Бағдарламасы бойынша шығарылды Өмір Кәріпұлының бұл жазбасы қаламгерлік ізденісі мен



Pdf көрінісі
бет36/77
Дата07.04.2022
өлшемі3,83 Mb.
#30285
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   77
Байланысты:
Tuqyr

Көшбасшы 
Халық - сыншы. Сөйте тұра сөзге жомарт. Жақсылықты 
дабыралағанда небір серке сөздер ойқастайды. Сондайда 
біртуар деп те, азаматым деп те, батырым,  қаһарманым деп те, 
қайсар, табанды деп те түрлендіреді. Соның бәрінен де 
«көшбасшы» дегенге айрықша салмақ түсіреді. Көш бастау 
екінің біріне бұйырмаған. Халықты тығырықтан көш жолына 
табанды азамат  қана алып шыға алады. Содан да ондай 
біртуарды «Көшбасшы» деп өзгешелейді. Көшбасшы бір күнде 
туа салмайды. Талапкерден, жүрегінің оты бар алғыр жастар-
дан суырылып шығады. Ондай талапкер, бірінші кезекте, табан 
жолынан ауытқымауға тиісті.  Қай соқпақпен,  қай жолмен 
жүрсе адаспайды? «Бір жол бар - алыс, алыс та болса жақын. 
Бір жол бар - жақын, жақын да болса алыс». Жаңылтпаш 
емес, ақиқат сөз.  Құранның «Фатиха» сүресі былай басталады: 
«Бізді тура жолға сала гөр! Нығметіңе бөленгендердің жолына 
/4-с, 69-а/. Ашуға берілгендердің, адасқандардың жолына 
емес! Әмин!» /5-с, 78-а/. 
Өмірде тура жол бар ма өзі? Халық айтады: «Дүние бір қисық 
жол бұраңдаған, бақ тайса ерге дәулет құралмаған...» Оқтай түзу 
жол болмайды, болмақшы емес. «Өмір - күрес» дейтініміз содан. 
Мағжан ақын «Өмір - көпір, от үстіне салынған, діңгектері зан-
нам отқа малынған...» деп асқына торығады. (Қиямет-қайымда 
адамдарды діңгектері жанып жатқан отқа малынған сырат 
көпірден өткізеді екен. Сол от «заннам оты» делінеді). 
Өзіне лайықты жол таңдауда әркім-ақ адасады. Көш жо-
лына, сара жолға шығу оңай емес. Адаспас үшін нені жанына 
серік етуі керек? Тәуекелді шығар?  Құрғақ тәуекелден не шы-
ғады? Жігер мен  қайратқа сүйенетіндер табысқа жетуі кәдік. 
Бірақ сол жігерің де мұқалып,  қайратың да жасиды. Орта жол-
дан  қайтуың керек пе? Сонда сен ішкі түйсігіңді іске қосасың. 
Сәтсіздікті жеңіп шығу үшін тек алға тырмысып, алғы күндер-
ден үміт күтуге бір күш сені алға итермелейді. Ол күш не? Ол 
200 
- Алланың  құдіреті, табиғаттың демесіні. Алла жаратқан сан-
сыз жұлдыздар, аспандағы ай, кірпігінен шуақ төккен күн, 
лекіткен жел, түйілген бұлт,  қыл аяғы  қолыңдағы  қамшыңа 
шейін сені демегендей болады. Сонда «тәуекел» деп айтқаның-
ды өзің де байқамай  қаласың. Еріксіз алға  ұмтыласың. Мұны 
физиканың заңына сыйдырғанда, ішкі және сыртқы  қуат 
дейді.  Қуат көзі сенің бойыңда, соны іске  қосуың керек қиын-
нан жол таппай  қиналғанда. Ал сыртқы  қуат Алла бұйыртқан 
сансыз жаратылыс. Сондай ширығыста көк жүзіне  қарайсың. 
Аспанда  қалықтап  қыран жүр.  Құс екеш  құс та  қияға  қанат 
қомдайды. Сен неге орта жолда  қалып  қоюың керек? Еріксіз 
ой түседі, санаңа нұр  құйылғандай болады. Жігеріңе жігер 
қосылып, өз өзіңнен ширыға бастайсың. «Өлуім бар, орта жол-
дан  қайтпаймын!» деп қайрайсың өзіңді. Алланың демесіні деп 
осыны айтамыз. Алға озасың.  Қиындық артта  қалып,  қуаны-
шқа кенелесің, ойға алған мақсатына жетесің. Халық мұны 
«Бір жасың екеу болды» дейді. Сүйгеніңді  құшып, жар  қызы-
ғына кенелесің. Махаббаттың шуағына бөленесің.  Қолға алған 
ісің өнімді болады. Табысқа жетесің өмірдің әр саласында. 
Сондайда «Бұл өзі алған бетінен  қайтпайтын  қайсар, табанды 
азамат» деп мойындайды досыңмен қатар дұшпаныңның өзі. 
Табандылық - ерге лайықты  қасиет. Әйел затын «өжет» 
деп көтермелейді үлкендер. Өжеттен ерлік  қасиет пайда бола-
ды. Өр әйел еріне де, еліне де пайда келтіреді. Сыншыл қария-
лар табандылықты екінің біріне таңбайды. Келешегінен үміт 
күткен жасты майданға салып шыңдап, сыннан өткізіп алған 
соң, ішкі ризалықпен айтады. Табандылар баршылық. Нағыз 
алмастай мұқалмайтын  қайсарлар, алған бетінен  қайтпайтын 
уытты  ұландар  қадау-қадау келеді. Көбісінің табаны тайғанақ-
тап, сыр беріп  қояды. Нағыз табанды діттеген тұсқа жетіп ба-
рып босаңсиды. Табандылық, әсіресе, ел назарындағы азама-
тқа, көш бастаушы бірегейге, елбасыға тән  қасиет. Халқын 
қиыннан жол тауып, соны өріске алып шыққан  қайраткерлер 
көшбасшы дәрежесіне жетеді. Ондай атақты бірегей  қайрат-
керге халық береді. 
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы дербес ел болып, 
Тәуелсіздік алған өтпелі кезеңде көрегендікпен ертеңімізді бол-
жап,  Қазақ елін соныға /өрісті де өркенді ел  қатарына  қосып/ 
алып шыққанын бүтін әлем жұртшылығы мойындаған озғын-
дық. Елбасымызға деген өзгеше ризалықтан жыр туындады: 
Бір жылғы туған құрдасым, 
Армандасым, мұңдасым, 
Реті келіп тұрған соң, 
201 


Өзіңе бұрдым жыр басын. 
Елің үшін қайыстың — 
Не көрмеді бір басың. 
Пайғамбар сынды Абызым! 
Ауызда жүрген күнде атың. 
Қыбырды шолар  қырымнан, 
Биіктеп ұшқан Қыраным! 
Иір біткен бұтағы, 
Өзегі құрыш, Шынарым! 
Қазақтың туған бағына, 
Аруақты ерім, Ұраным! 
Қиындықтан тайсалмай, 
Аршыдың көзін тұманың. 
Арқаға көшті бастадың, 
Белгілеп елдің тұрағын. 
Табансыз, тайғақ болбырды 
Намыспен буып бұрадың. 
Қыр аспайтын  қиқарды 
Ширасын деп сынадың. 
Дау тілеген күншілді 
Шаң қаптырып, ұзадың. 
Бабаға шындап сиындың, 
Тәуекел болды ұраның. 
Ел сенер сендей Еріне, 
Соңында өжет ұланың. 
Дарабозым, Тарланым, 
Данагөйім, Абзалым, 
Ел мен елдің арасын 
Көпір болып жалғадың, 
Қазағыңды мұратқа 
Жеткізу ғой арманың. 
Даналықпен саралап 
Саясаттың тармағын. 
Ғасырдан өтер сүрінбей, 
Тура жолды таңдадың. 
Еркін қазақ көгінде 
Қырандайын самғадың. 
Жасаңсып өскін өркенің, 
Жайқала берсін орманың. 
Жамбылдың жет жасына, 
Қызығын көріп жалғанның. 
Арайлы болғай, лайым, 
Алдағы атар таңдарың! 
202 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет