Бағдарламасы бойынша шығарылды Өмір Кәріпұлының бұл жазбасы қаламгерлік ізденісі мен



Pdf көрінісі
бет2/77
Дата07.04.2022
өлшемі3,83 Mb.
#30285
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
Байланысты:
Tuqyr

Ел Тәуелсіздігінің 
20 жылдық мерекесіне 
қосқан тарту-таралгым 
Автор 

ІSВN 978-601-7350-00-0 
Кәріпұлы Ө. 
К 25 Тұғыр:  ұлттық тәрбие сабағы / Өмір Кәріпұлы. 
Астана:  ҚҚ «Елорда Жастары», 2011.-400 бет. 


I. ТУҒАН ЖЕР, ӨСКЕН ЕЛ 
Табиғат жалпы  ұғым болғанда, атамекен — туып өскен 
жерің, кіндік  қаның тамған  қара  қорда. Сағыныш та, мұң да 
атамекенді аңсаудан бастау алады. Бұрынғының адамдары — 
ата-бабаларымыз елжірек келген. Байтақ мекен даланың 
кереметі сол — небір қатыгездің де жүрегін жұмсартқан.  Құтты 
қоныстың  қасиетіне тәңірдей табынып, бас иген бабаларымыз-
дың ақынжанды болуы заңды. Арғы-берғі ақындардың 
өлеңдерін парақтағанда, соған көзіміз жетеді.  Қазақ даласы-
ның үздік жыршысы  Қасым Аманжоловты тыңдап көрелік: 
Шықшы тауға, қарашы кең далаға, 
Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға. 
О шеті мен бұ шетіне жүгірсең, 
Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?.. 
Әрі  қарай оқи бергің келеді, өзің жазғандай тебіренесің... 
О, дариға, алтын бесік туған жер, 
Қадіріңді келсем білмей кеше гөр! 
Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей, 
Ақын болмай, тасың болсам мен егер... 
Неткен айтқыштық! Мыңдардың жүрегінен шыққандай. 
Өлеңді талдап жатпайсың. Әлбетте, жақсы өлең көтермешіні 
қажет етпейді. Көкірек көзі бар адам өлеңді оқи бастағанда-ақ 
әсерленіп, тәтті мұңға елтиді. Сағынышы оянып, ыстық 
мекенін есіне алады. Көзіңе жас келтіреді,  қаяулы сезіміңді 
түртеді. «Ақын болмай, тасың болсам мен егер...» деген өлең 
жолын дұғадай күбірлеп  қайта-қайта  қайталайсың.  Қуыстана-
сың бір жағы. Ақын астарлап тұрғандай ма? Мейірімсіз тас 
жүректерге ой салғаны-ау. Туған жер тұрмақ бүтін дүниеге та-
нау көтергіштеп астамситын кеудемсоқтар  қаншама! 
Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің! 
Нендей күйге жүрегімді бөледің? 
Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем — 
Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім... 

Мұндай өлең жолдарын тек қазақ ақыны ғана туындата алады. 
Шалқар даласы бар  қазақ баласының ақын болып шалқуы жара-
сымды-ақ. Жүрегін айтып жеткізгісіз куанышқа, шаттыққа бөле-
ген махаббатының, достығының куәгері байтақ та касиетті жеріне 
деген ыстық ықыласын: «Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем — 
Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім...» деп келетін шыншыл 
тебіреністі нағыз ақын, онда да қазақ ақыны қағазға түсіре алады. 
Өлеңде кәдімгі  қазақтың мінезі бар. «Ит тойған жеріне, ер туған 
жеріне» деген мәтелді еріксіз есіңе түсіреді. Ақынның әлі де айтары 
бар, тақ-тұқ, татымсыз жыр Қасымға жат: 
Мен де өзіңдей байтақ едім, кең едім, 
Қызығыңды көріп еркін келемін. 
Сен де аямай бердің маған барыңды, 
Мен де аямай барым саған беремін... 
Не дейді ақын? Астарлағаны ма? Дала баласы кеңдікті 
көкірегіне сыйдырып өсуге тиісті. Ол нендей кеңдік? Айт-
қыш-ау,  қайран  Қасым! Халқымыздың мінезінің кеңдігі, дар-
хандығы, кеңпейілдігі, жомарттығы,  қ о н а қ ж а й л ы ғ ы , 
жүрегінің жұмсақтығы — бәрі-бәрі ақынның: «мен де өзіңдей 
байтақ едім, кең едім» деген астарлы жолдарына сыйып тұр. 
Көркем сөз өнерінің  қасиетін танып-білу оңай емес. Ақын 
мұнымен тоқталмайды, барынша арылады. «Сен де аямай 
бердің маған барыңды, мен де аямай барым саған беремін...» 
Бұл арада ақын туған жерді кең  ұғымда — Отан, халық 
ұғымында бейнелеген. Туған жері ақынға аямай несін берген? 
Санамалап тауыса алмайсың. Бейнелеп айтқанда — жалған-
ның жарығы. Ауасы жұпар,  қымыздығы саумал татыған дала-
сы, мың сан ескіннің жұпар исі, суық  қабақ жартас, ерек 
бітімді тау-тас, сылқ-сылқ күліп аққан тас бұлақ,  қар суымен 
күркіреп тасыған асау өзен, көз жауын алған  қыр  қызғал-
дағы, табиғат аясында тай-құлындай тебісіп асыр салған ба-
лалық шақ, сұлуға үздіккен жігіттік кезең ақын жанын шал-
қытпай  қойсын ба. Асқар таудай Отанын арқаланған ақын 
төгілмегенде  қайтеді. Сағынышының  қоздырғышы, шабыты-
ның  қозғаушы күші шаттығы мен бақытының бастауы да ту-
ған жер емес пе. Еркелігін көтеріп, тентектігіне кешіріммен 
қарайтын туған елі өскен жері емес пе. 
Шалқымай  қайтеді ақын. Жаратқан ием пендесіне жомарт-
тықпен сыйлаған табиғатты «неткен байтақ, неткен дарқан» 
демей  қайтеді. Ақын туған жерін жырлау арқылы Алланы 
есіне алады. Туган далаға ынтықтық Жаратушы иеге  құлшы-
лық емес пе. Жыр дүлдүлдерін кейде асыра мадақтап, пайғам-
барға теңейтініміз шындыққа жуықтайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет