Бағдарламасы бойынша шығарылды Өмір Кәріпұлының бұл жазбасы қаламгерлік ізденісі мен



Pdf көрінісі
бет44/77
Дата07.04.2022
өлшемі3,83 Mb.
#30285
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   77
Байланысты:
Tuqyr

Заманның мінезге ықпалы 
Кеше мен бүгін — арғы замандардың жалғасы.  Ұлттық 
дәстүрге негізделген тәрбие-тәлім сабақтастығы үзіле  қойған 
жоқ. Алғы күндерге елеңдеп, келешегімізден үміттенеміз. 
Кешегіден  қалған  ұлттық үрдісті  қаузап сабақ жүргізгенде жас 
ұрпақты миландырып тастадық деуден аулықпыз. Бүгініміз де 
еңселі. Ертеңіміз тіптен биіктейді. Дербес елміз. Тізгін  қолда. 
Темірді  қызған кезінде соғып  қалуымыз керек. Жастарды 
ұлттық дәстүрде шыңдаудың сәті енді туды. 
Қазақ  ұлты орыс елімен  қолтықтасты.  Қойындаса  қойған 
жоқ. Ол неден?  Ұлттық рухымыздың мықтылығынан. Бүгінгі 
таңда казармалық социализмнің шектеулі аясынан еркіндікке 
шығып, мемлекеттігімізді нығайтып, іргемізді бекітіп жатыр-
мыз. Шет жұрттармен алыс-беріс күшейді. Елдестік /диплома-
228 
тиялық/  қатынас орнады. Жүздеген елмен сауда-сатгық жаса-
самыз. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы «ашық есік» саясатын 
жүргізіп отыр.  Қазақ бабамыз ежелден-ақ барыс-келісті оң 
көрген. «Бармасаң, көрмесең жат болып кетесің» деп аралас-
құраластықты  ұрпағына аманаттаған. Бүгінгі заман талабы әр 
азаматтан сергектікті талап етеді. Есігіміз ашық. Ашық тұрған 
есікке әркім-ақ бас сұғады. Есікті  құлыптау әдетімізде жоқ. 
Кең  қолтық  қонақуар бабаларымыз төрін бұлдамаған.  Қазақ 
үшін төр  қастерлі орын. Досы тұрмақ дұшпанына да бұлдама-
ған төрін.  Қазақ елінің бүгінгі  қастерлі төрі — Ақорда. Прези-
дент резиденциясы. Ақорданың төрін Елбасымыз ашық  қойғ-
ан. Келгендердің бәрі бірдей елдесем деп келмейді.  Қазақстан-
ды сынап-мінеп кетуге бар. Бас пайдасына бола жалған жыми-
ятын бұзық ойлылар  қаншама. Сондайда ата-бабамыздан  қалғ-
ан өсиетті  қаперде  ұстасақ,  ұтылмаймыз. «Қонақ аз отырады, 
көп сынайды», «Аяғы жаман төрді былғайды, аузы жаман елді 
былғайды», «Жолаушыны бөгеме, жолынан  қалдырасың, 
қонақты көп кідіртпе, сырыңды алдырасың», «Қонақ — өз 
үйіңді ойлай отыр», «Таспен  ұрғанды аспен  ұр», «Иесі жуас 
үйдің иті осырақ», «Қонақ  қойдан жуас, май берсең де жей 
береді», «Жақсыда жаттық жоқ», «Күлтөбенің басында күнде 
жиын»... 
Міне, осы  ұлағатты сөздердің астарында терең мән жатыр. 
Қазақ атамыз кәнігі дипломат болған. «Елдесгірмек елшіден, 
жауластырмақ жаушыдан» деген тұжырым соған дәлел. Обалы 
нешік, Елбасымызда  қазақтық мінез әр сөзінен, жүріс-тұры-
сынан,  қимылынан,  қабағынан, жымиысынан, сөз саптасынан 
байқалып, көзге  ұрады. Жігер де бар, уыт та бар,  қайсарлық 
пен табандылық та бар. Биліктегі басқа азаматтардың /мини-
стрлер, әкімдер, депутаттар мен елшілердің, кәсіпкерлер мен 
өндіріс басшыларының, заңды  қадағалаушылардың, түрлі ма-
мандық иелерінің, дәрігерлер мен мұғалімдердің/ өмірдің әр 
саласында халыққа  қызмет көрсетіп, ат үстінде жүргендердің 
заман талабына орайласа ыңғай беріп, бейімделуде кәнігі 
қазақтық мінезден көз жазбай,  ұлттық  қасиетімізді бойтұмар 
қып жүретін, елім дейтін есті азаматтар  қатары көбеймесе, 
азайған жоқ. Десек те, сырт елдердің зымияндығы іш жидыра-
ды.  Қазаққа мінез енді керек.  Қазақтың бағы далада еді. 
Мінезінің ерекшелігі,  қайсарлығы, өршілдігі, кең пейілдігі, 
асыра шашпа жомарттығы, етек-жеңін кең  ұстайтындығы да-
ладан ауысқан. Содан да біздер,  қазақтар дала мінездіміз. Ата-
бабаларымыз дала заңына бағынған. Социализм, керек болса, 
қазақтардан шыққан. Моралдік кодексі: «Өле жегенше, бөле 
229 


же».  Қазақ халқының өзгеше  ұлттық  қасиеті далалық 
социализмнің аясында  қалыптасты. Ортақтасып өмір сүруді 
басты назарда  ұстады. Жыршы-жыраулар ортақтаса өмір 
сүруді насихаттады: 
...Бәрімізге ай ортақ, 
Қайырлы болса бай ортақ. 
Жақсы болса би ортақ, 
Көп жасаған көне ортақ. 
Жаман адам не керек, 
Жақсының елге бәрі ортақ. 
Ел жабылып ішуге, 
Айдын- шалқар көл ортақ. 
Ай батқан соң, күн ортақ. 
Күн батқан соң, түн ортақ, 
Алдыңғы өскен ағаға, 
Жақсы болса іні ортақ, 
Жаман болса кім ортақ? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет