Бағдарламасы бойынша шығарылды Нұрғали Р. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет17/41
Дата15.11.2023
өлшемі1,65 Mb.
#124058
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41
Байланысты:
Аширов

(Көше­
ков – Р.Н.) 
пьесаның қызыл әскердің он жылдық мерекесіне 
жарияланған бәйгеге түскенін, сахнаға ыңғайлы екенін, Асыл-
бек ролінде Елубай Өмірзақов, Зейнеп ролінде Зура Атабаева, 
полицей ролінде Әміре Қашаубаев ойнағанын айтады 
(«Еңбек­
ші қазақ», 1928, 27 наурыз, №69).
1929 жылы қойылғанда жаңадан пьесаға тағы екі перде 
қосылғаны Қапсынқа (Қадыр Тайшықовтың бүркеншек аты) 
мақаласында көрсетіледі 
(«Еңбекші қазақ», 22 қазан, 1929, 
№243). 
Спектакльдің декорациясына, костюмге, актерлер ойы-
нына назар аударған. Бұрынғы аты өзгертіліп, «Шахта» болып, 
пьеса 1930 жылы басылып шықты. Қолда шығарманың алғаш 
қойылған варианттары, қолжазбалары жоқ.
Драматург бірден кеншілер өмірін жақсы білетіндігін аң-
ғартады. Қысқа, дәл штрих. Шахта тынысын танытатын де-
корациялық ремаркалар берілген. Кейіпкерлер тілінде кәсіби 
сөздер жиі кездеседі.
Пьесадағы әрекет бірер адамның арасындағы жеке бастың 
тартысы емес, тап пен тап айқасы. Сондықтан болса керек, 
шығармада көпшілік сценасы басым, жеке мінездер, жеке ха-
рактерлер даралығы құнтталмайды, кеншілердің жалпы көңіл 
күйі, жалпы қарсылық атмосферасы бар.
Шымылдық ашылғанда шахта астындағы қазақ жұмыс-
шылары Жұмаділ мен Жұманиязды көреміз, сәтті табылған 
деталь – насыбай шыны. Кеншілер күні бүгінге дейін насыбай 
атады ғой. Ұнжырғасы түспеген, мойындарына су кетпеген, өр 
кеуделі жандар. Болат қайланы кезі келсе қожайындар жүрегіне 
сұғар қаһарлы кейіп. Пьеса тартысының ұшқыны – кеншілер 
мен подрядчик арасындағы қақтығыс. Талап, ашулы талап.


111
Шағын көріністер тез-тез ауысады. Шахта өмірінің әр қы-
рын асығыс шалып қалғандай боласың. Омбы жұмысшылары-
нан астыртын келген өкіл Ежов – пьесаның идеялық жүгін 
арқалаған негізгі кейіпкердің бірі. Драматург осы қаһарманның 
аузына кесек-кесек саяси пікір салады. Өжет, ойлы жігіт Асыл-
бек оны іле қолдап, өзі де ағытылады. Бұл бейнелердің пси-
хологиялық сенімділігі аз болғанмен, олардың қимылынан, 
ісінен революциялық күрес аренасындағы пролетариат жолы 
елес бергендей.
Тұңғыш драматургтеріміз реалистік пьеса жасау қиын-
дығына қоса, көрермен мәдениетін тәрбиелеуде де мол тер 
төк ті. Ән десе, күй десе ішкен асын жерге қоятын халқымыз-
дың ұлттық ерекшеліктері ескерілді. Осы мақсатпен қазақ 
театрының алғашқы спектакльдерінен соң концерттер беріле-
тін болған. Көрерменді әнмен, күймен тарту талабы тұңғыш 
драмалық шығармалардың барлығының бітіміне әсер еткен. 
«Шахта» музыкалы драмасында сюжеттің даму логикасына 
бағындырылмай енгізілген ұзақ өлеңді монологгар бар, қара 
сөзден кілт секіріп, әндетіп қоя беру – нанымсыз, жасанды. 
Пьесаның барлық пердесінде кездесіп отыратын ән текстерінің 
сөздері – қарадүрсін, шала ұйқасқан ортақол өлеңдер. Бұл 
кемшілікті кезінде сыншылар әділ көрсеткен еді.
Кеншілерге қарсы жау таптың өкілі ретінде Борсықбай 
мен Зотов алынған. Отызыншы жылдардағы қазақ әдебиеті 
үшін Борсықбай қызықты әлеуметтік тип. Бұл – жиырмасын-
шы ғасыр басында өндіріс орындарында төбе көрсеткен қазақ 
буржуазиясының өкілі. Шынтуайтқа келсек, пьесадағы ең 
толыққанды кейіпкер – Борсықбай. Сөздері, іс-әрекеті, тұр-
мысы басқа қара қазақтарға қарағанда ірі, бөлек. Екі асап биге 
шығып жүрген алаяқ. Ол тіпті шахта қожайындарының алдын-
да бас ие қоймайды. Ауыздарын алып тастаған, көмейі толған 
соң кім секірсін?
Жұмысшылардың еңбекақыны дәл жазбадың, жеп қойдың 
деп Борсықбаймен ілінісуі бірте-бірте күшейіп, асқынып, сая-
си қарсылыққа ұласады. Рас, санадағы бұл өте күрделі эво-


112
люция пьесада реалистік сенімділікпен, психологиялық ар-
нада бейнеленбейді, схемалы түрде тез, оңай шешіледі. Ежов 
пен Асылбектің ұранды сөздерінен соң кеншілер ұйымдасып 
шыға келеді. Ұлттық шырмау, революцияны түсіну қиын дығы 
секілді проблемалардың пұшпағы көтерілмейді.
Әуелі Зейнеп үшін Борсықбаймен шайнасып қалған Асыл-
бек жер астынан бір қолынан айрылып шыққан Кәрібай үшін 
екінші рет шайқасады. Қыз үшін таласушы жігіттер арасын-
дағы сілікпе емес, әлеуметтік астары бар күрес, таптық айқас. 
Билік тұрғанда неге аянсын, күштілер тізеге басып жіберді. 
Асылбек ұсталып, абақтыға жабылады. Аяпберген деген жұ-
мысшы осындай қысталаң шақта Ленин есімін ауызға алады.
Үшінші пердеде төселген драматургтің қолтаңбасы бар. Сах-
налық әрекеттің молдығы, конфликтілі диалогтар, әр түрлі ха-
рактерлер тұрпаты назар аудартады. Штейгр, кен бастығы, бух-
галтер – Борсықбай үйінің қонағы.
Жиһаз да бөлекше: дөңгелек стол, сөреде кітап. Күтуші – 
еркек. Оның өз есімін атамай, «Жыланбай» деп кемсітіп ша-
қырады. Зорлап тұтқын етіп отырған Зейнепті келгендер под-
рядчик үшінші әйелдікке алған деп ойлайды, бірінің аузына бірі 
түкіріп қойғандай, құттықтап жатыр. Адам тағдырын, әйелдің 
көз жасын ойлау қаперлерінде де жоқ, дарақы, топас күлкі. Исі 
қазақ қызы не айтсаң соған көніп, қайда бұрсаң сонда жүретін 
тобанаяқ дейді шаңырақ иесі.
Жырым жалап, жұрт үстінен ұрлықпен күн көріп жүрген 
мерез тобырдың тұрпайы қалжағына Зейнеп ащы тілмен той-
тарыс береді. Маңдайына тас тиген, торға түскен пенденің жан 
ашуы, бетің бар, жүзің бар демейтін шындық. Алдында ғана 
желігіп құтырып отырған жуандарды ыстық от шарпып өт-
кендей. Зейнеп анасы Балқияның сай-сүйекті сырқыратардай 
зары Борсықбай құлағына шыбынның ызыңындай ғана болып 
естіледі. Екеуін тезірек тайдырып, түк көрмеген, еш нәрсе ес-
тімеген кейіппен картаға отырады. Сырттай жылтырағанмен, 
іштей атысып-арбасқан бақастық. Бес-он тиынның өзі ата-


113
бабаларының көз құнындай. Саусақ дірілдейді, өң бозарады, 
қабақ салбырайды.
Драмалық сюжетте кілт бұрылыс, қылт етпе өзгерістер-
дің жиі кездесуі заңды құбылыс. Арақ ішіп, карта ойнап, 
мәре-сәре боп дүние-тірлікті ұмытқандай боп отырған шах-
та қожайындарының үстіне рұқсатсыз киіп-жарып Ежов, 
Жұманияз, Аяпбергендер кіріп келеді. Тымырсық, қапырық 
бөлмеге ақырған аяз ызғары соққандай.
Сегіз сағаттық жұмыс күні, еңбекақыны заттай беру, по-
лиция сойқандарына тыйым салу, түрмеде жатқан Асылбекті 
кепілдікке шығару, жалмауыз подрядчикті босату – бұларды 
көптің атынан Ежов өтініш етіп айтып тұрған жоқ, ызғарлы 
кейіптері «берсең қолыңнан, бермесең жолыңнан» дегендей.
Үкімет басына большевиктер келіп, дүние төңкеріліп, ас-
пан аударылып жатқан мынау тар кезеңде жұмысшыларды 
желіктірмей неге тыныш жүрмейді екен Ежов? Осының қара 
басына не керек? Шахта меңгерушісі мәмілеге шақырады, бір 
адамның тілін табу қиын емес шығар деп ойлайды. Саяси күрес 
бұлардың несін алған?
Жоқ, бұл пәтуа табар майдан ба, кімді-кім құртадының за-
маны, шегінетін кеншілер жоқ. Өз босағасында мойындары 
ыр 
ғайдай қара табандарды Борсықбай тайраңдатып, басқа 
шығарып қоя алмайды. Оның мінезіне сыйымды қылық: 
Аяпбергенді мылтықпен басып салады. Қан төгілді!
Пьесадағы бұдан кейінгі тартыс – бітіспес күштер қақтығы-
сы. Жұмысшылар қолында қару. Абақтыны бұзып, Асылбекті 
босатып алған. Дүрбелең, көпшілік сценаларынан шытырман 
уақыт лебі еседі. Штейф, Зотов, Борсықбайлар енді қашқын. 
Қызыл әскерлер тобы да жетті. Командир – Серкешқали. Бұл – 
қазақтың белгілі қаһарман революционері Мұхаметқали Тә-
тімовтың лақап аты. Бостандық үшін күрес жолында ғажап 
ерліктер жасаған осы бір арыстан жүректі азаматтың өмірі 
«Тар жол, тайғақ кешу», «Жолдастар!» сияқты көпке белгілі 
шығармаларда бейнеленген болатын. Айтылмыш пьесада оның 
8-0195


114
характерін, болмысын танытарлықтай әрекеті, қимылы жоқ. 
Бір-екі монологы саяси ұран тұрғысында берілген.
Ақтар шауып өткен жолда төбе-төбе үйілген өлік қалды, 
бейбіт елдің қаны жосадай ақты. Сонау аласапыран шақтағы 
зұлымдық істердің кейбір көріністері «Шахта» пьесасында да 
бар. Қосақ арасындағы эпизодтық кейіпкерлер диалогтары 
арқылы драматург есте қалар сурет жасай алған. Келіншек
кем пір үшін ақтардың зорлығы қиямет-қайымдай болып кө-
рінсе, өмір бойы азаптың уын ішкен егде адам әліптің соңын 
бағады, басу айтады, ел қарғысынан құтылар ешкім жоқ дегенді 
медет тұтады. «Ақтабан шұбырынды, алакөл сұламадан да 
қалып, қазақ ел болған. Тек тәңірім ел кіндігін бүтін қылып, 
азаматтарға жәрдем берсін», – деп азалы тарих сырын шертеді. 
Еңбектеген бала, еңкейген кәріні түгел жусатып салған қані- 
шерлерді халық қаһарына тапсырады.
Осы орайда шебер жазылған реалистік бір сцена бар. Орта 
ғасыр түнегінен басын енді көтерген сахара перзенті төңкеріс 
мәнін бірден ұғып кете алмағаны белгілі. Қатерлі асулардан 
өткен, ұзақ сапар соқпақ жатыр. Қай толқынға түсерін білмей 
аңтарылған көп ойының бір ұшқыны келіншек сөздерінде 
беріледі. «Большевиктер әйелдің шашын кесіп алады, елдің 
қатын-қызын тартып алады деген рас па?» – деп зәресін алып 
жүрген үрейлі сұрақ жауабын іздейді. Бұл деталь кейін жа-
зылған Бейімбет Майлиннің әйгілі «Майдан» драмасында 
қайталанады. «Ал тап деген сөздің мағынасын не деп айтсам 
екен... Ә... жаңылып тұрғанымды қарашы... Бұл екі жақ бо-
лып төбелескенді айтады ғой деймін. Иә, сонан соң тап бола-
ды», – деген қызыл әскер түсіндірмесінде қоспа бояу жоқ, оның 
шама-шарқын, дүниетанымын дәл аңғартар штрих. Асылбек, 
Ежовтардың күресі, тайталасы, қызыл әскерлердің екпінді ша-
буылы сергелдеңге түскен қалың елдің әр түрлі өкілінің қам-
қарекетінің фонында айқын жүлге болып жатыр.
Пьесадағы Асылбек, Ежов, Борсықбай, Зотов араларын дағы 
қақтығыс арқылы көрінген конфликт осымен тынады. Соза лаң 
болғанымен, оқиға байсал тапты. Екібастұз жұмысшылары-


115
ның төңкеріске қатысын бейнелейтін сюжет тұйықталды. Ав-
тор алтыншы пердеде он жыл өткеннен кейінгі өмірді көрсете ді. 
Енді Екібастұз емес, Алтай өңірі. Октябрьдің тойына дайын-
далып жатқан қызылды-жасылды көңілді той. Драмалық тар-
тыстар, характерлер жоқ. Шаттық салтанаты, концертке да-
йындық. Бұрынғы оқиғаларға алтыншы перде қабыспайды. 
Сахнаға Зейнептің шығуы да тосын. Соңғы жетінші перде-
де баяғы Борсықбай мен Зотовты көреміз. Екеуі де тондарын 
айналдырып киген, бұрын қожайын болса, кеңес заманын-
да кен басшылары. Партия қатарында жүріп, ел сенімін ал-
дап, көп қастандық жасаған кейбір ескі техникалық интел-
лигенция өкілдерінің істері тарихтан белгілі. Әр түрлі саяси 
сенімдер жолындағы адамдардың қат-қабат кезеңдегі рухани 
тірлігі шытырман психологиялық астарлар, сан алуан күрес 
тәсілдерін характерлердің қақтығысы арқылы бейнелеу көркем 
шығармада өте қызық болар еді.
Бұл күрделі материалды игеру, әрине, қиын. Пьесаның 
жетінші пердесінде драматург ішкі құбылыстарға айрықша 
мән бермей, үгіттік сарынға көбірек ден қояды. Алтай кеніне 
Асылбек бастық боп келеді. Алтынды жерлерді әдейі жасы-
рып, қилы сұмдықтар жасап, кеншілердің көзін алдап жүрген 
қас дұшандар – Борсықбай, Зотовтар әшкереленеді. Ел кезіп, 
қаңғып кеткен, соққы жеп, жүдеп-жадаған Зейнеп Асылбекті 
табады. Қысқасы, соңғы екі перде пьесаға қажетсіз қосылған. 
«Шахтада» кейіпкер саны отыздан асады. Характерлердің да-
ралануы жетімсіз. Психологиялық анализ, жан тереңіне сүңгу 
орнына драматург ашық пікірлерді кейіпкерлер аузына көбірек 
салады. Тақырып сонылығымен, объектінің маңыздылығы-
мен, үгіттік-насихаттық идеяның басымдылығымен бұл пье-
са отызыншы жылдардағы қазақ драматургиясының белгілі 
шығармасы болды.
Театрдың басы-қасында болып, оның ыстығына күйіп, 
суығына тоңған Жұмат Шаниннің өнерпаздық ізденістері ре-
пертуар талабымен, заман тілегімен тығыз ұштасып жатыр. 
Суреткерлік кағілездікпен, ұшқыр қиялмен ол қазақ драма-


116
тургиясында тарихи тақырыпты, жұмысшылар өмірін бірінші 
болып бейнеледі. Драматургтің көзі тірісінде жарияланған ең 
соңғы шығармасы 1932 жылы жеке кітап боп басылып шыққан 
«Үш бажа» атты сатиралық драмасында да сонылық бар.
Пьесада қаладағы қазақтар өмірі бейнеленеді. Автор атап 
айтпаса да, оқиғаның қай жылдары өткенін айқын аңғара-
сың. Бұл әр түрлі әлеуметтік топтар тіріліп шыға бастаған 
НЭП-тің – жаңа экономикалық саясаттың заманы. Драматург 
осы кезеңдегі күрделі тартыстың бір-ақ қырын алған. Дра-
ма ар қауы – қоғамдық идеалы жоқ адамдардың моральдық 
азғындауы.
Шығарманың көркемдік бітімінде автордың бұрынғы ту-
ындыларынан бөлек қасиеттер бар. Қосақ арасындағы персо-
наждарды есептемегенде, негізгі сюжетке араласушы 4-ақ адам. 
Пьесаның бас-аяғы ықшам.
«Арқалық батыр» трагедиясында түс көру қысқа ғана қай-
рылса, мұндағы бірінші перде түгелге жуық кейіпкердің түсі 
арқылы беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет