Бағдарламасы бойынша шығарылды Нұрғали Р. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет21/41
Дата15.11.2023
өлшемі1,65 Mb.
#124058
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41
Байланысты:
Аширов

(М. Әуезов. Таңдамалы шығармалар. – А., 1956, 5­том. – 
332­бет).
Жаңа басшының, коммунистің сөзі. Шырға, амал, есеп ой-
лап тұрған жоқ, бел шешіп, білек сыбанып кірісіп кетті. Елді ау-
зына қаратқан шешендердің сөз айшығын, өрнек-кестесін әбден 
меңгерген.
Алғашқы кездесудің шешім байлауын Мұрат өзі түйеді: 
«...Ал онан соң анау Балқыбекті қордалы байлық Балқыбегі 
етеміз. Тауда түлігің, егісте егінің жайқалып тұрған ел етеміз. 
Бірінші апрель ойын емес, шынымен сын күн. Ең алдымен МТС-
қа, мына МТС директоры, Нияз, саған сын. Бар тракторыңның 
ремонты бітіп, барлық күшіңмен осы колхоздарға көмекке 
шығу ға міндеттісің. Ол бір, екінші сол, бұл күн саған да сын, 
«Жігер» колхозы! Және сын болғанда қандай сын, мәймөң ке-
лейтін түгі жоқ. Сол жаңағы барлық үлкен егіс, үлкен тауды ау-
даратын, меңгеретін срогің он бес-ақ күн...» 
(Сонда, 323­бет).
Драматург реалистік пьеса қаһарманына лайық сөздік 
кестені дәл тапқан. Мұрат лебізінен қазақтың шешендік өнері, 
билер дәстүрі жақсы аңғарылу үстіне, заман ырғағы, мезгіл 
әуені, партия қызметкерінің стилі көрінеді.
Дұшпан ортаның сыры қалтарыста, далада, жасырынып, 
ұрланып сөз байласып, уәде бекітіп жатқандардың кездесуінде 
ашылады. Көп адам көзге көрінбейді. Екеу-үшеуі ғана бас 
қосады. Қолынан билік кеткен таптың өкілдері тұяқ серпер 
шақта жымысқы айла, жіңішке қулық жолы түсетінін бек 
ескерген драматург орайлас ситуацияларды жалаң алмай, 
психологиялық құбылыстармен жақсы ұштастырған.
Әлеуметтік үлкен төңкерістер қашанда бір шаңырақтың 
астындағы адамдардың өзін әр түрлі толқынға түсіріп, шалғай 
жағаларға апарып тастамақ. Осы сипаттағы тартыс ағалы-інілі 
екі азаматтың – Қонай мен Балтабектің жүрегін шабақтайды. 
Ескілік сенімінің жетегіндегі Балтабекті бұрынғыдан бетер 
шүйлеп, жауықтырып, колхозға қарсы айдап отырғандар алды-
мен ауызды өз ағаңа сал деп үйреткен.


140
Сол азғырындымен желіккен Балтабек қасақана ағасы 
жылқышы Қонайды зиянкестік жолға тартпақ. Бұлардың диа-
логы сәтті жазылған. Ырғақты, ішкі ұйқаспен айшықталған 
лебізді естиміз. Екі түрлі сенім, екі түрлі мінез ашылады.
Айтылмыш пьесада көп адам қатысатын көріністер мен 
екі кісі, үш кісі ғана болатын көріністер ауысып кетіп отыра-
ды. Көпшілік сценаларында заман қалыбын, уақыт жағдайын 
аңғартатын диалогтар мол.
Аз күннің ішінде, көктемгі егіс науқанының үстінде кол-
хозшылар бірімен-бірі жалғасқан, бірінен-бірі сорақы көп жау-
лыққа жолығады. Жаңа заман жаршысы, өскелең өмірдің жыл 
құсы іспетті алғашқы тракторға елдің ықыласы, ынтызары 
аууы заңды құбылыс болатын. Осы жағдайды сезген дұшпан-
дар тракторды әдейі бұзып қояды. Драматург кішкентай деталь-
ды әлеуметтік көзқарастарды, психологиядағы жаңалық пен 
ескілік күресін ашуға жақсы пайдаланған.
Залым адамдар өзі істеген сұмдықты басқаға жауып, көпе-
көрнеу ұпай алып жүре береді. Мінез алшақтығы ғана емес, 
саяси сенімдер қайшылығынан туған айқас әрқашан да бітіс-
пес айқас.
Аудандық атқару комитетінің төрағасы Сейіт колхоз құ-
рылысына қарсылық, қастандық қимылдарын мысықтабан 
зымияндықпен жасайды. Адал, таза адам, МТС директоры 
Нияз ға трактордың бүлінуіне жазалысың деп жармасады. Ке-
кірт, қисық, дөрекі сөйлейді.
Әділ, шыншыл, принципшіл қасиетін Мұрат бұл жерде де 
көрсетеді. Өзімен үзеңгілес басшы, аудан жағдайын бұрыннан 
жақсы білетін ескі қызметкер, ауыл-аймаққа танымал адам 
ғой деп, есеп ойлап, қулық сақтап, үндемей қалуына болар еді. 
Онда сеніміне, арына опасыздық еткені емес пе? Қара бастың 
амандығын қарастырып, жазықсыз азаматты теперішке беріп 
қоя ма? Жоқ, олай ете алмас Мұрат.
Сейіт – Мұрат арасындағы қақтығыс ұлғайып, өсіп, пьеса-
дағы негізгі тартыс арнасының біріне айналады. Алғаш қыда 
өзін сыпайы ұстаған Мұрат келе-келе Сейіт тым алшаңдап, 


141
тым шалқайып, мәмілеге бұрылмаған соң берік позицияға 
көшеді. Жасырын дұшпандар қастық үстіне қастық, жаулық 
үстіне жаулық шығарады. Әуелі трактор бүлінеді, одан кейін 
Жарқынның баласын өлтіріп кетеді. Колхозшылардың осы 
жаманшылыққа қарсылығы, қызылкөз пәлені іздеуі – таптық 
сана-сезімнің өсуі, адам психологиясындағы сапалы өзгерістер 
сипатында көрінеді.
Мезгіл, уақыт қандай шығармаға да ықпал етпек. Бұл 
құ 
былысты туындының лексикасынан, айшық өрнегінен, 
стильдік бояуынан, идеялық мұратынан, пафосынан, авторлық 
кон цепциядан, бір сөзбен, кез келген жерден тауып алу қиынға 
соқпайды.
Науқандық сарындардың, өткінші ағымдардың, пікірлер-
дің, ойлардың әсері шығармада дендеп кетсе, көркемдік сол-
ғындай бастайтынын «Шекарада» пьесасынан да көруге бо-
лады. Бір колхозды іштей кеулеп, жегіқұрттай жайлап алған 
дұшпандар тіпті көп. Сейіт, Ысмайыл, Степан, Жарқын, Бал-
табек, Біреу, Байназар, Торқа. Қызметтері де осал емес, бірі – 
аудандық атқару комитетінің председателі, бірі – МТС дирек-
торының орынбасары, бірі – кешегі колхоз бастығы.
Пьеса жазылған тұстағы кейбір саяси сарындар «Шекара-
ның» көркемдік бітіміне салқынын тигізгені аңғарылады.
Алғашқы суреттерде қынаптан қылыш суырғандай өткір 
өлендерімен көзге түсетін төкпе ақын Сәттің кейін сахнадан 
шығып қалуы бекер болған.
Драматург жақсы тапқан, авторлық мұратымен орайлас, 
ақындық, даналық өкілі іспеттес кейіпкерінен көз жазып 
қалған. Зипамен арасындағы қарым-қатынастың табиғилығы 
жетіспейді.
Зиянкестік көбейген сайын жаңа бір қырынан танылатын 
қаһарман – Мұрат. Шошып, дегбірі қашып, берекесі кетуден 
аулақ. Қайраты мол, төзімі берік. Қасарысқан қас дұшпанға 
қарсы жұмсар қару іздейді. Сенері де, семсер сілтері де қалың 
колхозшы. Дуалы ауыз Сәрсек, ақылды әйел Ажар, жылқышы 
ата Қонайға арқа сүйейді. Жауды жеңіп шығу үшін алды-


142
мен осылардың ойын білмек керек. Омар, Ганшин, Нияздар 
жағымды қаһармандар санатында жүргенмен, көптің ішінен 
дараланып, ерекшеленіп көрінбейді. Бұлардың сөздері ұқсас, 
мінездік сипаттары қалыптас. Ал Мұрат бейнесін мүсіндеуге 
драматург ерекше мән берген. Жағдайға, тартыс ыңғайына 
орайлас Мұрат әрекеттері өзгеріп отырады. Бұл өзі кісі жанын 
сезгіш, психологияны аңғарғыш адам. Қолымда билік бар деп 
өктемей, жылы, жақын келіп сөйлеседі. Жылқышы Қонаймен 
арадағы диалог:
«– Ендеше сені оп-оңай су түбіне батыра салады деме, сен 
қурай емессің. Қолдан Қонай жасап ала аламыз ба, оп-оңай ма? 
Жасаған ағатың болса өзің түзеп көр, тағы сынайық деп айта 
алмайды деймісің?
– Айналайын, айналайын-ай, тіпті жаным жаңа сая таба-
йын деді-ау мына сөзіңнен. Ендеше мен қайтейін, не істейін, 
өзің айтып берші, сонымды да өзің айтшы!
– Олай болса, мынау іс қастық ісі болар.
– Япыр-ай... ә..? Не дейсің, айналайын-ау?
– Қастық болса және бірден малын торыса, екіншіден, сені 
де, дәл осы тұрған Қонайды да қадаған қастық болмасын.
– Япыр-ай... Не дейсің, қалқам-ау, е-е...
– Өзге жылқышының тобына килікпей, сенің жылқыңа 
неғып ілігіп отыр? Осы бір жағы сені де түйреген оқ емес пе 
екен? Ал, міне, ойлан, ізден, бұл істің тамырын қазып, аршып 
ақтаруға бір жағынан өзіңді қосайық. Дәл сен білген жерге сені 
тартайын деп жүрген жылым жоқ па екен? Осыны алдымен өзің 
іздесіп, былық болса өзің тауып көрсең қайтеді?
– Болды, Мұрат. Нар тәуекел! Жібер, мені де жіберіп көрші, 
айналайын...»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет