186
райды. Зар төгеді алдымда... күрсінеді, еңірейді... Әр тал шашы
біртіндеп көз алдымда ағарғанын көремін, жүзіндегі, көзіндегі
нұрының тоналғанын көремін. Бұдан артық рақат қайда, ләззат
қайда мен үшін».
Қанды кекпен құтырып алған Дүрбіт ақша беріп, қайда
жіберсе де
сонда баратын, не тапсырса соны істейтін Батталды
жұмсап, Майраны алып қашып әкелгізеді.
Қарама-қарсы екеуі тұр. Бірінің дәулетінен, билігінен айы-
рылып, басынан бағы кеткен, екіншісінің күні туып, айы
шыққан, заманы енді күлген. Бірақ дәл қазіргі сәтте Дүрбіт
қолында күш бар, Майра тұтқын. Ерегес, кекесін кейін сыры-
лып, зорлықтың қамшысы сілтенеді. Енді үзіліп кетердей халге
жеткен Майра туған жерімен қоштасуға,
өмірімен бақұлдасуға
мұрсат сұрайды. Майра сөздерінде сабыр, естілік бар. Қазақ
тұрмысында ежелгі дәстүр – ұзатылған қыздың қоштасуы,
дүниеден көшіп бара жатқан ер азаматтың ақырғы сөзі.
Кемпірбай ақынның жан тапсырар сәтте: «Кеудемнен көкала
үйрек қош деп ұшты, сол шіркін кәрі жолдас өлең, білем», –
деген жолдарында сиқырлы сурет жатыр.
Әуезовтің ұлы тра-
гедиясындағы Еңліктің туған жермен, ата-анамен қоштасу
монологындағы адамның ет бауырын елжіретіп жіберер
айрықша күшті сезінбеу, талғамсыздық болар еді. Тарыққан
көңіл, қамыққан, қан жылаған жүрекпен Майра тіл қатады:
Қаз табаным тұңғыш тиген боз топырақ,
Ұзақ сені баса алмадым, ұзақ өмір сүре алмадым...
Кетті деме ерте тастап, сен кешір,
Күн жылы едің, мейірімді едің,
Құрғатып ең көз жасымды сан рет...
Жыр салушы ең, ән салушы ең аузыма,
Тастап кетсем, сен кешір.
(Баттал көз жасын сүртеді).
Жоқтамаңдар, жыламаңдар, атаанам,
Аз жасасам айыпты емен.