Бағдарламасы бойынша шығарылды Өмір Кәріпұлының бұл жазбасы қаламгерлік ізденісі мен



Pdf көрінісі
бет33/77
Дата07.04.2022
өлшемі3,83 Mb.
#30285
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   77
Байланысты:
Tuqyr

Сыншылдық 
Халық  ұғымында сыншылдық, кісі танығыштық  қасиетке 
жатады. Бүгінше айтқанда, психологгар. Бала тәрбиесін сөз ет-
кенде әке мен шешеге орала беретініміз ізбастылыққа жатпай-
ды. «Әке балаға сыншы» деп тегін айтылмаған. Бауырынан 
өрген  ұрпақ бауыр еті - балалары ата-ананың сенімінен шығуға 
тиісті. Атаның күшін, ананың сүтін ақтамаған балада нендей 
қасиет бар?! Әке  қатал болуға тиісті. Шеше байғұс кешірімшіл 
келеді. Әкенің сыншыл болмасқа лажы жоқ. Халық педагогика-
сында шындалған тәсіл. «Құлыным, жарығымды» балаға азырақ 
айтуға тиісті әке. Сол әке ішкіш, берекесіз болып шықса ше?! 
Мұндай әкеден сыншылдықты  қалай күтесің?! 
Баланың қылығы кішкентайында тәтті  к е л е д і , ал өскен 
соң,  қылықтары өзгеріп,  ұнамсыз бола бастайды. Неге?! Осын-
дайда еріксіз Абайды тыңдайсың: «Өмір сүрген кісіге дәулет — 
қызық, бала - бал. Бала болатын бала бар, бала болмас Рахым-
шал! Бүйтіп берген балаңды берген құдай өзің ал!» 
Міне, көрдіңіз бе, ақынның ащы дауысын? Осындай сын-
шылдық әр ата-анада болуы керек.  Қырағылық  қажет.  Қалғы-
масын әке мен шеше. 
Осы күні жастардың бұзылуын шет жұрттың ықпалынан 
көреміз. Ата-ана тасады  қалады. Баланы ана тілінен, халықтық 
салт-дәстүрден, діннен алыстатып, кері тәрбиелейтіндер баршы-
лық. Озғын ойлы болсын дейді, азып-тозып кетерін неге білмейді? 
Сыншылдық шешеде де болады. Баласының келешегін та-
мыршыдай тап басатын, керек десеңіз, аналар. Ақын Сәкен 
Сейфуллиннің шешесі Жамал: «Өзге балалар асық ойнап, сер-
кеге мініп шапқылап жүргенде, Сәкенім өзімен өзі болып 
көлеңкеде отыратын...» - дейді екен. Оны айтасыз, ана 
перзентінің келешегін бала бойына бітпес бұрын болжаған ғой. 
Түс көрген. Жақсы жоралғыны тәжірибе  қылған. Уытты, тәуір 
болып өсетін баланы туардағы ана толғағы қатты болады екен. 
186 
Ана бала бойына біткендегі жерік асын да ырым көрген. 
Ағыбай батыр бойына бітерде шешесі  Қойсана қара тасқа жерік 
болыпты. Тастың  қынасын талмап, тас көрсе жалайды екен. 
Сонда бір абысыны: «Тастан да берік болатын, кіндігінен қына-
дай көп  ұрпақ өрбитін біртуар  ұл жатыр  құрсағыңда», - депті. 
Бүгінгінің аналары ондайды ескіліктің сарқыншағы деп 
біледі. Әрине, бәрі емес. Біз бұл арада ырымшыл бол деп отыр-
ғанымыз жоқ. Бала тәрбиесін өңің тұрмақ түсінде де естен 
шығарма дейміз. Әке мен шеше жақсы түс көрсе де баласына 
жапсырған. 
Сыншылдық /психолог болу/ білім-біліктен, акыл-пайым-
ның кеңдігінен, өмір тәжірибеден жинақталады бойға. 
Сезімталдық  қасиеті жоғары болады ондай кісінің. Жанары 
таза, жүрегі  қылаусыз болуға тиісті. Күншілдікті, көреалмас-
тықты бойына жиғандар, көзі сұқты, тілеуі жамандар сыншыл-
дықты міншілдікке шаптырып, жігеріңді  құм етіп, бағытыңнан 
жаңылдырып жібереді. 
Кісі танығыштық адамға оңайлықпен  қонбайды. Бірінші 
кезекте, өзіңді тануға тырыс. Өзің тани білген адам Жаратушы 
мен жаратылысты ақылмен мойындап, тани білуі керек. Кімсің 
сен? Жарық дүниеге  қалай келдің? Мұсылманбысың, әлде ба-
сқа діннің шырмауында жүрмісің?  Қазақпысың, жоқ, шала 
дүмбілезбісің? 
Тағы да Абайға жүгінеміз: 
Ардақты күнім балалық, 
Әр ісің бір қаралық. 
Сендерге кім айтты екен, 
Кетті деп мүлде тазарып. 
Сен кеткен соң балалық, 
Сұм жүрегім тұрмады-ау 
Бір сәтке де тазарып... 
Ақын балалықтан  қол үзген соң, жүрегім бүлінді, тазалық-
тан айырылды дейді. Одан соңғы халіне былайша баға береді: 
Бойдағы мінді санасам, 
Тау тасынан аз емес. 
Жүрегімді байқасам, 
Инедейін таза емес. 
Аршып алып тастауға, 
Апандағы саз емес. 
Бәрі болды өзімнен, 
Тәңірім салған наз емес. 
187 


Ақын өзін мінеу арқылы өзгеге ой салады. Бойдағы міні 
«тау тасынан аз емес». Бәрі өзімнен болды деп мойындайды. 
Сыншылдықтың көкесі осы. 
Мін 
Әр кезеңнің /дәуірдің/ өз насихатшысы болады. Кеңес за-
манында үгітшілер коммунистік партия атынан сөйледі. 
«Көсеміміз» Маркс пен Энгельс, Ленин былай дегеннен келді 
әр сөзіміз. 
Бұрындары Ислам дініне негізделді халықтық тәлім-
тәрбие. Алла атынан  Құран түскен. Ал сол  Құран аяттары да 
халықтың сөзі. Саналы адамдардың мыңдаған жылғы өмір 
тәжірибесінің, даналық ойларының жиынтығы. Пайғамбар 
хадисінде былай делінеді: Ақырдың пайғамбары Мұхаммед 
(с.ғ.с.) желмен тілдесіпті. Жел айтқан дейді: 
«Жаратылыстың ең абзалымын. Мен болмасам бұлттар 
қозғалысқа келмейді. Жаңбыр жаумай, жер бетін  құрғақшы-
лық жайлайды. Әрі төңіректі шаң-тозаң, күл-қоқыстан тазар-
тамын, демек, мен ең елгезек, еңбекқор һәм күнәдан пәк таби-
ғат  құбылысымын...» 
Алланың елшісі: «Жөн-ақ, бірақ сенде де мін бар. Өзіңді 
көрмейсің. Өзін көрмеген өзгеге баға бере ала ма? Асыра 
сілтеп жібересің көбінесе. Артық кетіп долырғанда жанды-
жансыз кірерге тесік таппай қалады». 
Су тұрып: «Жер бетіндегі тазалықтың бастау көзі менмін. 
Мен болмасам дүние дидарын кір шалып,  ұсқыны қалмас еді», 
— деген ғой. 
Пайғамбар сумен де келіспепті: «Дүлейсің, — депті. — 
Арындап тасығанда,  құлдилап аққанда ес-түсің  қалмайды. 
Құдды ашуқор адам тәріздісің, алды-артын бағамдамай күрт 
кететін. Адал мен арамды, кір мен тазалықты  қойбатпақтап 
араластырып жіберетінің жаман. Басыңнан аяғыңа шейін 
күнәһарсың. Мінің басыңнан асады!» 
Бұл мысалда нендей ғибрат бар? Алла жаратқан жанды-
жансыздың бәрінде де мін болғаны ғой. Мінсіз тек бір Алла 
ғана. Ғұлама да сол, бай да сол, асқан мейірімді және Өзі. Бұл 
— Құран сөзі. Әзгеміз, өсіресе, мына біздер, жұмырбасты пен-
делер тозақы күнөһардың нақ өзіміз. Данышпан  ұлы ақын со-
дан да мінін жасырмай, айтып-айтып тастайды: 
Осыншама ақымақ болғаным, 
Көрінгенге кызықтым. 
188 
Ғаділетті жүректің 
Әділетін бұзыппын. 
Ақыл менен білімнен 
Әбден үміт үзіппін. 
Айла менен амалды 
Меруерттей тізіппін. 
Жалмауыздар жалаңдап 
Ар-ұяттан күсіппін. 
Қулық пенен сұмдыққа 
Құладындай  ұшыппын. 
«Сіз білесіз» дегенге 
Күнге күйіп пісіппін. 
Мақтанбасқа мақтанып 
Деп жүріппін «пысықпын»... 
Абай сөзін мыңдарға арнаған. Зер салып  қараңызшы,  қай-
талап оқып. Адамның мінінен «ат шаба алмағаны ғой». Осын-
шалықты пендешілігімізді көре тұрып өзімізді судан таза, 
сүттен ақ деуімізге жол болсын! 
Тағы да  ұлы  ұстазды /Абайды/ сөйлетіп көрейік. Мінсіз 
адам жоқ дейді. Енді сол күнәһар пендеңіз  қайтпек керек?. 
«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар,  қалаң...» деп 
нұсқайды  ұлы ойшыл. «Қайрат пен ақыл жол табар... - дейді 
және - Әділет, шапқат кімде бар, сол жарасар туғанға...» деп 
үстемелейді. Он жерден  қайраттанып, ақылды серік 
еткеніңмен әділетшіл, шапағатшы болмасаң, еңбегің зая екен. 
Неге олай дейді ақын? «Алдың - жалын, артың - мұз, барар 
едің қай жаққа?» 
Кедергілі өткелекке тіреліп, кісі дағдарғанда  қайтпекші? 
Оған да сөз табады ойшыл ақын: 
Пайданы көрсең, бас ұрып, 
Мақтанды іздеп қайғы алма. 
Мініңді ұрлап, жасырып, 
Майданға түспей бәйге алма... 
Мәселе мінде тұр бұл арада. Өзін пысық, өзін ақылды деп 
білгендер түптің түбінде шалынады бірдеңеге. 
Сонда не істеуіміз керек?! Мақтанқұмарлыққа салынба-
ңыз.Өз шамаңызды біліңіз. Мініңді жасырып, тым пысықсы-
ма Төзімді бол. Шығыс даналығында «Көнгіш ақыл бақыт 
әкеледі» деген тұжырым бар.  Құрғақ көмпістік кісіні жадағай-
лыққа  ұрындырады. Абайша айтқанда «майданға түспей бәйге 
алам» деп дәмеленбе. Онда әшкереге ұшырайсың. 
189 


Сапалы 
Сана - ақылдың, адамгершіліктің  қоймасы. Абай түйін-
деген «ыстық  қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» сананы 
сәулелендіріп, жүрекке орнайды. Халық әумесер ыржалақты 
«санасыз» деп  қол сермейді. Ойлы, ақылды жасты «саналы» 
деп іш тартады. Халық санасыздықты, көбінесе, тоңмойын то-
пасқа, жүрегі кірлі  қараулар мен ойсыздарға  қарата айтқан. 
Ойсыздық сананың күңгірттеуіне әкеп соқтырады. Жақсы мен 
жаманды айыра білмеу де санасыздыққа жатады. Сана - сағы-
ныш пен мұңның, махаббаттың  ұясы. Санадан сарғайып, сағы-
нышқа берілу,  қайғы мен мұңды жүректен өткізу - саналы-
лықтың белгісі. 
Көкірегінде сәуле жоқ санасыздар көріп тұрса да көрмейді, 
естіп тұрса да естідім демейді. Көрсоқырлық деп соны айтады. 
Абай сомдаған «бойы бұлғаң, сөзі жылмаңдар» өз ойында, тұла 
бойында бір міні жоқтар, міне, нақ осылар. Санасыздардың 
қатарын көбейтеді.  Құр ішіп-жегенге мәз, ыржақай, күлегеш-
тер де осы топқа жатады. 
Санасыздықты ұлы ақын былайша таңбалайды: 
Басында ми жоқ, 
Өзінде ой жоқ, 
Күлкішіл кердең наданның. 
Көп айтса, көнді, 
Жұрт айтса, болды, 
Әдеті надан адамның. 
Бойда қайрат, ойда көз, 
Болмаған соң, айтпа сөз... 
Өмірді табиғи түс әрлендіреді. Әлеміштеу жасаңдылыққа 
ұрындырады. Сәнқойлықты халық ажырата  қоймайды. «Бояу-
шы, бояушы дегенге сақалын бояйдының» керімен деп 
келемеждейді. Тіршілік амалының сан  қилы көрінісі бар. 
Көріністі желбіретіп, жақсыатты көрінгісі келетіндерді 
«көлгір» деп таңбалайды. Жұрт көзіне түсуге жаны  құмар, 
әсіре пысықайды «тыраш» деп кекейді. Жалған кісілікке үйір 
басқалардан өзін артық санап, киген киімі, жүріс-тұрысы, сөз 
саптасы мінезіне үйлеспейтін әсіре сыпайылардан халық жа-
лығады. Сырт береді ондайлардан. Еліктегіш келеді ондайлар. 
Өзін тәуір адам ретінде көрсетуге тырысады. 
Абай шәкірті Көкбайдың бойынан сәнқойлықты байқап 
қалып былай демеді ме: 
190 
Бұралып тұрып, 
Буыны құрып, 
Қисайта тартып мұрынын. 
Әсемсіп, сәнсіп, 
Білгенсіп, бәлсіп, 
Әр нәрсенің орынын. 
Керенау кердең бір керім, 
Жақпайды маған сол жерің... 
Халық екіжүзділерден ығыр болғанда  қойдай  қоңырларды, 
табиғи мінез  қалыбынан аспайтын біртоға момындарды 
іздейді. Ондай жандар  қарапайым келеді.  Қарапайым кісінің 
басты  қасиеті - өзін зор, өзгені  қор тұтпауында. Көптен 
іргесін бөлмейді және өздері. 
Қарапайымдылық  қарапайым киінуден басталады. Пай-
ғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Қарапайым киіну - иманды-
лықтың белгісі», - деген.  Қарапайым жанды бүгінде кездестіре 
аламыз ба? Жетерлік олар. Көзге түсе бермейді. Бай да емес, 
кедей де емес, орташа тірлікті  қалайды.  Қанағатшыл келеді. Өз 
ақылы өзінде. Кісі ақылын да жерге тастамайды. «Табан ақылы 
өзінде» дейді ондайларды. 
Дау айтылуы мүмкін, мұндайлар сыртымен момын, іші қуыс 
һәм былық болуы кәдік.  Қарапайымдылық мінезбен бекиді. Гәп 
мінезде, мінезге сіңбеген қасиет санаға орнай қоймайды. Тәрби-
еге, шыққан ортасына байланысты. Дағдыға, тұрмыстың  қалы-
бына тәуелді.  Қарапайымдылық санаға сіңгенде елдік  қасиетке 
айналады. Әдет-ғұрыпқа, салтқа кірігеді. 
Мәселен, хансулықтар /қытайлар/ мен жапондар сырты мен 
ішін тең ұстайды. Ол неден? Тәрбие-тәлімнен, күнкөрістің ама-
лынан. Жер жүзіндегі ең көп халық қытайлар қомағай, дүниеқо-
ңыз,  ұры-қары,  қара ниет  қорқау болып бірін-бірі талап жеп 
жатса не болганы?! Содан да  қытайлар  қарапайымдылықты 
ұстанады. Сөзі майда, жүзі жылы келеді. Барға қанағат етеді. 
Жапондықтар аралда тұрады. Жері теңселмелі. Табиғат 
байлығы шамалы.  Қатал табиғат аясында ғұмыр кешіп жатқан 
олар  ұлттық дәстүрге, дінге сүйенеді.  Ұстамды келеді өздері. 
Ішін алдырмайды сырт дұшпанға. Ол - тәрбиеден, еңбекқөр-
лықтан. Арын сатпайды, еңбегін сатады. Мұндай ерекшелік 
қазақта неге жоқ?! Біздер өзгелердің теліміне түсіп, көрбала-
лау болып  қалғанбыз. Бұл, әншейін сылтау. Халықпыз ба, 
ұлтпыз ба, онда бізде бәрі де бар.  Қарапайымдылықтың көкесі 
қазақтарда. Оның көрінісі кеңдігімізде, кеңпейілдігімізде. Та-
қуамыз шетімізден. Пайғамбар хадисінде былай делінеді: 
191 


«Тақуа үшін мол дүниенің зияны жоқ. Тақуа адам үшін бай-
лықтан гөрі саулық жақсы. Пейілдің кеңндігі - ең зор байлық». 
Демек,  қарапайым адам тегін болмады. Жан жомарттығы 
басым онда. Ашуын сабырға жеңдіреді. Иттігін бұқтырып 
ұстайды. Сырты сынық келеді, іші - тұнық.  Қарапайым адамда 
жақсы ниет бар, жанның бәрін жан тартады, өзіндегіні бұлда-
майды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет