скифтер (сақтар) мен 

парсылар арасында қиян-кескі соғыстар жүріп жатты. Тұран патшасы Афрасиаб пен 

оның мəңгілік жауы Хұсрау жеңіс үшін өз жауынгерлерін аямай, бірінен соң бірін соғыс 

майданына аттандырды. 

Бір күні парсы ханзадасы Сияуыш серуен құрып жүрген қыздар арасынан 

Афрасиабтың қызы Фарангизді көріп, оған ес-түссіз ғашық болып қалады. Қыз да сол 

сəтте тек ханзада Сияуыш қана өзіне лайықты жар бола алатынын түсінеді.

Афрасиаб екі халық арасындағы татулық пен тыныштықты ойлап, өзінің сүйікті 

қызы мен парсы ханзадасының қосылуына келісімін береді. Өздерінің махаббатына 

ешкім бөгет болмауы үшін Сияуыш ізгілік пен мейірімділік, əділеттілік пен ақиқат

теңдік пен еркіндік өркендейтін «Сияуыш қаласын» салуға шешім қабылдайды. Осы 

қаланы тұрғызу үшін сақ пен парсы əскерлері араларындағы ғасырлық жауыздықты 

ұмытып еңбек етеді. Нəтижесінде құрылысшылар ақ мəрмəрдан қала көтереді. Оның 

қабырғалары мен қақпасын шебер ойылған өрнектермен əшекейлеп, төрт тарабынан 

төрт биік мұнара тұрғызады. Бұл кезде той рəсімін өткізетін уақыт та тақап қалған 

еді. Бірақ зұлым жаулар ханзаданың еркіндікті көздеген жобасына кедергі жасайды. 

Өсек-аяң тыныштықты бұзып, ғашықтар көз жұмады. Тұран мен Иран арасында соғыс 

қайта басталады. Бір кездері жазық далада бой көтерген, Фарангиз ханшайым мен оның 

сүйіктісі Сияуыш ханзада өмір сүруді арман еткен ғашықтар қаласы қиратылады. Тіпті, 

орны да белгісіз.

АФРАСИАБ ПАТШАНЫҢ ҚЫЗЫ – 

ФАРАНГИЗ ХАНША


31

ҰЛЫ ПАДИШАЛАР

Жиырма бес ғасыр бұрын сақтардың падишасы өжет əрі сұлу Зарина өмір сүрген. 

Бір күні ол туған жерінің дарқан даласында серуен құрып, сергіп қайту үшін саятқа 

шығады.


Ақ сəйгүлік оқтай зулап дөң басына келгенде Зарина таудың етегінде сапқа тізіліп 

тұрған жау əскерін көреді. Олар да кенеттен шыға келген салт аттыны байқап, қуа 

жөнеледі. Зарина қоршауға алмақ болған жау əскерінен сытылып шығып, аттың басын 

еркіне жібереді. Қуғыншылар артта қалып қояды. Бірақ олардың көсемі Стриангей 

найзағай секілді қара тұлпарымен қуып жетіп, салт аттының басын шаппақ болады. 

Осы сəтте Заринаның күміс дулығасы ұшып кетіп, төбесіне түйген қолаң шашы сусып 

барып арқасына төгіледі. Əйел екенін көрген қолбасшы қылышын жерге шаншиды. 

Мойылдай қара көзінен, хас сұлулығынан есі шыққан Стриангей сақ падишасы ару 

Заринаға ғашық болады. Өзі өр тұлғалы, өжет мінезді əрі қайырымды ханзаданы Зарина 

да ұнатып қалады.

Сақ сұлуы мен мидиялық ханзада саят-серуенде жиі жүздесіп жүреді. Аңға шыққан 

олардың бір-біріне деген мейірім-ықыласы арта түседі. Дұшпандықтың орнын достық 

басып, екі ел арасында тату көршілік қарым-қатынас орнайды...

Осындай бір кездесуде Стриангей Заринаға отау көтеріп, бір ел болайық деген 

көңілін білдіреді. Бұл ұсынысты қабыл алуға Заринаның өз басы əзір еді, бірақ ол 

елінің тағдырын ойлайды. Бір жыл бойы ойланып, мың толғанған Зарина Стриангейге 

тұрмысқа шықпайтынын айтады. Ол үшін махаббаттан да күшті нəрсе бар еді, ол – 

елінің тəуелсіздігі. Сол кезеңде Тұран мен Медияның арасында қақтығыс болмапты. 

Бұл Заринаның жеке басын бақытсыз ету арқылы еліне əперген бейбіт өмірі болатын.

ТҰРАН ПАДИШАСЫ – ЗАРИНА


32

ҰЛЫ ПАДИШАЛАР

Томирис (Тұмар) (б.з.б. 570 – 518 жж.) – оңтүстік түркі халықтарын басқарған əйел 

патша. Грек жазбаларында оның елін «массагет» деп атайды. Тұмардың есімінің тарихқа 

еніп, əлемге танылуы Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген Ахемен əулетінен 

шыққан парсының əйгілі патшасы Кирді «жеңілуді білмейтін» əскерімен қоса ашық 

шайқаста талқанын шығарып жеңуімен байланысты. 

Ежелгі əлемнің түгелге жуық елін бағындырған парсы патшасы Кир скиф-

массагеттерді де тізе бүктіруді мақсат етеді. Массагеттердің падишасы Томирис бұл 

кезде күйеуі өліп, жесір отырған-ды. Соны пайдаланып, ішкі есебін жүзеге асыруды 

ойлаған Кир оған құда түсу үшін елшілер аттандырады. Бірақ Томирис Кирдің өзіне емес, 

массагеттер патшалығына көз салып отырғанын біліп, бұл ұсынысын қабылдамайды. 

Айласын асыра алмаған Кир массагеттерге қарсы соғыс ашады.

Томиристің Спаргапис есімді ұлы парсылардың қолына түсіп, көз жұмады. Томирис 

ұлының өлгенін естіген соң массагеттердің əскери күшін жинап, парсыларға шабуыл 

бастайды. Екі жақ ұзақ уақыт бойы бір-біріне беріспей, тайсақтамай шайқасады. 

Ақырында, массагеттер жеңіп шығады. Парсы əскерлерінің барлығы дерлік майдан 

алаңында қаза табады. Кирдің өзі де жер құшады. Томирис месті адам қанына толтыртып, 

Кирдің өлігін іздеп табуға əмір етеді. Кир өлігі табылған соң массагеттер падишасы:  

«Мен сені ашық майданда жеңгеніммен, сен мені қайғыға батырдың. Ұлымды алдап 

тұтқынға түсіріп, өлтіріп, мені тірі өлік еттің. Сондықтан мен уəдемде тұрып, қанға 

тоймаған басыңды қанға тұншықтырамын», – деп оның басын қан құйылған меске 

салғызады.



МАССАГЕТТЕР ПАДИШАСЫ – ТОМИРИС

33

ҰЛЫ ПАДИШАЛАР

Томирис падишаның есімі туған даласының тəуелсіздігін 

сақтап қалған ұлы қолбасшы ретінде, əйгілі амазонкалардың 

ізін басқан жауынгер əйел ретінде, халқын данышпандығымен, 

əділдігімен, көрегендігімен басқара білген патша ретінде 

тарихқа еніп, ғасырлар бойы мəңгі жасап келеді.

34

МОҢҒОЛ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ 

БИЛЕУШІЛЕРІ

ШЫҢҒЫС ХАН

Шыңғыс хан – Орта Азияда бүкіл моңғол тайпаларын бір қолға біріктірген ұлы 

əмірші, Шыңғыс хан империясының негізін қалаушы, атақты қолбасшы. Ол 1162 

жылы Дилпун-Болдан (Дилунь-Булдак) шатқалында Онон өзені жағалауында дүниеге 

келген. Оның арғы ата-бабалары моңғол тумаластарынан сары шаштарымен жəне 

көк көздерімен ерекшеленген текті нирун руынан тараған. Сол себепті оларды қият-

боржығындар (көк көзді қияттар) деп атаған. 

Шыңғыс ханның шын аты – Темучин (Тэмуджин). Əкесі Есугей баһадүр тұтқынға 

түскен Темучин деген татар ханының өлімді қасқая қарсы алған қайсарлығы мен ерлігін 

бағалап, соның есімін сол кезде өмірге келген ұлына қояды. Ал екінші есімі – Шыңғыс 

хан. Бұл атақ Темучинге 1206 жылы оны империяның Ұлы қағаны етіп сайлаған Ұлы 

құрылтайда беріледі. 

Шыңғыс хан дана саясаткер, көреген стратег жəне 

талантты қолбасшы ретінде даңққа бөленген. Оның 

бар өмірі қантөгіс соғыстармен, таусылмайтын 

жорықтармен өткен. Ол өзінің қол астына көптеген 

көшпелі тайпаларды, елдерді қаратып, мемлекеттерді 

бағындырған. Есепсіз көп адамның өліміне себеп 

болып, əлемді күйзелдірген, қаншама қалаларды 

қиратып, жермен-жексен қылған. 

Шыңғыс хан 1207 – 1211 жылдары Сібір 

мен Түркістанды (буряттар, якуттар, ойраттар, 

қырғыздар) шауып, өзіне бағындырады. 1211 жылы 

Цзин мемлекетіне жорық жасайды. 1215 жылы 

Пекинді алады. 1217 жылы Солтүстік Қытай бүкіл 

аумағымен оның билігіне көшеді. 1219 жылы 

Корея патшалығы тізе бүгеді. 1219 жылы Жетісуды, 

1219 – 1221 жылдары қазіргі Қазақстан мен Орта 

Азия жерлерін жаулап алады. Кейін басып алған 

аймақтарын жеке ұлыстарға бөледі де, өз ұлдарына еншіге үлестіріп береді.

Ішкі саясатта Шыңғыс хан мемлекетті басқару ісін бір орталыққа шоғырландыруға 

күш салған. Ол бүкіл əскерін ондықтарға, жүздіктерге, мыңдықтарға жəне түмендерге 

(10 мыңдық жасақтар), ал жерлерді ұлыстарға бөлген. Хан əр ұлыстың басына 

өзінің ұлдары мен сенімді қолбасшыларын тағайындаған. Мемлекет ішіндегі ішкі 

наразылықты басу үшін он мың адамдық жеке жасақ құрған. Ал оның ордасын 

«кешіктер» деп аталатын іріктеп алынған ең күшті əрі батыр деген мың жауынгер 

қорғаған. Ұрыс кезінде Шыңғыс хан əскері үш қанатты құрып, сап түзген: оң қанат 

(баруңғар), сол қанат (жоңғар), орта қанат (гол). 



35


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет