Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст


(«Өткендер мен өткелдер» кітабынан



Pdf көрінісі
бет10/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   130
(«Өткендер мен өткелдер» кітабынан
А. «Жазушы», 1974 ж.)
анабек БАЙСЕЙІТОВ
«6ШТАР КӨ?ІЛ»
Мен Манарбектің әншілігін өте жоғары бағалаймын. 
Қазіргі жастар қазақтың атақты әншісі Әміренің дауысын 
елестетіп байқай алатын бірден-бір дауыс Манарбектікі деп 
білем. Ол - Әміреден тікелей үйренген, соның үлгісінде ән 
салатын және көбінесе соның әндерін айтатын әнші. Өзінің 
әуелгі білетін әндері өз алдына, оның соңғы кездерде көп 
айтқан әндерінің біразы – Әміренің өз аузынан үйренген 
әндер.
Брусиловский Әміреден төрт-бес ән алды, тіпті, Затаевич-
тің жинағында бар әндердің де бір-екеуінің айтылуы өзге-
шелеу екен деп қайта жазды. «Қос барабан», «Ақ-құм», 
«Көк көбелек», «Жиырма бес» тағы бірер әндер сол Әміренің 
айтуынан алынған.
Әрқашан еске аламын. Жұмысшы жастар театрын бас қа-
рып жүрген күндерімде де Қызылордада құрылған тұңғыш 
драма театрын бір көрер ме еді деп қатты құмарттым. Театр 
жайлы, театрдың артистері туралы «Еңбекші Қазақ» газеті


27
әр кез жазып тұратын. Әсіресе аттары аңыз боп көп айтыла-
тын да, көп жазылатын да Әміре мен Иса еді. Басқалар 
құсап мен де сол екеуін көрсем, ән айтқандарын естісем 
деп аңсадым. Ол арманым кейін астанамыз Қызылордадан 
Алматыға көшкен кезде барып жүзеге асты. Әміремен де, 
Исамен де бір театрда болып біте қайнасып кеттік.
Мен – Әміренің өзін де, әнін де өте жоғары бағалайтын 
адаммын. Қулық-сұмдығы, кісіге арамдығы жоқ жан еді. 
Ешкіммен ренжіспейтін, біреу қатты сөз айтып жатса, 
қыңқ етпей көтеретін, сол жуастығымен жеңетін. Әнді аса 
бір шабыттана айтқанда, тамақ тұсы басымен бірдей болып 
кеткендей көрінетін, ісініп кеткендей әсер етуші еді. Қазақ 
жерінің кеңдігін, жанының сұлулығын айқын сезіну үшін 
кімге де болса Әмірені тыңдау қажет-ақ.
Кезінде, ұмытпасам, 1924 жылы Семейде әншілердің 
үлкен жарысы болған. Сонда Әміре Қашаубаев пен Қали 
Байжановтың қайсысы бірінші деген талас болған. Қалидың 
даусы күшті болғанмен, Әміренікі әсем еді. Сол жарыста 
бірінші, екінші бәйгені екеуі тең бөліседі. Әттең, ертелеу өліп 
кетті, өзі жоқ болған соң, ол жайлы әңгіме жастарға аңыз 
тәрізді көрінетін де шығар, кім біліпті. Тыңдап көрмеген 
адамға оның қандай әнші болғандығын қайтіп түсіндіруге 
болады? Дәл мынандай салатын еді деп кімді айтарсың. Бір 
жақын тұрса, оған бәлкім, тек Манарбек марқұм ғана жақын 
тұрар. Бірақ ол да Әміре емес қой. Тегінде, Әміредей әншіні 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет