Кәсіптің /мамандықтың/ мінезге әсері
Кәсіптің, мамандықтың адам мінезіне әсері бола ма деген-
ге келсек, әңгімеміз ұзай береді. Кәсіп - жинақтағанда,
күнкөріс. Тырбаныс, еңбек ету, жұмыс істеуге жатады. Кәсіп
қылған адам әр тарапта қол қимылдатады. Олай болса,
кәсіппен айналысу өмірдің мәні екен. Заман талабына орай
кәсіп те өзгеріп, өрісін кеңейтеді. Мәселен, аңшылық кәсіпті
алайық. Ерте замандарда нағыз күнкөріс көзі болған. Аңшы-
лықтың өзі сала-салаға бөлінеді. Құс салу - нағыз өнерге ба-
ланған. «Бүркітші», «саятшы» деп те көтермелеген. Қыран
құстар, бүркіт, лашын, сұңқар, қаршыға, жағалтай, ителгі,
құмай, тұрымтай сынды жыртқыштарды қолға үйрету, баптап,
аңға, адал құсқа салу, айтары жоқ, кәнігілікті талап еткен.
Аңшылық кәсіптің айналасында жүрген адамдардың мінез-
құлқы көптің назарында болады. Қарау, өзімшілдеріне қарата:
!
«Атасы басқамен аң ауласпа», - деп кесіп айтады. Ағайын ара-
сында келіспеушілік туындағанда осы мақал ауыздан ауызға
көшеді. Бүгінде мәнін жоя бастады. Аң аулау екінің біріне
қонбайды. Оған дағдылану керек. Еңбекқорлық, ептілік, бұған
қоса, табиғат сырын тамыршыдай тап басу, әр аңның мінезін
білу, қасиетін тану оңайға түспейді. Әсіресе, дала бөрісін ол-
жалау - жігер мен қайратты, батылдықты талап етеді. Қасқыр-
ды итпен алады аңшылар. Көбінесе, мықты атпен жетіп соға-
ды. Кәдімгі қақ сойылмен жайратады. Қасқырды қысқа қарай
қар түсе аулайды. Қара жерде қасқырға жететін ат жоқ.
Жеткенімен алдырмайды. Қарсы атылып, адамды жазым
қылуы кәдік. Қар қалыңдағанда адымын жаза алмай, толық
айбат көрсете алмай, шарасыздан беріледі. Онда да зордың
күшімен. Кейбір ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермейтін кеудем-
соқтарды атам қазақ «Қара жерде қасқыр соққан» деп
келекелейді. Қара жерде қасқыр соғатын көкімелер қазір де
бар. Бүгінде аңшылық кәсіп емес, демалудың, сейілдеудің, таза
ауа жұтудың ермегіне айналды. Қазіргі аңшылар табиғатқа
орасан нұқсан келтіреді. Аңдаусызда өрт шығарады. Қызыл
239
238
кітапқа енген құстар мен жануарларды тағылықпен аулап,
тұқымын құртады. Ондай аңшыларды қасақы, қаскөйлер де-
меске лажың бар ма?!
Қазаққа тән ата кәсіп — малшылық. Бүгінгі шаруа /фер-
мер/ малын бақтыра алмай жүр. Өзі бағайын десе, алық-
берікке жүгіруден қалады. Томаға-тұйық күн кешетін заман
емес, аралас-құраластық шешеді шаруаның күрмеуін. Ерте
кезеңдегі жылқышы мен қойшы, сиыршы мен түйешілер кілең
дала академиктері еді. Дала сырын, табиғаттың құпиясын,
құстар мен аңдардың тілін, өсімдіктердің жаратылысын, ауа
райының құбылысын тамыршыдай тап басатын еді. Бүгінгі
бақташы бір күндік күнкөрісін ғана ойлайды. Малға қамқор-
лық, адамға қамқорлық екенін естен шығарған. Бағымы
келіспеген, бақташысы мінезсіз малдан да қасиет қашады.
Азады керек болса. Ата-бабаларымыз малдан да мінез күткен.
Мінезді малдың тұқымы асыл келген.
Еңбектің, кәсіптің, бүгінше айтқанда, мамандықтың, өнер
жолындағы ізденістің, ғылымға құлаш ұрудың, ел билігіне ара-
ласудың мінезден көрініс табатынын халық жақсы біледі. Шет
жағасын көрдік, ұсталар мен зергерлер, ісмерлер, шеберлер, үй
ағашын басатындар, етікші мен өрімшілер халық арасында
беделді болған ғой. Бала кезімізде көрдік, әр ауылда ұста бола-
ды. Ұсталарда мінез бар-тын. Олардың мінезіне қарай бағала-
натын соққан кездігі мен пышағы, ұстарасы.. Әкелеріміз «ана
ұстаның соққан кездігі асыл, мынаныкі жасық» деп отыратын.
Кейін білдік, уытты келеді екен ұсталардың дені. Ондай
мінезді ұстаның соққан кездігі де асыл болып шығады.
Темірдің өзін жонып түсірген. Ұстахана — кішігірім завод десе
болғандай. Оған бас сұқпайтын адам жоқ, үлкен де, кіші де
келеді. Балаларға көрік бастырады. Үлкендер әңгіме-дүкен
құрады. Ұста дүкенінен алатын тәлімнің өзі баланың
келешегіне сабақ. Ұсталар, әдетте, сабырлы келеді. Орнықты
сөйлейді. Қабағында ашу тұрады. Орынсыз жыртақайлықты
тыйып тастайды. Соған қарамастан әңгімешіл. Әндетіп те оты-
рады. Өсек-аяңды жақтырмайды. Тыйып тастайды. Әзілге де
бар, онысы - көпшілікті өзіне тарту. Ұстаханада еңбек ырғағы
салтанат құрған. Қазақ өнерінің шоқтығы болып қалған Үкілі
Ыбырай көрік басып, ұсталықпен айналысқан ғой. Әндерінің
дені көріктің уіліне, балғаның темірді жаныштаған ырғағына
үйлеседі. Ұсталық хас шеберлік деп дәріптелген қазақ арасын-
да. «Молдадан хат қалады, ұстадан дат қалады» делінуі содан.
«Ұста қырланса, көрік уһілейді» деген де тіркес бар.
Үй ағаш басу, қамшы өру, ағаштан түйін түю, білезік,
240
жүзік соғатын зергерлікті жинақтап «шебер» дейді. Халыққа
қызмет ететін «Шебердің қолы ортақ». Етікшілік кәсіпті атам
қазақ бәрінен де жоғары қойған. Етікшілік екінің біріне қона
бермейді. Асқан төзімділік керек, шыдамды келеді етікшілер.
Сөзге сараң, өзімен өзі. Өз ішіне үңіліп, өз-өзімен сырласады.
Өз көңілімен мұңдасады. Сондайда бойында өнері барлар өлең
шумақтарын құрастырады, ән шығарады. «Ерінбеген етікші
болады» деген тіркес сөздік қорымыздан берік орын алған.
Бүгінде осы мақалдың мәнін өзгертіп, кері айтатын болып
жүрміз. Еріншектен етікшілік шықпайды дегенді меңзегені.
Етікші ертеңнен қара кешке дейін тыңбай еңбек етеді. Соған
қарата айтылған. Кейбір көре алмастар «Ерінбеген етікші бо-
лады, ұялмаған әнші болады» деп кекетеді. Ол енді бұрыс сөз.
«Еріншектің ертеңі таусылмастың» керіне бақсаң, бой-басың-
ды құнттамайтын салдыр-салақ атанасың. Ертеректе өткен
етікшілердің отбасында береке болған. Қарттары күйбеңшіл,
жастары ұстағанына тұтқыр, еңбекқор келген. Қазақтың
көрнекті қаламгері, сөз ұстасы Жүсіпбек Аймауытов қолөнер
шеберінің баласы. Әкесі етікші еді. Жүсіпбек те қаражаяу емес
екен. Етік тігуді өнер деп білген. Етікшілік өнерді жазушы-
лыққа ұштастырған. Осының астарында нендей сыр бар?
Ұшып-қонған шошақай, орнықсыз жан пәтуасыз келеді.
Сөзінде де, өзінде де береке болмайды.
Қолөнер кәсібі адамды орнықтылыққа, шыдамдылыққа
бейімдейді. Мәселен, жазушылық пен ақындықтың өзінде ай-
ырма бар. «Ақындардың арқасы бар» делінеді. Ол - оның та-
биғи қасиеті. Ой-сезімінің бұлқынысы. Бір өлеңді қағаз бетіне
түсіргеннен кейін бой жазады. Гүлге қонған бал арасындай ой-
ына азық болар тақырып іздейді. Сонда ол былайғы көзге есер
адамдай көрінеді. Шынайы ақынның буырқанысқа көп
берілетіні содан. Ал қарабайыр, қарадүрсін өлең шумақтарын
ұйқастыратындар — «шөп те өлең, шөңге де өлең» дейтіндер.
Ақындар үстелге көп отыра бермейді. Оларда толғаныс басым
келеді. Оны «шабытын шақыру» дейді. Болашақ жазар өлең
ойын түртіп, жүрегіне шапқанда барып қолға қалам алады.
Ара-арасында шарапқа беріледі. Шалқиды. Шатаққа да ұры-
нып кетеді. Тентек деген атаққа да қалады. Ақындар кілең ша-
таққұмар дегенді жиі естиміз. Оларды шыдатпайтын «өлеңнің
толғағы» ғой. Мінезге жатпайды, толғаныстың әсері. Ақындар-
дың мінезі, жалпы, өнер адамдарынын мінезі олардың сомда-
ған, мүсіндеген, жазған өлеңінде болады. Өлеңі мінезді - на-
ғыз акын.
Жазушылық - айтары жоқ, қып-қызыл қиямет. Күн сайын
16-2628
241
жазуың керек. Асықпай, баяу қимылдамасаң, жазғаныңның
суы көбейіп кетеді. Жазушыға тән қасиет - орнықтылық, са-
бырлылық. Нағыз жазушының қыдырып, сейілдеуге, шарап
ішуге, шатаққа ұрынуға уақыты болмайды. Жалпы, қаламгер-
лер мен өнердің сан саласындағы таланттарды күнделікті
тіршілік ыңғайына қаратып, жүріс-тұрыс, сөйлеген сөзінен
мінезін ұстап ажырату үстірттік болар еді. Әртістер мен жазу-
шылар, суретшілер, ғалымдар, озғын таланттылар бойындағы
бар қабілетін, керек десеңіз, мінезін туындысына, шығармасы-
на сіңіреді. Өз-өзіне келгенше бірталай уақыт өтеді. Осындай
босаңсыған сәттерінде өнер адамдарының «доссымақтары»
оларды өз мақсаттарына пайдаланып, жолдан тайдырады.
Пендешілігін /қызбалығын, аңқаулығын, адалдығын/ ағаш ат-
тың басына іліп, «жерден жеті қоян тапқандай» дос-дұшпанға
сүйіншілейді. Бақталастық, көреалмаушылық, қызғаншақтық
өнер адамдарында да болады. Бәсекесіз өнер өрістемейді. Сол
көреалмаушылық асқан сөз ұстасы, етікшідей ерінбей, сұлу
сөзден бірегей шығармалар сомдаған есіл Жүсіпбек Аймауытов-
ты да өмірден мезгілсіз әкетті. Қырағылар аттырып тастады.
Сөз неден шықты? «Ерінбеген етікші боладыдан». Қазақ-
станның батыс өңірінде ғұмыр кешкен ақын-сазгер Қайыпна-
зарұлы Қайып етікшілік кәсіппен айналысыпты. Әр ауылда
айлап жатып етік тігу салқа айналған. Бір байдың Ақбөбек де-
ген сұлу қызы болыпты. Етікші Қайып әлгі қызбен көңіл жа-
растырады. Екі жас ғашықтық аңсарын баса алмай күйіп-жа-
нады. Күндердің күнінде етікші жігіт қызды алып қашады.
Қолы ұзын қыз әкесі Ақбөбекті жігітінен айырып, алып қала-
ды. Қайып асау сезімін баса алмай аласұрады. Ақбөбекке ән
арнайды:
Ақбөбек кеткенің бе серттен тайып,
Баласы Қайыпназар атым Қайып.
Аз күнге серттескенмен серуен құрып,
Бүгін бар, ертең жоқсың дүние ғайып.
Қараймын жабығыңнан қаздай бойлап,
Ақбөбек отыр ма екен бір ой ойлап.
Кез болған қапияда қарағым-ай,
Тоймадым қызығыңа бір жаз тойлап...
Бүгінде бұл ән халық әні болып айтылып жүр. Кезінде
белгілі фольклоршы ғалым, ақын Балтабай Адамбаев осы
аңыздан алып «Ақбөбек» поэмасын жазды.
Тағы бір қастерлі кәсіп - үй ағаш басу. Шаңырақ құрасты-
рып, уық ию, кереге қаусыру асқан шеберлікті қажет етеді.
242
Қазақ ғұрпында үйшілерді /киіз үйдің шеберін/ қастер тұтып,
төріне шығарып, кәде-жоралғыдан құр қалдырмаған. Ырым-
дап, баласының кекілінен сипатып, отырған жеріне аунатқан.
Әдетте, үй ағаш басатын шеберлер салмақты, орнықты сөйлер
еді. Көзіміз көрді, аузы ауыр келетін.
Әр кәсіптің /мамандықтың/ өзіндік ығыты, машығы бола-
ды. Еңбексіз адам жүрген бір бос қауақ. Ал кәсіпке икемделіп,
машықтану, сөз жоқ, кісінің мінез дағдысына әсер етеді.
Мүлде өзгерту деген болмақшы емес мінезді. Ол бір Алланың
қолында. Әрқилы нобайдағы мінез қалыбына бейімделу деген
бола береді. Кәсіпке маманданып, ыңғайласу - жан дүниеге,
адамның арман-аңсары, сезім толқынысына тікелей ықпал ет-
пей қоймайды. Мәселен, актерлерді алайық. Жайшылық
өмірде бір қилы әртістер сахнада басқаша кейіпте. Содан да
әркімнің аузында жүретін қарапайым тұжырым бар: «Өмір -
сахна, адам сахнаға шығатын әртіс». Бір қалыпта жүре алмай-
сың. Еріксіз құбылтасың мінезіңді.
Ежелден емшілерді, ұстаздарды халық қастер тұтқан. Емші
тәніңді сауықтырса, ұстаз жаныңды байытады. Бүгінде
дәрігерлер мен мұғалімдер ең бір қастерлі мамандық иелері бо-
лып табылады. Дәрігерлер бір қалыпта жүруге дағдыланады.
Өздерін бір қалыпта ұстауға тырысады. Адамдарға деген
аяушылық сезімі басым келеді. Өмірдің баянсыздығын,
тіршіліктің келтелігін жақсы біледі. Соған ертерек көз
жеткізеді. Дәрігерлер артық-ауыс сөзге, қылжақай, құбылма-
лыққа бара бермейді. Мұршасы жоқ еркінсуге. Шығыстың да-
нышпандарының бірі ибн Сина дәрігер болған. Орыстың ұлы
жазушысы А. Чехов адам жанының арашасысы бола жүріп,
қалам ұстаған. Медицина ғылымында озғын жаңалықтар аш-
қан Төрегелді Шарманов, Ғабдолла Құлқыбаев, Мұхтар Әлиев
сыртқы кейпіне ішкі жан дүниесі үйлескен айрықша дегдар
азаматтар. Қазақтың дегдарлары осылар. Дәрігерлер адамды
қастер тұтып, сүюде алдына жан салмайтын бірінші нөмірлі
гуманист десек, артық айтқандық емес. Ал сол озғын гуманист
өзімшіл келсе, қабағында сыз тұрса, алдына келген сырқаттан
қарадай жиіркеніп, суықсып алса не болғаны? Адамның адам-
шылығының өзі бір-біріне сүйеніш болып қызмет көрсету емес
пе. Дәрігер сырқатты сөзбен емдейді деген қағида бар. Сөз -
адамның мінезі. Демек, дәрігер адамды мінезбен емдейді екен.
Бүгінде компьютер енді өмірге. Электронды құралдар адам-
дарға қолғабыс көрсете бастады. Сөз жоқ, озғындық.
Компьютердің тұтқасында отырған маман ақылды темірдің
ығында қала береді. Тетікті іске қосатын жай ғана қалыс адам.
243
Сөйлеуге мұршасы жоқ, ақылды темірдің шылауында. Алдына
келгендерге мінезбен қызмет көрсете алмайды. Келешекте
өңшең үндемейтін тұйық, қабағы қату, өңі солғын «темір»
адамдар қаптап кетуі кәдік.
Ұстаздық — ұлы кәсіп. Тәрбиеші тәлімгер шеттерінен.
Оқымысты. «Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға».
Демек, ұстаз жалықпайтын ізденімпаз, еңбекқор болғаны ғой.
Алаңсыз еңбек ету үшін мұғалімге жағдай керек. Жағдайы
келіспеген мұғалім балаға нендей білім беріп жарытады. Осы
жолдар авторының да мамандығы мұғалімдік. Мектепте
үзіліссіз жиырма жыл қызмет атқарған.
Мінез дағдыларын тап басып айтып бере алмаймыз. Өзі
маманданған пәнін жетік білген мүғалім — нағыз ұстаз.
Оқулықтың аясында ғана балаға білім беретіндер әншейін ерқ-
ара. Мейлі математик болсын, биолог, әйтпесе, физик болсын
- мұғалімнің даралық қасиеті болуға тиісті. Даралық қасиеті
дегеніміз — мінезі. Сіз әр күн сайын сахнаға шығасыз. Бейне-
леп айтқанда, әртіссіз. Образға еніп, өзіңіз бейнелейтін
кейіпкерді ойнауыңыз керек. Сіз олай етпейсіз, сабақ
өткізесіз, онымен қоса баланың мінез-құлқына ықпал етуіңіз
керек. Ол оңай шаруа емес. Психолог болуыңыз керек. Сы-
ныпқа кіріп келген сәттен бастап, әр баланы назарыңызда
ұстап, жүрегіңіздің жылуын бағыттайсыз оқушыларға. Ол айт-
қанға ғана оңай. Бала қыбырламай, жыбырламай отыра алмай-
ды. Ол үшін сабақты қызықты өткізуің керек. Қайтсең тар-
тымды өткізесің сабақты? Ол дайындығыңа байланысты. Ұста-
зға ізденімпаздық ауадай қажет. Ал мінез ше? Баланы
мінезбен тәрбиелеу деген қолға түспейтін алтын құс есепті.
Ұрысу, айғайлау, зеку, желкеден нұқу - мүғалімнің әлсіздігі.
Мінез балаға ұстаздан бір күнде, әйтпесе, бір жылда ауыса сал-
майды. Сіздің, мұғалімнің шеберлікпен аса тартымды өткізген
сабағыңыз шәкіртіңіздің санасында өшпестей болып қалуға
тиісті. Жылдар өтіп, әлгі оқушы есейіп, азамат қатарына қосы-
лғанда, ұстазының өте сәтті өткізген сабағының әсерін сана-
сында қайта жаңғыртып, кәдеге асыруға тырысады. Мұғалім
үнемі жоғары деңгейде сабақ жүргізе алмайды. Көбінесе, орта-
ша өткізеді сабақты, тәрбие-тәлімдік ықпалы да бәсең
көрінеді. Қарадүрсіндеу ықпал ететіндей сезінеді өзін. Мен
кереметпін деп еш мұғалім кеуде кере алмайды. Неге?
Мінезсіздік қинайды. Мінезбен тәрбиелеуге қабілеті жетпейді.
Білік-білімі тапшы. Баланы мінезбен тәрбиелеу деген ұлттық
тәрбиеге жатады. Бойына ата-баба дәстүрін, салтын, ұлттық
қасиетін сіңірмеген, сөздік қоры тапшы, тіл мен діннен хабар-
244
сыз, кісілік кейпі қораш, азаматтық алымы кемшін мұғалім ба-
ланы мінезбен қалайша тәрбиелемекші? Оның үстіне, бүгінде
мектепте ер мұғалімдер жоққа тән. Әйел жаны нәзік. Қыздар
мен келіншектер, қарт ұстаздар тым жұмсақ. Тентекке
тепсінбесең, басқа шығып алады. Қиқарды мінез тезіне салған
да жөн. «Баланы жастан...» дейді атам қазақ. «Аюға намаз
үйреткен - таяқ». Қисықты түзеу үшін мінез керек. Мінезсіз
мұғалім дәрменсіз жалпақшешей есепті. Сонымен, мінезді
мұғалім кімдер? Бұлай деп те кесіп-піше алмайсың. Гәп мына-
да. Мұғалімдер өз нанын адалдан жеу үшін еріксіз ширайды.
Мінезге де басады. Алдынан тәрбие алып шыққан шәкірттерін
өз баласынан кем көрмейді. Бірақ қол қысқа. Неге олай? Ба-
лаға ұлттық тәрбие беру үшін ұлттық мектепті қалыптасты-
рып, даралау керек-ақ. Көп ұлттымыз деп сылтауратудың не
жөні бар?.. Ұлттық мінезден жұрдай жастар қазаққа тұлға бо-
лып жарыта ма?
Мамандық түрлерін санамалап кетсек, онда біз сабағымыз-
ды шашыратып аламыз. «Ойлаған ойды қыстаған тұрмыс
билейді». Адам жағдайға қарай, алған мамандығына, айналыс-
қан кәсібі, атқаратын қызметіне қарата бейімдейді мінезін.
Мүлде өзгертіп жіберу деген болмайды. Мәселен, құқық қорғ-
аушыларды алайық. Әсіресе, полицияларды. Қызмет бабында
оларды қатігез, дөрекі деп ұнатпаймыз. Жақсы мінездеме жоқ
оларға. Солар еңбек демалысына шығып, қазақша айтқанда,
аттан түскенде жұп-жуас, моп-момақан болып шығады.
Биліктегілерді де халық жарата бермейді. Бүгінгі әкім -қарала-
рға таңылмайтын ат жоқ. Халық айтады: «Атқа мінген /бұл
арада билікке араласқан/ тәуірлер кіндігіне шейін қан кешеді».
Қолындағы билік шоқпарын сілтеймін дегенде байқаусызда
бір момынға тиіп кетеді. Жанның бәріне жақсы атты көріну де
оңай емес. Біреуді алдайды, біреуді арбайды. Содан барып екі
сөзді болып шығады. Ондайды атам қазақ «Былай тартсаң,
арба сынады, олай тартсаң, өгіз өледі» дейді. Үстел басындағы
бастық жақынына, дос-жаранға бұрмай тұрмайды. «Қолында
бар қонышынан басады». Халық оны да айтып қойған. «Бір
кісі таққа мінсе, жүз кісі атқа мінеді». Таққа талас, баққа тала-
сты «Біреу өлмей, біреу күн көрмейді» деп тұжырады халық.
Ішті сөз. Алланың әмірі дейміз бе, тағдырдан дейміз бе, шын-
дығы сол. Сонда билік басындағыларда да мінез болмағаны ма?
Алғы тарауларда айтқанбыз. Басшыға тән мінез жиынтығы —
әділдік. Әділдік - ұлы қасиет. Нағыз мінез ел билігіне аралас-
қандарға керек. Қоғам қайраткерлері, саясаткерлер, ғалымдар,
зияткерлер, ұлтжанды азаматтар, ұлтым деген әр азамат
245
қазаққа /Алашқа/ мінезімен қызмет етуге тиісті. Бұл сөзді
Алаштың көсемдерінің бірі Әлихан Бөкейханов айтқан. Өтпелі
кезеңде, бір қоғамдық формациядан келесі бір қоғамдық фор-
мацияға бет бұрғанда, санада сілкініс болмай қалмайды. Нағыз
елім деген есті азаматтар төбе көрсетеді. Майданға араласады.
Сол жолда құрбан болып кетеді. Мәселе құрбан болуда емес,
ақ сөйлеп, әділін айтуда.
Білгішсіп кетсек те, айтпасқа амалымыз жоқ. XXI ғасыр-
дың кірісінде, өтпелі кезеңде біртуарлар /зиялы қауым/
кісіліктен қалып барады. Бұдан былай тіптен жеңілейіп кетуі
кәдік. Кеңес өкіметі орнаған жиырмасыншы, отызыншы жыл-
дарда қазақ қоғамыңда ұлт зиялылары арасында тартыс үдеді.
Мендешовшілер, сейфуллиншілер, бөкейхановшылар деп ата-
ды оларды. Бұлардың бәрі де қазағым деп күресті, билікке ара-
ласты. Қайтсек ат төбеліндей қазақты қиын-қыстау күндерде
аман сақтап қаламыз деп аласұрды. Бұлардың таңдаған жолда-
ры әрқилы болғанымен, мақсаты қазақтық болатын. Замана
тартысында «күріш арқасында күрмек су ішедінің» керімен та-
рих сахнасына «сұрқылтайлар» шығады. Тартысушы, айтысу-
шы екі жақтың ортасына түскен болып, өздерін қайраткер етіп
көрсетуге тырысады. Ақылман болғансиды. Білгішсініп,
өзіндік соны ілім тудырғансып көсемсиді. Әсіре саясаткерлерді
отызыншы жылдары «жолбикелер» деп таңбалаған. Жолдан
қосыла кетіп, көш бастағысы келетіндер, білгіш бола қалатын-
дар, ішін жасырып, сыртымен көрінетіндер «жолбикелерге»
жатады. Бүгінгі өтпелі кезеңде нақ сол жолбикелік сахнадан
көріне бастады. Шоғыры көбейіп барады. Жолбикелік қоғам-
танушы саясаткерлердің де санасын жаулап алған. Екі ауыз
қазақшасы жоқ, сөйте тұра «ана тілім» деп толғанады. Дені
жалған сөйлеуге әуес. Бүгінгі саясаткерлердің /жолбике-
лердің/ табиғаты қазаққа келмейді. Батыс саясаткерлеріне
еліктеп, тыраштанады. Билікке қарсы топта /оппозицияда/ да
жөні түзу мінез жоқ. Жеке бастың араздығын халық мүддесіне
ұштастырмақшы. Өздерін халық қамын ойлаған қайраткер етіп
көрсетпекші. Халық ондайлардың соңынан ермейді.
Мінезсіздерді ит етінен жек көреді.
Әңгімеміз кәсіп /жұмыс/, мамандық турасында еді ғой. Әр
кезеңнің әз күйбеңі болады. Социалистік құрылыс кезеңінде
«жұмыскер», «жұмысшы», «колхозшы» делінді. Бүгінде
«кәсіпкер», «бизнесмен», «шаруагер», «банкир» сынды кәсіп
иелері шықты. Байырғы теміржолшы, шопыр, шахтер, кенші,
есепшілер өз орнында. Жорналшылар, радио мен телеарна
қызметкерлері, діндарлар өзінше бір шоғыр.
246
Мамандық иелері мен қоғамдағы таптар мен топтардың
сан алуандығы қоғам мүшелерінің біркелкілігіне /орныққан
сана/ әсер етеді. Және біз өтпелі кезеңде тұрмыз. Феодалдық
қоғамнан социализмге бет бұрғанда, бейкүнә еркін де бейбіт
қазақ халқы қойдай қырылды. Бүгінгі таңда басымыздан тағы
да зобалаңды өткеріп жатырмыз. Соғыс жоқ, ел аман, жұрт ты-
ныш дейтін мамыражай кез. Социалистік құрылыс
коммунистік билік тілімізді күрмесе де, мінезімізден айыра
қойған жоқ-тын. Ал мына жабайы капитализмнің жойқын
үрдісі /адам саудасы, дүниеге ашкөздік, озбырлық, қатыгездік,
лаңкестік, жезөкшелік, жең ұшынан жалғасқан парақорлық.../
тіке санаға ұрады. Батыстан келіп жеткен ақпарат тасқыны, өз
ішімізден күш ала бастаған бейпіл басылымдар мен бетімен
кеткен топтар /діни ағымдар, батыстық мүддені көздейтін
ұйымдар, орыс шовинистері/ қазақ қауымын сүйек құртша
кеміріп барады. Оған есірткі мен арақ күш бергенде, қазақта
мінез қала ма?
Рас, билік тізгіні қазақтардың қолында. Соған қарамастан
ұлттық мүдеге келгенде тым майысқақпыз. Көп ұлтты елміз
деп сылтауға басамыз. Осыдан келіп, өз ішімізде «батысшыл-
дар» күш алып барады. Олар өз қандастарымызды ескішіл,
кертартпа деп жүре тыңдайды. «Қазағым қайран елім» деп
мінез көрсеткенге /ұлтым, тілім деген/ және салқынбыз. Аме-
рика саясаткерлерінің көксегені де осы еді ғой. Әлі бұдан да
сорақысын көреміз. Тұрмыс түзеліп, шаруа оңалғанымен,
қазақ бейбақ мінезден айырылып қалған соң, баяғы бодандық-
тың өңі айналған шекпенін қайыра кимесімізге кім кепілдік
береді?
Кешіргін, дос, бұл сары уайым емес, қауіптен сақтандыру.
Жалпақ шешейлікті қою керек. Немқұрайлылық та жаман
әдет. Талғамсыздық та келісімсіз. Әсіре еліктеушілік, көрсеқы-
зарлық, бұған қоса, өз асылыңды бағаламай өзгенің (шет
жұрттардың) жасығына қызығушылық мінезді қожыратпай
қоймайды. Ақшаға қалтасын сықағанды «оздымға» санайтын-
дарды мінезді деп қалай айтарсың? Мінез былай тұрыпты, он-
дайлар бара-бара өзінің барша адами қасиетін ақшамен елше-
се не болғаны?! Еріксіз Абайға құлақ тосасың: «Адам адам ба-
ласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады...»
Сіз де Абай ғибратынан үлгі алыңыз, жас дос! Ақыл сарабына
салып, ой қорытуды өзіңізге қалдырдық.
247
|