Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст


(«Көргендерім мен көілдегілерім»



Pdf көрінісі
бет13/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   130
 («Көргендерім мен көілдегілерім» 
кітабынан. А., «Өнер», 1989 ж.)
Шара ЖИЕН6ЛОВА 
«ӨМІРІМ МЕНІ? – ӨНЕРІМ»
...Құрекең екеуміз қосылғаннан соңғы «қол ұстасып, судай 
тасып» демекші, бірге шыққанымыз өзінше бір қуаныш 
болса, бүгіндері аты тарихқа айналған Иса Байзақов, Әміре 
Қашаубаев, Қажымұқан Мұңайтпасов сынды арамызда жоқ 
ардагер ағалардың өнерін көзбен көру неткен бақыт еді, енді 
ойласам!
«Ел іші – алтын бесік» дегенді сонда көрдім. Бұл – 1930 
жылы болатын. Бағытымыз - Семей, Ақмола, Қызылжар, 
Кереку. Қайсысында да аттылы-жаяулы алдымыздан шұбап 
шығып қарсы алып жатқан жұрт. Боз үй тігіп, биіктеу 
жотаға кілем, алаша, киіз төсеп тастайды. Кәрі-жас, бала-
шаға демей алқа-қотан отырады, оларды айнала атқа, түйеге, 
өгізге, арбаға мінгендер қоршап тұрады. Күн батады, ай 
туады, біздің төбеміздегі ойын-сауық концертіміз басталады.
Ең алдымен Әнші-аға (Әміре) гармоньмен шығады да түрлі 
әндерді құйқылжытады. Қазақтың небір сұлу әндерін ашық 
та биік сыңғыраған еркін даусымен айтқанда тыңдаушы 
аһ ұрады. Одан домбыраға ауысады. Бірде күрсінтіп, бірде 
күлдіріп, мысалы «Ағашаяқты» айтқанда, жердегі үні 
аспандағы аққумен үн қосатындай, күміс үні кең даланы 
жаңғыртып жататын. Егер еуропалы тәлім-тәрбие алан 
болса, бәлкім, "лы Карузодай ні әлемді жаырытыран 
әнші болар ма еді?!
Әсте, әншілік – санаулы адамның ғана басына қонған 
бақыт, табиғат берген дарын. Оны бағалау, қадірлеу лазым.
Әміренің үні кезінде жазылмады, тек көзкөргендердің 
тамсана айтуы болмаса, оның даусын кейінгі ұрпақ ести 
алмай арманда да қалар еді. Қуанышқа орай, соңғы жылдары 
техникалық сапасы нашар болса да оның диктофонға жа-
зылған жеті-сегіз әні табылды, онда да Парижден табылды. 


31
Ал осындай табылмай, қол ұстатпай кеткен халқымыздың 
інжу-маржандары қаншама!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет