көзқарасымыз бен Алланы танудағы көзқарасымыз, күнкөріс
күйбеңі мен жан сақтау амалдары әр халықта басқа-басқа.
Осыдан келіп адамдардың өзіне т ә н қасиеті — Ұлттық
ерекшелігі дараланады. Даралық, бірінші кезекте, мінезден
байқалады. Қазақта оғаштау бұрыс сөз бар: «Атың шықпаса
жер өрте». Айғай, аттанға үйірлерді кекеткені. Енді бір қанат-
ты тіркес ауыздан көп шығады: «Аман ердің аты шығады».
Ата-бабамыздың даңқы немен шыққан? Отбасы, ошақ қасы,
ауыл-аймағы, ел-жұртының амандығы үшін: «Жаным - арым-
ның садағасы, малым — жанымның садағасы» деген қағиданы
ұстанып, сырт жұрттардың сесін қайсар да қайратты, арлы да
намысты сұсымен басып, елдігін бекемдеп, нығайтуға күш сал-
ған. Арлы да арманшыл, өжет те өлермен бабаларымызды сырт
дұшпан кекеп, мұқаған. Қойындасуға бар да, сойылдасуға жоқ
момын ұлыстарды билеп-төстеп жаман үйренген озбырлар са-
хара төсін жайлаған, құйрық-майды шайнаған еркін де ер
көңілді азат елді құлдыққа көндіктіре алмай дымы құрығанда
мінез ерекшелігімізді мін қылған. Еркін де ер мінезді азат елді
қ ұ лды қ қ а көндіктір е алмай амалсыздан бас шай қ аған .
Көнбейді бұлар жат елдің тепкісіне деп түңілген. Ақымақ дос-
тан ақылды дұшпан артық боп шыққан. «Ә, бұлар ғажап ел!»
деп танырқаған. Бабаларымыздың табиғатқа жақындығына
сүйсінген. Жылдың төрт мезгіліне орайласып көшіп-қонып
жүретін көшпелі жұрттың көш салтанатының өзі көз суырған.
Басына тіккен үйі, киген киімі, атқа мінісі, тойшылдығы,
көкпар тартып, жайлауды думанға бөлейтіні, қыз ұзатып, келін
түсіруі, астындағы атын жолдасына түсіп беретін мәрттігі,
қонақжайлығы, аталы сөзге тоқтайтын бірсөзділігі, даладай
кеңпейілдігі, қыздардың күмістің үзбесіндей сүйкімді келетіні,
еркектердің үнемі ат үстінде жүретін сергектігі — сырт елдің
назарын аударған, ерлігін мойындатқан. Бәрінен де
өлгеңдердің басына там соғып, рухын көтермелеп, аруаққа си-
ынатыны, бабаларының кәрі моласына ауық-ауық оралып, сол
маңды қоныс ететіні қайран қалдырған. Басқыншы жұрттың
абыздары: «Бұлар — ғажап-ғажап! Ежелгі көк түріктердің
нәсілі емес пе. Қанында табиғаттың тазалығы бар», — деп баға-
лаған. Сол «ғажаптанудан» Қазақ атануымыз бек мүмкін.
Көк түрік әулетінің ежелгі ерлігін, дұшпанға бас имейтін
қайсарлығын, көк семсердің жүзіндей өткірлігін, уыттылығын
айнытпай қайталаған бабаларымыздың жауынгерлігін, мал
ашуы жан ашуы деп біліп, көрші елге ауысқан малы үшін май-
дан ашатын содырлығын, атқа мінгенде тіке ақ сауытты батыр-
дай бірінің өзі жүз кісілік болатыны, опасызды орақша ора-
210
тын, сөзінде тұрмағанды ат құйрығына байлайтыны,
жігіттерінің сұлуға көзі түссе, сұңқарша шүйілетіні, төмен
етектілерінің өзі жауға беріспей, жат құшаққа енгенді ар
көріп, жауына кездікше оқталатынын есепке алып: «Ә, бұлар
шеттерінен кәззап барып тұрған» демей ме. Сол «кәззаптан»
қ аза қ атанып кетуіміз де ғажап емес. Бұрыс сөзді сырт
елдердің е с т і л е р і , ө з г е жұрттың тарихшы білімпаздары
жұмсартыңқырап: «Олай демеңдер, азаттыққа құштар,
еркіндікті ерлікке ұластырған еркөңіл мәрт шеттерінен. Ежелгі
бабалары сақтардың ұрпағы. Солардың сұсы бар кейпінде, на-
ғыз сақтар осылар. Хас-Сак қой бұлар. Сақтардың өзі болмаса
да көзі, тұяқ жалғары». Осы бір қисын көңілге қонады. Ұлты-
мыздың түп-тамырын бүгінгі ұрпаққа, келер нәсілге шыншыл-
дықпен ақ сөйлеп жеткізбесек, құрғақ білімпаздықпен бос
ділмәрсу жалғандыққа ұрыңдырады. Жалған сөз жүрекке ор-
намайды, санаға сіңбейді. Қазақтың қайдан шыққаны жөнінде
айта бермей, қайтсек қазақ боп қаламыз, соны ойлауымыз ке-
рек. Бұл — құрғақ ақылдымсу емес. Біз, қазақтар, мінезді ха-
лықпыз. Қазақ этносының өзгеше ерек қасиеті мінезінде жа-
тыр. Жоғарыда айтып өттік. Елжандылығымен қоса жаужүрек
батыр екен. Бірсөзділігі және басым. Жомарт келеді екен. Бау-
ырмал шеттерінен.
Жер бетінен қаншама халық жойылып кетті. Жойылғаны
емей не — тілінен, дінінен, дәстүрінен айырылса, басқа халық-
тарға сіңісіп кетсе. Осыншама кең байтақ даланы иемденіп, ата
жұртынан тапжылмай, ауа көшпей, басқыншы жұрттардың
сығымына шыдас беріп, елдің ерекшелігінен айырылмай, XXI-
ғасырға Қазақ елі болып аман-есен жетуі — саналы ұрпақты
ойландыруға тиісті. Ойлаңдырып қана қоймай, ұлт келешегіне
қызмет етуге, қазақтық қасиетімізді (мінезімізді) қорғаштап,
соның түрленіп жетілуіне, толысуына азаматтық ар-ожданы-
мен қызмет жасауға, керек десеңіз, жанын пида етуге дейін ба-
руы керек-ақ.
Достарыңызбен бөлісу: