Бағдарламасы бойынша шығарылды Өмір Кәріпұлының бұл жазбасы қаламгерлік ізденісі мен



Pdf көрінісі
бет53/77
Дата07.04.2022
өлшемі3,83 Mb.
#30285
түріБағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   77
Байланысты:
Tuqyr

Аяқ салу 
Ата-бабамыз жесірін  қаңғытпаған, жетімін бауырына тарт-
қан. Мұны дала заңына үйлестірген. Сондай  қазақы ереженің 
бірі — аяқ салу. 
Өткен ғасырдың елуінші жылдарында, соғыстан кейінгі ке-
зеңде жесір мен жетімде есеп болмады. Екі үйдің бірі  қара жа-
мылған. Әке-шешеміз «Анаған  қайынағасы аяқ салыпты ғой» 
деп жұмбақтар еді. Кейін білдік. Бұл ата-бабадан келе жатқан 
рәсім екен.  Қазақ әйелдері, жетім-жесірлер кім-көрінгенге 
етегін бастырғанды ар санаған. Сәкен Сейфуллиннің жары 
Гүлбаһрам жиырма сегіз жасында ақыннан айырылып  қалды. 
Қуғында жүргенде жалғыз  ұлы Аян да шетінеп кетті. Ақын-
ның жары өмірден тұл жесір (күйеусіз, баласыз) өтті. Небары 
жиырма сегізінде жесір  қалса да, өз жалынына өзі өртеніп, 
жесірлікке  қайсарлықпен шыдаған. 
Мұхтар Әуезов 1937 жылы  ұсталып, атылып кеткен Ілияс 
Жансүгіровтің жары Фатимаға аяқ салған. Некелесу мүмкін 
болмаған. Ол кезеңде екі әйел алу коммунистік моральға  қай-
266 
шы еді. Халық дәстүрінде ата-бабамыздан үзілмей келе жатқан 
әмеңгерлік салтқа кірікпейтін бір жол - аяқ салу. Бұл салт не-
келесуге үйлесе  қоймайды. Соған жуықтау десе болады.  Қима-
стыққа, көңілдестікке жуықтайды. Ертеден бар үрдіс. Жақсы-
ның артында  қалған жарына теңдес тұстасы  ұрынады. «Жа-
манға жар төсегін бастырғысы келмеген» есті әйел күйеуінің 
үзеңгілесіне,  қимас досына бейімделеді. Мұхтар Әуезовтің Фа-
тимаға көңілі  құлауы ата-баба дәстүрімен сабақтас. Соны 
қаперде  ұстаған Мұхаң ақынның жесіріне аяқ салған. 
Аяқ салу төсек  қатынасымен бітпейді. Жесірге  қамқорлық 
көрсетіп,  қарайласуға  ұласады. Жесірге аяқ салған еркек 
көңілдесіне  ұрынғандай жасырынбақ ойнамай, ашық-жария 
бастайды  қатынасты. Ондай  қатынастан туған бала ойнастан 
пайда болған делінбейді. 
Бүгінгі таңда жер шарының ақпараттық кеңістігінде мыл-
тықсыз майдан өрістеп жатыр. Байлыққа  құныққан алпауыт 
елдер шикізатқа бай елдерге көз алартады. Дамыған елдер да-
мымай  қалған елдерге үгіт-насихат  құралдары арқылы ықпал 
етіп,  ұлттық-сананы улайтын айла-шарғыға барады. Бір ғана 
Ресейдің бес мыңнан аса газет-журналы  Қазақстан аймағына 
таралады екен. Орыстандыру саясаты бәз-баяғы  қалпында де-
сек болады. Оған батыстың үгіт-насихаты  қосылады. Сонда 
қазақ жастарының санасын  қалай  қорғаймыз?  Ұлттық  құнды-
лықтарымыз шайылып кеткені ғой. 
Өз ішімізден шыққан тоғышарлар  қаншама. Халықтық 
салт-дәстүрді, өнерді, әдебиетті, шынайы махаббатты белден 
басып, барша адами  құндылықтарды доллармен бағалайтында-
рға бәрі бір емес пе? Ақшаның  құдіреті жаратушы иеге деген 
махаббаттан асып түсті  қазір. Байшыкештер жетім-жесірге 
қарайласпайды деп  ұшқары ойлауға болмайды, әрине. Доллар 
уыстағандар да ет пен сүйектен жаралған. Дегемен, «күштінің 
арты диірмен тартады» деген халық айтқан сөз тағы бар. Сол 
«күштілер» аяқ салудың жаңа заманға бейімделген түрін жаң-
ғыртып жатқан жоқ па.  Қалталылардың әр жерде сүйіктілері 
бар. Сүйікті болу - сүйгендіктің нәтижесі. Сүйген жүрек бірді 
ғана таңдайды. Бүгінгінің доллар уыстаған серілерінің бұраң 
бөкселері - әншейін көңілдестері. Ашынасы деуге де 
келіңкіремейді. Көңілдестікке байланысты: «Бүгін - жалын, 
ертең - шоқ, бүгін бар да, ертең жоқ», - деп баға беріледі. Аяқ 
салу - тұрақты, опалы  қатынас. Сонда жүрекке  ұялайтын ма-
хаббат  қайда  қалады десеңші. Уақытқа, жағдайға баланысты 
көңіл де тұрақтай  қоймайды. Тұрақсыздар әр кездерде болған. 
Оған жауапты Абайдан табамыз: 
267 


Махаббат, достық қылуға, 
Кім де болса тең емес. 
Қазір дайын тұруға, 
Бес күндік ғашық жөн емес... 
Міне, көрдіңіз бе, сұлуға үздіккен, көрінгенге аяқ салғыш-
тардың әрекетін. Нағыз опалы жан «бес күндік» ғашыққа ұры-
на қоймайды. Аяқ салудың ертеден келе жатқан тәртібі ығыты 
бар. Әйтсе де, сүйіспеншілік те мәңгі емес.  Қараңыз: 
Сүйіспек көңілім ойлайды, 
Жанның бәрі қатыбас. 
Сүйісу тозбай тұрмайды, 
Еңбекке аз күн татымас... 
Абайдың сөзімен айтқаңца «бес күндік ғашық тез тозғаны 
ғой». Тозбайтын, көнермейтін махаббатты тағы да жеріне 
жеткізген Абай емес пе?! 
Сүйекпен бірге кететін махаббатты ақын былай деп 
бейнелейді: 
Жарқ етпес қара көңілім не қылса да, 
Аспанда ай менен күн шағылса да. 
Дүниеде сірә сендей маған жар жоқ, 
Саған жар менен артық табылса да... 
Арманына жете алмаған. Сөйте тұра «жар» дейді. Осындай 
айнымас жүректі, адал арманды сүйекпен бірге кетпейді деп 
көріңізші. 
Сорлы асық сарғайса да, сағынса да, 
Жар тайып жақсы сөзден жаңылса да. 
Шыдайды риза болып жар ісіне, 
Қорлық пен мазағына табынса да... 
Нағыз сүйген жүрек, Абайдың сөзімен айтқанда, ғашығы-
ның «қорлығы мен мазағына» риза. Ғашықтықтың басқа салға-
нына шыдайды. 
Кейбір жас ғашықтың азабына шыдамай, өртенуге бар. 
Ондайлар өзіне-өзі  қол салады. Күйреуіктері ішімдікке салы-
нады.  Қыздар да бүлінеді. 
Күйрек жан өз отына өзі өртеніп кетуге бар. Оған да 
кешіріммен  қарауға болады. Одан да сорақысы бар емес пе?! 
Аруды жәбірлеп, арын аяққа таптауды ерлік санайтындар бар. 
Махаббат майданының «қаһармандарын» дәріптеу сарыны 
әдебиет пен өнерде бой көрсете бастағанын жасыруға болмай-
ды. Кекшілдікті шығарманың өзегіне айналдырып, адамдарды 
268 
қатыгездікке бейімдеп, жүректі  қатайтып, беріштендіріп 
жіберетін телесериалдар көгілдір экранды жаулап алды. Ма-
хаббатты зұлымдыққа,  қатыгездікке айырбастап жіберу етек 
алып барады. Жүрекке қол салуға болмайды ғой. Жүрек — ма-
хаббаттың  ұясы.  Ұя талқандалған соң сүйіспеншілікте нендей 
қасиет  қалсын?! Осыдан кейін «махаббат өлді» демеске лажың 
бар ма?! Сабыр сақтайық. Алла адамдарды махаббатпен жарат-
қан. Алланың көзі түзу болсын деңіз. Алла бар да, адам да бар, 
махаббат та бар. Махаббат турасында төрелікті Абайдан 
оқыдық. Енді шығыстың жеті шайырының бірі Омар һаямның 
жырларына назар аударайық: 
Махаббат көкке балқып күн шығардай, 
Сүйгенің күйіп-жансаң тыншыға алмай. 
Бұлбұлша зар қақсаған сүйген емес, 
Сүйген сол - өле білсең үн шығармай... 
Ғажап емес пе! Шығыстың өлең дәстүрін  қазақтың 
өлеңіне лайықтаған  Қуандық Шаңғытбаев өте көркем тілмен 
тәржімалаған. Өлеңді әрі  қарай талдап-түсіндіріп жатудың 
қажеті шамалы. Жырдың өзі айтып тұр барлығын. 
Мынадай сұрақ туады. Нені сөз етсек те, ғашықтыққа 
тіреле береміз.  Құмарлық  қайда  қалады сонда?  Құмарлық -
қызғаныштан басталады. Көру сезімі жетекші оған. Бірақ тым 
сұқтанып, өліп-өшпе. Сезіміңді тежей біл. Сыншыл пайым 
адамды сабырға шақырады.  Құмарлықтың жолы әр тарапта. Ар-
ман  қанаты десек те болады. Өмірдің бағасы  қызығумен, бір 
нәрсеге  құмартып, ынтығумен артады.  Қызықпасаң,  құмартпа-
саң тіршілікте нендей мағына  қалады?! Мақсаткерлік емес пе 
адамды алға бастайтын. Алға озған пенде мақсат жолында ада-
суы, жығылып-сүрінуі мүмкін. Содан барып әлгі мақсаткердің 
қызығушылығы  қызғанышқа,  құмартуы  қомағайлыққа  ұласады. 
Өзімшілдігі — көреалмаушылыққа бастайды. Көреалмаушылық 
— өштікке, өштік — кекшілдікке бастайды. Сонда жүректе не 
қалады? Ақыл-пайым  қайда? Кісілік пен кішілік ше? Махаббат 
пен достықтың күні нешік? Өзегі  қуыс пенде ішіп-жейді, 
киінеді, жақсы ат мінеді, сұлуды сүйеді. Дүние жияды, балқып-
шалқиды. Жан  құмарлығы  қайда  қалады сонда? Жанның 
құрамдас бөлігі: ақыл мен парасат,  ұят пен ар, намыс, жігер мен 
қайрат десек те,  құмарлық мұнда да алғы шепте жүреді. Алайда, 
оның жолсерігі ынсап пен  қанағат, жақсылық пен ізгілікке 
құштарлық болып табылады. Аллаға жүрегінді түзулеп өнерге, 
сөз сұлулығына, табиғат көркіне, ғашығыңа ынтығу - жан 
құмарлығы. Осыған қоса құмарлық жан шолғыншысы есепті... 
269 


Ғашықтық құмарлық пен ол екі жол, 
Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол. 
Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым, 
Мен не болсам болайын, сен аман бол... -
деп Абай  құмарлықты махаббаттган бөліп тастайды. 
Құүмарлықтың  құрығы  ұзын, нәпсінің  құлы. Махаббатқа 
емес, нәпсіге бой алдырады. Нәпсі - дүлей күш. Ықты-жарды 
тыңдамайды. «Сенен артық жан жоқты» айта береді. Жүрекпен 
емес, нәпсінің жетегімен. 
Қыздардың жігіттерден көп алданатыны  құмарлық пен ма-
хаббатты бір-бірінен ажырата алмауынан. Абай «Мен не бол-
сам болайын, сен аман бол...» деп ғашығына тілекші болып 
тұрып, нәпсінің  құтырындысы  құмарлықтан арашалап-
«Ғашықтық құмарлықпен ол екі жол» деп жігін ашып тастайды 
да, бұл екі сөзімнің түйісер жері жүрек деп былайша толғайды: 
Ғашықтық келсе жеңер бойыңды алып, 
Жүдетер безгек ауру сықылданып. 
Тұла бой тоңар, суыр үміт үзсе, 
Дәмеленер, өртенер күйіп-жанып... 
Жансыз тән жоқ, тәнсіз жан жоқ. Соны біле тұра хакім 
Абай  құмарлықты махаббатқа  қосақтамайды. Өйтсе, сүю-күю-
ден не  қалады?! Ғашықтықты пір тұтқан данышпан ақын екі 
сезімнің бірлігін астарлайды, ашып айтпайды.Онда эротика 
болып шығады өлеңі. Абайда эротика жоқ деп кім айтады? 
«Етің етке тигенде, демің тиіп сүйгенде, бой шымырлап, тән 
еріп, ішім оттай күйгенде» дегенді айтқан кім? Ақынның 
құмарлықта опа жоқ дегені  қапысыз. Жас адам «екі жолды» 
(құмарлық пен ғашықтықты) ажырата алмай  қалады. Көбінесе, 
құмарлық жеңіп кетеді. Махаббат жоғалған күні адамзат бала-
сы түнекке енеді. «Махаббатсыз дүние дос, хайуанға оны 
қосыңдар...» деп Абайдың айтайын дегені осы. 
Жеңге 
Жеңге - жанұяның, әулеттің, керек десеңіз, бүгін  ұлттың 
ұйытқысы, дәнекершісі десек артық айтқандық емес.  Қойын-
дасқан қосағыңа әйелдік міндетін өтеп,  ұрпақ өрбітумен  қатар 
өзі келін болып түскен шаңырақтың кішілерін (қайнысы мен 
қайынсіңлісін) аяқтандыру оның басты борышы болмақ. Жақ-
сы жеңгенің  қадірін алдымен  қайнысы мен  қайынсіңлісі 
білген. Ата-енесі мен  қайындары, ауыл-аймақ жеңгені  қастер 
270 
тұтқан. Ондай әйелдің аймаққа беделі артқан. Үлкендер әспет-
теп, би келін, би жеңге атандырған.  Қайындары «Ақ жеңге» 
деп атын асқақтатқан. Жақсы әйелдің  қадірін білмеген  қыты-
мыр ене мен  қазымыр атаға,  қызғаншақ отағасы мен шолжаң 
қайынсіңліге, бұзатар  қайынға қарата дуалы ауыздар: «Жібекті 
түте алмаған жүн етеді, келінді күте алмаған күң етеді», — деп 
ашық айтқан. 
Тәуір жеңге — әулеттің  ұйытқысы. Оның ата мен енеден 
кейінгі  қамқорлығына алатыны  қайындары мен  қайынсің-
лілері. Жеңге  қайынінісін аяқтандыруға міндетті. Босаң, бол-
быр бозбала ақылды жеңгенің кеңесіне ділгір. Ауызекі 
әңгімеде тілге оралатын мына бір күлкілі жағдайды  қистыра 
кеткеніміздің әбестігі болмас. Бірде жеңгесі  қайынінісіне: 
— Кіндіктөбеге барасың, қолыңа шоқпар аласың, — дейді. 
— Шоқпарды қайтемін? — дейді аңқау бозбала. 
—  Қорысты жүнді шаттан аң аулайсың, - дейді әзілқой 
жеңге  қайнысына жұмбақтап. 
— Ол не аң? 
— Кәдімгі жүні жетілген түлкі. 
— Түлкіні қайтеді? — дейді аңқау бозбала. — Ол қаша ма? 
— Інге кіріп шықпай қояды. 
— Мен не істеуім керек? — депті қайнысы. 
— Қолыңдағы шоқпарды інге сұғып-сұғып аласың. 
— Түлкі шықпаса ше? 
— Ырғай бер, ырғай бер... — деген екен сонда әлгі аузынан 
әзілі түспейтін жеңгесі. 
Жеңгенің екінші бір міндеті —  қайынсіңлісіне бас-көз 
болу. «Қызға  қырық үйден тыйымның» басты салмағы 
жеңгенің иығына түскен. Үйде оң жақта отырып аяғы ауырла-
ған  қыз үшін жеңге басымен жауап береді. Пәктігін сақтаудан 
да бұрын сақтанып жүрудің  құпиясын  қайынсіңлісіне жеңге 
ғана жеткізе алған. 
Қайынсіңлісінің атын шығарып алған жеңге күйеуінен 
таяқ жеп  қана  қоймай, ауыл-аймаққа  қара бет атанады. 
Қайынсіңлісінің беделін сақтай алған жеңге  қыздың  ұзатылып 
барған жерінде үлкен беделге ие болып, жол-жоралғыны мо-
лынан  қамтыған. Ондай жеңгенің  қызметін күйеу бала да 
ұмытпай, ғұмыр бойы «жеңешелеп» сыйлап өткен. 
Қыздың оң жақта отырып  қалмауы, кәрі  қыз атанбауы 
жеңгеге байланысты. Жастарды бір-бірімен табыстырып 
жіберу - жеңгелердің шалымдылығына жатады. 
Ертеректе үйде көп отырып  қалған  қызға көрші ауылдың 
жігітгері кеп  ұрынатын болған.  Қыз жеңгесі жігітті  қайынсің-
271 


лісімен таныстырып, екеуінің емін-еркін сауықтасуына 
мумкіндік жасайды. Сондай бойдақ жігіттің бірінің  қызға 
көңілі толмай  қалса керек. Ертелетіп суыт аттанған оның жо-
лын тосқан жеңгесі: «Күзде сойған тоқтының сарыала болар 
тұздығы. Көп отырған  қыздардың тереңде болар  қыздығы, -
дейді. Жігіттің неден  қисайғанын сұңғыла келіншек түсініп, 
соны тұспалдағаны болса керек. 
Сонда жігіт тұрып: 
Далбаса, жеңгей, далбаса, 
Қалмапты бедел онда аса. 
Жігітке оның қол емес, 
Шалдарға ермек болмаса, — 
деп атын тебініп жүріп кетіпті. 
Ата-анасының бауырында бұлғақтаған  қыз шаттығынан 
жаңылса да, пәктігінен жаңылмауға тиісті. Біріншіден, бұл 
қыздың өзінің беделі үшін керек болса, екіншіден ата-енесі 
мен жеңгесінің абыройы да соған байланысты. Бабаларымыз 
қызды  құтты жеріне  қондыруға асыққан. «Он үште отау иесі» 
дегенді бекер айтпаған. Бойжеткенге  қызығатындар жетерлік. 
Көргіш көзден оны  қалай жасырып  ұстасын. Бұлғақтаған боз-
бала сұлуға  ұрынбай жүре алсын ба?! Бойжеткеннің пәктігі, 
керек десеңіз, бүкіл әулеттің абыройы. 
Қыз беделінің сақшысы — жеңге! «Жеңгесі жақсы  қыз-
дың тәрбиесі жақсы» деген сөз тегін айтылмайды. Енді осы 
әңгімені әдебиет үлгілерінен, көркем шығармалардан суырт-
пақтап көрелік: «...Деген өліара. Жайшылықта сығырая  қала-
тын іңір жұүлдызын  қараңғылық бейуақтың өзінде  қамап ал-
ған. Үйме-жүйме  қонған он неше ауылдың адамдары күндізгі 
той-томалақтан мұрттай  ұшса керек, бәрі де жатып  қалған. 
Тек шеттегі  қоңырқай үйде ертең аттанатын  қыз бен жеңгесі 
ғана отыр. 
— Жеңеше-ау, әкеле көрме! — деп безек қағады қызыл шы-
мылдықтың ішінде  қалш-қалш етіп отырған  қаршадай  қыз. Екі 
тізесін қапсыра  құшақтап еңіреп отыр өзі... 
Өткен жылы өлтірісін өткізген күйеу, іле-шала жыртысын 
әкеп, есік көріп еді биыл жазда. Енді міне, адамын алуға келіп 
отыр. Малын айдап берген адам  қалыңдығының  қасында талай 
рет болуға  қақылы ғой. Бірақ әне-мінемен сырғақтатып келеді 
қыздың жеңгесі. 
«Жүні жетілсін кішкене.  Қайда барады? «Табындағы өз 
түлігің ғой бұл» деп қайтарып еді алғаш келгенде. «У қорғасын 
жеп өле  қалатын түрі бар. Мұндай періштені еппен түсіру ке-
272 
рек, еппен. Тойға дейін шыда,  қайтсең де!» деп есік көре кел-
генде де  құр тұлыпқа мөңіреткен болатын. Соңғы түйенің 
жүгіндей болып неке де оқылды бүгін. Келіншектің  қараңғы 
отауында ін түбіндегі аю  құсап күйеу жатыр. Екі көзі есікте. 
Сылдырлаған шолпы үнін дәметеді, өзеуреген көңілі. Бір 
тұрып, бір отырады орнынан. 
Қайынсіңлісін ертіп келуге барған жеңге: 
- Шырағым-ау, несіне жылайсың.  Қызды Алла-тағала 
еркектің қажетіне бола жаратқан. Күйеуің «жә» деген әулеттің 
байы, - деп жеңгесі кәдімгідей шытынады. 
-  Құдай болса да келмесін  қазір, апарған соң тұншықты-
рып өлтірсе де өз еркі, - деп тіке тартты қыз да. 
- Он жетіге келдің сен. Еркектен өліп  қаламын деп отыр-
сың ба?— деп жеңге де қитықты. 
- Еркекпен көзің шыққан сен болмасаң, кімнен кімнің 
өлетінін мен қайдан білемін. 
-  Қуатым-ау, жас  қызға еркекті алғаш көрудің оңай емес 
екенін білемін ғой, - деп жеңге ендігі сөзін жұмсарта түсті. -
Дегенмен, әлжыныс пен мәлжыныстың арасындағы іс  қой, 
көніп кетеді кісі. Ағаңмен алғаш мен де солай селкілдегенмін. 
Түк етпейді екен, бірақ,- деді  қыздың  қорқып отырғанын 
аңғара  қалған келіншек. 
Өзі осы түнде тап болған жағдайдың тылсымын басынан 
өткізіп көрмеген пәк  қыз, жеңгесінің мына бір көсемсіге-
!
 ніне елең ете  қалды, білем, өксігін бәсеңдетіп,  құлағын түре 
қалды. 
- Мен де тек алғашқыда ғана... тізе киімім жоқ, кісі  құсап, 
өзімнен өзім... Біресе тап бір сақинамнан айырылып  қалған 
сықылданғанмын. Аздап сылтып  қалған сықылдымын, — деп 
имандай сырын жалғастыра жөнелді жеңгесі. — Бірақ бәрі де 
бос уақыттық, бәрінен  қиыны ертеңінде жан біткеннің бетіне 
қарай алмайды екенсің. 
Келіншек сөзінің арасында «тұншығып өлмейтініңе енді 
көзің жеткен шығар» деген кісіше  қайынсіңлісіне күле  қарап 
еді, оның көзінен бауы үзілген таспихтың төгілген моншағын-
дай жасты көріп шошып кетті». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет