Бағдарламасы бойынша шығарылды Өмір Кәріпұлының бұл жазбасы қаламгерлік ізденісі мен



Pdf көрінісі
бет42/77
Дата07.04.2022
өлшемі3,83 Mb.
#30285
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   77
Байланысты:
Tuqyr

Сырт көздің сұғы 
Сырт елдердің Алаш жұртына тағатын мінінің бірі — 
кіділігіміз. Онымен  қоса шамшыл келетініміз. Тез тұтанатын 
жам отындай лап етпе әдетімізді де жақтырмайды. Айнығыш, 
ұстараның жүзіндей лыпып тұрады деп те мінейді. Неге айны-
ғышпыз? Бұл — мінезіміздегі сезімталдық. Аңқау еместігі-
міздің дәлелі. Сырт елдердің сырын білмейтін жылмаңдарың 
бір көргеннен-ақ пиғылының арам екенін біле  қоятынымыз, 
танып  қалатынымыз айнығыштыққа жатқаны ма? Сірә, кісі 
танығыштықтан шығар. Оған дау бар ма. Кісі танығыштық 
қасиетіміз сырт елдің кеудемсоқтарына  ұнамайды. Оларға сал-
са, аңқау да аңғал болғанымыз бек жарасымды. Аңқаулық ба-
баларымызды талай-талай сансыратқан. Жер соқтырған.  Қыс-
қасы, ауыз күйген аңғалдықтан. Содан да шамшылмыз. Кісінің 
ішін сырт бітімінен-ақ байқап  қаламыз. Опасыздыққа жаны-
мыз өш.  Құлқы арамдарды, ниеті бұзық, пиғылы жамандарды 
жек көру былай тұрыпты, сырт беріп кететініміз әлі де бар. 
Қазақта мәймөңкелеу, күлбілтелеу деген жоққа тән. Кісінің 
(сырт дұшпандардың иттігін) мінін көзіне айтатын тік 
мінезділік, кей жағдайда,  ұтылысқа соқтырады. Дүшпанды 
көбейтеді. Мүләйімсу, жәдігөйлік ғадет, сыртыңды сындырып, 
ішіңді ашпау сияқты арамдық халқымыздың мінезінде кездесе 
қоймайды. Тіпті, жоқ десе де болады. Мұндай жәрукелік / 
жәдігөйлік/ сырт дұшпандардың амалы. Сол амалға бабалары-
мыз мінезбен жауап берген. Дұшпандығын бетің бар, жүзің 
бар демей көзіне айтқан. Әйтпесе, жалт беріп, жүз бұрған. Осы 
бір ұстарадай қылпыған мінезімізді ел мен жерімізге көз аларт-
қандар  қош көрмей «қазақтар айнымалы» деп мінеген. 
222 
Жаңа экономикалық  қатынас, нарықтық жүйе, сөз жоқ, 
мінезге ықпал етпей  қоймайды. Сырт елдің алпауыттары 
қазақтарға тән көңілжықпастық, кеңпейілдік,  қонақжайлық 
ғұрыптарды бетке  ұстап, мақтай келеді. Бабаларымыз көзге 
мақтағанды көлгірлік деп білген. Жек көрген ондайларды. Жа-
рамсақтану деп көлгірсігеннің бетін  қайырып тастаған. 
Қазақ айнымалы емес, кешірімді. Кешірімділік кеңдікке 
жатады. Күні бүгін сол мінез ілесіп жүр ұрпақтарына. Бүгінше 
айтқанда, дипломатпыз. «Таспен  ұрғанды аспен  ұр» дегені со-
ған дәлел. Еріксіз мойындайсың. Табиғат байлығы мол, жері 
кең  қазақтарды озбырлар жаулады, отарлады. Езгіге салды, 
қанады. Ресей отаршылдары, орыс жұртының озбырлары 
қазақты надан ел деп кемсітті. Кешегі күнге дейін естіп келдік 
сол кемсітуді. Орыстың көкірегіне, кеудемсоғына жақпай  қал-
сақ, «баран» /қой/ деп шыға келетін. Астарында дұшпандық 
жатыр: «Қазақтар мал бакқаннан басқа түкті де білмеген», -
дегенді меңзегені. Адамдар, мүтін  қауым, біле білгенге, таби-
ғаттың төлі. Біздер,  қазақтар табиғаттың  құрсағынан шыққан 
перзентіміз. Табиғаттан кіндігімізді әлі күнге үзбей келеміз. 
Сөйткен даладай кең, табиғаттың өзіндей кіршіксіз таза /пәк/, 
арам асты аузына апармаған, тұнықтан жүзіп ішкен тұлпардай 
текті нәсілді /қазақтарды/ үш жүз жылдай отарлап, езіп келген 
Ресей империясы мен Кеңестік  құрылыстың шовинистері /оры-
стық менмендік/ дұшпандығын ішіне бүгіп, арқадан  қағу сая-
сатын  ұстанды. Неге өйтті? Асаудай  қияңқы, тағыдай тарпаң, 
өжет елді /қазақтарды/ жер бетінен жойып жіберу мүмкін емес 
еді. Мінезінен айыра алмасын білді де, тілін күрмеуге /ана 
тілінен алыстатуға/, ділін /жүрегін/ әлсіретуге тырысты. Тен-
тек  қазақтарды, Алаштың ардақтыларын атқан, асқан. Жер 
аударған. Соның салдарынан  қазақтар  қоянның  құмалағындай 
жер бетіне шашырап кеткен.  Қырған, жойған, аштыққа  ұшы-
ратып, тентіретіп жіберген. Асыл текті абыздарымыз — Алаш-
тың ардақтыларының сүйегі шашылып, әр сайда қалды. 
Шүкір, Тәуелсіз мемлекет болып ірге бекіттік. Көршілес-
термен сауда-саттық жасасып, аралас-құраластыққа жол 
ашылған еркін даму кезеңінде, дамыған елдің саясаткерлері 
«Қазақ жағымпаз, аңқаушалыс» дегенді шығарды. «Жарамсақ» 
дегенді және бадырайтады. Достық па, дұшпандық па, біліп 
болмайды. Сондайда еріксіз ойға  қаласың: «Осы біз тым жай-
дақсып, жадағай болып кеткен жоқпыз ба?!» 
Бұл мінімізді кейбір білімпаздар « Әлі  қатарға қосыла  қой-
ған жокпыз, жас мемлекетпіз» деп жуып-шаяды. «Жас мемле-
кет» дегенді қою керек, ауызға ала бермеу керек. Біздер, қазақ-
223 


тар әлмисақтан іргелі ел болып келеміз. Бұдан былай 
күшейеміз, елу елдің қатарына қосылуға бет бұрамыз. 
Сонымен, сырт көздің сыншылары /саясаткерлері/ 
мінезіміздегі босаңдығымызды неге сөз  қылады?! Жалтақ 
екеніміз өтірік пе? Үнемі басқалардың илеуінде жүргеніміз са-
намызда із  қалдырған. Ол нендей із? Бағыныштылық, жайдақ-
тық.  Құлдық  ұрып,  қол  қусыру да сол іздің салдары. Жеке 
адам жарамсақсып, өзінен зорға жағынса: «Е, ол бір жандай-
шап, жорғалақ», — деп қол сермей саласың. Сол жағымпаздық 
халық санасына кеп  ұяласа,  ұлттық сырқатқа айналып кеткені 
ғой. Дүниеде кісіні  құнсыз  қылып беделден айыратын ғадет -
жалған  қолпаш. Мүләйімсу,  құлдық  ұру, өзінен дәрежесі зор-
ларға өле табыну, алды-артын орағыштап, жалықпай жағыну — 
қазақта бар мінез бе? Бұл мінезге жатпайды, бар болғаны ерсі 
әдет. Ерсіліктен кейінгі жас буын аулақ жүрсін. Шын сыйлас-
тық — салқын сабыр, ішкі түсіністікпен бекиді. Үнемі сыртын 
құбылтып, жалықпайтын жағымпаздыққа берілгендерді  қазақ 
атамыз «құбыл» деп жазғырады.  Құдай сондайдан сақтасын. 
Басқа жұрттар бізді неге болсын бейімделгіш, әсіре-
қызылға  қ ызы қ қ ыш , еліктегіш деп есептейді. Мұнысы 
мінеуден де мақтауға жақын. Бейімделгіштік —  ұлттың алғыр-
лығы, санасының саңлақтығы. Әсіреқызылға ауып түсетінін 
жоққа шығаруға болмайды. Өзінде жоққа  қызығушылық әр 
ұлтта бар. Оны балаңдыққа жатқызуға әсте болмайды. Ал 
еліктегіш келеді дегені — білмекке  құмарлық. Алайда, 
еліктеуге көп беріліп кету — өзіндегі бардың қасиетін қашыра-
ды.  Ұлттық  құндылықтардың әрін кетіріп, бояуын оңдырады. 
Еліктеу солықтауға  ұласып, көзсіздікке апарып соқтыруы 
кәдік. XXI ғасырдың кірісінде Батыстан, Еуропадан, жалпы, 
дамыған елдерден келіп жеткен секс революциясы делінетін 
жыныстық жанығыстың  қоздырғыш күші  қазақ жастарын 
есірік  қылып, ардан бездіріп, тәнін де, жанын да жалаңаштап, 
ұлттық бейнеден айырудың аз-ақ алдында.  Қыздар мен 
келіншектердің жаппай шылым шегуі, тәнін жалаңаштап 
жүруі, бейпіл сөйлеуі, үлкенге деген ізеттің, әке мен шешеге 
деген құрметтің қожырап, мәнсізденуі, дінге, туған тіліне салқ-
ынсып, басқа діндерге ойысуы, ана тілін  құрметтеп, көздің 
қарашығындай сақтауға деген ыкыластың бәсеңсуін еліктеудің 
салдары десек,  қателеспейміз. Көзсіз еліктеу деп осыны айта-
ды. Әсіреқызылға әуестік және оңдырмайды өсер жасты. 
Сырт елдерден ауысқан технология, компьютер, электрон-
ды  құралдар күнкөрісті жеңілдететін жетістік. Оны игеріп, 
тұрмыс  қажетіне жарату — өмір талабы. Енді соған /бүтін 
224 
ақылды  құралдарға/ өле беріліп, басқа жастанып жату деген — 
өзіңнің адами  қасиетіңді,  қабілет-қарымыңды  ұштаудың орны-
на, жоятынын да бірауық  қаперде  ұстау керек. Нағыз саналы 
жан өзін ақылды темірден жоғары қояды. Оның /компьютердін/ 
ығында  қалғанды ар көреді. Еліктеуді халқымыз «Ақыл — 
ауыс, ырыс - жұғыс» деп меңзейді. Көзсіз еліктеуге «Әсіре-
қызыл тез оңар» деп тойтарыс береді. 
Сырт елдердің бізге тағатын мінін, көреалмастықпен  қара 
буралаған дұшпандық пиғылын көңілге алып, мұқалу деген 
ата-бабамызда жоқ әдет.  Қайта ширығып, өзіндегі барды өзге-
ге көрсетуге күш салады. Дұшпанның күңкіліне «Ит үреді, ке-
руен көшеді» деп уытты жауап қатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет