Әреке деген көк ауру, сені тыяр талқы жоқ,
Ішті деген жегінің жерге кірер қалпы жоқ,
Барар жерің батпақ сор, күн түзелер тарпы жоқ, –
деп күңіренсе, Асан:
Көзін алған біз сона, жар салып бастар жалқы жоқ,
Бас кесілген бос кеуде, береке қонар арты жоқ,
Шерменді емей біздер кім, көк тиындық парқы жоқ, –
деп зар илеп, запыран төгеді.
Қаракөз: «Сынған ер жамалады, сыны біткен көңіл қай-
ғысын сөзбен жазады», – десе; Ана: «Жар өледі – төсек жаң-
ғырады. Жалғыз өледі – жара бітеді. Ата-анаң өледі – өзің ата-
ана болғанда ол да ұмыт болады» – сол ойды сабақтай түседі.
Әлем драматургиясындағы бірқыдыру жауһар шығарма-
лар ақ өлеңмен жазылған, оларды сахнаға қойсаңыз – тама-
ша спектакль, оқысаңыз – әдемі поэтикалық туынды. Қазақ
драматургтерінің ішінде, әсіресе, Әбділда Тәжібаев жырмен
өрнектелген пьесаларға айрықша ден қояды, өзінің зерттеу
еңбектерінде бұл ойын ерекше шегелеп, бажайлай баяндайды.
Көне грек трагедиялары мен комедиялары, Ренессанс туын-
дылары, Шекспир, Гете, Шиллер, Пушкин асылдары өлеңмен
жазылғаны көпке аян. Режиссура өз алдына жеке отау тігіп, де-
корация, музыка сахнаға келмеген кезде, артистер маска киіп,
даусын күшейтетін құрал пайлаланатын шақта көрерменге
әсер ететін бірден-бір нәрсе – дыбыс, әуез, ырғаққа негізделген,
құлаққа жағымды, жүрекке жақын сұлу диалогтар, жарқыраған
монологтар болғаны хақ.
215
Ұлы Толстой данышпан Шекспирді мінегенде тұяқ тіреген
ілгешегі ең алдымен кейіпкерлер сөзінің өмірдегі жағдайға көп
келе бермейтіндігі еді.
Әдеби дамудың тенденциясы барлық жанрда бірте-бірте
реалды болмысты өз көрінісіне лайық формада бейнелеу-
ге мүмкіндік тудырады. Тегінде синтетикалық сипаттағы
драмаға режиссура табыстары, өнердің әр түрлі саласындағы
олжалар жемісті ықпал жасап, ескі дәстүрлерді жаңғыртты.
Классикалық әдебиеттегі көп актілі пьесалар енді театр талап-
тарына, көрермен ықыласына орай ықшамдалып қойылатын
болды. Қазіргі пьесалардың негізінен үлкен екі бөлімнен
құрылуына сахна шарттары әсер еткендігін көру қиын емес.
Бүгінгі драматургияда әр түрлі жанрлық формалар, сан
алуан стильдегі туындылар, көп өрнекті шығармалар қатар өмір
сүріп отырғанда, тіл мәселесіне бір-ақ талаппен қарай алмай-
мыз. Драматург, ең алдымен, өзінің талант ерекшелігіне байла-
нысты, алдына алып отырған материалының ыңғайына қарай,
идеялық мұратына шақтап көркемдік құрал таңдаса керек.
Қоғаммен, табиғатпен арадағы байланысы қат-қабат күр-
делілене түскен, сан алуан әлеуметтік, экономикалық фак-
торлардың ықпалы психологиясында мың сан із қалдырған
ХХ ғасыр адамын сахнаға шығарғанда, оның басындағы драма,
трагедия, комедия тек өлең тілімен ғана баяндалса аздық етер
еді. Мұндай жолға түскен әдебиет өзін-өзі тұсаған, күні бұрын
жасап алған қалыпқа мойынсұнған, неоклассицизмге ден
қойған әдебиет болар еді.
Әбділда Тәжібаевтың суреткерлік тәжірибесінен өмірлік
материалдың ыңғайына қарай өрнек іздеудің бірталай үлгісін
табуға болады: оқымыстылар ортасындағы, интеллигенттер
тір шілігіндегі драматизмді бейнелейтін «Көңілдестер» пьесасы
қара сөзбен жазылғандықтан осал түсіп отырған жоқ, қайта,
біздің ойымызша, бұл шығарма – автордың «Майрадан» кейінгі
үздік сахналық туындысы, қазіргі әдебиетіміздің олжасының бірі.
Авторлық мұратқа, кейіпкер тұрпатына сай стильдік бояу-
мен жазылған «Қыз бен солдат» пьесасы өлеңдік формасымен
216
даралануы өз алдына, өмірлік материалы, тақырыбы жөнінен
де елеулі драма.
Ата даңқымен – қыз, мата даңқымен – бөз өтсе өтер әлі де,
бірақ өнер саласында тақырып дақпыртымен, бір күндік қызыл
танау науқан ұранын көтерген идеялық саудамен ешкім де шы-
ға алмайды. Зулап ағып өтіп жатқан өмірдің мәнді құбылысын
ұстап алып, әрі зәру, әрі сапалы туынды жасау үшін үлкен
талант қажырына қоса саясаткер сұңғылалығы, публицист
шапшаңдығы қажет.
«Қыз бен солдат» шетел тақырыбына арналғандықтан ғана
сахнада табысқа ие болған жоқ, бұл туынды Тәжібаев драматур-
гиясында көп жылдан созылған бір желіні тиянақтағандай еді.
Жаңа жанрдағы қадамын Мұхтар Әуезовпен бірігіп жазған
«Ақ қайың» пьесасынан бастаған ақын Әбділда лирика мен
драманың түйіскен жерінен олжа іздеп, еңбек етті. Бұл рет-
те аңыз, ертегі материалдарына сүйеніп бірнеше пьеса жаз-
ды. Монологтар шұбалаңқы, ұзақ толғау болып қалмас үшін,
диалогтардың өткірлігін күшейту үшін ақын өлең құдіретін
пайдалануды жақсы игерді.
Қыз, солдат есімдерін атауды автор қажет деп есептеме-
ген. Салған жерден драматургтің шарттылық құралдарын ұс-
танатынын, символ, емеурін, астар, ишара ой мен мінез-құлық,
психологияны бейнелеуге күш салатынын көреміз.
Вьетнамдағы американ ойранының мысалы арқылы тіпті
аты да аталмаған бір Солдаттың бір Гүл сатушы қызбен ара-
сындағы өң мен түстің арасындағы елестей жалт етіп өте шыққан
кездесуінде туған таза, пәк сезім, алғашқы махаббаттың асыл
нұры мен жауыздық бұлтының шарпысуы арқылы адамгерші-
лік идея, соғысқа қарсылық ұраны айтылады.
Пьеса басталғанда Солдат тебіреніп тұрады. Оқиға қай жер-
де, қашан, қай қалада өткені дәл көрсетілмесе де, басқыншылар
табанына түскен сорлы бір ел екені айқын. Көк темір асынған
көп жендеттен бұл солдаттың артықшылығы – жүрегі.
Жиіркене, пысқырына қарайды жан-жағына. Елжірей,
тебірене көз тастайды төңірегіне. Езу, жаншу, таптау, жою,
қыру емес, ойлағаны – түсіну, ұғыну, қол ұшын беру секілді.
217
Гүл сатушы қыз үшін қолындағысын өткізсе болды, тама-
ғы аш қалмайды, кім алады, қанша алады – бәрібір. Солдаттың
адамша сөйлесіп, жылы ұшырап, бауырына тартуы – сирек
мінез. Жем етсем, тояттасам, қызықтап лақтырып тастасам де-
ген жебір, жалмауыз көздер сиқы басқаша еді. Мынау Солдат
үнінде жылылық, жүзінде иман бар ғой.
Сынық көңіл, қайғылы жүрек, шерлі сезім Қыз бен
Солдат ты тез жақындастырып, бейне бірін-бірі ертеден білетін
адамдарша шүйіркелестіріп жібереді. Таныспай, біліспей жа-
тып ұғысып кеткен. Өзара тіпті еркелегендей. Жарқ-жұрқы,
тарс-тұрсы, айқай-шуы көп, даңғаза қаланы аралау, қызылды-
жасылды магазинге кіру, көк толқыны аспанға атқан теңіз
жағасына бару – бәрі де алып ұшқан қиялдан туған әрекеттер.
Алғашқы көріністерде драматизм солғын. Қыз бен Сол-
даттың төңірегіне тамсана, таңдана қараудан басқа қимылы аз.
Бір-ақ рет шығатын көзілдірікті адамның, үш жұмысшының
сөздерінде сұм өмірге деген қарғыс бар.
Әке-шешеден айырылып жалғыз қалған Қыз қимас дүниесі
гитарды Солдатқа ескерткіш белгі ретінде сыйлайды. Екеуінің
арасындағы ендігі сырды, мұңды бөлісер сол ғана секілді.
Пьесаның екінші бөліміндегі конфликт Қыз бен Солдаттың
айырылуы арқылы ғана көрсетілмейді, Вьетнам ойранына
кетіп бара жатқан жалдамалылардың әрқайсысының басында
қан қаза, жан жара бар. Бір қарағанда сырттары жылтырап,
өңдерінен белгі бермей тұрғандардың ішіне үңіліп көріңіз: мы-
нау тиын-тебен үшін, аш өзекті жалғау үшін сатылғанын жа-
сырмайды, екіншісі тірлік күресінен шошып, ала қағаз бетіне
үңіліп қалған, үшінші жігіт әншіліктен барқадар таппаған соң
қолға мылтық ұстаған, заманында қарсыласын жалғыз соғып
сілейтетін боксер күні де енді қараң, ал маскүнемге қайда құласа
да айырма жоқ, тек ішерлік бірдеңе болсын де.
Бұлардың ортасында махаббат сезімі жанына нұр құйған
Солдат тұрпаты бөлек көрінеді, қиял, арман дүниесі, өлім, опат
дүниесі қалай ғана оп-оңай ауысып кеткенін өзі де аңғармайды.
Бір қиырда:
218
Достарыңызбен бөлісу: |