бар. Талапкер, талапшыл, талабы таудай, талабы зор деп кете
береді. Гәп талап сөзінде емес, талапкерде. Көкірегінде көзі
бар талапкер ғана ойлаған мақсатына жете алады. Талап қызы-
ғушылықтан туындайды, әуестенуден басталып, білмекке
құмарлыққа ұласады. Абайдың «Сегіз аяғында»:
Білгенге жол бос,
Болсайшы қол бос
Талаптың дәмін татуға.
Білмеген соқыр,
Қайғысыз отыр
Тамағы тойса жатуға... —
деп талапсызды дөп басады. Ғұмырыңды бос дырдумен
өткізбей, «білмекке талаптан» деп тұрған жоқ па ұлы ақын.
Талапты жас сергек те сесті, еңбекқор келеді. Абай айтқан
«білмеген соқыр» емес, тамағы тойса ұйықтай салатын.
Отбасылық тәрбиені халық бірінші кезекке қойған. Бұл
жауапкершілікті бүгінде әке мен шеше өзінен қашырады. За-
манға, ортаға, заңға аударады кінәні. Сөйтеді де, балаларын
білімдар етіп шығардым, оқыттым, жоғарғы деңгейдегі оқу ор-
нын бітірттім, диплом әпердім деп мақтанады. Сөйткен жас-
тардың көбісіне оқу қонбайды. Неге? Талап жоқ білім алуға
деген. Оқуға барып келіп жүргеніне мәз. Оқытушыны паралап,
бағаны қойдырып алады санасыз ыржақай. Ұят-ақ. Ойлансын
ата-ана. Халық даналығына үңілсін. «Жетектеп қосқан тазы
түлкі алмайды».
Әке-шеше сыншыл болуға тиісті. Қазақ дәстүрінде бала-
сын үлкендерге сынататын үрдіс болған. Арғынның Қаракесек
бұтағынан тарайтын Керней ата. Одан Самырза, Дау, Шаң, Ба-
лапан туған. Ел аузында мынадай аңыз бар: «Сары үйсінің
Қоныс деген ақсақалы /Кәрсен мен Керней қоныс еткен Ар-
қаның Ақшатау өңірін ертеректе сары үйсіндер жайлаған
екен/: «Осы бізді Арқадан ығыстырған қандай ел екен,
көрейінші», - деп өзінің ата қонысына келеді. Керней балала-
рын сынатпақ болып бөлектеп, екі киіз үй тіккізеді. Оның
біріңде Самырза мен Шаң болады, екіншісінде Дау мен Бала-
пан отырады.
«Кернейім, балаларыңның атын тауып қойған екенсің.
Мына балаңның үйінен кісі үзілмес, бірақ көбеймес» депті
Қоныс ақсақал шалқасынан жатқан Самырзаны көрсетіп.
Бұдан әрі шөкелеп жатқан Шаңды нұсқап:
«Мына балаң бай болар», - депті. - Ал екі қолын жаста-
нып жатқан Дауды көрсетіп: «Мына балаңнан кісілік артыл-
182
мас», - депті. Ал Даудың аяқ жағында жатқан Балапанды
нұсқап: «Ал мына балаң осының айтқанынан шыға қоймас», -
деген екен.
Шаңға байлық біткен. Бұл ата балалары шетінен дәулетті.
Заманында он жеті мың жылқы бітіпті Шолаққа. Шолақтың қос
бөрісі Адамбай мен Тұрсын шіріген бай болған (Қаржыгер Дәу-
лет Сембаев сол атаға жатады. Ұлтжанды азамат Қанат Боран-
құлов та Шаңның ұрпағы). Кісілік дауға қоныпты. Даудың екі
баласы - Балта мен Түйте. Түйтенің кіндігінен жақсылар көп
шыққан. Түйтеден атақты керней Жарылғап батыр туған /Ірі
кәсіпкер Амангелді Ермегияев, белгілі қаламгер Төрехан Май-
бас осы атаның тумасы. Балтадан да тәуірлер көп шыққан. Ел
тарихына жетік жазушы Садық Смагұлов осы атаның ұрпағы).
Әдетте, әке - балаға сыншы. «Тарақты Байғозы батырдың
әкесі Наймантай да батыр болыпты. Тәуке ханның белгілі қол-
басыларының бірі екен. Наймантай көп балалы болыпты. Ба-
лаларын сынағысы келіп, боз қыраудың кезінде бір семіз қой-
ды сойғызып, балаларына тұтастай жегізеді де, жеңіл
киімдерімен далаға жатқызыпты. Көрпе-төсек бергізбей, тек
астарына бір кесек киіз тастай салыпты. Батыр таңертең тұрып
балаларына қараса, үлкендері Есқара мен Жанқара жер бауыр-
лап жатыр екен. Сонда батыр: «Е-е, сендердің қызықтарыңды
сыртқы ел көреді екен», - депті. Айтқандай, олар өскен соң,
Ташкент пен Түркістанда қалыпты. Заманында олар он екі
қақпалы Ташкенттің екеуін ұстап /билеп/ тұрыпты.
Бір-екі баласы киіздің астына кіріп кеткен екен. «Е-е, сен-
дер бақас, берекесіз болады екенсіңдер!» дейді әкесі. Ал Байғ-
озы ортада екі аяқ, қолы төрт жақта беймарал, шалқасынан
түсіп ұйықтап жатыр екен. «Сенің қызығыңды ел көреді екен.
Атағың қазақ даласына жайылады екен» деп жорыпты батыр.
Наймантай балаларының бағын сынаумен қатар батылды-
ғын да сынап, байқайды. Бір күні үшкір кездігінің сабын жерге
тіреп, ұшын жоғары қаратып қойып: «Қане, мына кездіктің
ұшына кім жүгіріп келіп аунайды?» - дейді Наймантай.
Балаларының біреуі жетпей, біреулері асып жығылады,
кейбіреуі тіпті батпайды. Тек Байғозы ғана жүгіріп келіп пы-
шақ үстіне аунай кетеді. Әкесі пышақты жатқыза салған ғой,
денесіне дақ түспейді...»
Достарыңызбен бөлісу: