Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігінің Тіл комитеті



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата03.01.2017
өлшемі5,62 Mb.
#1096
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫРЛАРЫ

ШАПЫРАШТЫ НАУРЫЗБАЙ БАТЫР

 Наурызбай Құтпанбетұлы (Құттымбетұлы) 

(1706 – 1781 жж.) – қазақ халқының даңқты батыры 

əрі қолбасшысы, Абылай ханның ту ұстаушы үш 

батырының (Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы 

Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай) бірі болған. 

Халық арасында ол Шапырашты Наурызбай деген 

атпен кеңінен танымал. Ол 1706 жылы дүниеге 

келіп, қазіргі Алматы облысы Жамбыл ауданында-

ғы Жалпақтас, Серіктас деген жерлерде тұрған. 

Шыққан тегі – Ұлы жүздің шапырашты тайпасының 

асыл руынан. Қолбасшылық қабілетімен танылып, 

түменбасы болған. 

Наурызбайдың өмірі жоңғарларға қарсы соғыста 

өткен. Наурызбай батырдың 1729 жылы қалмақ 

батырлары Шамалхан мен Қаскелеңді жекпе-жекте 

өлтірген ерлігі халық арасына кеңінен белгілі. 1750 

– 1752 жылы ол бəсентиін Малайсары, қыстық 



▼ Жоңғар-қазақ соғысы. 

Суретші А.Дүзелханов

▲ Наурызбай батыр. 



Суретші Н.Қарымсақов

Малай, шапырашты Қасқары батырлармен бірге жоңғарларды 

талқандап, Тұрфаннан асыра қуып тастаған. Наурызбай 

батыр 1781 жылы дүниеден өткен.



72

ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫРЛАРЫ

РАЙЫМБЕК БАТЫР

Райымбек Түкеұлы – жоңғарларға қар-

сы күресте даңқы шыққан қазақ батыры 

əрі қолбасшысы. 1705 жылы Жетісу өңі-

рін де өмірге келген. Шыққан тегі – Ұлы 

жүз дің албан тайпасының əлжан руынан. 

Райымбек 17 жасында жоңғар бас-

қын шыларына қарсы күресте ерлік көр-

се тіп, батыр атанады. Қалмақтың Бадам, 

Қорын, Ағанас, Секер, т.б. хан, ноян, 

батырларын жекпе-жекте жеңген. Қара-

тау өңірі мен Жетісуды жаудан азат етуге 

басшылық жасағандардың бірі болған. 

ЖАЛАҢТӨС БАҺАДҮР

Жалаңтөс Сейітқұлұлы (1576 – 1656 жж.) – қазақтың əйгілі батыры, аса көрнекті 

қолбасшы, Самарқандтың аталығы (əмірі). Туған жері – Сырдарияның төменгі ағысы. 

Шыққан тегі – Кіші жүздің төртқара руынан. Жалаңтөс баһадүрдің арғы атасы Ораз 

кезінде Əмір Темірдің бас кеңесшісі, ал өз əкесі Сейітқұл 40 мың алшынның басын 

біріктірген елбасы, ықпалды кісі болған.

Жалаңтөс баһадүр Қазақ хандығының еңсе көтеріп, жігерленуіне, қазақ халқының 

ұлт болып ұйысуына тікелей ықпал еткен. 1643 жылы жоңғар қонтайшысы Батыр 

50 мыңдық əскерімен Жетісуға басып кіреді. Оған қазақ ханы Салқам Жəңгір 600 

жауынгермен қарсы тұрады. Шайқастың шешуші сəтінде Жалаңтөс баһадүр дер кезінде 

көмекке жетіп, қазақ қолы жеңіске жетеді.

Жалаңтөс Орта Азия халықтарының өміріндегі шешуші шайқастарда ақылымен 

де, ерлігімен де төңірегін тəнті етіп, ұлы қолбасшы, көреген стратег, білікті мемлекет 

қайраткері ретінде танылды. Талай рет жекпе-жекке шығып, жойқын ерліктер көрсетіп 

зор беделге ие болды. 

Осындай атақ-даңқына қоса Жалаңтөстің Шығыс сəулет өнері тарихына да сіңір-

ген еңбегі ерекше. Ол Самарқандта зор құрылыс жұмыстарын жүргізді: салтанатты 

Торайғыр жəне Сөгеті таулары аралығындағы «Ойрантөбе» деген жерде өткен шай-

қаста ерекше көзге түседі. Райымбектің ерекше еңбегін оның есімі албан тайпасының 

ұранына айналғанынан да білуге болады. Көзі тірісінде «көріпкел», «əулие» атанған. 

Торайғыр тауындағы Айырлы асуының маңында «Райымбек бастауы» бар. 

Батырдың бейіті Алматы қаласындағы оның есімімен аталатын үлкен даңғылдың 

бойында. Бейітінің басына кесене – күмбез тұрғызылған. 


73

ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫРЛАРЫ

Малайсары (шамамен 1700 жылы дүниеге келген, 1756 

жылы қайтыс болған) – Орта жүздің батыры əрі биі. Шыққан 

тегі – Орта жүздің арғын тайпасының бəсентиін руынан.

Əкесі Тоқтауыл – батыр, балуан болған кісі.

Малайсары Абылай ханның сұлтан кезінен сенімді серігі 

болған. Абылай хан оның батырлығын, ақылы мен қайратын 

жоғары бағалаған.

Малайсары Ресейдің қарамағына кіруге қарсы болған. 

Қазақ-қалмақ соғысын тоқтатып, екі арада бейбіт бітім жасау 

саясатын ұстанған. Ол жоңғарларға қазақтың елшісі болып 

барған. Абылай ханды қалмақ тұтқынынан босатуға қатысқан 

Малайсары батырға Жоңғария басшылары тархандық атақ 

берген. 


сарай лар мен медреселер салдырды. Самарқандтың орталығы Регистандағы атақ ты 

«Ширдор» («Арыстан» қақпасы, 1620 – 1636), «Тіллə Қари» («Алтынмен аптал ған», 

1646 – 1660) медреселері сəулет өнерінің құнды ескерткіштері болып табылады.

БАЯН БАТЫР

Баян Қасболатұлы, Батыр Баян (1710/15 – 1757 жж.) – қазақ-

тың атақты батыры.

Баян батыр қазақ-жоңғар шайқасына қаншама рет атой 

салып кірген. Жекпе-жек ұрыстарда жаудың талай батырын 

жер жастандырған. Осындай көзсіз ерліктері үшін халық 

«Батыр Баян» деп атап кеткен. Батыр Баян қалмақтармен 

болған ірі соғыста ағасы Сарымен бірге шейіт болған.

Баян – алғырлығымен, тапқырлығымен Абылай ханның 

ерекше құрметіне бөленген ержүрек батыр. Абылай хан: 

«Өз батырларымның арасында Малайсары мен Баян бəрінен 

жоғары тұр. Малайсары батырлығы, мінезі жағынан, Баян 

батыр ақылы мен ержүректігі жағынан», – депті.

Баян батыр ерлігі М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастанында жырланған. 1993 жылы 

режиссер Т.Тəуекелов Баян батыр туралы фильм түсірген.

Батырдың бейіті Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Шекелек деген жерде.



МАЛАЙСАРЫ БАТЫР

Малайсары батыр 1756 жылы Жетісуды жаудан тазарту үшін болған соғыста қаза 

тапқан.

▼ Баян батыр. 

Суретші Н.Дүзелханов

▼ Малайсары батыр. 

Суретші А.Игембаев


ХХ  ҒАСЫРДАҒЫ  

ҚАЗАҚСТАН

АЛАШОРДА

75

АЛАШОРДА

Алаш – тарихта кездесетін ең ежелгі атаулардың бірі. Ежелгі түркі тілінде - 

бауырластар, қандастар, туыстар деген мағынаны берген. Сондықтан да кейін 

жеке ел болған қазақ, қырғыз, өзбек, ноғай, т.б. түркі халықтарында Алаш 

атауы сақталған. Алаш сөзі түрік тайпалары біртұтас ел болған кезде кеңінен 

қолданылған.

Алаш (Алаша хан) ханның дəл қай дəуірде өмір сүргені белгісіз. Аңыздар əр 

түрлі деректерді көрсетеді. Ел жадында ол батыр əрі би, ұлыс билеушісі, көшпелі 

түркілерді біріктіріп, тұңғыш Алаш (қазақ) мемлекетін құрған ұлы қайраткер, 

«Алты алашты» құраған тайпалардың түп атасы ретінде қастерленеді. 

Əфсана-аңыз бойынша, Қызыл Арыстан деген ханнан оның ордасында тұтқында 

жүрген бір күң əйел ұл табады. Сəбидің тұла бойы алапес болып туады. Ханның 

бəйбішесі баланы жек көреді. Сөйтіп, күні-түні күйеуінің миын жеп: «Бұл баланың 

көзін құрт, құртпасаң, өскенде еліңді ала тайдай бүлдіреді!» – деп азғыра берді. 

Шындығында, бəйбіше бұл бала кейін таққа таласып жүрер деп қорқады. Əйелі 

күнде құлағын жей берген соң хан көндігеді. Алайда ақылмен іс қылады. Ол 

баланы қырық жігітпен жəне күң шешесімен бірге Арқаға аттандырады, өздерінше 

күндерін көрсін дейді. Тағдыр тəлкегіне тасталған бала осылайша айдалаға жер 

ауып кете барады.

Қырық жігіт аң аулап, оларды асырап-бағады. Уақыт өте бір кездегі тастанды 

бала ержетеді. Білімпаз, кемеңгер кісі болады. Күндердің күнінде халық оны 

алашаға салып, хан көтереді. Кейін ол жауынгерлігімен Алаш хан атанып, қазақ 

халқының негізін құрайды.

Уақыт өте Алаш атауы қазақ халқының баламасы ретінде қолданылып кетеді. 

«Алаш» бүкіл қазақ халқына ортақ ұранға айналады.

«Алаш азаматы» деу қазақ халқының ауызбірлігіне, елдің, жердің тұтастығына 

меңзейді. 

ХХ ғасырдың басындағы «Алаш қозғалысы», «Алаш партиясы», «Алашорда» 

деген ұғымдар қазақ елін, қазақ мемлекеттілігін білдіру үшін қолданылды.

Ұлытау өңіріндегі Жаңғабыл өзенінің бойында «Алаша хан ордасы» аталатын 

үлкен сарай-қамалдың қалдығы жəне Қаракеңгір өзенінің жағасындағы «Алаша 

хан күмбезі» аталатын X – XI ғасырларда салынған ғимарат əлі күнге дейін 

сақталған. 

АЛАШ


76

АЛАШОРДА

Алаш партиясы – қазақ халқының тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясы (1917 – 

1920 жж.). Алаш партиясын құру жөніндегі мəселе 1917 жылы 21 – 26 шілде аралығында 

Орынбор қаласында І Жалпықазақ съезінде талқыланды. 

Алдымен Ə.Бөкейхановтың жетекшілік етуімен Партияның облыстық ұйымдары 

құрылды. 1917 жылдың қазан айында Семейде (төрағасы – Халел Ғаббасов), Омбыда 

(төрағасы – Айдархан Тұрлыбаев), ал қараша айында Орынборда (төрағасы – Əлихан 

Бөкейханов) облыстық партия комитеттері ұйымдастырылды. Сөйтіп, жаңадан құрылған 

партия «Алаш» деген атқа ие болды. 

Партия бағдарламасының жобасы 1917 жылғы «Қазақ» газетінің 251 санында 

жарияланды. Бағдарлама бойынша Алаш партиясы қазақ облыстарының, қазақ 

халқының бір мемлекетке бірігіп, Ресей Федерациясының құрамына автономиялық 

негізде енуін қолдады. 

Алаш партиясы қазақ ұлттық мемлекетін құру, қазақ қауымынан Құрылтай 

жиналысына депутаттар сайлау, т.б. істерге белсене ат салысты.

Алаш партиясының көсемдерi бірнеше ғасыр Ресей империясының отары болып 

келген Қазақстанды езгiден құтқару жəне оның мемлекеттілігiне қол жеткізу мақсатын 

көздеді.


Демократия сөзі жоғарғы өкімет билігі халықтың қолында болатын саяси құрылыс, 

(толық халық билігі) дегенді білдіреді.

Отар деп белгілі бір мемлекетке бағынышты, тəуелді елді айтады.

АЛАШ ПАРТИЯСЫ

Алаш автономиясы

 

– қазақ халқының 1917 – 1920 жылдардағы өмір сүрген ұлттық 



мемлекеті. 

Алаш автономиясы 1917 жылы 5 – 13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен ІІ 

Жалпықазақ съезінде құрылды. Құрамына Бөкей елі (Еділ мен Жайық аралығы), Орал, 

Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары кіретін болды. Өзін қорғауы 

үшін Алаш автономиясының Қарулы Күштері құрылып, ол «халықтық милиция» деп 

аталды. 


Алаш автономиясының жетекшілері Кеңес үкіметінің қазақ халқына бостандық 

бермейтінін түсінді. Сондықтан Азамат соғысы (1918 – 1920 жж.) кезінде Кеңес құ -

рылысына қарсы күштермен («Комуч», «Сібірдің уақытша үкіметі», «Уфа ди-

ректориясы»)

*

 одақтасуды көздеді. Алаштықтар Орал, Сібір жəне Жетісу казактарымен 



қатынас орнатты. Оларға Алаш автономиясын ресми тану жөнінде өтініш жасап, Алаш 

АЛАШ АВТОНОМИЯСЫ

77

АЛАШОРДА

автономиясына əскери жаттықтырушылармен, қару-жарақпен қамтамасыз етуде көмек 

көрсетуін сұрады. 

Алайда бұл үкіметтер «Алаш автономиясының» өзін өзі басқару ниетін қолдамады. 

Осылайша, Кеңес үкіметі құлатылған жағдайда Алаш автономиясының ұлттық 

мемлекеттілігіне қол жеткіземіз деген үмітінің ақтала қоймайтыны белгілі болады. 

Сол үшін де Алаш автономиясының Кеңес үкіметімен келісімге келуіне тура келді. 

Азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес үкіметі Алаш қайраткерлеріне кешірім 

жариялағанымен, 1920 жылы Алаш автономиясын таратып жіберді.

Автономия – бір мемлекеттің құрамындағы жеке ұлттың саяси жағынан өзін өзі 

билеуі, жеке басқаруы.

Ресейдің Қазақстанға жақын қалаларында өмір сүрген, кеңестік билікке қарсы 

бағытталған үкіметтер.

АЛАШОРДА

Алашорда – Алаш автономиясының үкіметі. Алашорда Ұлт Кеңесі деп те аталды. 

Үкімет 1917 жылы желтоқсан айының 5 – 13 күндері Орынборда өткен ІІ Жалпықазақ 

съезінде сайланды. Алашорда мүшесі болып Қазақстанның барлық аймақтарынан 15 

адам (Уəлитхан Танашев, Халел Досмұхамедов, Айдархан Тұрлыбаев, Халел Ғаббасов, 

Мұстафа Шоқай, Садық Аманжолов, Əлихан Бөкейханов, Жаһанша Досмұхамедов, 

Əлімхан Ермеков, Мұхамеджан Тынышбаев, Бақыткерей Құлманов, Жақып Ақбаев, 

Базарбай Мамытов, Отыншы Əлжанов) сайланды. Үкіметтің төрағасы болып 

Ə.Бөкейханов бекітілді. 

Ə.Бөкейханов бастаған алашордашылар Большевиктер партиясы ұсынған бағдарламаны 

қазақ қоғамын үлкен апатқа ұрындыруы мүмкін деп бағалап, оларға қарсы күрес жүргізді.

Большевиктер жеңіске жете бастағандықтан, 1918 жылғы қаңтарда алашордашылдар 

Орынбордан кетуге мəжбүр болды. Ə.Бөкейханов бастаған Үкімет мүшелерінің негізгі 

бөлігі Семей маңындағы «Заречная слободка» елді мекеніне келіп (қазіргі Жаңа Семей), 

өздерін «Алашорданың Шығыс бөлімі» деп жариялады. Үкімет мүшелерінің екінші 

бөлігі Орал облысындағы Жымпиты қаласына келіп, өздерін «Алашорда үкіметінің Батыс 

бөлімі» немесе «Ойыл уəлаяты» деп атады. Төрағалығына Ж.Досмұхамедов сайланды.

Алашорданың Батыс жəне Семейде орналасқан Шығыс (əрі Орталық) бөлімі 

арасында тығыз байланыс орнату мүмкін болмады. Азамат соғысында жеңіске жеткен 

Кеңес үкіметі 1920 жылы Алашорда үкіметін таратты. 



Большевиктер – əлеуметтік төңкерісті жəне жұмысшы табының үстемдігін 

жақтаушы партия. 

78

АЛАШОРДА

«АЛАШ ІСІ»

«Алаш ісі» – Кеңес үкіметінің Алаш қозғалысына қатысушыларды жазалауға 

бағытталған ісі. 

Кеңес үкіметі 1928 жылдан бастап Алаш партиясы мен Алашорда үкіметіне мүше 

болған жəне оларды жақтағандарды жаппай тұтқынға алды. Оларға Кеңес үкіметіне 

қарсы күрес жүргізді, шетелдіктермен байланыста болды, т.б. көптеген жалған айыптар 

тағылып, тергеу ісі жүргізілді.

1930 жылы 4 сəуірдегі ОГПУ (Біріккен мемлекеттік саяси басқарма) үкімімен 35 

адамға əр түрлі жаза кесілді. Атап айтқанда: А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, М.Еспо-

лов, Х.Ғаббасов, Д.Əділов, Ж.Аймауытов, Ғ.Бірімжанов, Ə.Байділдин, А.Дулатов, 

Т.Есмағанбетов, т.б. ату жазасына бұйырылып, ол үкім кейін 10 жыл мерзімге жазалау 

лагерінде отырумен алмастырылды. Өзгелері солтүстік өлкеге жер аударылды жəне 

жазалау лагерьлеріне жіберілді. 

1932 жылы 20 сəуірде ОГПУ үштігінің үкімімен Мұхамеджан Тынышбаев бастаған 

Алаш қозғалысының 20-дан астам мүшесі жазаланды. Олардың қатарынан Халел 

Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов, Жақып Ақбаев, Қошмұхамед (Қошке) 

Кемеңгеров, Ахмет Тұнғаншин, Кəрім Тоқтабаев, т.б. бес жыл мерзімге Ресейдің 

Воронеж облысына жер аударылды. 

1930 жəне 1932 жылдардағы ОГПУ-дің осы екі үкімімен сотталып кеткендерден 

М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Д.Əділов, Ə.Байділдин, А.Дулатов, К.Тоқтабаев елге қайтып 

оралмады. Ал қайтып оралғандары 1937 – 38 жылдары «халық жауы» деген жалған 

айыппен түгелге жуық атылды. 

Алаш қайраткерлерінің барлығы да жоғары білімді зиялылар еді. Олар Санкт-

Петербургтің, Мəскеудің, Қа зан ның, Томскінің, т.б. қалалардың жо ғары оқу орындарын 

заңгер, экономист, дəрігер, математика, тау-кен жəне темір жол инженерлері, т.б. 

мамандықтар бойынша бітірген. Сонымен қатар олардың басым көп 

шілігі өз 

мамандықтары бойынша жұмыс атқара жүріп, ғылыми-шы ғармашылық қызметпен де 

айналысқан. 

Бүкіл мағыналы өмірін халқының тəуелсіздік алып, егеменді ел болуына арнаған 

аяулы азаматтар соңғы демі біткенше сол жолда ғұмырларын сарп етті. 

ОГПУ үштігі – ОГПУ-дің үш мүшесінен (үш адам бірігіп) құралған мемлекеттік 

құрылым.


79

АЛАШ АРЫСТАРЫ

ƏЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ

Бөкейханов Əлихан Нұрмұхамедұлы (1866 – 1937 

жж.) – көрнекті қоғам жəне мемлекет қайраткері, ұлт-

азаттық қозғалыстың теориялық негізін салушы əрі көсемі, 

қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы жəне 

Алашорда үкіметінің төрағасы. Туған жері – бұрынғы 

Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын 

болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. 

Ата тегі – Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын 

төре тұқымы. Арғы атасы – Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы 

хандарының бірі – Бөкей ханнан Батыр, одан Мырзатай, 

одан Əлиханның əкесі Нұрмұхамед тарайды. 

Əкесі оны тоғыз жасында Қарқаралыға алып барып, 

жергілікті медресеге оқуға береді. Бірақ ол молданың сауатын 

қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныптық бастауыш мектепке 

ауысып, бітіріп шығады. Кейін осы жердегі үш жылдық училищеге түсіп, оны да «үздік» 

деген бағамен аяқтайды. Одан кейін ол 1886 – 1890 жылдары Омбының техникалық 

училищесіне қабылданады. 1890 – 1894 жылдары Санкт-Петербургтегі Орман шаруашылығы 

институтының экономика факультетінде оқиды. Ол осы кездің өзінде-ақ студенттердің саяси 

талас-тартыстарына, үйірме жұмыстарына белсене араласады. Қараңғылық пен надандықтың 

шырмауында отырған халқының анағұрлым артта қалғанын біліп, Ресей империясының 

отаршылдық саясатынан құтылмай, ел тұрмысы мен мəдениетінің, тілі мен  білімінің 

өркендемейтінін ұғады. 

Омбыға Əлихан Ресей империясының қазақ даласында жүргізген отаршылдық 

саясатына өзіндік көзқарасы қалыптасқан, сол кездің озық ілім-білімімен қаруланған, 

саяси астыртын күрестің түрлері мен əдіс-тəсілдерін үйреніп-білген, біршама тəжірибе 

жинаған саяси күрескер болып оралады. Оның іс-əрекеттері жоғары жаққа ұнамай, 

алдымен, Семей түрмесіне қамалады, кейін Самар қаласына жер аударылады. 1916 жылы 

жер аудару мерзімі бітіп, елге оралған соң Əлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым 

– Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. 1917 жылы II Жалпықазақ құрылтайында 

Алаш автономиясы жарияланып, Ə. Бөкейханов сол алғашқы Алаш автономиялы 

республикасының тұңғыш төрағасы болып сайланады. Бірақ көп ұзамай жеңіске жеткен 

большевиктер Алаш автономиясын таратып, басшыларын қуғынға сала бастады.

Ə. Бөкейханов 1937 жылы «халық жауы» деген жалған жаламен өлім жазасына кесілді.

Ə. Бөкейханов – Ресей жергілікті жəне қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты, 

Ресейдің І Мемлекеттік Думасының жəне мұсылман халықтары фракциясының Бюро 

мүшесі, ғұлама ғалым – ормантанушы, экономист, тарихшы, этнограф, əдебиеттанушы, 

аудармашы əрі публицист ретінде қазақ халқының саяси-əлеуметтік, мəдени-рухани 

тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға. 



▲ Ə.Бөкейханов

Суретші Қ.Қаржасов

80

АЛАШ АРЫСТАРЫ

АХМЕТ 

БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Байтұрсынұлы Ахмет (1873 – 1938 жж.) – көрнекті 

қоғам жəне мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық қозғалыстың 

жетекшісі, қазақтың ұлы ағартушысы, ірі ғалым-лингвист, 

түрктанушы, ақын, аудармашы, əдебиет жинаушы жəне 

зерттеуші, бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының 

авторы. Туған жері – бұрынғы Торғай уезінің Тосын 

болысы, қазіргі Қостанай облысының Жангелдин 

ауданындағы Ақкөл ауылы.

Ахмет 1891 жылы Торғайдағы екі жылдық мектепті 

бітіріп, одан кейін Орынбордағы төрт жылдық мұғалімдер 

мектебіне оқуға түседі. 1895 – 1909 жылдары Ақтөбе, 

Қостанай, Қарқаралы уездерінде орыс-қазақ мектептерінде сабақ береді. 1909 жылы 

саяси белсенділігі үшін Семей түрмесіне жабылады. 1910 жылы Орынборға жер 

аударылып, 1917 жылға дейін сонда болады. 

Ол осы қалада өзінің сенімді достары Ə.Бөкейханов, М.Дулатовтармен бірлесіп, 1913 

жылдан бастап тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарады жəне оның жұмысына 

жетекшілік етеді. Алашорда үкіметін құру үшін бар күшін салады. ІІ Жал пықазақ 

съезінде Оқу-ағарту комиссиясы құрылып, оның төраға лығына бекітіледі. 1919 жылға 

де йін Алашорда үкіметінің Торғай об лыстық бөлімінің мүшесі болады. 

1921 – 1928 жылдары Қазақ Халық-ағарту институттарында сабақ береді. 1929 жылы 

Алаш қайраткерлерімен бірге тұтқынға алынып, Ресейдің солтүстік өлкелеріне жер 

аударылады. Кейіннен босап шығып, бірақ 1938 жылы «халық жауы» деген жаламен 

атылады. 



МҰХАМЕДЖАН ТЫНЫШБАЕВ

Тынышбаев Мұхамеджан (1879 – 1937 жж.) – көрнекті қоғам жəне мемлекет 

қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшілерінің бірі, тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан 

тұңғыш жоғары білімді техника маманы, темір жол инженері, ІІ Мемлекеттік Думаның 

депутаты, Қоқан автономиясының басшысы, Алашорда үкіметінің мүшесі.

Туған жері – бұрынғы Жетісу облысының Лепсі уезіне қарасты Мақаншы-Садыр 

болысындағы Жыланды тауының етегі, қазіргі Алматы облысының Қабанбай ауданы.

Мұхамеджан Верныйдағы (қазіргі Алматы) ер балалар гимназиясында орта білім 

алып, 1900 – 1906 жылдары Санкт-Петербургтегі Теміржол инженерлері институтында 

оқиды. Студент кезінен-ақ баспасөз беттерінде отарлық саясатты сынайтын мақалалар 



▲ А.Байтұрсынов

Суретші Қ.Қаржасов

81

АЛАШ АРЫСТАРЫ

жазып, ел ішінде үкіметке қарсы үгіт-насихат жүргізумен 

айналысады. 1905 жылы 19 қарашада Санкт-Петербургте 

өткен автономияшылар съезіне қатысып, сөз сөйлейді. Ол 

сөзінде патша өкіметінің отаршылдық саясатын сынға 

алып, ендігі жерде халыққа автономиялық дəрежеде болса 

да еркіндік берілуін талап етеді. 1907 жылы ІІ Мемлекеттік 

Думаға мүше болып сайланады. Одан кейінгі кезеңдерде 

Жетісу теміржол құрылысында қызмет ете жүріп, «Қазақ» 

газетін шығаруға ат салысады.

Ақпан төңкерісіне дейін Мұхамеджан өзінің темір 

жол инженері мамандығы бойынша Орта Азияда, Жетісу 

облысында біраз жыл қызмет істейді. Алаштың арысы 

Ə.Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан зиялы қауым 

өкілдерімен бірге М.Тынышбаев та жалпыұлттық «Алаш» 

партиясын құруға тікелей араласады. 1917 жылғы желтоқсан 



ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ

Досмұхамедов Халел (1883 – 1939 жж.) – қоғам жəне 

мемлекет қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, 

əдебиетші, ауыз əдебиетін жинап, насихаттаушы, 

аудармашы, дəрігер, ұстаз. Туған жері – қазіргі Атырау 

облысының Қызылқоға ауданы.

Əкесі Досмұхамед ауыл молдасынан хат таныған Халелді 

жергілікті орыс-қазақ мектебіне береді. 1894 жылы Орал 

əскери-реалдық училищесіне қабылданып, 1902 жылы 

оны үздік бітіріп шығады. 1903 жылы Санкт-Петербургтегі 

Əскери-медициналық академияның сынағынан мүдірмей 

өтіп, оны 1909 жылы Алтын медальмен бітіреді. Осыдан 

кейін офицер ретінде əскери міндетін өтеуге жіберіледі. 

Алдымен Пермь губерниясында, кейін 2-Түркістан, 

айында жарияланған Алашорда  үкіметінің 15 мүшесінің бірі болады. Мұның алдында 

ол Бүкілтүркістандық ІV Мұсылмандар съезіне қатысып, онда жарияланған Түркістан 

(«Қоқан») автономиясының басшысы (премьер-министрі) болып сайланады. Түркістан 

автономиясын Кеңес үкіметі күшпен талқандағаннан кейін М.Тынышбаев Алашорда 

қайраткерлерімен бірігіп, большевиктерге қарсы күреседі. Одан кейінгі уақытта қазақ 

халқының арғы-бергі тарихына қалам тартып, ғылыми-зерттеу еңбектерін жариялайды. 

Қазақ шежіресін түзеді. 1937 жылы жалған жаламен қайтадан тұтқындалып, көп 

кешікпей ату жазасына кесіледі.



▲ М.Тынышбаев

 Х.Досмұхамедов

82

АЛАШ АРЫСТАРЫ

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ 

2-Орал казак-орыс атқыштар батальонында əскери кіші дəрігер қызметін атқарады. 

1912, 1913 жəне 1915 жылдары оба індетіне қарсы күрес ісіне қатысады. Осы еңбектері 

үшін Императорлық қола медальмен марапатталады. 

1917 – 1919 жылдары «Алаш» партиясына кіріп, Алашорда үкіметінің мүшесі 

болады. Жаһанша Досмұхамедовпен бірге Қазақ автономиясын орнату үшін Кеңес 

үкіметіне қарсы күресті. 1918 жылы Мəскеуге барған алашордалықтар делегациясын 

басқарды. 

1918 жылы Жымпитыда «Алашорданың» Батыс бөлімшесі құрылып, оған Жаһанша 

Досмұхамедов екеуі басшылық жасайды. 1926 – 1930 жылдары Қазақ жоғарғы пе да-

гогика институты ректорының көмекшісі, Қазақ мемлекеттік университеттің (қа зір гі 

Абай атындағы ҚазҰПУ) проректоры болады. 1930 жылы Алашордаға қатыс қаны үшін 

айыпталып, Воронежге жер аударылады. Кейін 1939 жылы қайта тұтқынға алы нып, ату 

жазасына кесіледі.

Жұмабаев Мағжан (1893 – 1938) – Алаш қозғалысының 

қайраткері, ақын, қазақ əдебиетінің көрнекті өкілі, 

аудармашы, педагог. Мұсылманша бастауыш білім алып, 

Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесін бітірген. Омбы 

мұғалімдер семинариясында оқып жүрген кезінде «Бірлік» 

жастар ұйымының жұмысына белсене араласады. 1923 – 

1927 жылдары Мəскеуде Жоғарғы əдебиет-көркемөнер 

институтында білім алады. Осы жыл дары Д.Н. Мамин-

Сибиряк, М. Горький, т.б. шығармаларын, В.И. Лениннің 

бірқатар еңбектерін қазақ тіліне аударады. 1927 жылдан 

бастап өзін педагогтік қызметке арнайды.

М. Жұмабаев Бірінші Жалпықазақ съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік Құрылтай 

жиналысына депу 

таттыққа кандидат ретінде ұсы 

ны 

лады. «Алаш» партиясының 



Ақмола облыстық комитетінің мүшесі бола ды. «Бостандық туы», «Ақ жол», «Шол пан» 

басылымдарының жұмысына ара ласады.

М. Жұмабаев та жалған айыптың құрбаны болып тұтқындалады. 10 жыл ға бас 

бостандығынан айырылып, Карелияға жер аударылады. Бақытына орай, М. Горький 

мен оның əйелі Е. Пешковалардың ара түсуінің арқасында М.Жұмабаев бұл жолы 

НКВД-ның қатыгездігінен құтқарылады. Шығармашылық жоспарлары мол, еңбек 

етуге құлшынған, жер аударудан босатылған ақын үйіне қайтып оралады. Алайда 

бостандықта болу ұзаққа созылмады. 1937 жылы 30 желтоқсанда қарадай жағылған 

жаламен қайта тұтқындалып, 1938 жылы ату жазасына кесілді. 

 М.Жұмабаев


83

АЛАШ АРЫСТАРЫ

ЖАҚЫП АҚБАЕВ

Ақбаев Жақып (Ақпаев) (1876 – 1934) «Алаш» партиясын 

жəне «Алашорда» үкіметін құруға белсене қатысқан, Алашорда 

үкіметінің мүшесі болған. Қазақ стан дағы ұлт-азаттық қозға-

лыстың көрнекті өкілі, қоғам қайрат кері, құқық магистрі. Ол 

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. 1903 

жылы Санкт-Петер бург университетінің заң факультетін алтын 

медальмен бітірген. 1903 – 1905 жылдары Омбы қаласында, 

1907 – 1927 жылдары аздаған үзілістермен Семей, Сырдария 

округтік, губерниялық сот мекемелерінде қызмет еткен. 1907 

жылдан Орыс географиялық қоғамы Семей бөлімшесінің 

мүшесі болған.  

Ж.Ақбаевтың саяси белсенділігінің оянуына 1905 – 1907 жылдардағы төңкеріс ықпал 

етті. Бұл жылдары ол митингілер мен жиналыстарда сөз сөйлеп, Омбы, Петропавловск, 

Семей, Павлодар, Баянауыл, Қарқаралы қалаларында болған шерулерге қатысты. 

«Степной край» (Омбы) газетінде патша өкіметін, полицейлердің жүгенсіздігін, 

шенеуніктердің парақорлығын əшкерелеген, патша өкіметінің отаршылдық саясаты 

мен қанауына қарсы халықты күреске шақырған мақалалар жариялады. 

Ақбаев қазақ халқының тəуелсіз ел болуы үшін күресті. Сондықтан да ол өмірінің 

соңына дейін Ресейдегі төрт үкімет: патша үкіметі  (1905 – 1917), Уақытша үкімет 

(1917), Колчак (1918 – 1919) жəне Кеңестер (1920 – 1934) тарапынан үздіксіз қуғын-

сүргін көрді. 

1906 жылы мемлекеттік қылмыстар жасады деген (патшаға тіл тигізген, өмір сүріп 

отырған құрылысқа қарсы үгіт пен насихат жүргізген) айып тағылып, тұтқындалды. 

1908 жылы Омбы арқылы Якутияға, ал 1910 жылы патшаға қарсы үгітті жалғастырғаны 

үшін Тобылға жер аударылды. 1917 жылы наурызда Қазақ автономиясы жөніндегі 

ұрандар көтергені үшін Ж.Ақбаевты Уақытша үкімет тұтқындады. 1917 жылы 

Алашорда үкіметінің мүшесі болып сайланды. Колчактың əскери-далалық сотының 

1919 жылғы 7 шілдедегі үкімімен Ж. Ақбаевқа Колчактың əскери-казак диктатурасы 

мен атамандықтың дұшпаны ретінде халықты қарулы көтеріліске дайындады деген 

айып тағылып, ату жазасына бұйырылды. Қайтыс болған соң, Қазақстан Жоғарғы 

Сотының шешімімен (28 .02.1958 жылы) ақталды.



 Ж.Ақбаев

84

АЛАШ АРЫСТАРЫ

МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ

Дулатов Міржақып (1885 – 1935) – Алаш 

қозғалысының қайраткері, көрнекті қазақ ақыны, 

жазушы, педагог, қоғам қайраткері. Педагогикалық 

курстарды бітірген соң ауыл мектебінде мұғалім 

болып істеген, орыс жəне батыс жазушыларының 

шы ғармашылығын өздігінше оқып үй ренген. 

М.Дулатовтың өмірі мен шығарма 

шылығы 

«Алаш» партиясымен жəне «Алашорда» үкіметімен 



тығыз байла 

нысты. Ол «Алаш» партиясы мен 

«Ала 

шорда» үкіметінің бағдарламалық құжат 



-

тарын дайындауға қатысты. А.Байтұр сыновпен бірге 

құқықтық мемлекет қағи даларын жасады. Ол халық 

тарихында бірінші рет ашыққандарға көмек беру 

қорын ұйымдастырды.

М. Дулатов өз əңгімелері мен өлеңдері жарияла-

нып тұрған бұрынғы қазақ жур налы «Айқаптың» 

жұмысына белсене араласты. 1917 – 1919 жылдары «Қазақ» газетінің редакциясында, 

кейінірек «Ақ жол», «Еңбекші қазақ» газеттерінде жұмыс істеді. Қазақ мемлекеттік 

университетінде ұстаздық етті. Саяси лирика шығармаларын жазған М. Дулатов 

Пушкин, Лермонтов, Шил лер шығармаларын қазақ тіліне ау дарумен де айналысты. 

«Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағы үшін ақын бір жарым жылын түрмеде өткізді. 

1928 жылы М. Дулатов тұтқындалып, 10 жыл бас еркінен айыруға үкім етілді. Екі 

жыл түрмеде отырып, соңынан Соловецк лагеріне жер аударылды. Сонда жүріп 1935 

жылы 5 қазанда ауыр науқастан қайтыс болды. 

▲ А. Байтұрсынов, Ə. Бөкейханов, М. Дулатов

 М.Дулатов


85

АЛАШ АРЫСТАРЫ

ƏЛІМХАН ЕРМЕКОВ 

Əлімхан Ермеков (1891 – 1970) – Алаш қозғалы-

сы ның қайраткері, Алашорда үкіметінің мү шесі, 

математика ғылымдарынан тұң ғыш қазақ профес-

соры. Ол қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауда-

нында дүниеге келген. 

Əлімхан алғашында Қар қара лыдағы училище-

де оқып, 1905 жылы Семей ерлер гимназиясы-

на түседі де, 1912 жылы алтын медальмен бітіріп 

шығады. 1921 жылы Томск технологиялық инсти-

тутын тəмамдайды. 

Əлихан Ермековтің тарихи зор еңбегінің бірі – 

Қазақ автономиясы шекарасының біртұтастығын 

жан 


қиярлықпен қорғауы. Осы орайда ол 1920 

жылы 17 тамызда В.И.Ле нин нің төрағалығымен 

өткен қазақ өкілдері қатысқан Халық комиссарлары 

Кеңесінің мəжілі сінде Қазақ автономиясы туралы 

мəселе қаралғанда, Қазақстанның жағдайы туралы 

баян дама жасайды. Онда ол жер, Қа зақ станның ше-

карасы туралы мəселелерді ашық айтып, өктемшіл, 

озбыр, отаршылдық пиғылдағы өкілдермен қызу айтысқа түсіп, өз пікірін тиянақты, 

жан-жақты, бұлтартпас дəлел дер мен қорғап шығады. 

Алаш жолындағы көпте ген саяси істерге қатысып, шың далған Əлімхан Қазақ авто-

номиясын құруда өлшеусіз еңбек сіңірген.

Сонымен қатар ол қазақ елінің шаруашылық жайын қалыптастырып, нығайту, халық 

ағарту, т.б. салаларда нақты істер атқарған. Қарқаралыда мектеп ашып, Таш кент, Ал-

маты қалаларындағы жоғары оқу орындарында ма тематикадан дəріс берген. Сондай-

ақ нағыз білім мен біліктілікті қажет ететін сала – Халық шаруашылығын жоспарлау 

коми тетінде жəне басқа да жауапты орындарда қызмет атқарған.

Əлімхан Ермеков – қазақ зиялыларының қатарынан тұңғыш рет математика 

ғылымынан профессор атағына ие болған ғалым-ұстаз. Ол қазақ тілінде «Ұлы мате-

матика курсы» (1-бөлім, 1935) кітабын, өзінің ұстаздық тəжірибесі негізінде «Қазақ 

тілінің мате матика терминдері» (1936) атты түсіндірме сөздігін шы ғарған. 

Əлімхан Ермеков 1930 – 55 жылдар аралығында «ұлтшыл», «халық жауы» деген 

жаламен бірнеше рет сотталады. 20 жылдан астам өмірін түрмелер мен саяси қуғын-

сүргінде өткізеді. Ақыры, 1957 жылы 26 қарашада ол толық ақталады.

 Ə.Ермеков


ТƏУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН

87

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Түркі тілдес этностармен салыстырғанда қазақ халқы дербес хандық құрған кезден 

бастап өмір салтымен де, шаруашылық-мəдени типімен де, мемлекеттіктің əлеуметтік-

саяси құрылымымен де даралық сипат танытты. Əсіресе, мемлекет басқару ісіндегі 

далалық демократия – билік жүйесі біртұтас елдік пен мемлекеттіктің қалыптасуына, 

ұлттық салт-сананың шыңдалуына себепші болды. Қазақ халқы ел болып бірігу, ұлт 

болып ұйысу жолында талай белестерден өтті. Ғасырдан астам уақытқа созылған қазақ 

пен жоңғар арасындағы қанды қырғын соғысты, соның салдарынан халық тартқан 

қасірет – «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» нəубетін, үш ғасырға созылған 

Ресей империясына тəуелді болған бодандықты, бодандық құрсауынан шығып, 

еркіндікті, егемендікті аңсаған ұлт-азаттық көтерілістерді, ұлт мүддесін қорғаған, 

ұлт мəртебесі үшін қызмет жасаған қазақтың аса білімді, еңбекқор азаматтарын, 

зиялы қауым өкілдерін жаппай қырған «репрессияны», аштық жайлаған жұтты бастан 

кешті.


Міне, қазақ халқы қаншама миллион адамынан, ата-бабамыз ат үстінде жүріп 

қасық қаны қалғанша қорғап алып берген кең-байтақ жеріміздің үштен бірінен, зиялы 

азаматтарынан айырылып, жер қойнауындағы байлығы тоналып, даласының төсінде 

атом жəне сутегі бомбалары сыналып, ғажайып төлтума мəдениеті көмескіленіп, тілі 

мен діні тоқырап, есепсіз мехнат-азаптарды бастан өткеріп қазіргі күні тəуелсіздікке 

қол жеткізді. 



 Қазақстан – біздің отанымыз

88

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫ

Конституция (Ата Заң) – бұл мемлекеттің негізгі 

заңы, Қазақстан азаматтарының құқықтық қағидаларын 

тұжырымдайтын мемлекеттік заң. Ол қоғамдық жəне 

мемлекеттік құрылыстың негізгі көзқарастарын, 

мемлекеттік органдардың құрылу жəне қызмет істеу 

ұстанымдарын бекітеді. 

Конституцияны негізгі заң ретінде жоғары үкімет 

органы немесе арнайы шақырылған құрылтай 

жиналысы, ұлттық жиналыс қабылдайды. Ол қоғамдық 

қарым-қатынастың дамуына байланысты өзгеріп 

отырады.


Тəуелсіз Қазақстанда бірінші Конституция 1993 

жылы қабылданды. Ал бүгінгі күні елімізде 1995 жы-

лы 30 тамызда қабылданған Конституция қолданы лып 

келеді.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 

МЕМЛЕКЕТТІК РƏМІЗДЕРІ

«Таңбасыз ел болмайды, 

Найзасыз ер болмайды», – дейді қазақ халқы.

Əр халықтың тарихына, салт-дəстүріне, мəдениетіне байланысты рəміздері болады. 

Рəміз дегеніміз – белгілі бір нəрсені суреттермен, таңбалармен сипаттап көрсетуден 

туатын шартты белгі. Кез келген мемлекеттің өзі қабылдаған мемлекеттік рəміздері 

болады. 

Мемлекеттік рəміздер – бұл мемлекеттің тəуелсіздігін білдіретін айырым белгілері 

болып табылады. Олар белгілі бір мағына беретін жəне өзара үйлесімде орналастырылған 

жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мемлекеттік рəміздерде 

мемлекеттің, елдің арман-мұраты, мүддесі көрініс табады. 

Мемлекеттік рəміздер тəуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік 

мəртебе беріледі. Олардың қолданылуы Конституцияда белгіленеді жəне Заңмен 

Бұл Конституция қазіргі жəне болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілікті, 

егемендік құқықты негізге ала отырып қабылданды.

Конституцияда: «Біздің мемлекетіміздің халықтары ақысыз білім, алғашқы дəрігерлік 

көмек алуға құқықты. Балаларына қамқорлық жасау жəне оларды тəрбиелеу – ата-

ананың табиғи құқығы əрі парызы», – делінген.



▲ Н.Назарбаев ұлықтау ресімінде

89

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

қорғалады. Сондықтан азаматтарға мемлекеттік рəміздерді қастерлеуді парыз етеді. 

Мемлекеттік рəміздерді қадірлеу – мемлекетті, халықты, оның тарихы мен мəдениетін 

құрметтеу деген сөз. Рəміздерді құрметтеу азаматтардың, балалар мен жасөспірімдердің 

отансүйгіштік сезімін қалыптастырады. 

Дүние жүзіндегі басқа мемлекеттер сияқты Қазақстанның да өз рəміздері бар. 1992 

жылы 4 маусымда мемлекетіміздің Туы, Гимні (Əнұраны), Елтаңбасы туралы заң 

қабылданды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы – тік 

бұрышты (ені – 1 метр, ұзындығы – 2 метр) көгілдір 

мата. Көгілдір түс – бейбітшіліктің, тыныштықтың, 

жарқын болашақтың жəне ашық аспанның нышаны болып 

саналады. Тудың ортасында жарқырап шыққан шұғыла-

лы күн орналасқан. Бұл – бейбітшіліктің белгісі. Күннің 

астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнеленген. Дала 

құсы – дарқандық пен қырағылық жəне биікке самғау 

белгісі. Тудан қыранның орын алуы «Тəуелсіз Қазақстан 

қыран сияқты биіктен көрінсін, ғұмыры ұзақ болсын» 

дегенді білдіреді. Тудың сол жағында қазақ халқының 

ұлттық өрнегі бейнеленген. Өрнек қазақ халқының салт-

дəстүрінің, мəдениетінің жəне ұлттық өнерінің бір көрінісі 

болып табылады.

Күн, қыран құс жəне өрнек алтын түспен берілген. Ал тын 

түс - молшылықтың, байлықтың, құт-берекенің белгісі.

Тудың авторы – суретші Шəкен Ниязбеков.

ҚР мемлекеттік Туы

▲ Н.Назарбаев ұлықтау 

ресімінде

▲ ҚР мемлекеттік туы


90

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Қазақстан Республикасының

мемлекеттік Əнұраны

Қазақстан Республикасының мемлекеттік негізгі рəміздерінің бірі мемлекеттік Гимні 

болып табылады. Гимні салтанатты рəсімдерге, мемлекеттік органдар өткізетін өзге 

де шараларға байланысты орындалады. Мысалы, ҚР Президентінің салтанатты ант 

беруі, ҚР Палаталары депутаттарының сессияларын ашу жəне жабу кезінде, ел ге ресми 

сапармен келген шет елдік қо нақтарды (мемлекет, үкімет басшыларын) күтіп алу жəне 

шығарып салу рəсімдерінде, т.б. жағдайларда орындалады. 

Алғашқы мемлекеттік Гимн ретінде кеңестік дəуірдегі мемлекеттік Гимн бекітілген 

болатын. Оның сөзін М.Əлімбаев, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, Ж.Дəрібаева шығарған. 

Ал сазын М.Төлебаев, Е.Бру силовский, Л.Хамиди жазған. 

2005 жылы желтоқсанда сөзін Жұмекен Нəжімеденов жазып, əнін Шəмші Қал даяқов 

шығарған «Менің Қазақстаным» əні Нұрсұлтан Назарбаевтың өзгертулер енгізуімен 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні болып қабылданды. Жаңа Гимні алғаш 

рет 2006 жылы 11 қаңтардағы Н.Ə. Назарбаевтың ұлықтау рəсімінде орындалды.



Қазақстан Республикасының 

мемлекеттік Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік 

Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ 

бейнеленген. Ол – Елтаңбаның жүрегі іспеттес. 

Шаңырақ əлемнің біртұтастығын, Қазақстанда 

тұратын халықтардың бір шаңырақтың астында 

тату-тəтті, ынтымақты өмір сүретінін бейнелейді. 

Шаңырақты айнала уықтар шаншылған. Олар 

күн сəулесіндей жарқырайды. Шаңырақтың екі 

жағын аңыз-ертегілердегі пырақтардың қанаттары 

көмкеріп тұр. Қанатты пырақ – мəңгілік өмір, 

шексіз даму жəне болашаққа үміт артар жас 

ұрпақтың арманы, биікке самғау талабы.

Елтаңбаның маңдайшасында бес бұрышты 

жұлдыз бар. Ол – мемлекетіміздің жарық жұл-

дызы. Халқымыздың «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл 

арманын арқалап тұрғандай. Төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Елтаңбаның 

реңдік бейнесі – алтын жəне көгілдір түсті.

Елтаңбаның авторлары – сəулетшілер Шота Уəлиханов пен Жандарбек Мəлібеков.

▲ ҚР мемлекеттік елтыңбасы


Менің Қазақстаным!

91

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Алтын күн – аспаны, 

Алтын дəн – даласы, 

Ерліктің дастаны – 

Еліме қарашы! 

Ежелден ер деген

Даңқымыз шықты ғой. 

Намысын бермеген 

Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім, 

Гүлің болып егілемін, 

Жырың болып төгілемін, елім! 

Туған жерім менің – Қазақстаным!

Менің Қазақстаным

Сөзі: Ж. Нəжімеденов, Н. Назарбаев

Əні: Ш. Қалдаяқов

Ұрпаққа жол ашқан 

Кең байтақ жерім бар. 

Бірлігі жарасқан, 

Тəуелсіз елім бар. 

Қарсы алған уақытты 

Мəңгілік досындай. 

Біздің ел бақытты, 

Біздің ел осындай!

 

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім, 

Гүлің болып егілемін, 

Жырың болып төгілемін, елім! 

Туған жерім менің – Қазақстаным!

92

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 

АСТАНАЛАРЫ

Қазақ елінің бас қалалары

Қазақ елінің мемлекеттілігінің белгісі – елді бір жерден басқаратын орталықтары 

мен бас қалаларының болғандығында. Бұл қалалардың саяси-экономикалық, əскери-

шаруашылық, сауда істерінде, ең бастысы, ел басқаруда маңызы зор.

Қазақ халқын осылай бір орталықтан басқару ежелден қалыптасқан əрі мыңдаған жыл 

мерзімді қамтиды. Қазақ жеріндегі ең алғашқы мемлекет – көне Түрік қағандығының ту 

көтерген жері – Алтай. Батыс Түрік, Түргеш жəне Қарлұқ қағандықтарының астанасы – 

Суяб (оның іргесі V ғасырда қаланған). 

Исфиджаб (Сайрам) жəне Отырар (Фараб) VIII – IX ғасырларда көне түріктердің, 

Жанкент – оғыздардың, Ертіс бойындағы Имақия – Қимақ мемлекетінің, Сығанақ – Дешті 

Қыпшақтың орталығы, яғни бас шаһарлары болған. Сығанақ кейін астана ретінде Қазақ 

хандығының қолына көшкен. Сонымен бірге Тəуекел, Жолбарыс хандар тұсында Ташкент 

шаһары, XVI – XVIII ғасырларда Түркістан, сондай-ақ əр түрлі кезеңдерде Сарайшық, 

Созақ қалалары да Қазақ хандығының бас қалалары мен астаналары саналған.

Кеңес дəуіріндегі Қазақстан астаналары Орынбор (1920 – 1925), Қызылорда (1925 – 

1929), Алматы (1929 – 1997) қалалары болды. Ал 1997 жылы 20 қазанда астана Ақмола 

қаласына көшірілді.

ОРЫНБОР

Орынбор – тұңғыш астана.

1920 жылы Кеңес Үкіметінің басшысы В.И.Лениннің жарлығы бойынша Орынбор 

қаласында съезд өтті. Онда Қазақстанның жеке автономиялы мемлекет болғандығы 

жарияланды. Автономиялы республика деп үлкен федеративті мемлекеттің құрамындағы 

елді айтады. Сөйтіп, қазақ елі Ресейдің құрамында қалды. Сол уақыттан бастап Орынбор 

бас қала болып бекітілді. 

Шындығында, о баста Орынбор өлкесі қазақ жерінің құрамдас бөлігі болып 

табылатын. 1731 жылы Əбілқайыр хан Ресейдің қарамағына кіру туралы ант берген. 

Сөйтіп, Ресей үкіметінің қазақ жерінде Орынбор бекінісін салуына септігін тигізген. 

Бұл орайда Ресейдің көздегені орындалды.  Орынбор олардың бүкіл Орталық Азияны 

басып алуының кілті болды. 

Орынбор қаласының тарихта алатын өз орны бар. Орынбордың кадет корпусында 

қазақтың 30-дан астам жігіттері білім алған. Олар өз елінің алғашқы зиялылары атанған. 

Араларында қоғам қайраткерлері Халел Досмұхамедов, ағайынды Сейдалиндер жəне 

тағы басқа белгілі азаматтар болған. Қазақ халқын алғаш өнерге, білімге үндеген 

«Айқап» журналы осы қалада басылып шыққан.

Орынборда Ахмет Байтұрсынов, Сəкен Сейфуллин, Бақытжан Қаратаев, Міржақып 

Дулатов, Мұстафа Шоқай жəне т.б. қазақ зиялылары жұмыс істеп, ғылым салаларынан 

еңбектер жазған.


93

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 

АСТАНАЛАРЫ

ҚЫЗЫЛОРДА

1925 жылы наурыз айында Қазақстанның 

астанасы Орынбордан Қызылордаға көшті. 

Сөйтіп, қазіргі Қызылорда (бұрынғы атауы – 

Ақмешіт бекеті) қаласы астана болды.

Ол кезде Сыр бойының табиғаты өте бай еді. 

Көктемде бүкіл Сыр атырабына жайылатын 

дарияның мол суы қалың ағаштар мен жан-

жануарларға тіршілік əкелетін. Қандай қы-

тымыр қыстарда дарияның емшегін емген 

Сыр елі жұтамай шығатын. Басқа елдер мен 

халықтарға Сыр десе тоқшылық пен молшылық 

елестейтін. 

Астана ретінде жарияланғаннан кейін аз ғана уақыттың ішінде қалаға бүкіл қазақ 

жерінен қазақтың оқыған азаматтары, ақындар, əншілер жиналды. Əлихан Бөкейханов, 

Сəкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Сұлтанбек Қожанов, Ахмет Байтұрсынов осы 

Сыр өңірінде еңбек етті. Қалада тұңғыш музыка театры ашылды. Онда Қалибек 

Қуанышбаев, Серке Қожамқұлов, Шара Жиенқұлова жəне тағы басқа өнер тарландары 

өзінің талантымен танылды. 

Қазіргі Қызылорда – ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаевтың Отаны. Газ бен мұнай 

өнеркəсібінің орталығы.

Бұрынғы қазақ музыкалық театрының орнында қазір Н.Бекежанов атындағы 

облыстық театрдың ғимараты бой көтерген.

АЛМАТЫ

1929 жылы Қазақстан астанасы Қызылордадан 

Алматыға көшіп келді. Басын қар басқан Алатаудың 

етегіне орналасқан, табиғатының сұлулығы жағынан сирек 

кездесетін Алматы қаласы Қазақстан Республикасының 

орталығы болуға лайық еді.

Қалада Кеңес өкіметі жылдарында сəулет өнерінің 

тамаша ескерткіштері болып табылатын опера жəне 

балет театрының үйі, «Қазақстан» қонақ үйі, Республика 

Сарайы, М. Əуезов атындағы драма театры, Орталық 

мұражай, Ғылым Академиясының бас ғимараты жəне т.б. 

құрылыстар салынды. 



▲ Қызылорда қаласының теміржол вокзалы

▲ Алматыдағы Қазақстан 

қонақ үйі

94

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 

АСТАНАЛАРЫ

Алматыны бүкіл дүние жүзіне белгілі «Медеу» мұз айдынынсыз елестету қиын. 

«Медеу» спорт кешені – бүкіл республика мақтанышы. Қалада 100-ге жуық жоғары оқу 

орындары, ондаған театрлар, концерт жəне кино залдары бар. Мыңдаған мейрамханалар 

мен кафелер қала халқы мен қонақтарға қызмет көрсетеді.

Республика тəуелсіздігінің белгісі – «Алтын адамның» биік тұғыр үстіне орнатыл-

ған мүсіні.

▲ Алматы қаласының теміржол вокзалы

▲ Мұхтар Əуезов атындағы драма театры

▲ Түнгі Алматы


95

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 

АСТАНАЛАРЫ

АСТАНА

Ақмола қаласы (Кеңес үкіметі кезіндегі атауы – Целиноград) 1950 жылдардың 

ортасында тың жəне тыңайған жерлерді игеру кезінде дами бастаған солтүстік 

облыстардың бірі болды. Қазақстанның саяси, экономикалық өміріндегі маңызын 

ескере отырып, сондай-ақ халықаралық жағдайларға байланысты 1994 жылы 6 шілдеде 

республиканың бас қаласы қазақ жерінің кіндігі – Ақмолаға көшірілетіні туралы қау-

лы қабылданды. Жас Қазақстан экономикалық тапшылыққа қарамай, қиын да, күрделі 

шешімге бел буды. Бұл шешім басқа елдерді де таң қалдырған еді. 1997 жылы 10 жел-

тоқсан нан бастап Ақмола Қазақстанның астанасы болып ресми түрде жарияланды. 

1998 жы лы 6 мамырда Н.Ə.Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шы-

ғар ды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесер тойы болып өтті. 

Аз уақыттың ішінде қала адам танымастай өзгерді. Əсем Есілдің жағасын бойлай 

Президент сарайы, Парламент ғимараты, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Еуразия 

университетінің жаңа корпусы, Жастар сарайы, министрліктердің ғимараттары, көп 

қабатты тұрғын үйлер мен басқа да сəулет кешендері бой көтерді. Ғажайып құрылыс – 

«Бəйтерек» мұнарасы Астананың символына айналды.

Парламент үйінің алдында қазақтың үш батагөй билері: Төле би, Қаз дауысты 

Қазыбек би, Əйтеке бидің ескерткіштері халқын болашаққа бастағандай ақ батасын 

беріп тұр. Аспанға атылған ақ барыс мүсіні жас Қазақстанның XXI ғасырдағы жарқын 

да бақытты болашағының тек жоғары шарықтайтынын елестетеді. 

Мұнда балаларға арналған демалыс орындары өте көп. Оқушылар сарайы, стадиондар 

мен Спорт сарайы қызмет көрсетеді. Мұхитбақ (океанариум) балаларға есігін айқара 

ашады. Астана мұхиттан мыңдаған километр қашық жатыр. Бірақ балалар осы жерден 

теңіз түбіндегі тіршілік иелерімен таныса алады. 

Астананың болашағы əлі алда. Ол Еуразия құрлығындағы əйгілі қала болатыны 

сөзсіз.


Астана – мемлекеттің саяси, əкімшілік, экономикалық, мəдени орталығы жəне елдікті, 

ұлттық бірлікті білдіретін бас қаласы, елордасы.



96

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 

МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ

1990 жылдың 25 қазанында Қазақстан өз егемендігін жариялады. 1991 жылы 10 

желтоқсанда республика Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ КСР-ын «Қазақстан 

Республикасы» деп атау туралы шешім қабылданды. Негізгі заңы – 1995 жылы 30 

тамызда қабылданған Конституция.

Қазақстан Конституция бойынша өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне 

əлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды. Мемлекетті Президент басқарады. 

Республикадағы заңдарды Парламент шығарады. Парламент 4 жыл мерзімге 

сайланады. Ол қос палатадан – Сенат пен Мəжілістен тұрады. Жоғары атқару 

билікті Үкімет жүзеге асырады, оны Президент құрады. Үкімет өз қызметі жөнінде 

мемлекет басшысына, сондай-ақ Парламентке есеп беріп отырады. Сот төрелігін 

тек сот қана жүргізеді.

Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің ең жоғары лауазымды 

тұлғасы. Ол мемлекеттің ішкі жəне сыртқы істерінің барлығына басшылық жасайды. 

Ел ішінде жəне халықаралық қатынастарда Қазақстан халқының атынан өкілдік етеді. 

Президент кəмелетке толған азаматтардың жасырын дауыс беруі арқылы сайланады. 40 

жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген əрі Қазақстанда кемінде 15 жыл бойы 

тұратын, тумысынан республика азаматы Президент болып сайлана алады. Президент 

4 жыл мерзімге сайланады.

Президент Қазақстан халқына салта натты түрде ант берген сəттен бастап қызметін 

атқаруға кіріседі. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып Н.Ə. Назарбаев 

сайланды. 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ


97

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 

МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ

Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев

Назарбаев Нұрсұлтан Əбішұлы – Қазақстан 

Республикасы ның тұңғыш Президенті. Ол 1940 жылы 

6 шілдеде Алматы об лысы Қаскелең ауданы Шамалған 

ауылында дүниеге келген.

Н. Ə. Назарбаев Қарағанды металлургия комбинатының 

жа 


нын 

дағы жоғарғы техникалық оқу орнын бітіреді. 

Теміртау қа 

ла 


сындағы «Қазақметаллургқұрылыс» тре-

сінде, кейін Қара ғанд ы металлургия зауытында шойын 

құюшы, домна пешінің көрікші сі, диспетчер, газ айдаушы 

кəсіптерін меңгереді. 

1979 – 84 жылдары Қазақстан Министрлер Кеңесінің 

төрағасы, 1989 – 91 жылдары Қазақстан Коммунистік 

партиясы Орталық Комитетінің хатшысы əрі Қазақстан 

Жоғары Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарады. 

1990 жылы 24 сəуірде тəуелсіз Қазақстан тарихында 

тұңғыш Президент болып сайланады. Жаңа тəуелсіз 

мемлекет – Қазақстан Республикасының (16.12.1991) қалыптасуы, дамуы, барлық 

атрибуттары (ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару жəне биліктің бүкіл тармақтарының 

өзара əрекет ету жүйесі) Н.Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. 1992 жылдың 

басында Н.Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен 

даму стратегиясын» əзірлеп, елдің ішкі жəне сыртқы саясатының бағыт-бағдарын 

айқындады. Соның нəтижесінде 1997 жылдың басына қарай елде макроэкономикалық 

тұрақтылық орын алды, өнеркəсіп жанданып, қаржы-бюджет, салық жүйесі құрылды, 

жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді, тұрғын үй-

коммуналдық шаруашылығын реформалау жүзеге асты. Оның көптеген бастамалары 

халықаралық саяси аренада қолдау тапты. Н.Назарбаев – ТМД, ОАО, Кеден одағы, 

Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуразия одағы сияқты халықаралық құрылымдарды 

дүниеге əкелудің бастамашысы. 

Н.Ə.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиясын өммірге əкеліп, Қазақстанның 2030 

жылға дейінгі дамуының басым бағыттарын айқындап берді. 

Н.Ə. Назарбаев Орталық Азияда, ТМД елдерінде, сондай-ақ əлемдегі ынты-

мақтастықты нығайтуға зор үлес қосып келе жатқан қайраткер ретінде дүние жүзіне 

танымал.

▲ Н.Ə. Назарбаев


98

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 

МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 

ПАРЛАМЕНТІ

Қазақстан Республикасындағы заңдарды Қазақстан Республикасының Парламенті 

шығарады.

Қазақстан Республикасының Парламенті екі палатадан: жоғарғы палата – Сенаттан 

жəне төменгі палата – Мəжілістен тұрады. 

Сенат əрбір облыстан, республикалық мəндегі қалалардан жəне ҚР астанасынан екі 

адамнан сайланатын депутаттардан құралады. Сенат депутаттары жанама сайлау негізінде 

жасырын дауыс беру жолымен сайланады, жеті депутатын Президент тағайындайды.

Мəжіліс 77 депутаттан тұрады. Оған 67 депутат республика аймақтарынан, 10 депутат 

партиялық тізім негізінде сайланады. Мəжіліс депутаттарын сайлау жалпыға бірдей тең 

жəне төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. 

Палаталар бір-біріне бағынбайды. Əр палатаның өзінің атқаратын жұмыстары бар, сонымен 

бірге, олар кейбір жұмыстарды бірлесе отырып жүзеге асырады. Парламент мəселелерді əуелі 

Мəжілісте, содан соң Сенатта қарау арқылы заңдар қабылдайды. Əр палатаны депутаттардың 

арасынан сайланатын төраға басқарады. Олар мемлекеттік тілді еркін игерген болуы керек.

Парламент Сенатының төрағасы қызметін Ө.Байгелді (1995 – 99 жж.), О.Əбдікəрімов 

(1999 – 2004 жж.), Н.Əбіқаев (2004 жылдан) атқарды.

Парламент Мəжілісінің төрағалары М.Оспанов (1995 – 99 жж.), Ж.Тұяқбай (1999 – 

2004 жж.), О.Мұхамеджанов (2004 жылдан) болды.



 А



ст

анадағы Пар

ламент үйі

99

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 

МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ

Қазақстандағы жоғары атқарушы билік органы – Қазақстан Республикасының 

Үкіметі. Үкімет орталық атқарушы органдар мен жергілікті атқарушы органдар 

жүйесін басқарады. Орталық атқарушы органдар министрліктерден, агенттіктерден, 

комитеттерден тұрады. Ал, жергілікті атқарушы органдарға облыстық, аудандық жəне 

қалалық əкімшіліктер жатады.

Үкімет басшысы Премьер-министр болып табылады. Премьер-министрді 

Президент тағайындайды. Премьер-министр өзі тағайындалғаннан кейін он күн 

мерзімде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентіне ұсыныс енгізеді. 

Президент Премьер-министрдің ұсынысы бойынша Үкімет мүшелерін қызметке 

тағайындайды, орталық атқарушы органдарды құрады. 

Үкімет мүшелері – республиканың Премьер-министрі, оның орынбасарлары, 

министрлері жəне өзге де лауазымды адамдар. 

Премьер-министр мен Үкімет мүшелері қызметке кірісер алдында Қазақстан 

халқына жəне елбасына ант береді. Премьер-министрге ерекше мəртебе берілген. 

Ол Үкіметтің қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды жəне оның 

жұмысы үшін дербес жауап береді. Үкімет Республика Президентінің алдында 

жауапты. 



 А

ст

анадағы Үкіме

т үйі


100

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙМАҚТЫҚ-

ƏКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

Ақмола облысы – Қазақстанның орталығында, Сарыарқаның солтүстік-батыс 

бөлігінде, Есіл өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан аймақ. 

Ақмола облысы 1939 жылы құрылған. 1961 – 92 жылдар аралығында Целиноград 

облысы болып аталып келді. Облыс 4 ауылдық, 2 қалалық əкімшілік ауданға бөлінеді 

жəне құрамында 8 қала, 12 кент бар. Қазіргі орталығы – Көкшетау қаласы. 

Қалалары: Астана, Степногор, Атбасар, Макин, Ақкөл, Есіл, Ерейментау.

Кенттері: Ақсу, Аршалы, Жолымбет, Бестөбе, Шортанды, Шаңтөбе, Жалтыр, 

Красногор, Железнодорожный, Промышленный, Ақбейіт.

Ірі өзендері: Есіл, оның салалары – Қалқұтан, Жабай, Терісаққан, Нұра, Сілеті, 

Өлеңті, Құланөтпес, т.б. 

Облыста көл көп, олардың 94-і тұщы. Ірі тұщы көлдері: Қорғалжын, Қожакөл, 

Шолақшалқар, Балықтыкөл, Ұялышалқар, т.б. Ірі тұзды көлдері: Теңіз, Керей, Итемген, 

Қыпшақ, Мамай, Үлкен Сарыоба. 

Облыс өнеркəсібі өндіру (8,7%) жəне өңдеу (91,3%) салаларынан тұрады. Кен 

байлықтарынан алтын, уран, боксит, сүрме, мыс, молибден, кобальт, көмір, құрылыс 

материалдары, т.б. өндіріледі. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасауға, астық 

өндіруге, сүтті, етті мал өсіруге мамандандырылған. Қара металлургия, тау-кен, химия, 

микробиология өнеркəсібі, машина жасау мен металл өңдеу, құрылыс материалдарын 

шығару, ағаш дайындау мен өңдеу, тамақ, керамика өнеркəсіптері дамыған. Ірі өнеркəсіп 

орындары Астана, Степногор, Атбасар, Макин, Ақкөл қалаларында, Шортанды, 

Аршалы кенттерінде орналасқан. 



КӨКШЕТАУ

Қазақстандағы өзінің табиғатымен көз тартатын əсем қалалардың бірі – Көкшетау 

қаласы. Астана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 276 км жерде, Көкшетау қыратының 

солтүстігінде, Қопа көлінің оңтүстік жағалауында орналасқан. Қала 1944 – 97 жылдар 

аралығында бұрынғы Көкшетау облысының орталығы болып келді. 1999 жылдан 

Ақмола облысының əкімшілік орталығына айналдырылды. Қалада 2003 жылғы есеп 

бойынша 133,1 мың адам тұрады.

Көкшетау қаласында тамақ жəне жеңіл өнеркəсіп, машина жасау, металл өңдеу, 

химия өндірісі, картон мен қағаз өндіру жəне т.б. мекемелер істейді. Ірі өнеркəсіп 

орындарынан: алтын өндіретін «Васильков-алтын» бірлескен кəсіпорны, оттектік 

тыныс алу аппараты, салмақ өлшеу техникасы, су шығынын есептеуіш аспабы, авиация 

техникасы агрегаттары мен тораптарын жасайтын «Тыныс» акционерлік қоғамы, əуе-



ғарыш техникасындағы тіршілікті қамтамасыз ету жүйесіне арналған агрегаттарды 

Document Outline

  • SEN_BILESIN_BE_2
  • SEN_BILESIN_BE_3
  • SEN_BILESIN_BE_4
  • SEN_BILESIN_BE_5
  • SEN_BILESIN_BE_6
  • SEN_BILESIN_BE_7
  • SEN_BILESIN_BE_8
  • SEN_BILESIN_BE_9
  • SEN_BILESIN_BE_10
  • SEN_BILESIN_BE_11
  • SEN_BILESIN_BE_12
  • SEN_BILESIN_BE_13
  • SEN_BILESIN_BE_14
  • SEN_BILESIN_BE_15
  • SEN_BILESIN_BE_16
  • SEN_BILESIN_BE_17
  • SEN_BILESIN_BE_18
  • SEN_BILESIN_BE_19
  • SEN_BILESIN_BE_20
  • SEN_BILESIN_BE_21
  • SEN_BILESIN_BE_22
  • SEN_BILESIN_BE_23
  • SEN_BILESIN_BE_24
  • SEN_BILESIN_BE_25
  • SEN_BILESIN_BE_26
  • SEN_BILESIN_BE_27
  • SEN_BILESIN_BE_28
  • SEN_BILESIN_BE_29
  • SEN_BILESIN_BE_30
  • SEN_BILESIN_BE_31
  • SEN_BILESIN_BE_32
  • SEN_BILESIN_BE_33
  • SEN_BILESIN_BE_34
  • SEN_BILESIN_BE_35
  • SEN_BILESIN_BE_36
  • SEN_BILESIN_BE_37
  • SEN_BILESIN_BE_38
  • SEN_BILESIN_BE_39
  • SEN_BILESIN_BE_40
  • SEN_BILESIN_BE_41
  • SEN_BILESIN_BE_42
  • SEN_BILESIN_BE_43
  • SEN_BILESIN_BE_44
  • SEN_BILESIN_BE_45
  • SEN_BILESIN_BE_46
  • SEN_BILESIN_BE_47
  • SEN_BILESIN_BE_48
  • SEN_BILESIN_BE_49
  • SEN_BILESIN_BE_50
  • SEN_BILESIN_BE_51
  • SEN_BILESIN_BE_52
  • SEN_BILESIN_BE_53
  • SEN_BILESIN_BE_54
  • SEN_BILESIN_BE_55
  • SEN_BILESIN_BE_56
  • SEN_BILESIN_BE_57
  • SEN_BILESIN_BE_58
  • SEN_BILESIN_BE_59
  • SEN_BILESIN_BE_60
  • SEN_BILESIN_BE_61
  • SEN_BILESIN_BE_62
  • SEN_BILESIN_BE_63
  • SEN_BILESIN_BE_64
  • SEN_BILESIN_BE_65
  • SEN_BILESIN_BE_66
  • SEN_BILESIN_BE_67
  • SEN_BILESIN_BE_68
  • SEN_BILESIN_BE_69
  • SEN_BILESIN_BE_70
  • SEN_BILESIN_BE_71
  • SEN_BILESIN_BE_72
  • SEN_BILESIN_BE_73
  • SEN_BILESIN_BE_74
  • SEN_BILESIN_BE_75
  • SEN_BILESIN_BE_76
  • SEN_BILESIN_BE_77
  • SEN_BILESIN_BE_78
  • SEN_BILESIN_BE_79
  • SEN_BILESIN_BE_80
  • SEN_BILESIN_BE_81
  • SEN_BILESIN_BE_82
  • SEN_BILESIN_BE_83
  • SEN_BILESIN_BE_84
  • SEN_BILESIN_BE_85
  • SEN_BILESIN_BE_86
  • SEN_BILESIN_BE_87
  • SEN_BILESIN_BE_88
  • SEN_BILESIN_BE_89
  • SEN_BILESIN_BE_90
  • SEN_BILESIN_BE_91
  • SEN_BILESIN_BE_92
  • SEN_BILESIN_BE_93
  • SEN_BILESIN_BE_94
  • SEN_BILESIN_BE_95
  • SEN_BILESIN_BE_96
  • SEN_BILESIN_BE_97
  • SEN_BILESIN_BE_98
  • SEN_BILESIN_BE_99
  • SEN_BILESIN_BE_100


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет