16
Ауыл-ауылдан, мектептерден талабы барларды, театрға
шама келгенше, тартып баққан болатын. Осылардың соңын
ала, желтоқсан айында мен де келіп жеттім.
Қарқаралыдан шығып, Семейге келе сап, Әмірені іздедім.
Әміре Қызылордаға жүріп кетті, қазақ театры құрылатын
болыпты, Әміре әрі әнші, әрі артист болмақ деседі. Үйін іздеп
тауып, Әміренің кеткеніне көзім жеткен соң, Семейден мен
де аттандым.
Әміренің ізімен қуып отырып, Қызылордаға
бардым. Станциядан түсісімен Әміренің үйін іздедім.
Біреуден біреу нұсқап көрсетіп, әйтеуір, таптым-ау.
Келген бетімде есігін қағып едім, қасқа маңдай, үлкен
ауыз, шашын тап-таза ғып қырғызған, кіршіксіз таза киінген
жап-жас, түрі сарылау, бір инабатты жігіт есікті ашты. Маған
жақсылап тұрып сәлем берді. Оның маған сәлем беретін
жөні бар еді. Түлкі тымақты шалқайта киіп, қара шапанды
желбегей сап, ойда жоқта есігінің алдында тұрған мені өзінен
бес алты жас кіші деп ойламаған сияқты.
Сәлемдесіп, амандасқаннан кейін:
– Әміренің үйі осы ма? –
деп сұрадым, - Осы, - деген соң
үйге кіріп, шешініп, қолжуғышқа жуынып жатқанымда,
Әміренің өзі ақ сүлгі орамалды ұстап, мені күтіп тұрды.
Жайланып болып, шайға отырғанда, әйелімен амандасып, аз
кідіріп отырып:
– Әміре ағай қайда? – дедім. Ерлі-зайыпты екеуі қарап
күлді. Сол сәтте Иса кіріп келді. Иса екеуміз бұрыннан
таныспыз. Ар жағын Иса жөндеп әкетті...
Әміренің әнінен бұрын адамшылығы аса зор еді. Барынша
адал жүректі еді. Дүние үшін қабақ шытып, бір тарықпайтын,
ауырмаса, қоң етін кесіп беретін жомарт еді. Сирек бітетін
қасиеттері көп болатын.
Біздің Әміре Қасым жомарт қой деп күлуші едік. Ашу-
ренішті білмейтін. Кейде үлкен
ерні томпайып, бір нәрсеге
барынша өкпелейтін. Әсіресе, онысы тіпті келісті еді. «Ой,
сорлы Қашаубайдың баласы-ай», - деп бір саусағыңды
шошайтып, «құқ» деп қытықтап қорқытсаң, күлем деп
жүріп, өкпесі әп-сәтке жетпей, ұмытылып кететін. Бұл
сияқты қасиеттері толып жатыр. Оның бәрін айтып жеткізе
алмаспын.
Әміренің бір қасиеті - үні ғой, соған келейік. Әміре ән
салғанда, әнді көркемдеп, нықтандырып, аспандата айтар еді.
17
Қандай әнді болса да түзеп, кесек бейнелі ән ғып айтып жүрсе
де, мынаны мен түзедім демес еді. «Ағашаяқ», «Шіркін-
ай», «Баянауыл», «Қарға», «Екі жирен», «Толқын», «Қос
барабан», тағы толып жатқан әндерде Әміренің аса көп
еңбектері бар, түзеген, сұлулаған еңбек. Айтушылар сол
қасиеттерін сақтауы керек.
Әміре ән салғанда, қандай күшпен,
айқаймен бірнеше
ән
дер айтқанда, түсі бұзылмас еді. Күшпен айтатын
әнді айтарға барлық демін бір-ақ жиып алатын. Оң жақ
алқымында мойнының қалтасы бар еді. Соған бар демді
толтырып ап, үнемдеп шығарып, көпке дейін дем алмайтын.
Әміре әнді ылғи сүйіп, ұнатып, өзі әнге ғашық болғандай
боп айтатын. Әсіресе, әнді кейде тым кесек айтатын
уақыты болар еді. Халық көп болса, делебесі қозып кететін.
Театрға жиналған халықтың ішінде өзінің жақсы көретін
жолдастары отырса не болмаса басқа республикадан,
Мәскеуден, Ленинградтан концертте кісі болса, тіпті,
құйындай ұйтқып, құландай ойнақтап, жүйткіп, дабылдай
саңқылдап,
кішірек театрға сыймай, далада болса, жер мен
көктің арасын жаңғыртар еді. Аса көтеріліп ән салғанда,
біресе қуанғандай күлімсіреп, біресе жеке келе жатқан бәйге
атындай жарқылдап, ойнақтап кетер еді. Сол кездерде бетінде
әртүрлі сипаттар елестер еді. «Әміре бүгін күндегідей емес,
әнге ықыласы жоқ па қалай, бүгін жайылыңқы сияқты»,
– деп, жанына тиіп, қалжыңдап, қытығына тисең, соған да
нанып: – «Шын-ақ сөйтіп тұрмын ба?» – деп, өршеленіп,
даусынан әртүрлі
құбылыстар, бұйма-бұйма иіндер, біресе
сұңқылдаған, біресе толқынып, әсерлі үндер үсті-үстіне
боздап шыға береді.
Әміре 1927 жылы Майндағы Франкфуртқа барып, мұнда
да Париждегідей екінші орын алып қайтты. Бұл да ән мен
күйдің жержүзілік жарысы еді. Бұл жолы Әміре газеттерді
тіпті қаттырақ шулатты.
Достарыңызбен бөлісу: