Ертеде бір адамның көеп жасаған анасы болыпты. Бәлкім,
жүзде, бәлкім, одан да көп жасаған. Кейуананың келіні жай-
сыздау болса керек. Ері ұзақ жолға жиналып жатқанда, әйелі:
«Сен болсаң ұзақ уақытқа кеткелі жатырсың. Қашан ораларың
белгісіз. Өзің жоқта анаң олай-былай болып жүрсе, менен
көрме», - деп арылады. Ері: «Саған қиын тиетінін білемін. Көп
жасаған адам ғой, өкпені майға қуырып бере бер. Өзі де көпке
ұзамас», - дейді. Әлгі азамат апта жүріп, ай жүріп үйіне орал-
са, шешесінің түгі кетпепті. Аппақ борықтай болып оңалып
алған екен дейді.
Шариғат бойынша, әкесі баласын өлтірсе, қатыгез әкенің
дәм-тұзы таусылып, о дүниеге аттанғанда жаназасын шығаруға
болады. Ал бала әкесін өлтірсе, ондай адам жүзге келіп өлсе
де, жаназасы шығарылмай, о дүниеге кәпір өлімінде кетеді
делінеді. Құранда солай жазылған. Әкесін өлімге қиған
қанышердің екі дүниеде жүзі жарық болмайды екен. Олай бол-
са, мына бір өлең жолдарын қаперде ұстайық:
Ағын су, асқар тау ғой ата-анаң,
Ардақтап сыйлағайсың болса санаң.
Көзге ілмей әкесін де, шешесін де,
Жүреді кекіректеп кейбір надан.
Сен өзі қайдан шықтың болған мырза,
Шүпілдеп кенересі толған мырза.
Есті айғыр енесіне оқыранбас,
Масайған не біледі жалған пұлға?!
Қайсарлық жарасады жас балаға,
Аралас ғұмыр майдан бақ сына да.
Ұмытып ата-анаңды кетпегейсің,
Атанба әлім-перім бақсы бала.
Алмасаң әке-шешең ақ батасын,
Ғұмырда жанбай бағың бос лағасың.
Достарыңызбен бөлісу: