Бағдарламасы бойынша шығарылды Нұрғали Р. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет28/41
Дата15.11.2023
өлшемі1,65 Mb.
#124058
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41
Байланысты:
Аширов

Қысқа өмірді қиянатта өткіздім,
Сөйтіп жүріп шаршағанға әл бердім,
Мұңлы мекен қайғылыға ән бердім,
Мезгілімнен ерте сынсам амал не?
Қалыпты қазақ өлеңіндегі ұйқас жасау тәсілдері мұнда жоқ. 
Дыбыс қайталау, ырғақ егіздеу, шумақ мөлшері арқылы әуезді-
лік монологты толғау, ақ өлең үлгісіне жақындатады. Драматург 
басқа орайда емес, әдейі мақсатты түрде Майраның өнерпаздық 
тұлғасына лайықтап, оның сөздерінде осындай толғау, сарын 
нұсқаларына етене айшықтарды қолданады. Қазақтың көне поэ-
зиясында ерекше нәрлі жемістер берген ассонанс, аллитерация, 
анафора, эпифора мүмкіндіктерін қайта тірілтуге күш салады. 
Драма финалында Тайманның Бақтияр басын шабуында, 
Айбаршаның Дүрбітті атып өлтіруінде логикалық қисын бар. 
Бұлардың қай-қайсысы да характерлер табиғатына сыймайтын, 
автор зорлап жасатқан қадамдар еместігі айқын. Бірақ пье-
са соңында өлім-жітімді тым көбейтіп жіберген драматург сол 
ситуациялардағы психологияны, трагедияны байыпты көрсете 
алмай қалған. Диалогтардың ішкі қуаты – астарлы мәнінен гөрі 
кейіпкерлердің бір-біріне кіжінуі мол.
Әбділда Тәжібаев «Майра» пьесасында қазақ драма-
тургиясының тіл мәдениетін көтеруге күш салған. Халықтың 
әр түрлі өкілдерін өзіне лайық айшықпен сөйлету – сахналық 
өнердегі қиын талаптың бірі. «Етікшіден құда, өрмекшіден 
құдағи табу», «Аспандағы аруақ сасқанда ауызға түседі, «Май-
ра – мыңның қызы», «Қорықпаған кісі қорқыта да алмайды», 
«Қалаға атпен келіп, табытпен қайтқан ауылына», «Кәрілікке 
бәрі сән емес», «Атқа таға бол, егіншіге орақ бол, әйтеуір темір 
болу керек», «Әр сапардың әрі бар, көңілдің өз зары бар, толғағы 
жеткен ой туса, қолқасыз да айтыла береді». Осы алуандас шебер 
оралым, өткір тіркес мақал-мәтел поэтикасына жақындығымен 
көз тартып қоймай, жүрекке жол тауып, көкейге қонады, есте 
қалады. Майраның ең соңғы монологының көркемдік сипатта-
рына зер саларлық ерекшеліктері бар:


188
Көл­көсір жастың ең ақырғы тамшысын
Сығып ал да, сүрт көзіңді, Айбарша.
Жығылмасақ, жоғалмасақ кеше біз,
Азабына отты тамұқ шыдасақ,
Жығылмаймыз қашанда.
Есіңде ме, менің күйім қандай еді,
Күн сайын бір зілдей салмақ төбемнен
Күйретердей төніп келіп қалатын.
Молдалардың сарнап айтқан азаны,
Тар қабырға шақырғандай болатын.
Сондай тұста сүрінгенім –
Табыт па деп қараушы ем,
Алар демім қанша екен деп қараушы ем...
«Айбарша – шыдасақ», «қалатын – болатын», «қараушы ем – са-
наушы ем», «жығылмасақ – жоғалмасақ» – мұндай толымсыз, 
сезілер-сезілмес ұйқастар ақын Тәжібаев өлеңдерінде сирек 
ұшырасады. Әрине, бұл жерде сыналастыра, кіріктіре, жым-
дастыра ұйқастыру қиын шаруа емес, негізгі авторлық мақсат 
толғау үлгісіндегі драматургияның әлемдік шедеврлеріндегі 
жауһар монологтарға сарындас түйдек сөз, көсем сөз жасауға 
ауғандықтан ой ағымы буын санының біркелкі қайталануынан 
шыққан ырғақпен беріліп жатыр.
Драматургиядағы тарихи-ғұмырнама пьесалардың ішінде 
таетр сахнасында орныққан Шахмет Хұсайыновтың «Біздің 
Ғани» («Алғашқы ұшқындар») драмасы бар.
Дүниеден қыршын кеткенімен халық тарихында үлкен 
із тастаған тамаша азамат Ғани Мұратбаев жайлы шығарма 
тудырудың қиындығы жоқ. Ол публицистикалық мақалалар 
жазып, аударма жасаса да, өзі туралы, істеген қызметтері 
жөнінде мемуарлық сипаттағы нәрселер қалдырып үлгерме-
ген. Қайнаған істің, революция от-жалынында, жаңа заман 


189
үшін күрестің қызу ортасында жүріп есіл өмірі аяқ астынан 
қиылатынын сезбеген де секілді.
Советтік Түркістан комсомолының ардагер азаматы, көрер 
көзі, сөйлер тілі болған Ғани Мұратбаев жайлы оның бұрынғы 
шәкірті, ізбасар інісі, өзі де тіршіліктің небір соққысын көрсе 
де мойымаған мықты адам – Жүсіпбек Арыстанов «Жалынды 
жүрек» атты деректі повесть жазса, журналист Сейілхан Асқа-
ров бұрын көпшілік назарына түспей, архив қойнауларында 
жатқан қызықты фактілерді тапты.
Салыстырып қарағанда, Ш. Хұсайынов пьесасының өзе-
гіндегі материалдар айтылмыш повесть пен очерктер циклінің 
ішіндегі деректерден көп алшақтамайды.
Пьесаның композициялық бітімінен бүгінгі сахна талапта-
рына ден қою мақсаты көрінеді. Бір кезде жалаң аяқ, жалаң 
бас, үйсіз-күйсіз кезбе болып жүрген, кейін Ғани қамқорлығы 
арқылы ел қатарына қосылып, кісі ретіне келген жастар аз 
емес-ті. Бұл орайда ақын Өтебай Тұрманжановты, профессор 
Бейсенбай Кенжебаевты, журналист Жүсіпбек Арыстановты 
айтса да жеткілікті. Пьесадағы Асанбай, Көпболдар осындай 
адамдардың тағдырын еске түсіреді.
Драмалық әрекет Асанбай мен Көпболдың театр залына жи-
налып отырған бүгінгі көрерменге, жаңа толқын, жас қауымға 
айтқан сыры, Ғани жайлы естелік әңгімесі түрінде беріледі. 
Ақын Леонид Мартыновтың бір өлеңінен туып кеткен ой 
өрбітіледі.
Романтикалық сипаттағы жанды, ғибратты ғұмыр кеш-
кен күрескерді сахнаға шығарғанда, фактілерді сұрыптау, 
деректерді екшеу оларға авторлық идеал тұрғысынан баға 
берудің мәнін күшейте түспек. Жеке құбылыстардың арасын-
дағы байланыстарды ашу, заңдылықтарды табу, сырт көзге 
түсініксіз жайттарды ұғу – жазушының ең алдымен зерттеуші 
ретінде басын ашып алатын істері. Бұдан кейін өмір шындығына 
қиянат жасамай, бірақ әсте фактография, схематизм, штамп 
жетегінде кетіп қалмай, көркемдік заңдарына лайықтап бейне 
жасау қамы басталмақ.


190
Осы процесті қаралмыш пьесадан да көруге болады. Ғани-
дың балалық шағы, өскен ортасына байланысты белгілі де-
ректерді драматург пьесаға түгел енгізуді қажет санамаған. 
Алғашқы көріністе өз шаңырағына келуі драмалық әрекетті 
сабақтап әкету үшін оңтайлы табылған.
Қашанда ата-ана үшін, ауыл-аймақ үшін кешегі тұлымша-
ғы салбырап, мұрнынан су ағып, шауып жүрген бала-шағаның 
соқтауылдай азамат боп кетуі тез сендіре қоймайды. Көгенкөз-
дің бірі емес, көшелі кісі санатына қосылып, ел тізгінін қолға 
ала бастаса, бұған да оңай ет үйрене қоймайды. Кім білсін, кейін 
бойлап өсіп, көкке құлаш ұратын алып бәйтерек пен мыртиып, 
тырбиып қалатын итсигектің қатар тұрғанын есеп қылатын 
шығар мұндарлар.
Жаңа төлдің басы Ғани сынды азаматтың өз ауылын-
да қарсылық көруі – заңды нәрсе. Өзгені былай қойғанда, 
ескілік көлеңкесінде өскен шешеге байдың малын алып, кедей-
лергеүлестіру, еркек пен әйелді тең ұстау, қыздарды оқыту де-
гендер құдай жолынан қиыс тарту көрінеді. Жалғыз ұлының 
жолында отқа күйіп, суға батуға дайын, құрбандық болып 
тозаққа кете беруге әзір ана махаббаты мен сүйекке қанмен 
сіңген әдет-ғұрып қалыптастырған пиғыл, сенімнің қақтығысы 
бейнеленсе керек еді, драматург бұл жағын ескермеген.
Жетім баланың жақсы талабын танып, кейін бір кәдемізге 
жарар екен деген ниетпен болар-болмас қайырым жасаған 
Байғани, оның бәйбішесі Халима заман қабағы бұзылған мы-
нандай күнде Ғани қолтығына кірмек. Бұл сөзді Ғани тыйып 
тастайды.
Оңай майысып, тез жапырылып, бұғып жатып қалар бор-
кемік емес Халима. Майға бөккен салбөксе, сасық байлықпен 
шіріген әлжуаз емес, ұстаған жерінде қолы, тістеген жерінде 
тісі кететін адуын, ауыздыға сөз, аяқтыға жол берместей екпіні 
бар.
Пьесаның тартыс жүйесінде Халима атқаратын іс мол. 
Ғанидың шешесінің қолында өскен жетім қыз Күлпәштің басын 
шырғалау арқылы көп еркектің арасына лаң салады. Біреулер 


191
үшін Күлпәш дәні толып пісіп, сабағынан үзілгелі тұрған, енді 
ауызға тастай салатын жабайы алма, Ғани үшін әділетсіздік 
тырнағында көзінен жасы сорғалап, зарлай кетіп бара жатқан 
пұшайман. Екі жағы да аянып қалмас енді.
Драматург Ғаниды заманына лайық әлеуметтік ортада, 
тартыс арнасында бейнелеуді мақсат тұтқан. Асанбай, Көпбол 
секілді жетімдерге қамқорлығы, Күлпәш азаттығы үшін жа-
нын салуы революция жеңісін баянды ету жолындағы саналы 
күресінің тармақтары болып көрсетіледі.
Далада опа таба алмай, Ташкент келіп, базар кезіп, сауда 
жасап жүрген Халиманың маңында оқығандарды да көреміз.
Революциядан кейінгі Советтік Түркістан жағдайында туған 
әр түрлі ағымдар, платформалар бір күнде жойыла салмаға-
ны тарихтан жақсы аян. Бұл күресте талай адамдар тағдыры 
шырғалаңға түскен, адасулар, күйреулер, не сан тұман айығып, 
шалқар айдынын тапқандар қанша. Қазақ әдебиетінде осы 
кезеңнің қат-қабат шындығын реалистікпен айқын бейнелеген 
кесек шығарма әлі дүниеге келген жоқ. Өте күрделі әлеуметтік 
құбылысты, содан туындаған психологиялық шырғалаңдарды, 
философиялық сарындарды атүсті, сөз арасында, бірер эпизод-
пен шолақ, келте қайыра салуға әсте болмайды.
Патша заманында оқып білім алған, отаршылық тепкі, 
нәсілдік езгі жер-жебірлеріне жеткен қазақ зиялыларының 
басым көпшілігі Октябрь революциясын құшақ жайып қарсы 
алды. Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Нығмет Нұрмақов 
сынды азаматтар социализм үшін алысқан күрескерлердің 
алдыңғы сапында жүрді – бұлар хақында мадақ жыр айтылсын, 
адасқандар, жатбауыр болғандар, дұшпан тобына қосылып кет-
кендер трагедиясы – үлкен талант қаламына ілігер батпандай 
ауыр тақырып.
Ғани Мұратбаевпен белдесіп жүрген қарсыластар ішіндегі 
екеуі зиялы: бірі – жас жігіт Саржан Үңгібаев, екіншісі – жер 
ортаға келген Ділда Табынбаев, Саржанның есіл-дертін, жан-
тәнін билеп алған, көкейін тескен идея біреу – ол түркі тілдес ел-
дер бірлігін құру. Россиядан бөлініп, жеке-дара мемлекет болу. 


192
Саяси күрес диалектикасынан, қоғамның даму заңдарынан 
жырақ жатқан ойға берілген Саржанның авантюрадан да қашар 
түрі жоқ.
Драматург Саржан мен Ділданың мінездік ерекшеліктерін, 
психологиялық құбылыстарын ашудан гөрі, олардың аузына 
идеологияға, саясатқа қатысты сөздерді көбірек салады. Содан 
барып бұл персонаждардың сендірушілік күші кеміп, схемаға 
қарап ойысып кеткен.
Бір кезде Карл Маркс айтқан, тарих аренасынан кетіп бара 
жатқан таптардың трагедиясын бейнелеуді қазақ қаламгер-
лері жете ескермейді. Күні кеше қаһарымен жер тітіренткен 
мықтының бүгін аяқасты болуы карикатура шеңберіне сый-
майды, бұл арада айқын реалистік бояу қажет. Алысып жүрген 
дұшпандарының осал бейнеленуі Ғани Мұратбаев образының 
көңілдегідей мүсінделіп шығуына зардабын тигізген.
Көркем шығармаға қойылар көп талаптың ішіндегі сурет-
кер әсте аттап кете алмайтын, әманда ұмытпайтын бір шарт – 
оқиғалар арасындағы себептестікті, өмір құбылыстарының 
өзара сабақтастық заңдылығын ескеру болса керек. Түптеп кел-
генде, бұл сюжет түзу талаптарына бағынады.
Қазіргі драмада үздік оқиғалар, жеке эпизодтар арасы 
баяндаушының, автордың сөзімен жалғасып жүре береді. 
«Біздің Ғани» пьесасында осы ерекшелік бар. Асанбай, Көпбол-
дардың көрерменге қысылып-қымтырылмай, ашық-жарқын 
тіл қатуы, таныс бір достарындай шешіле сөйлеуі драмадағы 
оқиғаларды алыс замандар жаңғырығы емес, күні кеше болған 
хикая етіп көрсетеді. Ғанидың адамгершілік кескінін таны-
татын әрекеттің бірі – оның Күлпәш тағдырына араласуы. 
Кішкентай кезінен қатар өскен жетім қызға қол ұшын беріп, 
ағалық қамқорлық жасау Ғаниға жаңа өмір жолындағы игілікті 
істің бір үлгісіндей. Анау Сағдат болса, көкірегі ояу, көзі 
қарақты азаттық жолындағы күреске өзі де шыққан қыз. Көп 
еркектің ісінде жалғыз жүріп, сығырдаң тартқан әйелге лайық 
қылықтардан айырыла бастаған сыңайы да жоқ емес.


193
Пьесаның алғашқы вариантында драматург Күлпәшті тіп-
ті көп шырғалаңға салушы еді. Қылмыскерлерді қуа барып, 
Ғани мешітте молдалармен ұзақ айтысқа түсетін. Күлпәш 
қайғысына шыдай алмай Ғанидың шешесі Күлсім аяқ астынан 
өліп қалатын. Авторлық негізгі концепцияға, шығарма идея-
сына қатысы шамалы, мұндай қосалқы эпизодтарды, тым әсіре 
қызыл бояуларды драматург соңғы сахналық нұсқада, орыс 
тілінде аударылған вариантта орынды түрде алып тастаған.
Ескі көз, кәрі тұяқ зиялы Ділда Табынбаев алғашқы нұсқа-
да не онда жоқ, не мұнда жоқ, дүбәра күйде қалушы еді. Оның 
мінездік даралығы, саяси беті айқын болмайтын. Ақырғы сце-
нада Ғани қасынан шығуы сенімсіз әрекет еді. Қазіргі сахналық 
вариантта Табынбаевтың бойына шақ, әлеуметтік ортасына 
лайық істер жасатуға драматург күш салған. Саржан мен Ділда 
арасындағы тартыс ұлғая түскен. Өмірде бар белгілі адамның 
бейнесінен алынған Сағдат образына бірталай бояу жетпейді. 
Ғаниға бір серік болса, сол Сағдат серік болса керек еді. Әуелде 
Күлпәшқа ағалық қамқорлық еткен Ғани ықыласын артынан 
драматург махаббат арнасына қарай бұрмақ болады. Бұл орайда 
Ғани сынды үлкен жүректі азаматқа тән алабұртқан сезім, жа-
лынды сүйіспеншілік күйлері, тебіреніс, толғаныстар сенімді 
көрсетілмеген. Күлпәшқа беталды жалпылдап, құрақ ұшу – 
Ғани бойына сыйымсыз, оғаш қылық.
Ашаршылық, жоқшылық, жетімдік зарын тартқан, әр 
қиырдан жиылған панасыздар, қорғансыздардың Ғани көмегі-
мен кісі қатарына қосылып, азамат болуы жолындағы қиын-
дықтар, тентектік психологиясы, ауыр кезең атмосферасы де-
тальдарымен көрсетілген.
Жасөспірім, жеткіншек ұрпақ комсомолдың белгілі қай-
раткері, аз ғұмырында жұлдызша жарқырап өткен Ғани Мұ-
ратбаев жайлы пьесадан ғибрат алмақ.
Революциядан бұрынғы қазақ өнерпаздарының бойындағы 
универсалдық сипат – ғасырлар бойы іріктеліп, сұрыпталып, 
шыңдалған дәстүрлердің жақсы көрінісі. Әркім әр нәрсені мал-
данып, мүше-мүше етіп бөлшектемеген заманда ән де, күй де, 
13-0195


194
әншілік те, күштілік те, серілік те, батырлық та бір адамның ба-
сынан табылған. Өзара қабыса бермейтін дара ерекшелікті өнер 
түрлері – ақындық пен композиторлық сахара жағдайында туы-
сып, табысып, егіз боп кеткен. Қазақтың сері, сал дегені – ком-
позитор, ақын, әнші, күйші, палуан, құсбегі дегені. Қатыгез, 
өгей, сұм өмірдің тепкісін көрген қайран ерлердің баршасының 
тағдыры ұқсас: ел-жұрттан безіп шығып, тау-тасты мекен ет-
кен Ақан анау; қолын темір бұғау кесіп, Біржан жатыр еңіреп; 
абақтыда көңілін құмалақпен жұбатып Мәди отыр; Тобыл 
түрмесінде торыққан Жаяу Мұса.
Қазақтың сал-серілері туралы жазу – ең алдымен азаттық 
күрескерлері туралы жазу деген сөз, қазақтың ән-күйі, рухани 
дүниесі, музыкасы, поэзиясы туралы жазу деген сөз.
Ғұмырнама-тарихи тақырыпқа барған жазушының сурет-
керлік концепциясы жоқ жерде хронологияға, фактілер 
жетегінде кетіп қалуы қиын емес. Зады, тарихи белгілі есімнің 
өзгеше сипаты, даралық қасиеті үлкен бір ісімен, аршын-
ды қимылымен көрінсе керек. Әйтпесе жіпке тізгендей етіп, 
аты мәшһүр адамның өмір фактілерін сыдырта баяндай беру 
көркемдік ауылына, әсемдік әлеміне апармай, соқыр тұман 
құшағына сүңгітіп жіберуі оңай.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келгенде, қазақ 
драмасының негізгі арналарын көрсеткен дұрыс болмақ. Қа-
һармандық драма қажырлы кейіпкердің қиындықтарды жең-
ген, арман-мақсат жолында, азаттық-еркіндік үшін арпа-
лысқан батырлық жолын бейнелейді. Тіпті ауыр тағдыр кешкен 
трагедиялық шығармадағы шешілмес күрмеулі шие емес, 
трагедияда алапат құштарлық, ғаламат сезімдер бейнеленсе, 
қаһармандық драмада сұсты тірліктің қаһарлы ағысы, ызғарлы 
оқиғалар көрсетіледі. Қаһармандық драмада Отан үшін, азаттық 
үшін күрес салған еңіреген ерлердің қонымды сипаттары, 
жағымды мінездері, кісілікті қадамдары мадақтала суреттеледі. 
Басқыншыларға, зұлмат күштерге қарсы сұрапыл шайқастан 
қаһармандық драма кейіпкерлері көбіне-көп жеңіспен шығып, 
салтанат құрады.


195
Басқа жанрлық формалардың романтика, лирика, психо-
логизм секілді элементтері қаһармандық драманың көркемдік 
құнарын арттырып, дәуір сипаттарын реалистік тереңдікпен 
жан-жақты танытатын кейіпкерлерді сомдап құюға мүмкіндік 
береді.
Қаһармандық драманың басты кейіпкерлері аспаннан аяғы 
салбырап түсе қалғандар болмағанымен, негізінен ер жүректі, 
үлкен мақсатты, қажырлы, жігерлі адамдар, азаттық үшін 
алысқан ерлер, ескілікті күйретіп, жаңа өмір жасаған револю-
ция ардагерлері, қас дұшпанмен арыстанша арпалысқан Отан 
соғысының батырлары.
Қазан революциясының ғаламат шындығы, күрес күндері-
нің қаһарлы кескіні жаңа сипаттағы қаһармандарды тудырды. 
Олар қазақ драматургиясында ең алдымен революционер-ақын 
Сәкен Сейфуллин пьесаларының кейіпкерлеріне айналды.
Күрделі қоғамдық сілкініс-дүмпулер дүниені астан-кестен 
етіп жатқан шақта бұрынғы тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, сенім-
дағды атаулының іргесі шайқалып, көбесі сөгіле бастайды. 
Көркемдік игілік, дәстүрлі өнерге жаңаша көзқарас туады.
Қашанда өмірдің жаңа құбылыстары творчестволық бей-
нелеудің еркіне оп-оңай түсе қоймайды. Жаңа шындық әдебиет 
пен өнерде сан алуан жаңа жанрлық формалар тудырады. Соның 
бірі – саяси-әлеуметтік драма.
Драманың бұл түрінде қантөгіс шайқастар, үлкен құр-
бандықтар жоқ. Келісімге келмес қарама-қарсы кейіпкерлер 
арасында айтысты талас жүреді. Бұлардың әрқайсысы өмірге, 
жақсылыққа, жамандыққа деген көзқарастарын ашық, айқын 
айтады, сондықтан кейіпкерлер арасындағы кезексөз (диалог) 
ұлғайып барып, асқына түсіп философиялық толғанысқа ай-
налып кететін тұстары да бар. 30-40-жылдары жазылған қазақ 
әлеуметтік-саяси драмаларының өзегіне таптық, әлеуметтік, 
тартыс негіз болса, кейінгі драмалардың тақырыптық өрісі 
кеңейеді, қаламгерлер реализмге ден қояды, идея мен образ 
бірлігі күшейеді.


196
Тарихи-ғұмырнамалық драмаға белгілі тарихи тұлғаның 
өмірі арқау болмақ. Эстетикалық шындықпен бейнеленген 
көр некті адамның іс-әрекеті, күрес жолы, идеялық нысанасы, 
әсіресе, жас ұрпақ, кейінгі толқынға үлгі, өнеге. Бұл жанрлық 
форма қазақ әдебиетінде соғыстан кейінгі дәуірде молырақ 
көрініп, бірқыдыру сапалы шығармалар дүниеге келді.
Біздің ойымызша, қазақ драмасының басты жанрлық фор-
маларының мынадай-мынадай ерекшеліктері бар. Олар:
– шығарма материалының күнделікті қарабайыр тірші-
лік ке етене жақындығы;
– кейіпкерлердің белгілі әлеуметтік ортамен кіндіктес бай-
ланыстылығы;
– көркемдік формалардың жан-жақтылығы мен сан алуан-
дығы;
– саяси-әлеуметтік идеяның публицистикалық сарынмен ерек-
ше айқын айтылуы.


197


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет