Қазан
О ш а қ - халқымыз үшін қасиетті. Ұлттық тыйымда
«Ошақты лақтырма, ошақ аттама» деген сөзде көп мән жа-
тыр. Көшкенде жүктің ең үстіне шаңырақ қойылады. Шаңы-
р а қ қ а ошақты сұғыстырады. Ж а ң а жұртқа кеп жүк
түсірілгенде, ошақты бірінші алып, керегесі керіліп, шаңы-
рағы көтерілетін үйдің нақ от жағылатын ортасына қойып
ырымдайды.
Ата-бабаларымыз «майлы ошақ» деп қастерлеп, күміспен
оймыштап, кейінгі буынға ескінің көзі ретінде ескерткіш
қылып сақтаған. Жерошақты да қаперде ұстаған. Қазылған
жерошақ арқылы жаугершілікте қуғын-сүргінге ұшыраған
ауылдың қай бағытқа бет түзегенін шамалаған.
Келін түскенде «отқа май құю» деген ырым бар. Қариялар:
«Сәл бұрыс кетесіңдер», - деп отыратын. Бұл жоралғыны
көнекөздер: «Келін бұрындары ошаққа май жағушы еді», -
деп бас шайқайтын. Ошаққа май жағудағы мәніс — келін
иеленетін ошақ майлы болсын дегені. Ошақтың қастерлі екені
жас ұрпаққа аңыз-әңгімелермен ұқтырылған.
Ошақ — береке-бірліктің, молшылықтың ұйтқысы есепті.
Ошақ мүлік есебінде қажетсіз боп қалғанымен, мәнінен айы-
рыла қойған жоқ. Бүгінде түрлі ойын-сауық орталықтарын
«мәдениет ошағы» деп атау сөздікте орныққан. Ошаққа байла-
нысты әңгімені мына бір мысалмен тұжырайық:
«Көптен көрінбей кеткен. Төбе көрсетті бір күні. Ескі та-
ныстар қауышты. Әсіресе, Ошақта ес қалмады. Айтып жатыр,
айтып жатыр басынан кешкен қиындығын. Мұңая күрсініп те
қояды. Іші толып кеткен ғой, сірә, зар-налаға.
— Керексіз боп қалдым, - деді Ошақ қамығып. - Ием
жұртқа тастап кетіп еді, темір-терсек жиғандардың қарамағы-
на өтіп, содан мұражайдан бір-ақ шықтым.
— Жаның тыныш екен ғой...
— Бүйткен жан тыныштығы бар болсын!
— Сабырлылық керек, — деді Тамызық қашанғы аңғарым-
дылығына бағып. -Қайта қорытылып, пештің өңешіне жұты-
лып кетсең қайтер едің? Осы тұрысыңа тәубе ет.
— Кешегі күндерді аңсаймын. Қазан көтеріліп... ет асы-
лып... алау-далау болып жатушы едік-ау!
— Менің де жетіскенім шамалы, - деді Тамызық. — Газ
пеш, тоқ пеш дегендер маңына жуытпайды. Қарап жүргенше
деп басқа бір ермек тауып алдым.
— Ол нендей ермек?
— Ежелгі сүйекке сіңген дағды ғой, — деді Тамызық. —
Отты сыртынан қоғамдаймын. Осы күні пеш дегендер менсіз
76
де жанатын әдет шығарды. Жер майының құдайы жарылқап
тұрған жоқ емес пе?! Гәп жүректе. Жүрек оты әлсіресе,
құштарлық бәсеңдейді өмірге деген. Жігері жасиды елім деген
азаматтың. Сол себептен адамдардың жүрегіне қуат дарыта-
мын. Дамыл-дамыл тамызық үстемелеп, жігеріне жігер қоса-
мын. Намыс отын қағыстырып, бәсеңдемеуін қалт жібермей
қадағалаймын. Жігер- қ айратты ң күш алып, елін сүйген
ерлердің сесті жүруіне, бықсып, түтіндеген әдеттен аулақ бо-
луына септесемін. Дүниеде тартпайтын пештен, күлбілте
күншілдіктен, арсыздық пен надандықтан өткен қасиетсіздік
жоқ-ау, сірә?!
Ошақ ескі досын үнсіз құптады. Тамызықтың елгезектігіне
тәнті еді. Өмір көшіне ілесіп, адамдарға тілекші боп жүргені-
нің өзі неге тұрады...»
Достарыңызбен бөлісу: