Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст



Pdf көрінісі
бет47/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   130
Байланысты:
3e54f76bdab069052700dfbd2773f999

Ахмет Ж6БАНОВ
ӘМІРЕ
«Әміре сахнада. Ол халық сыймай отырған залды бір 
шолып өтіп, домбырасына қарады. Әміре залдағылардың 
құлағын жарып кететіндей бір-екі айқай дыбыстар алды, 
бірақ ол тек бастауы екен. Онысы залдың дыбыс ерекшелігін 
байқайын дегені болу керек, енді өзінің дауысының да, 
домбырасының да қандай күш дәрежесінде шығуы керек 
екенін түсініп алғандай болды. Енді аз ғана уақыт өткенде 
әнші залды да, онда құлаққа ұрған танадай болып тыңдап 
отырған публиканы да ұмытып кеткендей болды. Оның 
ойында осы бір ән тыңдап отырғандар бұл арадағы жағдайды 
ұмытып, онда осы сияқты адам жүрегі қуанышпен де, 
ренішпен де соғатын сонау отарланған малмен, алқақотан 
отырған ауылдары бар сахараға қарай ойлары ауысса деген 
пікір болу керек. Әміренің даусы күннің күркірегеніндей 
кейде аспанды жерге түсіріп дүрілдеп, кейде баяу соққан 
самал желмен қозғалған бидайықтың шашағындай 
сусылдап, сыбырлап кетеді”, — дейді, 1927 жылы сәуір 
айында Мәскеуде болған бүкілодақтық советтер съезінде 
шыққан концертке жазылған бір мақалада. Әміренің 
аты тек Қазақстан емес, бүкіл Одаққа, бүкіл Еуропаға 
әйгілі болды. Әміре арқылы қазақтың әншілік өнері 


164
мемлекеттік шекараны сонау жиырмасыншы жылдардың 
ортасында-ақ аттап өтті, орыстың, батыстың ұлы мәдениет 
қайраткерлерінің ауыздарына түсті. Әміре — қазақтың, 
қалай мақтаса да, қалай мақтанса да бола беретін, сыя 
беретін асқан өнерпазы.
Әміре 1888 жылы (кейбір деректерде 1886 жылы) Семей 
облысы, Абралы ауданына қарасты Дегелең тауының етегінде 
туды. Әкесі Қашаубай кедей адам болып, тек күнелту 
айналасында ғана, күнбе-күнгі өмірді қуып жүрді. Ауылды
жерде тиянақты кәсіп болмаған соң, Қашаубай көп ұзамай 
Семейге көшіп барды. Қалада да кәсіп істеу оңай болған 
жоқ. Дала байы мен қала байының кедейдің, жалшының 
еңбегін жеуде қандай айырмасы болсын, Әміре әрең дегенде 
үй ішін асырап тұрды. Бірақ жасынан бейнет шегіп, 
иықбасты болып қалған Қашаубайдың денесі нашарлап, 
қажып, бара-бара қара жұмысқа жарамайтындай халге 
келді. Ал, Әміренің шешесі Тойған да үй-ішінің ұсақ-
түйегі болмаса білекпен келетін ауыр жұмысқа о да 
жарамай қалды. Мұның бәрі келіп, ақыры жас Әміренің 
мойнына үлкен ауыр бейнет қамытын кигізудің басы болды. 
Басқа амал болмаған соң, жас Әміре Жаңа Семей жағында 
тұратын Исабек деген байдың (кейбір деректерде Қаражан 
деген бай) көлік айдаушысы болады. Әміреге бұл бөгет болған 
жоқ. Өйткені, ашық ауада, аузы бос, жол қысқарту үшін 
болса да, іштен лықсып шыққан үн болса да Әміре ыңылдап 
әндетіп жүретін болды. Бара-бара Әміре дауыстап, өзінің 
үн қабілетінің барлығын сезіп, кей кездерде ат айдаушы 
екенін ұмытып кетіп, әннің қызығына түсіп, қожасынан, 
біздің тілімізбен айтқанда, сөгістер, қатаң сөгістер алып 
қалып жүрді. Бірақ оның бәрі де Әміре үшін мәнді нәрсе 
емес, әйтеуір аузының бостығы да әбиер болып, осы алған 
бетінен қайтпады.
Әкесінде айта қалғандай өнер жоқ болса да “жаман” 
Қашаубайдың баласының музыкаға деген қабілеті оның 
атшылығынан бұрын “әнші бала”, бері келе “әнші жігіт” 
деген атағын шығарды. Көшенің екі жағында тұрған, ашық 
қақпаның ішінде самауыр қойып жүрген қыз-келіншек, 
кешкітұрым әңгіме-дүкен құрып отыратын үлкендер тобы, 
ойында жүрген бозбала фаэтонның “ешкісінде” отырып, 


165
арбаның доңғалағының айналған ырғағымен қосылып, 
кешкі Ертісті жаңғыртып салып бара жатқан Әміренің әнін 
сілтідей тынып тыңдап тұрысты. Бүкіл Жаңа-Семей болып 
енді Әмірені жақсы білетін болды. Ол арада болған ойын-сауық 
Әміресіз өтпейтін болды. Әншілігінің үстіне әсем мінезді, 
ақкөңіл жігіт халықтың назарын үнемі өзіне тез аударып 
алатын. Осындай екі бірдей қасиетінің арқасында Әміренің 
атағы көп ұзамай Ертісті кесіп өтіп Семейдің қаласына жетуге 
айналды. Бұрынғы бұрынғы ма, енді Қашаубайдың “жаман 
баласы” бүкіл қаланы аузына қаратуға айналды.
Мұның бәрі де Исабек байға ұнамай, ол қалай да Әміренің, 
мына бір кедейге “келіспейтін” қылығын тоқтатқысы келді. 
Бірінші шара есебінде ол Әмірені жәмшік айдағанда қаланы 
аралап, көзге түседі, қалаға танысады, құлағын түріп, оның 
әнін тындайтындар көбейеді, сондықтан бір жерге қадап 
қою мақсатымен, Әмірені тері күзеттіріп қойды. Ондағысы 
Әміренің жолын кесіп тастау, әншіні сүйген халықтан айыру 
еді. Бірақ, ол мақсатына Исабек жете алмады. Әміренің 
дауысы түнгі Семейді тегіс аралап, көше бойы қыдырып, 
сайрандаған жастар, терезесін ашып қойған әнқұмар үлкендер 
құлақтарын тосып тыңдап ләззат алды. Жаратылыстан 
күшті дауыс кешқұрым салқынмен бұрынғыдан да дүрілдеп, 
“мына байлаудан құтқар, еркіндікке жібер, қанатымды бір 
қарыштайын, аспанға бір шырқайын” деген сияқты болып, 
Әміренің дауысы өзінен бұрын Исабектің сасық иісті тері 
складынан іргені аулақ салуды сұрап тұрғандай Арқаның 
жазығына, Ертістің еркін ағысына шыққысы келгендей 
кейіп білдіретін.
Бұл кездерде Әміре аз да болса бірқатар ақылай табысқа 
ие болып, оларын үйіне беріп, өзі Семейден сыртқа шыққысы 
келді. Қаншама қиын болғанымен, мейірімді әке-шеше өнерлі 
баланың алған бетінен қақпады. Әміре енді әніне бостандық 
алатын болды. Бірнеше күн тынығып, Исабекпен есеп 
айырысып, Арқа әншілерінің Меккесі болған Қояндыға жол 
тартты. Бұл Әміре үшін үлкен, игі сапар болды. Жалпы кең 
дүниеге шығумен қатар, Әміренің бұл ән сапарына, музыка 
жәрмеңкесіне тартқан сапары болды. Өйткені, осы күнге 
дейін өзінің ғана білгенін айтып келген Әміре, небір саңлақ, 
топтан озған ән иелеріне кездесті. Жасы келіп қалса да, әлі 


166
қунақ, күлдіргі қалпынан таймаған, қарт дауысымен әлі де 
әннің нақысын бұзбай айтатын аға әнші Жаяу Мұсаны көрді. 
Семейде жүргенде оның “Ақ сисасын”, “Гауһар қызын”, 
“Хаулауын” айтып, Жаяу Мұсаның өз жүзін көрмесе де 
шығармашылық жүзіне қанық болатын. Енді, міне, “құлақ 
естігенді көз көреді” болып, қарт әншінің өзін де көрді. 
Жас талапкер үшін бұл үлкен рухани олжа болды. Ал, тап 
осы кезде нағыз бабында тұрған Бапидің Мәдиі, Ғаббастың 
Айтпайы, Байжанның Қалиын есіткенде Әміренің бұл күнге 
дейінгі орындап жүрген әндерінде көптеген “күнәлар” бар
болып шықты. Ол бір дүниені сындырып алған жазықты 
баладай, үндемей, томпиып, құлағымен де, көзімен де 
бірдей тыңдады. Мынау әннің базары Әмірені еліттіріп, енді 
қайтып Исабектің терісінің иісіне оралмастай іштей уәде 
етті. Қандай жолмен болса да Әміре бұдан былай өзін бүтіндей 
ән өнеріне бағыттауға бел байлады. Жоғарыда айтылған 
әншілерден жаңа ән үйреніп, репертуарын біраз байытты да, 
оның үстіне Семей әндері мен Баян, Көкшенің, Ақмоланың 
ән дәстүрлерінде аса алшақ жатпаса да ептеген айырма бар 
екендігін сезді. Әр әнді өзінің стилінде орындауға бар күшін 
салды. Қабілетті әнші ол мақсатына да жетіп қалды. Жеке 
дара жүргендегі ән түсінігі бұрынғыдан көп байып қалды. 
Тек қана сан жағынан емес, сапа жағынан да Әміре бұл 
Қоянды жәрмеңкесінен түрлі айна, тарақ, иіс су, шүберек 
— пұл, кәмпит, шекер алып қайтқан қалашылардан өзінше 
олжалы қайтамын деп қуанды. Он үш жасынан ән салып, 
Жаңа Семейдің шала қазақ, татарлар арасында “әнші бала” 
атанып, жасы он сегізге жаңа таянғанда мына Қояндыға 
келуі Әміре үшін ән дүниесін ашуын былай қойғанда, басқа 
да дүниелік, өмірлік үлкен жаңалықтар көрген жүрісі 
болды.
Әміре қойын-қолтығын әнге толтырып қайтып, Семейге 
келеді. Енді бұрынғы жәмшік, күзетші Әміре емес, ысылған, 
өмір көрген, жақсылардың қасында болған тәжірибелі 
Әміре болып келді. Семей оны бұрынғыдан да қызу қарсы 
алды. Әміре енді жиі шақырылатын болды. Оның үстіне 
бұл кезде Семейге келіп жатқан атақты Майрамен кездесіп, 
екі ән алыбы біресе домбырамен, біресе гармоньға қосылып, 
Семейдің ән базарын қыздыра түсті.


167
Қазан революциясының қазақ даласына келуі саяси-
экономикалық өзгерістермен қатар, мәдениетте де үлкен 
революция жасады. Қазақтың кешегі заманда еңсесін 
бейнет басып, кеудесін көтере алмаған Әміре сияқты әншісі, 
қараңғылықты жарып шыққан Майра сынды өнершісі 
шүйделерін көтеріп, дауыстары бұрынғыдан да сыңғырлады. 
Майра Кереку мен Семей арасында ән базарын көтеріп, Әміре 
Семейде жиынның, кештің сәні болып кетті. Әміренің күшті 
үні революцияның дүбіріне қосылғандай аңқылдап аспанға 
шығып, бір күні ұлы астана Мәскеуге да жетіпті...
Семейдің губерниялық халық ағарту бөліміне “Қазақ 
әншісі Әміре Қашаубаев Парижде болатын Жержүзілік 
көрмеде қойылатын этнографиялық концертке қатысуға 
келісім бере ме екен? Соның хабарын тез білдіруіңізді 
сұраймын. Жол қаражаты, гонорары төленеді. Мерзімі— 
маусым, шілде айлары. РСФСР Халық Ағарту Комиссары 
— Луначарский” деген жедел хат келеді. Халық ағарту бөлімі 
де, Әміре де сасып қалады. Күні кеше Исабектің терісін бағып, 
жәмшік айдаған Қашаубайдың баласын қапелімде Парижге 
шақырғанына түсіне алмай, оны-мұнымен біраз күн өткізіп 
алды. Бұлар солай тамсанып-таңырқап жүргендерінде 
Мәскеуден тағы: “Әнші қазақ Әміре Қашаубаев туралы 
менің берген жедел хатыма жауапты тездетулеріңізді 
сұраймын. Парижде болатын біздің концерт мәселесінің 
мемлекеттік маңызы бар” деген Луначарскийдің қолымен тағы 
жедел хат келді. Енді ойланатын, кеңесетін уақыт жоқ, жедел 
хатты тек орындау қалды.
Әміре Мәскеуге жол тартты. Қоянды барғанын Меккеге 
барғандай ұзақ сапар көрген Әміреге енді мына бір жол тіпті 
қызық сияқты көрінді. Кедей Қашаубайдың баласы анау-
мынау ауыл арасын қойып, міне, Совет үкіметінің арқасында 
ата-бабасының түсіне де енбеген шетелге шықпақ. Бұл не 
деген бақыт! Теміржолдың әрбір рельсінің қосқан жеріне 
соққан пойыз доңғалағының ырғағымен бірге Әміренің жүрегі 
де соғады. Мезгіл-мезгіл вагонды басына көтеріп әндетіп, 
кейде үлкен ой теңізі билегенде жай сызылтып, ыңырсып 
қана отырады. Әміре енді мына бір жағдайға ие болған 
кезде құдайдың да, пайғамбардың да, оларды уағыздаған 
молдалардың да жақсылықты әрі ысырып, о дүниеде болады 


168
деп уақыт несиесіне қаратқанында бір шикілік бар шығар 
дегендей де бір тұжырымға келе түсіп, бірақ алысқа бармай, 
пойыздың тербетуімен нәрестенің ұйқысындай таза ойын 
аяқтауға түсінік қауқары жетпей, көзін жұмып, қорылдай 
кетті.
Парижде болатын концертке қатысу үшін Мәскеуге 
Қазақстаннан басқа ұлт республикаларынан белгілі 
өнерпаздар келді. Бұл шеберлердің, оның ішінде Әміренің 
Париж концертіне дайындық есебінде өткен Үлкен Театрдағы 
концертке шығуы үлкен табыс болды. Бұл жөнінде 
“Правданың” 1925 жылғы 26 маусым күнгі нөмірінде:
“Керемет концерт! Маусымның “шын шыңы”. Керек болса 
— башқұрттың қурайшысы Исенбаев, қазақтың әншісі Әміре 
Қашаубаев, өзбектің бишісі және әншісі Тамара Ханум, 
армянның аспап триосы Сукиясов, Харибекишвили және 
Кахуров — шын мәністегі Одақтық республикалардың халық 
әртістері (үкімет берген құрметті атақпен емес). Олардың 
“жабайы өнерлері” шығармашылығының көркемдік сатысы 
жағынан, орындаушылықтан еуропалық шеберлердің 
тәуір деген нөмірлерінен кем түспейді, ал, қолдарындағы 
аспаптарын салыстырсақ, олар тағы бірінші орын алады: 
тыңдаушыларға эмоционалдық, эстетикалық әсер етуде 
олардың қолдарындағы қандай жұпыны құрал десеңізші”, 
— деп жазды. Айтушылар Әміре “Ағашаяқтың” басындағы 
жоғарғы нотасын шырқап алғанда, партердің алдыңғы 
қатарында отырған бір әйел: “Мынау не деген күшті дауыс!”
– деп, шошып кетіпті деседі.
Әміре этнографиялық ансамбльмен Парижге барады. 
Париж халқы неше түрлі өсек есітетін совет елі туралы 
мәліметтерінің үстіне өнер өкілдерін көретініне қуанады. 
Көздерімен көріп, есіткеннің жаңсақ жерлерін түзетіп 
алғысы келеді. Сонымен қатар, олар бұл келе жатқан совет 
елін жайлайтын халықтың бірқатарының ғана өкілдері 
екенін жайылған жарнамалардан есітеді. Совет өнершілері 
Париждің залдарында 11 концерт береді. Сол концерттерде 
Әміре өзінің сүйікті әндері: “Ағашаяқ”, “Үш дос”, “Екі 
жирен”, “Дудар”, “Қос барабан”, “Қызыл бидай”, тағы 
басқаларын айтады.
Ансамбльдің концерті бұрын-соңды ондай музыканы 


169
тыңдамаған Париж халқына қатты ұнайды. Неше түрлі 
ұлттардың әндері, олардың сан-алуан түрлі аспаптары, неше 
түрлі түсті киімдері, орындау шеберліктері совет өкілдерін 
үлкен табысқа бөлейді. Әсіресе, бұрын аттары шықпаған 
Ресейді жайлайтын аз ұлттардың Совет үкіметі орнаған 
аз мерзім ішінде мұндай табысқа жетуіне дос сүйініп, 
дұшпан күйінеді. Бір кезде Ертістің асау толқынының 
аккомпанементімен ән шырқаған Әміренің енді Сена өзенінің 
сылдырап аққан дыбысына сиқырлы үнін қосуынан тек 
ән өнеріндегі емес, халықтар достығын нығайтудағы совет 
саясатының өнерді үлкен рухани құралға айналдырғаны 
көрінді. Совет өнер өкілдерінің үндері “Идеяның шекараны 
танымайтыны” сияқты бір жағынан советтердің әділ ұлт 
саясатын да үгіттеп кетті.
Париждің газеттері совет өнершілерінің концерттері 
жайлы үзбей жазып отырды. “Париж апталығы” атты газет 
өзінің 1925 жылғы 31 шілдедегі нөмірінде:
““Комедия” залында өтіп жатқан орыстың этнографиялық 
өнері әдеттегі біз болып жүретін концерттерден ерекше. Біз 
аса жоғары, қызықты сахна көрдік, біз Түркістанның, 
Украинаның, Оралдың, Кавказдың таза шынайы қалпында 
тұрған, жүрек қылыңды қозғайтын музыкасын есіттік. 
Олардан гармониялық, мелодиялық бұрмалау, дыбыс 
құрылыстарын өзгерту сияқты өзінің ерекшелік характерін 
бұзатын нәрселерді таба алмайсың. Қазақтардың, баш-
құрттардың, орыстардың әндері олардың төл интонациялары 
арқылы, ал аспаптық пьесалар өздерінің қолдан жасаған 
аспаптарында орындалды...  азаты әншісі Әміре 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет