Бағдарламасы бойынша шығарылды Өмір Кәріпұлының бұл жазбасы қаламгерлік ізденісі мен



Pdf көрінісі
бет77/77
Дата07.04.2022
өлшемі3,83 Mb.
#30285
түріБағдарламасы
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77
Байланысты:
Tuqyr

Тұғырымыз биіктей берсін 
Кәдімгі түз  қыраны бүркітті тұғырға  қонақтатады. 
«Бүркітің тұғырлы болсын» дегенді саятшылар бір-біріне 
тілеулестікпен айтады. Жазбамыздың аяқталар тұсында тұғыр-
ды ауызға алуымызда зәредей жалғандық жоқ. Оған Алланы 
ауызға алып куәлік бере аламыз. Тәуелсіздік алған жылдардан 
бастап мемлекеттігімізді нығайтып, елдігіміздің іргесін бекем-
деп, «Туған жерім - гүлстаным, мәңгі жасыл ырыс-бағым. 
Еркіндікке жетті  қолым, көк байрақты Ту  ұстадым...» деп ән 
шырқайды тәуелсіз  Қазақ елінің  ұландары. Бәрі де жарасым-
394 
ды. Бұл дегеніңіз, Отанға деген сүйіспеншілік,  ұлтқа деген 
риясыз адалдықтың көрінісі. Бүркіт он жерден биік тұғырда 
отырсын, томағасы алынып, балақ бауы ағытылған сәтте 
жеміне  құлдилап түсе алмаса, аң ала алмаса, онда оның 
тұғырда отырғанынан не пайда?! «Бүркітің тұғырлы болсын» 
дегендегі аңғарту - бүркітің  қайырлы,  қазыналы болсын де-
генге саяды. Ненің болсын тұғырын биіктетіп, көрнекті тұсқа 
қойып,  қастерлегенмен,  қайтарымы болмаса, еңбегіңнің зая 
кеткені. Өзіміз тілге тиек етіп отырған «бүркіттің тұғыры» 
бейнелі  ұғымға жатады. Тұғырдағы бүркіт биіктеп  ұшып, 
жеміне аспаннан сорғалап келіп іліп түссе,  құдайдың жарыл-
қағаны. 
Қазақ атам  ұрпағын  қырандыққа баулыған. Ел  қорғаған 
батырлар, теміржақ шешендер, ақындар мен жыршы-жырау-
лар, билер мен бектер, аузында Алласы бар діндарлар,  қоңыр 
мінезді бұқара, барша  қауым  Қазақ елінің көшін ілгерілетіп, 
ата-бабамыздың өнеге-үлгісін  ұстанып, бүгінгі заманға 
жеткізушілер болып табылады. Олардың  ұстанған жолы мен 
дәстүр-салты, әдет-ғұрпы, туған тілі, халықтың бай мұрасы, 
бізді, кейінгі  ұрпақты атамекенін, туған жерін, елін сүюге, сал-
тын  ұстанып,  ұлттық  қасиетін, рухын жоғалтпауға 
тәрбиелейтін  құндылықтар баға жетпес асылымыз. 
Сол  ұлттық құндылықтардан  қасиет кетсе, онда  ұлттық рух 
әлсірейді. Рухтың әлсіреуі  қазаққа тән намыстың  қожырап, 
сырт елдің жылтырағына (өнеріне, әдет-ғұрпына, анайы дағды-
ларына) әуестеніп, ежелгі халықтық үрдістерді (тәрбие-тәлімге 
негізделген) аяқасты етіп, жаттың, Батыстың, сырт елдердің 
тобырлық мәдениетіне еліктеп, соған жаппай әуестенуге апа-
рып соқтырады. Ата-бабамыздың мыңдаған жыл бойында 
ұрпақ санасына,  қанына сіңірген, тәрбие-тәлімге негіз еткен 
барша  құндылықтан айырылып  қалу  қаупін тудырады. Ол нен-
дей  құндылықтар? Ана тілімізден өткен асыл  қазына бар ма? 
Ананың сүтіндей тұщымды, оралымды туған тілімізді 
менсінбей,  қазақ тілінде сөйлеуді ар көретіндердің бар екенін 
кімнен жасырамыз?  Ұлттық намыстан жұрдай,  ұрпақ туған 
тілімізді аяқ астына таптап, баса-көктеп төске өрлесе, халық-
тық дәстүр-тағылымдарды санасынан өткізбей, өзге елдердің 
мәдениетіне көзсіз еліктеп, соған басы бүтін берілсе,  қиыны 
сол! Озық технологияны игеріп, компьютердің тетігін сауатты 
баса білу өмір талабы. Шет мемлекеттің ғылымын, технология-
сын меңгерме, олардың жақсысынан үйреніп, біліміңді 
жетілдірме деп отырған кім бар өсер жасқа? Мәселе  ұлттық 
қасиеттің солғындануында. Үлкендер ойсыз жастан түңілгенде 
395 


«Қасиетсіз неме!» деп қол сермейді.  Қасиетсіздік бойдағы бар-
ша адами қасиеттгерді суша шайып жібереді. 
Айталық, тұғырдағы бүркіт бүгінде  қыран деліне ме? Ал-
ғыр бүркітті «қыран» дейді. Нағыз  қыранның тұғырлы бол-
мағы, оны баулитын иесіне байланысты.  Құстың иесі сауат-
сыз болса, онда оның баулыған бүркіті биіктеп  ұшып,  қыран-
ға тән алымдылық көрсете ала ма?  Құсын баули білген саят-
шыны «құсбегі» деп ерекшелейміз. Бүгінгі  құсбегілер әуес-
қойлар әншейін. Бала тәрбиелейтін, оның ішінде  қазақ бала-
сын тәрбиелейтін ата-ана,  ұстаздар мен барша  қауым өсер 
жасты  ұлттық тәрбиенің сүзгісінен өткізіп,  қырандыққа бау-
лу керек. 
Еліміздің бас  қаласы — Астанаға Бәйтеректі мүсіндеп, 
ұлттық нышанға айналдыруымыздың астарында байырғы 
дәстүрдің ізі жатыр. Ненің болсын,  қасиетін танып, оны ырым-
дау ежелден келе жатқан үрдіс. Тау сағалаған барысты түрік 
нәсілді  ұлыстар кие тұтып,  қасиетін бағалаған. Кәдімгі момын 
жануар арқарды халқымыз «тау еркесі» деп әспеттеген. 
Ақбөкеннің текесін «Марғасқа» деп ауыз толтырған. Бүркітті 
«биіктік тәңірісі» деп және ерекшелеген. Өсер жасты тұғыр-
дағы бүркіт-қыранға балаған.  Қазақ атамыз Тұғырды ырымда-
ған. Тұғыр —  қазақ үшін хан тағынан да  қасиетті саналған. 
Тұғырдың  қасиеті неде? Халқымыз тұғырды биіктік пен сапа-
лық  қасиеттердің жиынтық бейнесіне жатқызған. Тұғыр- бей-
нелеп айтқанда, еліміз бен жеріміз, ата қонысымыз, асқар тау-
ымыз, айдын шалқар көліміз.  Ұрпақ санасына сіңіретін тәлім-
тәрбиеміз болып табылады.  Ұлттық тәрбиенің нәтижесі — 
Алашым деген жастардың тұғырдағы бүркіттей сесті де 
сергектігінен көрініс табады. 
Ұлтжандылық — ұраншылдыққа жатпайды. Әлсіз адамдар 
айғайшыл келеді. Ендігі жерде  құр айғайдан түк шықпайды. 
Намыс шешеді көп жағдайды. Онда да  ұлттық намыс. Намыс-
сыздық жігерсіздікке, немқұрайлыққа душар етеді. Өзім аман 
болсам болды, өзгелер не болса ол болсын дейтіндер — намыс-
сыздар. Өзінің туған тілін мансұқтап,  ұлттық дәстүр-салтты 
ұстануды ерсі көретіндер —  қазақтық  қасиеттен жұрдай бол-
ғандар.  Ұлттың  ұланы, таудың  қыраны болу екенің біріне 
бұйыра бермейді. Бүркітті «қыран» дейтініміз — алған бетінен 
қайтпайтын  қандыкөз өжеттігі. Туған еліміз тұғырлы болсын 
десек,  қыран мінезді  қайсар да табанды  ұрпақ тәрбиелейік. 
Тәрбие-тәлімге негізделген еңбегіміздің түйіні — Тұғырымыз 
биіктей берсін! 
396 
397 


398 
399 


Өмір Кәріпұлы 
ТҰҒЫР 
ІЗВИ  9 7 8 - 6 0 1 - 7 3 5 0 - 0 0 - 0 
9  7 8 6 0 1 7  3 5 0 0 0 0 
«Сенім» ЖБО ЖШС-де басылды. 
Тараз каласы, Төле би даңғылы, 22 үй. Тел.: 43-32-84. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет