(«Уақыт және әдебиет». – А., 1962. – 398бет).
Бүгінгі сахна, режиссура, актер талаптарына лайықты
туынды жасау үшін драматург театрдың өзіндік ерекшелік-
терін, етене қасиеттерін білуі керек. Ұзын сонар әңгіменің бәрі
роман, тәжікелесу, дауласу, сөз таластыру пьеса бола алмайты-
ны – белгілі шындық. Енді сол бір өзекті сары жұрт етіп таптай
бермей, басқа саладағы талпыныстарға бой ұру абзал. Әсіре-
се психологиялық, философиялық пьесаның тілін меңгеру – әлі
алынбаған қамалдар.
Жазушы Оралхан Бөкеев есімі ертерек қалың оқырманға
белгілі бола бастады. Алтайдың марал өсіруші ауылында туып,
ержеткен қаламгердің әдебиетте бұрын игерілмеген тың, соны
277
тақырыптармен, өз кейіпкерлерімен, өз объектісімен келуі
қуантады.
М. Әуезов атындағы академиялық драма театры кол-
лективінің Оралхан Бөкеевтің тырнақалды «Құлыным менің»
драмасын сахнаға шығаруы – әрі шығармашылық барлау, әрі
жас қаламгерге көрсетілген сенім, қамқорлық айғағы.
Шымылдық ашылғанда түнгі қаланың шырқын бұзып жүр-
ген шұбар топтың үстінен түсеміз. Біз оларды танимыз. Ұзын
шаштары желкелерін жауып, темекі тістеп, даңғырлатып гитар
тартып жүргендерін талай көргенбіз. Алабажақ киімді, айыл-
бас белбеулердің бөтелке аузынан шарап ішіп тұрған шақтарын
да білеміз. Бұлар елуінші жылдардағы қазақ театрларының
сахнасына Шахмет Хұсайынов, Қапан Сатыбалдин, Қалтай
Мұхаметжанов комедиялары арқылы келген Марат, Алатау,
Арыстандардың бүгінгі іні, қарындастары ғой.
Пьесаның бірінші актісінде мінез-құлық даралығы жөнінен
өзгелерден, әсіресе, Анар оқшау тұр. Ол қатардағы ерке тотай,
шолжың, жеңілтек қыздардың бірі ғана емес. Бала күнінен
дайын асқа тік қасық боп, дәулетті, беделді отбасында үлде
мен бүлдеге бөленіп, шөп басын сындыруды білмей өссе де,
дүниеге кесті-пішті пікір айтып, үкім шығаруға дағдыланған
қыз. Жақсылық пен жаманшылық, махаббат пен зұлымдық,
адамдық пен опасыздыққа өз байламы бар. Кітап, кино, теле-
визия арқылы үзіп-жұлып, әр заманнан, әр саладан алған білік
тұрғысынан сөйлейді.
Алғашқы актідегі жастардың зиялымен, көше сыпырушы-
мен, бір-бірімен арасындағы диалогтары мінез ұшқындарын
аңғартып қалады. Жіті көз осы сценада драмалық әрекет ша-
шырандылығын, монтаж салқынын оңай аңғарады. Сұрақ-
жауап ретінде келетін диалогтардың характер ашуға көп септігі
тимейді.
Ауылда өтетін екінші актідегі әрекеттер, ең алдымен,
Бозтайлақ жылқышының рухани әлемін, жан сұлулығын,
адамгершілік қайратын ашып береді.
278
Оралхан Бөкеевтің драматургиядағы тырнақалды шығар-
масының жақсы сипаттарымен қоса кемшіліктерін айту ке-
рек. Ең алдымен бірінші, екінші бөлімдерінің арасында
органика лық тұтастық жоқ. Тіл байлығы мол қаламгер ретінде
танылған О. Бөкеевтің драмалық шығармалары өз сипатымен
ерекшеленеді.
Сафуан Шаймерденов соңғы жылдары драматургияға ден
қоя бастады. Оның повестері негізінде жасалған инсцениров-
ка-пьесалар кейбір облыстық театр сахнасында қойылып жүр.
«Дөкей келе жатыр» пьесасы арқылы С. Шаймерденов драма-
тург астана көрермендері талқысына тұңғыш рет түсті.
Сахнада қимыл, әрекет мол. Кейіпкерлердің іс-әрекетінде
динамика, қайрат, қуат бар. Пьеса авторының драматургия
табиғатын жақсы танитыны байқалады. Комедиялық ситуа-
цияға лайық кейіпкерлер мінезі көрінеді.
Совхоздың бөлімше меңгерушісі, алпысты алқымдап қалған
Көпей – пәлендей қулығы жоқ, қауқылдаған ақ көйлек адам.
Ол пенсияға кеткен күні орын басып қалу ниетіндегі Қилау –
арамдық, өтірік, бетке күліп, сыртынан ор қазу әдістерін
меңгере бастаған сумақай. Мамандығы есепші Шилау көрген-
білгенін, естігенін, сезгенін түк қалдырмай қағазға түсіріп
алады. Сауда жасап, дүние жиған жесір әйел Базаркүл
қайтсем де Шилауды уысымнан шығарып алмаймын деп
дүниені дүрліктіріп жүр.
Осылай әдеттегі қалпымен өтіп жатқан бөлімше өмірі аяқ
астынан дауыл тұрып, құйын соққандай бұзылып қоя береді.
«Дөкей келе жатыр» деген жалғыз ауыз сөз әлгі үшеудің әңкі-
тәңкісін шығарады. Жоғарыдан келетіндер кемшілікті тауып,
орнымнан түсіп қалмаймын деп Көпей жанталасады. Қилау
осы қысылшаңды пайдаланып, Көпейдің басына шоқпар бо-
лып тиетін материал жасау қамына кіріседі. Бөлімше орталығы
әбден әбігерге түседі.
Комедиографтың идеялық нысанасы, айтпақ ойы айқын:
өтірік көлгірсуді, көз бояушылықты, науқаншылықты сынап
отыр. Аярлық, сумақайлық, жағымпаздық мансұқ етіледі.
279
Рас, әдебиетте ұқсас образдар, ыңғайлас сюжеттер, сарындас
идеялар аз кездеспейді. Дегенмен, «Дөкей келе жатыр» коме-
диясы сюжетінің кейбір ситуациялары әйгілі «Ревизорды» ай-
нытпай қайталайтынын айтпай кетуге болмайды.
Жұмабай Тәшенов пен Игорь Саввиннің «Қаладан келген қыл-
жақбас» пьесасы қазіргі жас адамның қалыптасу проблемасына
арналған.
Пьеса еш жерде жұмыс істемей, қисық жолға түскендігі
үшін сот үкім шығарған Сыматбек деген жігіттің монологымен
басталады. Бұл – таныс бейтаныс. Иыққа түскен сабалақ шаш,
даңғыраған гитара, бойға сыймас кесек сөз.
Еңбек лагері ретінде Сыматбек Байсал шопанның ауылына
жіберілген.
Өмірдің ыстық-суығын бірдей көрген, малшының ауыр
тіршілігі әр нәрсеге үйреткен егде шопандар арасында ой
толғамы терең, мінезі кесек, адамгершілігі мол, көшелі кісілер
көп кездеседі. Олар алтын мен жездің, жақсы мен жаманның
парқын тез пайымдайды.
Осындай ортаның адамы Байсал он сегізге келген соқтауыл-
дай жігіттің жынды көбелекше елтең-селтең етіп, аузына
келгенді сөйлеуін тәрбие кемшілігінен, еңбекті мұрат тұтпаған
дырду өмір кесірінен деп түйеді. Әр түрлі себептер қырсығынан
рухани мүгедектікке түскен жас адамның өмір талқысында
қайта шыңдалуы – көп шығармаларға арқау болған тақырып.
Образ табиғатына лайық шешім іздемесе, көркем идеяның ор-
нын салқын уағыз басып кетуі оп-оңай.
Сыматбектің тез түзеле бастауында жасандылық бар. Пьеса-
дағы Жамал, Еркін, председатель тұлғалары дараланбаған,
мінездік ерекшеліктері ашылмаған.
Шығарманың көркемдік жүйесінде бірталай олқылық бар.
«Өлі арыстаннан тірі мысық артық» (тышқан), «бәсекелесейік»
(бәстесейік), «құрбымның дачасына жіберем» (кемпірдің сөзі) –
осындай тіл селкеулігі жиі кездеседі.
Тарихи тақырыпта бұрын қазақ драматургтері, негізінен,
ғұмырнамалық-биографиялық материалдарды арқау етумен
280
келсе, қазір өте күрделі кезеңдер шындығына қарай ойысу тен-
денциясы байқалады.
Архив деректерінің, ескі фактілердің жарыққа шығуы,
ғалымдардың арнайы зерттеулері, қазақ тарихи романының
табыстары – көзін таба білген кісіге мол байлық. Өткен мұраға
тарихи тұрғыдан, реалистік позициядан қарап қалам тербейтін
драматург үшін ұлттық тарихымызда сан алуан, шытырман
қайғылы халдердің, қат-қабат тағдырлардың мол екендігі ай-
дан анық.
Халық санасында терең із қалдырып, жүрекке жара салған
атышулы «Ақтабан шұбырынды» трагедиясы, содан кейінгі
бетбұрыс, еліміздің Россиямен қосылуы бірнеше прозалық
шығармаларға арқау болғанмен, сол кезеңнің психологиялық,
философиялық шындығы әдебиетімізде толық ашылған жоқ.
Бұл тақырыптарды жеңіл-желпі, асығыс, атүсті игеру әсте
мүмкін емес. Ғалымның табандылығымен, көздің майын тауы-
сып, бел ауыртып, ұзақ сарылып деректерді сұрыптау, екшеудің
үстіне, тебіренген жүрекпен, зор шабытпен сілтейтін талант
қайраты керек. Мұндай объектілер қаламгерден бөлінбей-
жарылмай, тұтас берілуді, махаббатты тілейді.
Айтылмыш орайда туған екі пьеса бар: «Ант», екіншісі –
«Ұлан асу».
Тахауи Ахтанов пьесаның көркемдік бітіміне, жанрлық,
сахналық талаптарға айрықша мән берген. Ең алдымен тарихи
драмаға лайық, ұлттық әдебиетімізде жақсы дәстүрі жасалған
ақ өлең формасы шығарманың стильдік, ырғақтық жүйесінде
айқын бояу, ашық колорит беріп отыр. Мақал-мәтел, шешендік
толғау поэтикасын автор шебер меңгеріп, тұрақты айшық
қосып, құлпыртып, ажарлай түскен.
Осындай көркемдік ізденіс драмадағы негізгі кейіпкерлер-
дің тілдік сипаттамаларын нұсқалы, жүйелі, іргелі етіп шығар-
ған. Драматург тарихи белгілі оқиғалардың көлеңкесінде
қалып қоймай, адамдар арасындағы психологиялық қарым-
қатынастарды бейнелейді. Сауран – Бәтима – Әбілқайыр линия-
сы ширақ тартылған. Ел тағдыры мен жеке бастың тағдыры
281
таңдауға түскен қилы замандағы хандар, ерлер, билер мінезі
көрінеді.
Пьесаға айтар дау бар ма?
Әуелі орталық қаһарман – Әбілқайыр образының диалекти-
касы толық ашылмаған деп ойлаймыз. Пьесада ол бір қырынан,
тым ақылды болып берілген. Тарихтағы көп қайшылығы бар
Әбілқайыр қайда? Россиямен қосылуда көптеген себептер бар
еді ғой, соларды неге тереңдетіп айтпаймыз?
Әбілқайырды Барақ төре 1748 жылы өлтіргені белгілі. Бұл –
Россияға қосылғаннан кейін 17 жылдан соң болған оқиға.
Ал пьесада Әбілқайыр ант үстінде өлтіріледі. Рас, тарихи
шығармада автор кейбір фактілердің орнын ауыстыруына бола-
ды. Кейбір образдардың Шекспирдің белгілі «Антоний мен Кле-
опатра» трагедиясындағы жайттармен тым ұқсас, тіпті үндес
келуі кәнігі шеберлік үлгісі емес.
«Ант» драмасында қазақ билерінің алауыздығы, Россияға
қосылудың тарихи қажеттілігі сенімді бейнеленген. Ал бос-
тандықтан айрылудың трагедиясы, өз аддына жеке ел бола
алмаудың сұмдығы, феодалдық бытыраңқылық қырсығы
солғын көрінеді.
Қалижан Бекхожиннің «Ұлан асуы» сан алуан материал-
ды мол қамтып, көп мақсатты ниет етіп жазылған шығарма
екендігі, алдымен, ондағы әр түрлі қаһармандар тобынан аң-
ғарылады. Қазақ тарихындағы ең аты шулы хан Абылай –
пьесаның түп қазық кейіпкері. Халық батырлары Бөгенбай,
Жәнібек, Бұқар жырау, қалмақ нояндары Дабашы, Әмірсана –
бәрі де тарихи, белгілі, өмірде болған адамдар. Іздеген кісі өзге
кейіпкерлердің де төркін-тегін біліп отырады.
Сюжеттік тұрғыдан алғанда, пьесадағы оқиға Шоқан жазған,
басқа тарихшылар айтқан хронологиялық ізбен жүреді. Бірен-
саран эпизод демесек, түгелдей таныс ситуациялар.
Драматург кейіпкерлер тілінің алыс заман шындығына
лайық болуына көп күш жұмсаған. Әсіресе Бұқар жырау, Әнет
баба монологтары сәтті. Өзге персонаждар арасындағы диалог-
тарда ұқсастық, біріне бірі таяу келетін сарындар мол.
282
Қалмақтарды бейнелегенде драматург схемаға түсіп кетпей,
олардың өз іштеріндегі тартыс-талқы, алауыздықты байқатады.
Пьесадағы басты олқылық Абылай образының толық күйінде
жасалмауында жатыр. Оның әрлі-берлі жүгіруі көп, кіжінуі
мол, айқайы басым. Ұлттық трагедиямыздың терең толқыны
тарих жалына көтеріп шығарған қабырғалы қайраткерге лайық
шамырқану, тебіреніс-толғаныс монологтары жетпейді. Абылай
бойынан толымды драмалық әрекет, аршынды қимылдар табыл-
маса, мұндай шығарма «Ақтабан шұбырынды» шындығын, Рос-
сиямен қосылудың мәнін реалистікпен бейнелей алмайтындығы
ашық.
«Антта» да, «Ұлан асуда» да жалпықазақтық мәні бар тари-
хи оқиғаларды бір аймақ шеңберінде, бір жүз шеңберінде, бір
хан төңірегінде тұйықтау секілді ортақ олқылық бар.
Ұқсас тақырыпқа жазылған Т. Ахтанов пен Қ. Бекхожиннің
шығармаларын қазақ драматургиясының жаңа бағыттағы,
қиын саладағы алғашқы батыл барлау-ізденісі деп санаймыз.
Қазіргі әлеуметтік бір құбылыс – проблемалы, көркем, сыр-
шыл театрға қауымның ықыласы айрықша ауды. Театрдың әлі
талай жол ашатын терең мүмкіндігі мол.
Роллан Сейсенбаев пен Есмұқан Обаевтың «Өзіңді тап» дра-
масы тақырыптық жағынан театрларымызда қойылып жүрген
Аманжол Шамкеновтің «Табамын сені», Оралхан Бөкеевтің
«Құлыным менің», Ж. Тәшенов пен И. Саввиннің «Қаладан
келген қылжақбас», Әкім Таразидің «Асау Бөкен» пьесалары-
мен ұқсас.
Көркемдік олжа деп айтарымыз, «Өзіңді таптың» авторлары
бірқыдыру шығармаларда карикатура, шарж, фельетонға айна-
лып кеткен құбылыстарға ой көзімен қараған.
Шынында пьесадағы салмақ арқалаған персонаж – Сырым
қайсыбір жігіттер секілді өмірден қарпып жеу жолы «қатын
алма, қайын ал» пәлсапасында ғана деп түсінбейді, мансап-
қа, байлыққа, барлыққа жету үшін әдістер, тәсіл-айлалар
қарастырады. Қоғамдық мүддеден жеке бастың қамын жоғары
қою, қызмет бабын пайдаланып дәулет жинау, адамдық кісілікті
283
өзгенің тигізер пайдасына қарай өлшеу, қарым-қатынасты есеп-
қисапқа ғана құру – бұл кісінің жасына қарамайтын, әр кезде
бойды шалса, мещандыққа, тоғышарлыққа, сорлылыққа апара-
тын әлеуметтік дерт. Осындай кеселге қарсы жас авторлардың
сахна арқылы қалың қауымға, әсіресе өз тұрғыларына ақтарыла
сыр шертуі – қуанарлық құбылыс.
Бір жазушы, бір режиссер шығармашылық ынтымағынан
туған пьесаның бітімінде андағайлап, көзге ұрып тұрған сорақы
олқылықтар болмағанмен, бұл шығармада да қазіргі драматур-
гиямызда жиі көрініп жүрген кемшіліктер бар.
Драма теориясына зер салған адам бұл жанр жалпы әде-
биетке қойылатын көркемдік шарттардың үстіне, конфликт –
тартыстың айқындығын, тереңдігін, сүйектілігін, компози-
ция – құрылыстың бірегейлігін, тұтастығын, жұмырлығын,
харак
тер – мінездің даралығын, сомдығын, ірілігін тілдің
халықтығын, колоритін, айшықтығын бірінші қатарға қояды,
ерекше талап етеді. Осы сындардан өте алмаған пьеса қай заман-
да да режиссер құлпыртқан, актерлер қанша жұтындырғанмен,
сыншылар қанша мақтағанмен сахнада ұзақ өмір сүре алма-
ған ғой.
Негізгі, жүйелі, арналы тартысты көрсете алмай, әр шөптің
басын бір шалып кету сияқты бүгінгі қазақ пьесаларының
көпшілігінің ортақ міні «Өзіңді тап» драмасында да бар. Таза,
сұлу, адал қыз бейнесінде алынған Айсұлу мен жас өмірін
құлқын қамы үшін күреске бағыштаған Сырым арасындағы
қайшылықты авторлар терең көрсету орнына, айналып кетіп,
қосалқы, мүлде дараланбаған Қаражігітов, Асқар Берікболович,
Диас Садуақасович дегендердің жағдайын қаузап кетеді. Тіпті
қарсы ыңғайда алынған Сырым – Айдар, Сырым – Әділет ли-
ниялары да тиянақталмаған. Сөз жоқ, Төлеген Айбергенов
өмірден қыршын кеткен талантты ақын еді. Оның поэзиясынан
қызықты спектакль жасауға болады. Бірақ кез келген пьеса-
да Төлеген Айбергенов өлеңдерін сауа беру – қазір көрермеңді
жалықтыра бастаған, режиссерлік оңай әдістердің біріне айна-
лып кетті.
284
Кейіпкерлерді даралап алмау, олардың тілдік ерекше-
ліктерін, әсіресе жас ыңғайына, мамандығына байланыс-
ты өзгешеліктерді бере алмау – үлкен олқылық. Шешендік
мақамдары, ақ өлең ескі қазақ тұрмысын бейнелеуде дөп
келгенмен, қазіргі өмірді көрсеткенде олқы соғады, заман
ырғағына лайық, урбанизм, коммуникация, интернационалдық
қарым-қатынастар ықпалымен қа-лыптасқан бүгінгі ойлаудың
қалыбын аңғартатын сөйлеу тілі сахнаға толық шыға алған
жоқ. Мақалдап кету, тақпақтай жөнелу, сылдыратып қоя беру
реалистік драмаға апаратын жол еместігін ұғатын уақыт әбден
жетті.
Ал тым қарабайыр, астар-мағынасы саяз, шолақ, келте, тақ-
тұқ тіл пьесаны және көгертпейді.
Бірқыдыру пьеса жазған автор – Оразбек Бодықов. Оның
шығармалары астана театрларында, облыстық сахналарда
қойылды, әр жерде қабылданды. Бірақ осылардың үстіне пье-
салар жинағы шықса да, әлі еңбектері сын сарабына түспеген,
бағасын толық алмаған Бодықов жалпы драма техникасы-
на жаттығып алғанмен, негізінен тіл көркемдігінен ақсайды.
Үлкен характерлердің болмауы, тартыс олқылығы, жұқалтаң
идея, драматургтің жеңіл қарпып, оңай олжаға мәз болып
жүргендігін көрсетеді. Қашанда әдебиетке келген шын талант
өз тақырыбын, өз қаһармандарын, тіпті өзінің тұтас көркемдік
әлемін ала келеді, ала кетеді. Бүгін орыс өнері В. Шукшин,
А. Вампилов туралы осындай пікір айтады.
Өмірден ерте кеткен боздақ Құдаш Мұқашев өзі жазған екі
пьесаның бірі – «Парторгтың» премьерасын көре алған жоқ.
Тіпті шығармасын қырнауға, режиссермен жұмыс жасауға да
өмірі жетпеді. Бұл пьеса – көптеген қаламгерлеріміздің қарымы
жете алмай жүрген қатардағы коммунистердің, совхоз өмірін
бейнелейтін көкейкесті шығарма. Кейбір детективтік мотив,
оқыс оқиғалар сарыны, тартыс шашырандылығы бар.
Қазір орыс драматургиясында бүгінгі өндірістік қаты нас-
тардан туған психологиялық құбылыстар батыл көрсетіле бас-
тады. Олар ойдан шығарылған жасанды ситуациялар арқылы
285
емес, жағдайға сәйкес орта арқылы бейнеленеді. Цех, завод,
кеңсе сахнаға келді. «Бөгде кісі», «Партком жиналысы», «Бо-
латшылар» спектаклі таза өндірістік тартыстарды ала отырып,
адамдар психологиясын ашады, қауым назарын әлеуметтік-
моральдық проблемаға аударады. Осы алуандас ізденістер қазақ
драматургтерінде жетіспейді.
Халқымыздың ежелгі кәсібі – мал шаруашылығының мұқ-
таждары тудырған тартыстар, жастардың бригадаға бару хика-
ясы, ауылдан келіп, қалада тұрып қалғандардың өзгерістері,
ғылыми ортадағы айқастар – бұлардың бәрі сахнаға шықпай
жатқан тың дүниелер.
Соңғы жылдардағы батыл шығармалардың бірі – белгілі
драматург Әлжаппар Әбішевтің «Мансап пен ұждан» пьесасы.
Аңғарған, ой жүгірткен адам бұл туындының өмірлік матери-
алы қайдан алынғанын сезіп отырады. Коммунистік мораль,
идея үшін күресудегі коммунист табандылығын қаламгер ха-
рактерлер тартысы арқылы бейнелеген. Әсіресе басты қаһарман
Бағиланың ұстанған бетінен қайтпайтын қайсарлығы көрермен
есінде қалады.
Репертуар жасауда ұлттық әдебиетіміздің бар байлығын
жете пайдаланбай жүрміз. Өлеңнен спектакль жасап жүрген
режиссерлеріміз Сәкен Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарларын»
сахнаға неге шығармайды? Классикалық «Түнгі сарын» бүгінгі
қауымға жетпей жата бере ме? Күлкіні сағынып отырған
көрермен «Талтаңбайдың тәртібін» қайта бір көрсе. Әбділда
Тәжібаев пьесаларының қазір сахнаға шықпай отырған себебі
не? Бұлардың баршасы ойланатын сұрақтар.
Бұрын проза, поэзия жанрларында сәтті шығармаларымен
танылған қаламгерлердің алғашқы пьесаларына тән ерек-
шеліктер қандай? Кейбір туындыларға нақты тоқталып көрейік.
Қазіргі ауыл өмірі, оның ішінде Алматы облысының Іле
атырабындағы бір совхоздың адамдары Б. Тоғысбаевтың
«Тасқын» атты екі бөлімді пьесасына арқау болған. Негізгі
әрекетке қатысатын кейіпкерлер: совхоз директоры Жарас
Ілесов, бұрынғы колхоз бастығы, қазір пенсионер Заманбек,
286
милиция қызметкері, лейтенант Бекболат, сауда қызмет-
кері Балым, шопан Жайлыбай, аудандық атқару комитеті
председателінің орынбасары Хасен Аманов, бұдан басқа персо-
наждар бірер эпизодта ғана сахнаға шығады.
Пьесаның тақырып өзектілігі ешқандай дау туғызбайды.
Театрларымыз әбден керек етіп, сағына күтіп отырған өмірлік
объектіні автор жақсы алған.
Бүгінгі адамдар, оның ішінде шаруашылықтың жас
басшыларының мінез-құлқы, ой-өрісі көрерменді де айрықша
қызықтырмақ.
Осы тұрғыдан келгенде, пьесадағы негізгі орталық кейіп-
кер совхоз директоры Жарас Ілесовтің бойындағы кемшілік ке
төзбеушілік, олқылықты ашып айту, шаруашылықты ұйым-
дастырудың жаңа үлгілеріне ден қою секілді қасиеттердің, тәп-
тәуір көрсетілуі – автордың табысы.
Ауылдық жерлерде белең ала бастаған кейбір мещандық
салқындарын Заманбек, Бекболат мінездері арқылы бейнелеу
мақсаты бар.
Пьесаның жалпы бітімінен драматургия талаптарын, жанр
шарттарын білетін адамның қолтаңбасы аңғарылады. Тіл-стиль
өрнегінен ойсыраған олқылықтар да байқалмайды.
Осындай жақсы сипаттарымен қоса пьесада бірқыдыру
көркемдік кемшілік, мүлтік мін, қайта қарап, өзгертетін тұстар
бар деп ойлаймыз.
Ең алдымен шығармада тұтас әрекет, арналы тартыс,
ұзын арна жоқ екен. Аралары солғын байланысқан жеке-же-
ке эпизодтардағы кақтығыс жылт етіп сөніп қала беретін әлсіз
жарықтай әсер қалдырады.
Қоғамдық қызметтен қол үзген соң, кейбір ақсақалдардың
рухани жағынан жүдеп, дүмше молдалықты қуып кетіп
жүргені – өмірде бар құбылыс. Тегінде мұның өзі зерттейтін
құбылыс. Осы ортаның моралінен хабаршы Заманбек, Мен, Жа-
рас арасындағы тартысты автор тым оңай шешеді. Әрине, Жа-
рас – Жомарт емес, Заманбек – Жақып емес («Миллионерді»
айтып отырмыз), дегенмен бір ауылдың сыйлы адамы оп-
287
оңай берілмесе керек. Бірақ осы характерлерді даралап ашуға
мүмкіндік беретін конфликтіні автор ұқсатып пайдалана ал-
майды. Заманбек Жарасқа қол жұмсағанша, екеуі де бірталай
іс-әрекетімен ашылуы керек еді. Ол басылатын, тез тыйылатын
оқиға емес. Автор бұл жағдайды да ескермеген. Сабағанына За-
манбек риза, сабалғанына Жарас риза секілді.
Оқиғаның шешімін күні бұрын сездіріп қою шеберлік
үлгісі емес, бұдан көркемдікке нұқсан келмек. Қызмет бабын
пайда табу көзіне айналдырған милиция қызметкері Бекбо-
лат әрекеттерінде де тиянақталмаған жерлер көп. Жарастың
соңынан жүріп суретке түсіріп алуын бір рет көрсету жеткілікті,
тіпті соны көрсетпей-ақ, соңғы сценада айғақты жайып сал-
са дұрыс болар еді. Белгілі болып қалған нәрсені орынсыз
тәптіштеп, Бекболаттың суретті Жарастың әйелі Алманың ал-
дына тартып ерлі-зайыптыларды шағыстырмақ болуы – сенімсіз
сцена.
Іле суының бөгелуіне қатысты айтылатын сөздер проб-
лемалық мақаланың стилін еске түсіреді. Бұл орайда ша-
руашылық жағдайынан жақсы хабар алғанымызбен, жеке
мінездер, характерлер көрінбейді. Алдан Сегізбаев, Әнес
Ақжолов – қосалқы персонаждар, бұлар пьесада басы артық
жүр.
Бұларға қарағанда Хасен Аманов сөздерінде шындық
елестері бар. Бірақ осы кейіпкер мен Жарастың айналада
машинаның бөлшек заттары үшін таласу сценасы да көкейге
қонбайды.
Жазушылар Оралхан Бөкеев, Роллан Сейсенбаев, Асқар
Сүлейменов, Иранбек Оразбаев, Сұлтанәлі Балғабаев бірнеше
пьесаларын сахнаға шығарып, көпшілікті қуантса, Дулат Исабе-
ков, Софы Сматаев, Баққожа Мұқаев драмалары көрермендерін
тапты.
Жанрға жаңа есімдердің келуін жаңалықтың басы деп
сезінеміз.
Дәуір ырғағын дәл басатын лирикалық өлеңдерімен, театр,
драматургия туралы нәрлі мақалаларымен, татымды аудар-
288
маларымен көпшілікке таныла бастаған Нұрлан Оразалин
қаламынан туған «Шырақ жанған түн» («Көгілдір терезелер»)
драма-новелласының республикалық жастар театрының сахна-
сында қойылуы – бірқыдыру қуаныш әкелген жағдай.
Біріншіден, жігіттің іздену, барлау, тәжірибе кезеңін бастан
өткеріп, шығармашылық сапалы жаңа сатыға көтеріліп, дебют
жасауы қуантады.
Екіншіден, Нұрлан Оразалин – драматургиядағы ең жас,
ең жаңа есімдердің бірі. Осы қуантады. Келешек, мүмкіндік,
өрістің алда екендігі қуантады.
Қазақ көрермендерінің бірнеше буыны эпикалық, поэ-
тикалық драмамен, шешен тілді, ақ өлеңмен жазылған, ән-
күймен кестеленген спектакльдер арқылы тәрбиеленген; сюжет,
композиция, кейіпкерлер сипаты, идея – мұның баршасының
эстетикалық дәстүрі, арнасы бар. Ұлттық драматургия ал-
дына Мұхтар Әуезов міндет, нысана етіп қойған мақсаттың
бірі – психологиялық драма, реалистік шығармалар болатын.
Өмірдің өз формасына сәйкес реалистік қарым-қатынастар
талап етілген. Жас драматург Нұрлан Оразалин пьесасында
(жинақтап айтамыз) – реалистік, психологиялық, лирикалық
драма жасау әрекет-талабы бар. Зер салған кісіге Нұргүл –
Таңат тарихы – күйеуінен қашып жүріп, жеңіл жүріске түскен
әйел мен оңай олжаға қанжығасы майланған нәрсіз жігіттің тез
ұмытылар көңілдестік хикаясы емес, адамдар арасындағы таза
қатынасты, сұлу сезімді аңсау сарыны.
* * *
Драматургия – қазақ әдебиетіндегі XX ғасырдың басын-
да әлеуметтік-қоғамдық факторлардың ықпалы мен ұлттық
өнердің тарихи дамуының заңды жемісі ретіңде туған жаңа
жанрлық форма. Драматургияның тез өсіп, жедел жетілуіне
әсер еткен негізгі дәстүрдің бірі – халықтың сан ғасырлар бойы
жинақталған, сұрыпталған, екшелген ғаламат бай фольклоры.
Тұңғыш қазақ пьесаларын зерттегенде, жанрлық форма-
лардың дамуындағы күрделі процесс айқын көрінеді.
289
Алғашқы драматургтер эпостық материалдарды арқау
ете отырып, Европа, орыс, татар әдебиеттеріндегі драмалық
формаларды пайдаланып, жаңа жанрдың үлгілерін жасаған.
Сюжеті, образдары эпостан, ауыз әдебиетінен алынған Жұмат
Шаниннің «Арқалық батыр», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пье-
салары – драматургияның жанрлық сырларын, поэтикалық
ерекшеліктерін меңгерудегі қазақ әдебиетіндегі ең алғашқы
тәжірибелер. Бұларда эпоста баяндалатын оқиғаларды диалогқа
көшіру, жырдағы толғауларды өз қалпында алу, көптеген де-
тальдарды, түйдек-түйдек сөйлемдерді сөзбе-сөз пайдалану жиі
кездеседі. Эпос үлгілерін сахнаға ықшамдап, артистер ойы-
нына лайықтап, драмалық формаға түсіріп, инсценировкалау
тәжірибесін көреміз.
Фольклор материалдарына сүйеніп жасалған Мұхтар
Әуезов, Ғабит Мүсірепов шығармалары – жанрға деген жаңа
көзқарастың, дамудың сапалы кезеңінің айғағы. Эпостан
алынған дүниелер көп зерттеліп, авторлық идеал, суреткерлік
концепция тұрғысынан қайтадан құйылып шыққан. Фольклор
үлгілерін сөзбе-сөз көшіру, вариация жасау, белгілі мотивтерді
қайталау жоқ. Халық даналығына үлкен суреткерлер өз тарап-
тарынан көп ой қосып, реалистік, типтік деңгейге көтерілген
образдар жасап, өнерді байытты. Мұхтар Әуезовтің «Еңлік – Ке-
бек», «Қара Қыпшақ Қобыланды», «Айман – Шолпан», Ғабит
Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек» пьеса-
лары – эпостық дәстүрлермен әлемдік драматургия сабақтарын
шебер ұштастырудан туған кесек шығармалар, әдеби дамуға
ықпал еткен ұлттық классика.
Мұхтар Әуезовтің ауылды көрсететін пьесалар циклының
өмірдегі құбылысқа лайық түр тауып, негізінен трагедия бо-
луында заңдылық бар. Айтылмыш туындылар формасы жөні-
нен әлемдік әдебиеттердегі классикалық пьесаларға ұқсас.
Қуаныш-қайғысы қат-қабат қазақ ұлтының өміріндегі
елеулі кезеңдердің бәріне де драматургтер үн қосып, үнемі
көкейкесті шығармалар беріп отырды. Бұл орайда Мұхтар
Әуезовтің жаңа адамды, жаңа шындықты, жаңа мұраттарды
2-0195
290
арқау еткен пьесалары тақырыптарының әралуандығымен
көзге түседі. Революционерлер, тарихи адамдар бейнесі («Ок-
тябрь үшін»), интеллигенцияның қалыптасуы («Тартыс», «Ал-
ма бағында», «Дос – Бедел дос»), жаңа отбасының тууы («Тас
түлек»), Ұлы Отан соғысындағы халық қаһармандығы («Сын
сағатта», «Қынаптан – қылыш», «Намыс гвардиясы», «Асыл
нәсілдер»), партия қызметкерлерінің, коммунистердің тұлғасы,
(«Шекарада», «Алуа»), осы секілді әр саладағы идеялық-
эстетикалық ізденістердің өзегі типтік ортада шынайы тартыс
үстінде көрінген типтік характерлер жасау, қаһарманның пси-
хологиясын ашу талаптары болып табылады.
М. Әуезовтің өмірді бейнелейтін пьесаларында ұзақ мерзім-
ді қамту, көпшілік сценаларына айрықша мән беру, ишаратты
астар, символ, шарттылық, фантастиканы пайдалану, эпика
элементтерін кірістіру секілді қазақ драматургиясында тұңғыш
рет қолданылған формалық жаңа сипаттар бар.
Алғашқы қазақ комедияларының арқауы – халық арасы-
на кең тараған, әлденеше ұрпақтар өңдеген аңыздар, күлкілі
әңгімелер, болған оқиғалар. Шағын көлемді, қысқа қайырыл-
ған Жұмат Шаниннің «Торсықбай», «Айдарбек» секілді ко-
медияларының сюжеті ел аузынан алынған қалпынан көп
өзгеріске түспеген. Фольклор материалын сахнаға лайықтау,
диалогтар жасау, персонаждар мінезін айқындау, тартысты
күшейту арқылы драматург төл шығармалар берген, Шаниннің
«Қара құлып», «Жанды сурет» сияқты шағын пьесаларының
сюжеті авторлық қиялдан туған. «Үш бажа» – қазақтың тұң-
ғыш сатиралық комедиясының эпостық дәстүрлер арнасы-
нан әлі шығып болмаған, сюжетті, ситуацияны, көркемдік
құралдарды фольклордан алған алғашқы кезеңнің жемісі. «Ай-
ман – Шолпан» пьесасының соңғы вариантында Мұхтар Әуе зов
фольклорды пайдалана отырып, реалистік комедия жасаудың
шығармашылық үлгісін көрсетті.
Қазақ комедиясының заңды түрде атасы аталған Бейімбет
Майлин драматургиясының реализмі, ең алдымен, шығармаға
күнделікті өмір құбылыстарын, комедияға лайық ситуация-
291
ларды екшеп, сұрыптап ала білуден аңғарылады. Комедиограф
қоғамдық арнадан кететін таптардың моралін, психология-
сын характерлер арқылы көрсетіп, күлкіге әлеуметтік салмақ
артқан. Майлин комедияларының жанрлық формалары сан
алуан, олардың ішінде водевиль де, скетч те, сатира да бар.
Күлкі тудыруда ситуация, психология ерекшеліктері, харак-
терлер тартысы, шарттылық амалдар, затты, детальді ойна-
ту, тілдік сипаттамалар, неше түрлі көркемдік құралдар еркін
қолданылған.
Майлин комедиялары атының астарлы, символды мәні бар,
кейіпкерлер есімі олардың әлеуметтік ортасының моралінен,
идеалынан жақсы хабар береді. Персонаждар тілі лексика-
лық, синтаксистік, интонациялық жағынан өзара дараланып
берілген.
Әлеуметтік мәнді проблемаларға құрылған, әр түрлі ха-
рактерлері бар, сан алуан күлкіге негізделген, жанр шарттары-
на толық жауап беретін Бейімбет Майлиннің реалистік коме-
диялары қазақ драматургиясының кейінгі дамуына үлкен әсер
етті.
Қазіргі қазақ комедияларында адамгершілік табиғатына
жат құбылыстар, адам мінезіндегі олқылықтар – бюрократизм,
махаббат тұрлаусыздығы, жағымпаздық, парақорлық, зиян-
қорлық, дүниеқоңыздық күлкі болады. Комедиографтар бүгінгі
драматургияның жетістіктерін театр, кино ықпалымен кел-
ген жаңалықтарды, шарттылық тәсілдерін, соны формалар-
ды творчестволарында қолдана бастады. Дараланған мінездер
бар, табиғи күлкіге негізделген, неше түрлі жанрлық форма-
ларда туған реалистік комедияларға қазақ театрлары бүгінде
аса зәру. Ә. Тәжібаев, Қ. Сатыбалдин, Қ. Мұхамеджанов,
Қ. Шаңғытбаев, Қ. Байсейітов секілді комедиографтардың
сахнада қойылып жүрген шығармалары ситуациясы, күлкі
тудыратын тәсілдері, жасаған образдары жағынан бір-біріне
ұқсас. Бүгінгі қазақ комедиясына эстетикалық арнадағы жаңа,
батыл ізденістер қажет-ақ.
292
Өмірлік шындық пен көркемдік арасындағы диалектика-
лық байланыстың қырлары қазақ драматургиясында тарихи-
революциялық, ғұмырнама-биографиялық тақырыпты игеру-
ден де көрінеді.
Шығармашылық адамдары, қазақ халқының ардагер
ұлдары Абай, Шоқан, Ақан сері жайлы пьесалар үш ілімнің
тұлғалардың тарихтағы ролі жөніндегі тұжырымын терең
ұғынып, күрескер тағдыры мен халық тағдырын ұштастыра
суреттеуден туған. Дәл фактіні, нақты деректі, негізгі оқиғаны
пьесаға арқау еткен әр драматург автор идеалына, суреткер
мұратына сәйкес әрқалай пайдаланатынын ақын Сәкен Сейфул-
лин өміріне арналған С. Мұқанов, Қ. Сатыбалдин, Ә. Әбішев,
А. Сатаев пьесаларын зерттегенде айқын көз жеткізуге болады.
«Майра», «Дала дастаны» драмаларының тарихи мате-
риалды зерттеп, екшеу принциптерінде, характер жасау, тіл
ерекшеліктерінде поэзия дәстүрлері, ақындық тәжірибелердің
ықпал-әсері бар. Бірқыдыру тарихи драмаларда психология-
лық тереңдік, астарлы ойлардан гөрі публицистикалық, па-
тетика лық идея басымырақ.
Тарихи тұлғаның өміріндегі жеке оқиғаларды натуралис-
тік дәлдікпен бергеннен көркем образ шықпайтыны, эсте-
тикалық әсер болмайтыны көп туындылардан аңғарылады.
Авторлық концепция, суреткер мұраты тұрғысынан өмірлік
материалды балқытып, қайтадан құйып шығу қажеттігін
кейбір қаламгерлер құнттамайды. Тарихи дәлдіктен ауытқып,
фактілерді өзгертіп, тартыс, әрекет бірлігін ескермеген пьеса-
лар творчестволық олжаға кенелтпеуі – заңды құбылыс.
Қазіргі қазақ драматургиясында қызықты творчестволық
процестер жүріп жатыр. Ескі дәстүрлер жаңғырып, оның ор-
нына жаңа тенденциялар көріне бастады. Совет адамдарының,
социалистік қазақ ұлтының бүгінгі өмірін бейнелейтін дра-
матургиядағы негізгі, орталық қаһарман – күрескер, жаңа дү-
ниетанымның, жаңа моральдың, жаңа психологияның адамы.
З. Шашкиннің «Ақын жүрегі», Ә. Тәжібаевтың «Көңілдестер»
пьесаларындағы персонаждар – әр түрлі характердің, әр түрлі
293
мінездің адамдары, бұл шығармалардың өмірлік материалды
сұрыптау әдістерінде, стиль қалыптарында, колорит, пафосын-
да ерекшеліктер бар.
Деректі материалды, фактіні, шартты тәсілдерді пайдала-
нып жазылған, күрделі мәселелерді қозғайтын, қазақ драма-
тургиясының шеңберін кеңейткен драмалар сахнада жүріп жа-
тыр.
Жанрдың өзара тоғысуынан, бір-бірін байытуынан туған
формалар, драмалық тартысы күшті, характерлері айқын ту-
ындылар негізінде жасалған инсценировкалар қазақ драматур-
гиясында көріне бастады.
Драматургияда реалистік тіл үшін күрес, ақ өлең жасау
ізденістері бел алды.
Қазақ драматургиясының байып, өрлеп, өсуіне әсер еткен
классиканы аудару жолында үлкен тәжірибе жинақталды.
Алғашқы аудармашылардың бірі М. Дәулетбаев Гогольдің
«Үйленуін», Шекспирдің «Гамлетін» қазақшаласа, Мұхтар
Әуезов аударманың драматургияда «Ревизор», «Отелло»,
«Асауға тұсау», «Любовь Яровая» секілді классикалық үлгі-
лерін тудырды.
Театр репертуарына қазіргі заман тақырыбын арқау еткен,
М. Хасенов, С. Жүнісов, Ә. Тарази, А. Шамкенов, Қ. Ысқақов,
А. Сүлейменов, И. Оразбаев, С. Балғабаев, Р. Сейсенбаев,
О. Бөкеев, Д. Исабеков, Ә. Тауасаров, Б. Мұқаев, Н. Оразалин
секілді драматургтардың пьесалары ене бастады. Кинодрама-
тургияда әр кезде Ғ. Мүсірепов, Ш. Хұсайынов, Қ. Сатыбалдин,
Ә. Тәжібаев, О. Сүлейменов бірнеше туынды берген.
Республика театрларының репертуарына көз салғанда, қын-
жыларлық құбылыс байқалады: драматургияның төл туын-
дылары, задында пьеса болып жаратылған шығармалар емес,
құранды нәрселердің, қоспа дүниелердің, инсценировкалардың
тым көбейіп кетуі қауіп ойлатады. Ортанқол, құбатөбел ау-
дарма пьесаларды сахнаға шығарумен кейбір режиссердің
тым әуестеніп кетуі берекелі ізденістердің, шығармашылық
олжаның үлгісі еместігі айдан анық.
294
Пьесаның көркемдік салмағы, тілдің күші ескерілмей, тек
режиссер қиялымен жасалған ойын сценаларына, дабыр-шуға,
пантомимоға, биге, кинокадрларға иек сүйеу формалистік теріс
жолға қарай бұрып жіберуі мүмкін.
Адамгершілік, әділет үшін күрескендер тұлғасын жасауға,
жастар өмірін көрсетуге, зиялылар, ғалымдар ортасын сурет-
теу ге арналған пьесалардан бүгінгі қазақ драматургиясының
табыстары мен олқылықтары қатар көрінеді.
295
Достарыңызбен бөлісу: |