Бағдарламасы бойынша шығарылды Нұрғали Р. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет40/41
Дата15.11.2023
өлшемі1,65 Mb.
#124058
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
ТҮСІНІКТЕР 
Академик Р. Нұрғалидың тұңғыш өлеңі Семей облысы 
Шұбартау аудандық газетінде 1956 жылы басылған. Алғашқы 
мақала, рецензия, очерктері Семей, Қарағанды, Алматы га-
зет-журналдарында жарияланған. Профессор Б. Кенжебаев-
пен төлавторлықта жазған «Сабыр Шарипов» кітапшасы 1961 
жылы Қазақ университеті баспасынан шықты. Шығармашы-
лық сапардың әуелгі кезеңіндегі дүниелердің бірталайы кейін 
қайта қаралып, өзгертіліп, жүйеге түсіріліп, әр түрлі кітаптар-
ға енген. Тұтас жазылып біткен шығарма-зерттеулердің үзінді 
тарау-бөлімдері мерзімді баспасөзде, жинақ-журналдарда жа-
рияланған. Кітаптар қайта басылым кезінде тағы өзгертіліп, 
тақырыптық, проблемалық тұрғыдан жүйеленіп, тұтастанып, 
стильдік өрнегі айқындалып, жаңа сипат тапқан. Бұл дәстүрлі 
мінез, қаламгерлік машықты автор ұзақ жылдар бойы тұрақ-
ты түрде ұстанып келгенін осы шығармалар жинағына енген 
туындылардың жазылу, жариялану, қайта басылу, толықтыру 
тарихынан, түрлі нұсқалардың айырмашылық, өзгерістерінен 
анық көруге болады. 
«Драма өнері» монографиясы – Р. Нұрғалидың бір тақырып, 
бір проблема бойынша ұзақ жылдардағы ізденістерін қайта 
қарап, өңдеп, сұрыптап, тұтастырып шығарған үлкен, іргелі 
зерттеуі. Монографияның үзінділері, жеке бөлімдері, тарау-
лары әр жылдары мақала, кітап түрінде басылып отырған. 
Олардың қатарында «М. Әуезовтің творчествосы мен қоғамдық 
қызметінің алғашқы кезеңі (1917-1922)» («Қазақ тілі және 
әдебиеті мәселелері». – Алматы, 1966. Т.4. – 27-91-беттер), 
«Қилы заман қандай туынды?» («Қазақ әдебиеті», 1967, сен-
тябрь), «Қарагөз» трагедиясының екі нұсқасы» («Жұлдыз», 
1967, №3, 150-159-беттер), «Драматургияның даму бағдары» 
(«Жұлдыз», 1971, №11, 141-152-беттер), «Шекспирдің қазақша 
тұңғыш аудармасы – «Гамлет» («ҚҒА хабарлары, филология 
сериясы», 1971, №6, 45-53-беттер), «Комедиядағы тартыс пен 
мінез. Бейімбеттің күлкісі» («Жұлдыз», 1972, №8, 197-205-бет-


302
тер), «Драматургиядағы ақ өлең үлгілері» («Қазақстан мектебі», 
1972, №1, 82-84-беттер), «В. Шекспир және М. Әуезов» («Жа-
лын», 1973, №2, 122-145-беттер), «Бүгінгі драма өрісі» («Уақыт 
және қаламгер». – Алматы, 1976, ІV кітап, 223-242-беттер), 
«Халықтық-тарихи драма жасаудағы шығармашылық прин-
цип» («Жалын», 1978, 129-139-беттер), «О трагедии» Ч. Вали-
ханов С. Муканова» («Изв. АН КазССР, сер-фил», 1981, №4. С. 
30-37) сияқты ондаған еңбектерді көрсету керек. 
Алғашқы «Трагедия табиғаты» монографиясында (Алматы: 
Жазушы, 1968. – 176 бет) М. Әуезов драматургиясы зерттелді. 
«Талант тағдыры» кітабы (Алматы: Жазушы, 1969. – 128 
бет) қазақтың тұңғыш режиссері Жұмат Шанин және театр 
мәселелеріне арналған. «Күретамыр» монографиясында (Алма-
ты: Жазушы, 1973. – 236 бет) қазақ драматургиясының поэти-
касы талданады. «Өнердің эстетикалық нысанасы» кітабында 
(Алматы: Мектеп, 1979. – 192 бет) Сәкен Сейфуллин, Ілияс 
Жансүгіров драматургиясы сарапталған. 
Автор бұрын жазған еңбектерін қайта топтап, бір ар-
наға салып, редакциялап, жаңа тараулар қосып, қазақ дра-
матургиясының жанр жүйесін көрсететін көлемді монография 
шығарды («Айдын». – Алматы: Өнер, 1985. – 400 бет). Бұл мо-
нография қаламгердің «Арқау» атты екі томдық шығармалар 
жинағының бірінші томына кірді (Алматы: Жазушы, 1991. – 
576 бет). 
Еңбектің тағы да қайта қаралған, толықтырылған, ба-
йытылған соңғы нұсқасы «Драма өнері» деген атпен басылды 
(Алматы: Санат, 2001. – 480 бет). Бұл еңбек бірнеше рет орыс 
тілінде шықты. Біріншісі – «Поэтика драмы» (Алматы: Жазу-
шы, 1979. – 248 с.), екіншісі – «Казахская драматургия» (Аста-
на: Фолиант. – 254 с.), үшіншісі – «Эпическая драматургия» 
(Астана: Фолиант, 2004. – 288 с.).
Түсініктерді жазған Қ. Алпысбаев, 
филология ғылымдарының докторы, профессор


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет