302
тер), «Драматургиядағы ақ өлең үлгілері» («Қазақстан мектебі»,
1972, №1, 82-84-беттер), «В. Шекспир және М. Әуезов» («Жа-
лын», 1973, №2, 122-145-беттер), «Бүгінгі драма өрісі» («Уақыт
және қаламгер». – Алматы, 1976, ІV кітап, 223-242-беттер),
«Халықтық-тарихи драма жасаудағы шығармашылық прин-
цип» («Жалын», 1978, 129-139-беттер), «О трагедии» Ч. Вали-
ханов С. Муканова» («Изв. АН КазССР, сер-фил», 1981, №4. С.
30-37) сияқты ондаған еңбектерді көрсету керек.
Алғашқы «Трагедия табиғаты» монографиясында (Алматы:
Жазушы, 1968. – 176 бет) М. Әуезов драматургиясы зерттелді.
«Талант тағдыры» кітабы (Алматы: Жазушы, 1969. – 128
бет) қазақтың тұңғыш режиссері
Жұмат Шанин және театр
мәселелеріне арналған. «Күретамыр» монографиясында (Алма-
ты: Жазушы, 1973. – 236 бет) қазақ драматургиясының поэти-
касы талданады. «Өнердің эстетикалық нысанасы» кітабында
(Алматы: Мектеп, 1979. – 192 бет) Сәкен Сейфуллин, Ілияс
Жансүгіров драматургиясы сарапталған.
Автор бұрын жазған еңбектерін қайта топтап, бір ар-
наға салып, редакциялап,
жаңа тараулар қосып, қазақ дра-
матургиясының жанр жүйесін көрсететін көлемді монография
шығарды («Айдын». – Алматы: Өнер, 1985. – 400 бет). Бұл мо-
нография қаламгердің «Арқау» атты екі томдық шығармалар
жинағының бірінші томына кірді (Алматы: Жазушы, 1991. –
576 бет).
Еңбектің тағы да қайта қаралған,
толықтырылған, ба-
йытылған соңғы нұсқасы «Драма өнері» деген атпен басылды
(Алматы: Санат, 2001. – 480 бет). Бұл еңбек бірнеше рет орыс
тілінде шықты. Біріншісі – «Поэтика драмы» (Алматы: Жазу-
шы, 1979. – 248 с.), екіншісі – «Казахская драматургия» (Аста-
на: Фолиант. – 254 с.), үшіншісі – «Эпическая драматургия»
(Астана: Фолиант, 2004. – 288 с.).
Түсініктерді жазған Қ. Алпысбаев,
филология ғылымдарының докторы, профессор
Достарыңызбен бөлісу: