Бағдарламасы бойынша шығарылды Өмір Кәріпұлының бұл жазбасы қаламгерлік ізденісі мен



Pdf көрінісі
бет21/77
Дата07.04.2022
өлшемі3,83 Mb.
#30285
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   77
Байланысты:
Tuqyr

Кәрі жілік 
Кәрі жілікті  қарттар әр  қилы атайтын.  Қартайған адамдай 
опырайған көрнексіздігіне бола «кәрі жілік» деп кеткен шы-
ғар-ау. Археологиялық  қазбалардан шыққан сүйектердің 
ішіндегі ең берігі малдың кәрі жілігі екен. Кәрі жіліктің 
ерекшелігін тарата айтқанның сөкеттігі жоқ. Әкей /Әбілдин 
Кәріп/ отыз жыл  қой бақты.  Қиян шетте, тау арасында өтті 
менің балалық шағым. Кәрі жілікті әкей итке тастамайтын. 
«Тазының азуы кетеді» дейтін. Бұл — кәрі жіліктің беріктігінің 
айғағы. Бұл жілікті шақтырмайтын. «Кәрі жіліктің майын же-
сең, маңқа боласың» деп шошытатын шарай көзге. Әкейдің 
осы сөзінде бәлендей ырым-жырым жоқ. Жіліктің сүйегі  қат-
ты келеді, сүйек майы болмашы. Баланы бұл жілікке үйір 
етпеудегі бір себеп — кәрі жіліктің сүйегінің қаттылығы. Қыз-
дан да  қашыртады. Байқаусызда  қолына алған бойжеткенге: 
«Тек,  ұстама кәрі жілікті,  қартайғанша үйде отырып қаласың», 
— деп жанашырлық танытады қыз жеңгесі. 
Сөйте тұра, етінен арылған кәрі жілікті кәделейтін әдет 
бар. Әкей бұл жілікті  қуысына ши  қыстырып, арқалыққа қыс-
тыра салатын. Әкемнен естуім бойынша, мұндай ырым көне-
ден келе жатса керек. Мал баққан елдің зауалы - жұт. «Жұт 
жеті ағайынды» делінеді. Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде 
бір сараң бай болған екен дейді. Жүн-жұрқасы мен сүйек-сая-
ғын  қыстаудан жайлауға көшерде біреу пайдаланып  қояды деп 
өртеп жібереді екен.  Қадірсіз кәрі жілікті ғана елеусіз тастай-
ды. Оны да көзі қимай, күлдің арасына көміп кетеді. Күндердің 
күнінде елге жұт араласады. Халық жүдеп-жадайды. Сараң бай 
аш-арыққа жем болмаймын деп, басқа жаққа  қоныс аударады. 
Қаптаған аш байдың жұртын төңіректеп талғажау іздейді. 
Қажақ-құжаққа сүйек те таппайды. Көң-қорданы ақтарады 
ашыққан тобыр. Кәрі жіліктен басқа түк те таппайды. Күл 
арасында маңызын жоймай сап-сары боп жатқан кәрі жілікті 
суға қайнатып, сорпасын ішіп, шағып майын талмап, әл жияды 
өңшең аш- арық. Жазға ілігіп теңеліп кетеді. Кәрі жілікті со-
дан былай ырымдайтын әдет шығыпты. Енді бір рәуатта, кәрі 
жілік малды ит-құстан сақтайды деген ырым күні кешеге дейін 
айтылып келді. Тағы бір ескілікті әңгімеде Шопан ата алдын-
дағы отарының амандығын, оңалып, семіргенін, төлді болаты-
нын,  қыстан  қойдың жұтамай аман шығатынын кәрі жілікке 
карап болжайды білемін. Заман жақсы болатын жылы сойыл-
ған  қойдың жіліктері, оның ішінде кәрі жілігі сап-сары боп 
майы шығып тұрады екен. Малға жұт араласатын болса, 
112 
сүйектеріне салмақ түсіп,  қоңырайып, бозаң тартып кетеді 
екен дейді. Осыдан кәрі жілікті төбеге  қыстырып  қоятын әдет 
шығыпты.  Қуысына ши жүгіртетіні — «мал тебінді болсын» 
дегені. Жерге шөп жағып,  қыс жайлы, жаз да жаңбырлы бола-
тын жылы жілік  қуысына  қыстырылған шөп жасаңсып, көк 
күйінде тұрады екен. Амал болатын жылы жілікке қыстырылғ-
ан шөп қурап қалатын көрінеді. 
Кәрі жілікті кей өңірде «қатын жілік» деп те атайды. 
Кемпір-сампырға тиесілі мүше делінеді. Кәрі жіліктің еті май-
сыз болғанымен, дәмді келеді. Кәрі адамдар сүйсініп жейді. 
Кәрілер әуес болған соң, кәрі жілік атануы содан да шығар. 
Негізгі атауы «қар жілік» болуға тиісті.  Қасиетіне  қарай кәрі 
жілік атанып кетсе керек. 
Халық жадында кәрі жілікке байланысты мынадай да 
ескілікті әңгіме бар. Ерте бір кезеңде /заманда/ Ерназар деген 
бай болыпты. Төрт түлігі сай болыпты. Бөрідей тоғыз  ұлы бар 
екен. Жаугершілік заманда Ерназардың балалары атқа қонады. 
Тоғыз көкжалдың дұшпанмен майдандасуға кеткенін білген 
қасақы жау Ерназардың ауылын шабуға  қам жасайды. Алдын 
ала жансыз жібереді. Ел орынға отырған кез болса керек. Кәрі 
жіліктерді ырымдап кереге басына қыстырып қойған бай: «Әй, 
бәйбіше, балалар жорықтан келді ғой. Тездет тамағыңды. 
Іргеден сығалағандар бізге көз аларта бастап еді. Тоғыз  ұлға 
тон керек, маған мал керек,  ұрыға жан керек. Боғымды 
қылар», — дейді жайымен ғана. Жансыздар жабықтан сығала-
са, шам жарығына шағылысқан кереге басындағы кәрі 
жіліктер зорайып, адам бейнесінде шалынады. Байдың 
бәйбішесі жалшы әйелге: 
— Төрдегі төртеуге бер, есіктегі екеуге бер. Жантайғанға 
жал асат, шаршағанға  қазы асат.  Қазан түбінде  қалғаңды үше-
уге сақтап  қой. Ат дүбірі естіледі, келіп те  қалар олар да, -
дейді. Үй сыртынан сығалаған жансыздар көзге түсіп  қал-
майық деп жөніне кеткен екен дейді. 
Кәрі жіліктің қасиетін үлкендер осы бір аңызбен де байла-
ныстырады. Кәрі жілікті  қасқырға айбар,  ұрыға  қалқан дейтіні 
содан  қалса керек. Әдетте, мал сойылғанда шешелеріміз 
міндетті түрде малдың алдыңғы  қол жілігін  қазанға салар еді. 
«Ісіміз алға басады, шаруашылығымыз алға жүреді» дейтін. Де-
мек, кәрі жілікті ырымдау бәлендей ерсілікке жатпайтын 
ежелгі үрдіс болғаны ғой. 
8-2628 
113 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет