(А.А. Карягин. Драма –
эстетикалық категория. – М., 1971. – 36бет).
Бүгінгі әдебиетіміздегі олқылықтарды атағанда, әсіресе,
адам жанының диалектикасына бойлай алмауды, психологизм
тереңдігінің жетіспеуін ашып айтар едік.
Осы ретте Сәкен Жүнісовтің «Қызым, саған айтам» дра-
масының көрермен көңілінен шығуы режиссерлік әдіс-
тәсілдердің, актерлер шеберлігінің жебеуімен ғана болмағаны
хақ. Бұл пьесаның композициялық құрылысында қазіргі
драматургияның ең қажетті сапа белгілері бар. Драмалық
әрекет хронологиялық ретпен жүріп, бір оқиғадан кейін екін-
ші оқиға туатын сюжет түзудің ескі канондары бүгінде заңды
түрде бұзыла бастады. Форма жаңғыртудың осы процесінде бас-
ты рольді психологизм талаптары, бір құбылысқа әр қырынан
келу арқылы объектіні тереңнен тану шарттары атқарып
отыр. Сахнаға көп адамды шығарып алып, улатып-шулатып
270
қойғанша, шағын топтың жүрегіне, сырына үңілу дағдысы
дәстүрге ене бастады.
Қай жанрда да өмір көріністері ой ағымы арқылы берілсе,
шығарманың эмоциялық мәні арта түсетіні суреткерлік тә-
жірибеден әбден аян. Ал сөздің қолма-қол ықпалы, көз
алдындағы құдірет-кереметі сыналар сахнада бұл формалық
тәсілді драматургтер қазір жиі қодданады. Мұның мысалын
«Қызым, саған айтам» пьесасынан көруге болады. Түп қазық
кейіпкер Рәзия тататын дәмі таусылып, өмірден көшейін
деп жатқан кезінде тіршілікте азап көрген тұстарын, биікке
көтерілген төбелерін, өзекті өртеген өкініштерін, жүректі
тулатқан қуаныштарын көз алдына келтіреді.
Жастық шағы соғыстан кейінгі қоңырқай жылдармен дөп
келген Рәзия – беттің қызылы, көздің нұры барда дүниені
жал пағынан басып, шайқап өтуді мұрат тұтқандар моралінің
тұтқыны болған адам. Тегінде, паң сұлудың жақсы-жаманды
айыр май, көркімен дүниені бағындырам дейтін оқшау асқақ-
тығы болады. Бұл қызық үй болып, отау тіккен соң қалыпты
арнаға түссе – наз, еркелік; шідер үзіп, шеңбер бұзып, шылбыр
сүйретіп кетсе – жіңішке жүріс, суық жол аталмақ.
Жақсы отырыс, көңілді қонақ, той-томалақты тіршіліктің
сәні деп білетін, өзі бұрау басын сындырмайтын ерке тотай жас
келіншектің қан майданның қасіретін көріп, өмірдің нарқын
танып келген, енді шұғыл ізденіс жолына беттеген, дырду-
дан тыйылып, ес жинаған еркектен суынуы психологиялық
жағынан нанымды көрсетіледі.
Бірде Рәзияның ойы, бірде Мұраттың ойы арқылы беріле-
тін сценаларда драмалық кернеу, ішкі тартыс бар. Бұрын маң-
дайына тас тиген, бармағын шайнаған адамның өмірдің жаңа
талқысында анау-мынау мінез көрсетпей, оңай селкілдеп, тез
шытырламай, басқа түскен ауыртпалықты көтеріп алып, табан
тіреп тұратын қайсарлығы болмақ. Мұның да шегі бар.
Әйелі Рәзияның қылт-сылтына кешіріммен қараған
Мұраттың терісінің кеңдігі алғашқы сценаларда көңілге қон-
ғанмен, дәл әйелінің басқа еркекпен кетіп қалғанында, өз
271
үйінде бөгдемен көңіл табудың үстінен түскенінде селт етпе-
уін, оқыс әрекетке бармауын қабылдай алмаймыз. Бұл жерде
көп шығармаларда белең алып бара жатқан жар опасыздығына,
әсіресе әйел осалдығына кешіріммен қарау сарынының жаман
салқыны бар.
Ежелден қанымызға сіңген киелі дәстүр, сұлу махаб-
бат, адал сүйіспеншілікті бейнелегенде, жазушыларымыз
былқылда май, айқын авторлық поэзия танытуын қалар едік.
Қойшылардың көзін бояп, алдаумен ақшаға кенелген Құмар,
сұлу әйелдер мен мырза жігіттерді жолығыстырып жүріп,
жеңгетайлықпен алтын сақина таққан Шүйкетай бейнелері –
қабілетті актерлердің ойынына өріс беретін персонаждар.
Қазақ әдебиетінде ескі жөн-жобаны ұстанушы мен жаңалық
бастаушы арасындағы тартыс көп шығармаларға арқау болған.
Бұлардың ішінде барлық жанрдың туындылары бар. Екіұдай
болып сілкісетін кейіпкерлердің бірі кертартпа, соқыр тауық
қалпында алынса, бірі төрт құбыласы түгел, су жорға ретінде
бейнеленуші еді.
Шыны керек, Әкім Таразидің «Жолы болғыш жігіт» дра-
масының негізі белгілі канондарды еске түсіреді. Институт-
ты бітірген жас маман Бөкеннің бастамасына директор, ауыл
ішінің белсендісі, облыстық мекеменің бір бастығы қарсы.
Бірталай жыл өткеннен кейін бұрынғы бастамасынан енді үлкен
қызметкер болып кеткен Бөкеннің өзі де бас тартады.
Зады, көркем шығарманың қадір-қасиеті оның эмоция-
лық әсеріне, эстетикалық информация-сигналына байланысты
өлшенсе керек. «Жолы болғыш жігіт» драмасында автор таныс
конфликтіні ала отырып, жаңа жағдайларды көрсетеді.
Ең алдымен драманың өзіне тән ерекшеліктері, бүгінгі та-
лаптар ескерілген бе?
Бірталай пьесаларымыз диалог жасаудан ақсап жүр.
Кейіпкерлер сөзі – бір нәрсе туралы пікір, тұжырым ғана бо-
лып келеді. Олар синтаксистік жағынан алғанда дұрыс жазыл-
ған, сөйлем мүшелері нормативті грамматика заңдарына дөп
келеді.
272
Ал классика тәжірибесіне үңілгенде, драма тілі дегеніміз
негізінен сөйлеу тілінің интонациясына, ырғағына бағынады
ғой. Драма тілі – кейіпкердің жұрт алдында ойлануы, қателесуі,
жеңуі, жеңілуі ғой. Ендеше, жып-жылмағай, жылтыраған, жұ-
тынып тұрған судыр сөз ешқашан пьеса тілі бола алмайды.
«Жолы болғыш жігіт» драмасының кейіпкерлері бүгінгі
өзіміз білетін адамдардың таныс тілімен сөйлейді. Олардың
лексикасында әр түрлі терминдер, географиялық, эко
но-
микалық атаулар, әлеуметтік, философиялық ұғымдар, тіпті
ұзын-ұзын цифрлардың кездесуі бізді таңырқатпайды.
Бір кезде батырлар, сал-серілер, шешен-билер, ғашықтар об-
разын жасауда Мұхтар Әуезов, Жұмат Шанин, Ғабит Мүсіре-
пов классикалық шеберлікпен қолданған ақ өлең үлгілері,
тақпақ кестелері бүгінгі адамдарды бейнелеуде драмалық тілдің
бірден-бір үлгісі еместігін мойындайтын уақыт жетті ғой деп
білеміз. Зер салған адам сол атақты драматургтеріміз қазіргі за-
ман шындығына ойысқанда, реалистік тіл табудың қиындығы
мол ізденістеріне түскендігін анық аңғарады.
Адам мінезі, негізінен, оның сөйлеген сөзі арқылы ашыла-
тын жанр – драманың тағы бір ерекшелігі – әрекет тұтастығы,
психологиядағы динамика болып табылады. Әкім Тарази ай-
тылмыш пьесасында осы екі буынның жанды жерінен ұстаған.
Үлкен мансапты кісілер келе жатқанда совхоздағылардың
әбігерге түсуі әбден түсінікті. «Үйге кірген жыланның басына
ақ құйып шығару» пәлсапасын меңгергендігі, еңбегі бар ма,
жоқ па, оған қарамай мақтау сүйетіндігі, ірілердің қас-қабағын
бағуы – қарбалас кезінде Асан директордың осындай сыры
сезіліп қалады.
Сахнаға Кірпішбай шығады. Әкімнің «өз кейіпкері», оның
прозалық шығармаларының бел ортасында жүретін, аты заты-
на сай ескі танысымыз Кірпішбай. Соңғы кездесуден бері бұл да
өсіпті. Облыс орталығында тұрады, экономика ғылымының
кандидаты атағын алыпты. Ал Бөкен мінезіне қарап, Асау Бөкен
аталып кеткен жігіт те жазушының шығармашылығын да бар
273
персонаждарды еске түсіреді. Сахнаға шықпайтын Мүйізов,
Амановтар да доданың ортасында.
Әліптің аяғын баққандар қашанда тісқаққандар, жаңа іс, игі
бастаманың қоғамға, прогреске пайдасы емес, өзінің қарақан
басына ұпайы қандай деген іш есепті бұрын жасамақ. Өз ата-
ғын, әсіресе өз мерейін үстем етсе, өз дәулетін көбейтсе, сонда
ғана қол ұшын береді, сонда ғана күреседі. Тоғышарлықтың,
эгоизмнің бұл жаман түрі, әсіресе, іс басында, билік тұтқасында
отырған адамның буынын шалса, көп дүние бүлінеді. Ноқта-
жүген тимеген шу асау, қалтқы, тіреуіш дегенді білмеген, басы
бос, кеудесі толық аршынды жас айла-шарғыны ойламайды,
амал іздеп, қулық жасамайды, нысанаға тура тартады.
Кірпішбай – Бекен арасындағы қақтығыс – осындай
екі ұ дай, екі жар, екі концепцияның қақтығысы. Бекеннің
идеясы бел алып, жақтаушысы көбейген соң Кірпішбайлар
олжаға, абыройға еншілес болмақ.
Пьесадағы есте қалып қоятын бір персонаж – Алтынтіс.
Жанжал шақырып, жау жетті, өрт келді деп жүретін дәл осын-
дай қызылкөздерді әр жерден кездестіруге болады. Алтын тісін
жұтып қойып, ішін басып, далаға жүгіруі – әсіресе көп күлкі
тудырады. Күйкі тірлік иесіне, пұшайман қылыққа күлесің.
Бүгінгі қала жастарының өмірін көрсетуге арналған шы-
ғарманың бірі – Аманжол Шамкеновтің «Табамын сені» дра-
масы. Композициялық бітімі сахналық талаптарға лайықтап
жасалған, бас-аяғы жинақы, ықшам. Жанр сырына қаныққан
қаламгердің қолтаңбасы аңғарылады. Алғашқы сценаларда
беделді ата-ананың еш жерде қызмет істемейтін шолжың, ерке
ұлы Арнұрмен жүздесеміз.
Қазақ сахнасына жиі шығатын таныс персонаж. Тілі шұ-
бар. Мінезі шәлгез. Қасындағы бойжеткен Заданың да жеңіл-
желпі, ұшқалақ сезім жетегіндегі жан екендігі салған жерден
белгі береді. Бұл да ана тілін дұрыс білмейтін, шәлкем-шалыс,
балдыр-батпақ лексиканың иесі.
Осыларға қарсы тұрғыда алынған Сымбат пен Бораш
ұқсас қалыптан шыққан. Әсіресе Бораш емтиханға әбден да-
18-0195
274
йындалып келген студент секілді тақылдап тұр. Үнемі дұрыс
сөйлейді. Барлық жағдайда айтылатын сөздері әзір. Автордың
көрсеткеніндей, заводта істеп, институттың кешкі бөлімінде
оқитынына да сенейік, сонда жиырмадағы бозбалаға тән алып-
ұшқан көңіл, алабұртқан жүрек, лапылдаған сезім қайда? Анау
Сымбат деген бойжеткенде де қырықтағы сарқарын әйелдің
кекселігі бар.
Жоқ! Жағымды бейне жасаудың жолы мұндай артық бояу,
сылап-сипау, ұсақ-түйек емес, кейіпкердің шыққан ортасына,
жасына, мамандығына лайық психологиясын ашып беретін
реалистік тіл екендігіне дәл осы пьесадағы Арнұрдың әкесі мен
шешесінің арасындағы сәтті, сенімді диалогтардың өзі-ақ көз
жеткізеді.
Ретімен қолданылса шарттылық тәсілдердің қай жанрда да
көркемдік құралдардың ұтымды бір түрі бола алатыны мәлім.
Кездейсоқ, күтпеген, оқыс оқиғаларды шығарма сюжетіне
ендіргенде образ логикасына жүгінуіміз керек. «Табамын сені»
драмасындағы Арнұрдың аяқ астынан үйленем деп үйіне қыз
ертіп келуі, біреуді құтқарам деп машина астына түсіп жарала-
нуы – жасанды ситуациялар.
Сөз қадірін жақсы білетін, әсіресе сын-сықаққа, сатира,
күлкіге бейім қаламгер ретінде танылған Садықбек Адам-
бековтің шығармашылық олжасы – «Аюбайдың ажалы» пьеса-
сы. Шығарманың трагикомедия аталуы да заңды.
Ел ішінде көп жүріп, бүгінгі күннің көкейкесті проблема-
ларына публицистикалық мақалалар, фельетондар арнаған
жазушының мына еңбегі әр түрлі өмір құбылыстарын екшеп,
қорытып, жинақтаудан туғандығы аңғарылады. Қолдан жа-
салған қуыршақ кейіпкерлер, манекен персонаждар жалық-
тырғандығы болар, әйтеуір «Аюбайдың ажалынан» тіршіліктің
тынысы бар, шын ашуланатын, шын күлетін адамдарды көріп
риза боласың. Бұлар кімдер сонда?
Оқиға теміржолдан шалғай, мал шаруашылығымен айна-
лысатын аудандардың бірінде өтеді. Аудандық ауыл шаруашы-
лығы басқармасының бастығы Біржан бір төбе, оның орынба-
275
сары Кәлмен, ферма меңгерушісі Аюбай, облыстан келген өкіл
Айғақ Шоқшашаров және бір төбе.
Үйінде өтірік ауырып, әдейі бюроға бармай қалған Кәлмен-
нің мойнында – бинокль, қарсы кеңсеге көзі талғанша қарайды,
қойнында – телефон, көмекші қыздардан не болып жатқанын
сұрайды. Бұл – анық жымысқы адамның типі. Екі көзінен со-
расын ағызып, өтірік мүсәпір көрініп, зар еңіреп жылап жүріп,
өзгеге зорлық жасайтын қу мүйіздің типі. Жығылып жатып
іштен шалу, мансап үшін кімді болсын құрбан ету – тіршілік
әдісіне айналып кеткен жырындының типі. Мұндайлар үшін
алысқан қол, берген уәде суға жазған сертпен тең, аяқ астынан
нілдей бұзылып шыға келуі де оп-оңай. Ұстараның жүзіндей
лыпып тұрады.
Бұрын осы ауданда істеп кеткен, енді өкіл болып келген
Шоқшашаров – басқа мінездің адамы. Кісі көзінде кішірей-
меу – ұстанатын кредосы. Өмірге киімшең келгендей, шля-
пасы шешілмейтіндей, түймесі ағытылмайтындай, сауыт
киіп ал ғандай, сыздап тұрып, қасына жақындатпай, алыстан
ысқы рынбақ. Әншейін көрген көзге бұдан мықты жоқ. Бар
дүниенің тұтқасын ұстағандай шіренеді. Ал шідер үзіп кет-
кен шағында ақтарылғанын көрсең... Аюбай образын қазақ
драматургиясының соңғы
жылдарындағы есте қалатын бір
бейнесі деп білеміз. Драматург оның сөздік сипаттамасын
сәтімен тапқан. Оқыс, шайпау, ащы тіл, дөрекі, ұрдажық мінезді
ашады. Ылғи әр жерге қыстырып жіберетін «жүз проценті» де
жарасып тұр. Кәсібінен, жұмыс бабынан қалыптасқан ондай
тіркестерді жасанды нәрсе деуге болмайды.
Драматург жұртшылық назарын маңызды психологиялық-
моральдық проблемаға аударған. Еңбек процесінен рақат
таппай, оның жемісін, атағын, даңқын ғана қызықтау –
тоғышарлық жолы. Бел ауыртып, балтыр сыздатпай, басқаның
жұмысын пайдаланып кету, алдау, көзбояу арқылы төбеге,
даңқ, абырой биігіне көтерілу – адамгершілік табиғатына мүлде
қайшы келетін келеңсіз құбылыс.
276
Өзіне-өзі есеп беруді қойған, ар алдында қысылу сезімінен
айрылған адамдар ғана қабілетінің келер-келмейтініне, еңбе-
гінің татитын-татымайтынына қарамастан аспанға қарап,
алақанын жаяды. Осындай дертке шалдыққан соң адамшы-
лықтан айрылып, масқаралық батпағына бату оп-оңай.
Пьеса финалында Зибаштың Аюбайды атып тастауы –
адамды селт еткізер оқыс әрекет болып көрінгенмен, ойлаған
кісіге дұрыс, заңды шешім. Бұл – аюбайлыққа жасалған үкім.
Жағымды ыңғайда алынған Біржанда есте қаларлық әрекет
жоқ. Екінші картинада ылғи арақ-шарап ішіп алған адамдардың
көрсетілуі шарттылық, карикатураны көбейтіп, пьесаны
жеңілейтіп жіберген. Нақышты тілі бар қаламгердің құлақ
кесердей кесек сөздерді жиі қолдануы дұрыс емес. Мөлшерден
асып кеткен нәрсенің қайсысы да жақсы бола алмайды ғой.
Қазіргі драматургияда әр түрлі шығармашылық ізденіс, бар-
лау жүріп жатыр. Негізінен ұлттық фольклор үлгілерін арқау
етіп, европалық классикадан үйрене жүріп ержеткен жанр –
қазақ драматургиясындағы бағдар – дәуір адамының, жаңа
тұрпатты қаһармандардың сом тұлғасын жасау проблемасы.
Мұхтар Әуезов айтқандай, «Тегінде татымсыз тақырып жоқ.
Қандай ауданы аз орта, шамасы шағын әрекет жайындағы кез
келген тақырыпты алсақ та, баршасында атом қуатындай қайрат
бар. Бірақ сол қуатты тауып ашып, шынын шешіп көрсете білу
шарт»
Достарыңызбен бөлісу: |