Бауырмалдық
Туыстық қатынас жөнін таратқанда мінезге байланысты
жағына баса назар аударуға тура келеді. Соның маңыздысы -
бауырластық! Бауырластық жөнінде халықтық педагогиканың
жас ұрпаққа ұғындырары аз емес: «Жат — жарылқамайды, өз —
өлтірмейді». Бұл арадағы «өз» кім? Ол — туыс-туған, ағайын-
жекжат. «Сыйласуға жат жақсы, жыласуға туыс жақсы».
Дүние адамды бұзбай қоймайды. Туыстан кетісу, көрместей
211
боп түңілу бола береді. Бірақ ат құйрығын кесісіп кеткен
қазақты тумысымда өз басым көрген емеспін. Ата-бабалары-
мыз туыстықты ұрпақ санасына әлмисақтан жеткізіп кеткен.
«Қарағай басы қар жауса, жұтамайды сауысқан, қанды қалпақ
кисе де, қиыспайды туысқан». Бұл - қазақ этносына тән қаси-
ет. Мінезділігіміздің бір ерекшелігі қаншылдығымыз, бауыр-
малдығымыз екен. Жеті атаға дейін қыз алыспауымыздың
себебі туыстық сабақтастықты үзіп алмаудың амалы. Өз құла-
ғымызбен естідік. Ағайындар бір-бірімен құйрық-бауыр
жесісіп, құда болып мәре-сәре болып жатқанда, сыншыл
қария мұртын қопсытып: «Құда, құүда дей бермеңдер, алыстап
кетеді, туыс-бауыр деңдер», — дер еді. Қыз ұзатып, келін
түсірудің кәде-жоралғысының өзі ұлтымыздың дархандығын
танытады. Өліге ас берудің өзі той-томалаққа ұласады. Толып
жатқан кәдені - нарықтың (өз күніңді өзің көр саясатына) жо-
лына айтып қара қоңызша тоңқаң-тоңқаң етіп дүние қуып кет-
сек, қазақтық қасиетіміз - бауырластықтан не қалады?!
Бауырластыққа бір мысал. Қазақта «Атасы басқа аттан
түс» деген аталы сөз бар. Жаугершілікте бір батыр жау қолын-
да қалып бара жатқан баласын ат артына мінгестіріп алып,
ұрыс даласынан сытылып шыға бергенде, «көкелеген» інісінің
даусын естіп қалып, «Атасы басқа аттан түс» деп баласын тас-
тай беріп, бауырын құтқарып қалған екен. Туысы өлгенде
үлкендер «бауырымдап» жылайды. Қысқасы, бауырмалдық,
қаншылдық қазақ ұлтының — мінезі.
Бауырмалдықтан, туыстық қатынастан әулет шыққан,
әулеттен ру-ұлыстық қауымдастық бекіген. Рулар ұжымдаса
келіп тайпаға, одан жүзге бөлінген. Жүздік, рулық бөліністер
— ел болып бірігуіміздің алғы шарты, керек десеңіз ұлттық ар-
тықшылығымыз. Осы ерекшелікті (рулық қатынасты)
өзімізден шыққан тарихшылар: «күні өтіп көнерген бүгінімізге
қабыспайды» деп тарихтың қоқыс жәшігіне лақтырып тастағы-
сы бар. Шет жұрттың білімпаздары «трайболистік сарқыншақ»
деп руластықты ұрпақ санасынан «өшіріп» тастамақшы. Сон-
дағы сырт дұшпандардың мақсаты - қазақ этносын мінезден
айыру. Қазақтың жаны (бауырмалдығы, дәстүр-тағылымы,
ұлттық қасиеті) далада еді. Далалық қазақтар (ауыл қазағы)
қопарыла көшіп, қалаға орнап жатыр. Дау жоқ, қала — мәде-
ниет ордасы, әлемдік жетістіктердің шоғырланатын нүктесі.
Қалалық қазақтар (бүгінгі қазақтар) жаһандануға әлден-ақ оң
иығын бере бастады. Бұдан біз нені көреміз? Қалалық қазақ-
тар руластық былай қалып, туысқандық қатынастан көз жазып
қалуы бек мүмкін. Осындай өтпелі кезеңде саналы жастар за-
212
манның өнегелік жақтарын кәдеге асырып, дәстүрдің түрленіп
толысуына күш салуға тиісті. Мінезді азаматтар осындайда су-
ырылып шығады.
Мінезді айта түсуіміздің астарында аңғарту жатыр. Мақсат
— жаңалық ашу емес, келешек ұрпаққа ой салу. Ойлы жас ата-
баба өсиетінен де өзіне керектісін ала алады. Олар жүріп өткен
жолдың жетістігінен үйренеді.
Қазақ үш жүзге бөлінген. Шежірелік аңызда үш ата бала-
сы көрінеміз. Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс — арғы бабалармыз.
Ақарыстан Ұлы жүз өрбиді, Бекарыстан Орта жүз тарайды,
Жанарыстан Кіші жүз қазақтары өрбіген. Былайша қисынды.
Дау айта алмайсың. Тарихшылар әкімшілік бөлініс деп
дәлелдейді. Соңғысы қисынды. Бүгінше айтқанда, аймақтық
жіктелуге жатады. Бүкіл дүниенің (әлемнің) өлшеміне сый-
дырғанда, Жер шары асықтай-ақ. Сол асықтың үлкендігіндей
ғана жерде өсіп-өніп жатқан адамдар бір-біріне ұқсамайды.
Ақыл-пайымы, арман аңсары, сезінуі, айла-амалы, жан дү-
ниесінің тазалығы - бәрі-бәрі өзгеше. Ал осы қисынды әр
ұлттың (этностың) шығу тегіне, пайда болуына, ұлт ретінде
қалыптасып, ел болып еңсе көтеріп, халық болып қауымдасуы-
на үйлестірсек, әр халықтың өзіндік ерекшелігі тайға таңба бас-
қандай атойлап шыға келеді. Ағылшын мен орысты бір-біріне
ұқсата алмайсың, жапонды қазаққа жақындату мүмкін емес.
Сырты үйлеседі, ішіне үңілсең, басқаша кейіптегі адам. Біздер,
қазақтар да басқа ұлттарға ұқсамаймыз. Бұның бәрі неден?
Осы еңбегіміздің әр жерінде айтылды. Алланың әмірінен,
табиғат құбылысының кереметінен, түрлердің пайда болып,
сұрыпталуынан десек те, Адам-Ата, Хауа-Анадан бері үзілмей
келе жатқан адами сабақтастығымыздың нәтижесінен деп
білуіміз керек. Адамша өмір сүрудің талпынысынан туындаған
қасиет. Сол қасиеттің жиынтығы — Мінез. Қазақ бола тұрып
әр ата баласының мінез өзгешелігі — қасиетіміз. Керек болса,
артықшылығымыз.
Қазақтың үш жүздік құрылымы ел болып бірігуіміздің
классикалық үлгісі. Өз кезінде бұл одақтасу қазақтың бірлігіне
қызмет етті. Жүздік жіктелуді бабаларымыз тәрбиелік мақса-
тқа пайдаланған. Ұлы жүз аға баласы делінген, шыңдығы со-
лай. Орта жүз - ортаншысы. Кіші жүз - кенже ұл. Үлкен
тұрғанда кіші сөйлемейді. Жол-жора аға баласына бұйыршақ.
Ортаншы ұл да тегін емес. Кіші ұл, әдетте, еркелеу, тентек
келеді. Байқадыңыз ба, үш жүздің баласы мінез ерекшелігіне
қарай бөлінген десек, ұшқары болса да, қисынға келеді.
Діни аңызда жүз жиырма төрт мың пайғамбар өткен екен.
213
Соның отыз шақтысы ғана белгілі. «Атамыз — Алаш, керегеміз
- ағаш» деп айта түсеміз. «Қазақпыз» дейміз. Нәсіліміз түрік
екені айдан анық. Түрік бабамыздың отыз ұлы болыпты
делінеді шежірелік аңызда. Сол отыз ұлдың біріміз. Одан арғы
атамыз кім болған? Ғұндар, әйтпесе, скифтер мен сақтар.
Қалай болғанда да Алтай мен Атырау — кең байтақ далада
іргемізді бекітіп ел болғанымызды ешкім де жоққа шығара ал-
майды. Ру-ұлыс боп бөлінгеніміз де рас. Сол ру-ұлыстар
бірлесіп елдікке (мемлекет болуға) бет бұрған. Арғы
нәсілімізді жобаладық. Бергі аталарымыз кімдер еді? Ағайын-
ды үшеу - Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс атамыз Алаштан туған.
Алаш - қазақтың атұстары. Қазақ болса-болмаса Түрік
нәсілінен.
Ақарыстан Ұлы жүз қазақтары өрбіпті. Ныспысы —
Ақарыс, өзі және үшеудің үлкені екен. Арыс атауының екі-үш
мағынасы бар. Ру, ел атаулының орнына жүреді, «екі арыс ел»
деп те келеді. Арыстың басты мағынасы - «біртуар азамат»
дегеңді білдіреді. Сонымен, үшеуі де асыл текті біртуар, нағыз
азаматым дейтіндей Алаштың айтулысы екен. Енді қараңыз —
үлкеніне Ақарыс деп ат берген (бұл бейнелі атау, оған даулас-
паңыз). Ақарыстан тарағандар аға баласы болып келеді. Аға
әрқашан көшбасшы болады. Қара қылды қақ жарған әділ әрі
адал болуға тиісті. «Қазақ үлкенін құдайдай көреді» деген со-
дан шыққан. Топшылағанда Ұлы жүздің ұлы әкесі (бас иесі)
аға болуға лайықты ақпейіл. Ақжүрек, ақкөңіл,ақ сөйлейтін
әділ, ақжарқын, адал болған ғой. Енді қисынға келейік,
Ақарыстың ұрпақтары — Ұлы жүз аға балалары бабаларына
тартып (лайықты болып) ақ сөйлеген. Әділдікті ту етіп көтер-
ген. Тым қиянпұрыс тентектікке бармай, дау-дамайды
өршітпей, ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен. Дуалы ауыз
абыздар, әулиелер, ақылмандар, сопылар, ботагөйлер Ұлы
жүзден көп шыққан. Момындық та бар өздерінде. Көтерімді
келеді. Аға баласы болғаңдықтан да тәрбие-тәлімнің ұйтқысы
бола білген. Өзге ұлыстарға (қазақ бауырларға) жол көрсетіп,
өнегелі болуға үндеген. Төле бидей данагөй — аға баласы.
Аузына үш жүзді қаратқан. Інілерін сабыр-тоқтамға бейімдеп,
елдігімізге ұйтқы болған. Бұл — артық сөз емес, дәлелденген
ақиқат. Ұлы жүздің құрамындағы аталарды Үйсін деп атайды.
Халық жады - сергек. Неге Қатаған, Қаңлы, Жалайыр
демейді? Аға балаларын Үйсін дейтініміз неліктен? Сөздің
қисынына тоқтау керек. Ежелгі Үйсін мемлекетінің жаңғыры-
ғын кәрі құлақ бабаларымыз зердесінен шығармаған. Сана-
сында жаңғыртқан. Үйсін мемлекетінің жұртынанбыз, солар-
214
дың тұяқ жалғарымыз дегенді кейінгі нәсілінің құлағына са-
лып кеткен.
Аға балаларынан батыр да шыққан, ақын да шыққан. Дана
да шыққан. Әйтсе де, қандастарына (өзге қазақтарға) үлгі бо-
лудан еш жаңылмаған. Күні бүгінге дейін солай. Осы атадан,
аға балаларынан Құдай оңдап, аруақ қолдап дербестікке қол
жеткізгенде, Тәуелсіз ел болып еңсе көтергенде, Нұрсұлтан
Әбішұлының тарих сахнасына шығып, үш жүздің көшін бас-
тап, болашаққа жарқын заманға негіз қалғаны, дамыған елу
елдің деңгейіне көтерілуді басты мақсат етіп қойғаны — ата-ба-
бадан үзілмей келе жатқан дәстүрдің XXI ғасырда да жалғасын
тапқаны деп білуіміз керек.
Сабағымызды әрі қарай жалғайық. Аға балаларының мінез
(бұл арада қазақи ерекшелігінің) ерекшелігіне жататын қасиеті
- Аға болудан жаңылмағаны. Ұстамдылығы, көтерімділігі. Со-
нымен қабат еңбекқорлығы деп білуіміз керек. Адамды
түзейтін еңбек. Еңбексіз, қарекетсіз адамда жөні түзу мінез де
қалмайды. Жатып ішер жалқау, еңбексіз пайда табуға дағды-
ланған ұры, қара ниет қарақшыдан қайбір адамгершілік шыға-
ды? Еңбегінің жемісін көрмей ардан безгендерден адам тұрмақ
қара жер де тітіркенеді.
Біздің айтайын дегеніміз - жүзге бөлінудің мінезге әсері.
Ғылыми тұрғыдан зерттеп зерделеу емес, топшылау деп білген
жөн. Жер ыңғайы табиғат амалына бейімделіп, сонымен қоса,
көрші елдердің ықпалына түсіп, жұтылып кетпей елдікті сақ-
тау — бабаларымызға оңайға соқпаған. Оған қоса күнкөріс
күйбеңі тағы бар. Соның бәрі халық педагогикасында көрініс
тапқан. Із қалдырған. Жақсыны асырып, жаманды жасыру —
қазаққа тән қасиет. Ұрпағым ез болмай, ер болсын деген ата-
лық ұстанымы. Құлаққа сіңісті «Ұлы жүзді қауға беріп, малға
қой» деген аталы сөз бар. Ұлы жүз қазақтары табиғаты
жұмсақ, түстік өңірді — оңтүстікті жайлаған. Егін егіп, мал
өсіруге қолайлы қоныс. Содан да егіншілікті, малшылықты
кәсіп еткен. Абай айтқан «еңбекті сат, ар сатып неге керекті»
жадында берік ұстаған. Жастарды қарекет етуге баулыған.
«Еңбегі аздың өнбегі аз» деп жөргектен тәрбиелеген жас
өскінін. Кеңес өкіметі орнаған кезеңдерде де оңтүстіктің
қазақтары ауырлыққа иығын тоса білді. Замана зобалаңына
беріспей, егіншілікті, малшылықты ата кәсібім деп білді.
Коммунистік еңбектің үлгісін көрсетіп «Еңбек Ері» атанды.
Социалистік құрылыс ұжымдық еңбекті дәріптеді, соған ұйыс-
тырды адамдарды. Бұра тартқандарды «дара шаруа» деп жаза-
лады. Көндікпегендерді еңбектен жалтарды деп соттады. Кейін
215
кеңшілдігіне бағып, жұмысшы мен шаруаны арқадан қағып,
омырауына орден тақты. Еңбек Ері деген атақ өз жемісін берді.
Еңбек батырдары Қазақстанның оңтүстігінен көп шықты. Бұл
занды еді. Олардың еңбектегі ынтасын көре білді басшылық.
«Соңиалистік Еңбек Ері» атағын Ыбырай Жақаев пен Жазыл-
бек Қуанышбаев тегіннен тегін алмаған. Екі мәрте «Еңбек
Ерлері» болды. Басқа өңірден «Еңбек Ері» дәрежесін екі рет
алғандар кезікпейді. Сол үшін де Қазақстан басшылығын
(Д. Қонаевты) жікшілдер (жүзге бөлінгіштер, рушылдар) жазғ-
ырды. Арызқойлық өршіді ел ішінде. Арызқойлықты
коммунистік партия өз мақсатына пайдаланды. «Өзара сын»
деп көтермеледі. Арызқойлар жүзшілдіктің, рушылдықтың
қоздырғышына (вирусына) айналды.
Атақ-дәрежеге дәніккендер мен билікқұмарлар, мансап-
қорлар, пәлеқорлар және өршітті жікшілдікті. Ат төбеліндей
аз ғана шоғыр қазақ қауымының бірлігі мен бауырластығының
ұйтқысы — жүздік құрылымды өз мақсаттарына пайдаланды.
Жүзге бөлінудің салқыны ұлт бірлігіне, қазақтық қасиетімізге,
онсыз да тіл мен діннен, дәстүрден қол үзе бастаған кезеңде,
орыстанудың саясатына қызмет ететінін білген біртуар қалам-
гер Ғабит Мүсірепов : «Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін», - деп
ашына айтты. Бұл сарын бүгін де бар. Үш жүздік құрылым -
қазақ елін біріктіруге қызмет етті. Әлі де қызмет ете бермек.
Сөз неден шықты, Ұлы жүз балаларының еңбекқорлығы емес
пе? Бүгінгі өтпелі кезеңде (социализмнен капитализмге бет
бұрған заманда) аға балалары (оңтүстік өңірдің қазақтары)
тағы да озғындық танытып, саудаға оң иығын тосып, нарықты
мәу демей озғындай бастады. Дайын асқа тік қасық, жалқау-
лар мен жатыпішерлер, күншілдер мен көреалмастар «көтен
күңкілге» басады. Оңтүстіктің қазақтары төске өрлеп барады
деп. Бұған кейбір шолақ ақыл жетесіздер елігеді. Қазармалық
социализм де оңдырған жоқ қазақ қауымын. Ендігі бет бұрыс
елу елдің қатарына ілігудің амалы. Артқа қарайлаудың қажеті
жоқ. Тек алға озуды қажет ету керек. Қазақ атамыз ежелден
тәуекелшіл. «Жаманға жалынғанша, жат та жаныңды қарма»
дейді. Бүгінде айтылып жүрген: «Өз күнінді өзің көр» ежелден
бар үрдіс. Өмір - қара жарыс. Бір мінгішке (бұл арада еңбек
етіп, кәсіппен шұғылдану) ие бола алмай шаң қауып, жарыс-
тан шығып қалсаң өз обалың өзіңе. Өз күнінді өзің көре алма-
ғаның үшін, жаныңды сақтай алмағаның үшін қазақтық
қасиетімізге күйе жақпай жайыңа жүр. Жауға жаныңды бер-
сең де, намысыңды берме. Намыс - сенің мінезің. Мінезді
қазақ енді шығады. Айғай-сүреңге басқан тентектікпен емес,
216
табандылығымен, қайсарлығымен, мақсаткерлігімен, ұлтын
ұлықтаған қаншылдығымен. Бұл - Құдайдың бірлігіндей.
Дуалы ауыз ақылмандардың Орта жүзге берген
мінездемесі де шындықпен үндес. «Орта жүзді қалам беріп
дауға қой» дейді. Бертінде шыққан сөз тәрізді. Сарыны солай.
Орта жүз қазақтары қоныстанған Арқа даласының табиғаты
катал. Қатал табиғат аясында өмір сүру оңай емес. Сарыарқа-
ның солтүстік өңірі орыс жұртымен шектес. Ресей отаршылда-
ры ішке ертерек енді. Орыс оқуы Орта жүз қазақтарына ерте-
ректеу келді. «Орта жүзді қалам беріп дауға қой» дегендегі
мінездеу - шындыққа бір табан жақын. Бұл аймақтағылар
орыс оқуының дәмін бірінші болып алды. Сауатын орысша
жетілдіріп, қағазға жазуға бейімделді. Орыс т і л і н үйренді. Со-
ның нәтижесінде оқымыстылыққа ден қойды.Орта жүз қазақ-
тары. Ең құрығанда тілмаштыққа тұяқ іліктірді. Жер дауы,
жесір дауына араласып, патшалық биліктегілерге арыз-шағым
жазып берді. Дауға қойдың мәнісі - біріншіден, сөзге
жүйріктігі, екіншіден, орыс тілін білгендігі, қағазға жазуға
икемділігі деп білуіміз керек. Даукестік - арыздану. Арыз-ша-
ғымға да сауат керек. Сол себепті шығар. Екінші бір қисын
әріде жатыр. Абылай заманының сарыны шалынады құлаққа.
Ердің құнын «екі ауыз сөзбен шешкен» от ауызды, орақ тілді,
темір жақ шешендер мен билер Абылай ханның ордасын
төңіректеген ғой. Абылайдың оң тізесінен орын алған ғой
Бұқар жырау, Қаз дауысты Қазыбек би, Байдалы шешен, қара-
уыл Қанай би - Орта жүздің тілмарлары.
«Кіші жүзді найза беріп жауға қойдың» мәнісі тереңде жа-
тыр. Жауынгерлік - жаугершіліктен шыққан. Кіші жүз қазақ-
тары күні кешеге дейін аттан түспей келді. Іргеден орыстар сы-
ғалады. Сығалап қана қоймай, көз алартты. Түрікмендер және
шықты жауқайдалап. Қоқаңдап қоқандықтар және кетірді ма-
заны. Ежелгі дұшпан - Еділ бойының қалмақтары да жаулық-
тарын ұмытпады. Өзімізден шыққан сойылшылдар тағы бар.
Қарақалпақтар да қарап отырмады. Барымтаны өршітті. Кіші
жүз қазақтарының жауынгер болмасқа амалы қайсы. Үш ата-
ның баласы - бәріміз бір қазақпыз. Әйтсе де, Кіші жүз қазақ-
тарының көрген құқайы аз болмаған. Күні кешеге дейін жауға
қалқан болып келді. Жері қуаң, шөлейт болса да, ата мекеннен
табан аудармай келді. Қазақ елінің елдігіне бұл ата балалары,
Кіші жүз қазақтары сандаған есе үлес қосқанын кейінгі
ұрпаққа мәлімдей білгеннің оғаштығы жоқ. Бүгінде кіші ата-
ның балаларына Құдай берді. Қашанғы жылата берсін бізді.
Кіші атаның балалары үнемі ат үстінде жүргендіктен бе,
217
кеудесін шалқақ ұстайды. Тік сөйлейді. Қасы тұрмақ досына
да бас ие қоймайды. Ұстағанына тұтқыр. Екі сөйлеуге жоқ.
Шеттерінен мәрт. Киежарма кеудемсоқтыққа да бар. Тентек-
теу келеді жігіттері. Есті тентектері басым. Ал қыздары
қылықты шетінен. Етек-жеңін көлбіретпей ықшам жүреді.
Әйелдері өр келеді. Осы қасиет өнерге де жұққан. Күйлері
төкпе, әндері асқақ, биік келеді. Жігерінді жанып, делебеңді
қоздырады. Кіші жүз қазақтарының ұлы әкесі Жанарыс жанға
сая, досқа пана, арысқа салар азамат болған.
Орта жүз балаларының ұлы әкесі Бекарыс екен.
Кішілігінен де кісілігі басым, ішті болғаны ғой. Төршіл шығар.
Іші мен сырты үйлесімді, жан дүниесі ақылға молыққан жаны
бай, біртуар болғаны ғой. Екі сөйлеуге жоқ, аузы ауырлау шы-
ғар. Тәкаппарлығы да бар-ау, сірә. Қыздары кербез, кер келеді
екен. Әйелдері өр келеді екен. Бұл — менің сөзім емес, халық-
тың мінездемесі. Ал өнері ше? Өнері де өздерінің мінезіндей
кең келеді. Күйлері сыршыл, әндері зарлы келеді. Теперішті
көп көрген. Атыс-шабыссыз өткен бір күні жоқ. Жау алмаса,
барымташы алады. Қатаң табиғаттың ойпаң-тойпаңы және
бар. Қыста борандатады, жазда дауылдатады. Бұлақтары сылқ-
сылқ күліп ағады. Қыздары сұлу, керме иық. Жігіттері сыл-
қым, керіле күледі. Содан да күйлері тереңнен дүмпіп, шер то-
лқытады. Сарыарқаның сұлу табиғатына еліктеп аққуға үн
қосады өнерпаздары.
Бұл топшылау үш ата балаларының мінез ерекшелігі жас
ұрпаққа үлгі болсын деген тілектен туындаған талпыныс. Ой-
жоба. Қалай болғанда да қазақтарда даланың мінезі бар. Сырт
елдің тарихшылары Алаш жұртын көшпенді, көшпелі деп
үстірт топшылаған. Ата-бабаларымыз бар болғаны, далалық-
тар. Біздер, қазақтар дала мінездіміз. Жанымыз даладай кең.
Кең байтақ өлкенің мінезі (климаты) әркелкі. Сол мінез қазақ-
тарға жұққан. Бұл — Алаштың артықшылығы.
Достарыңызбен бөлісу: |