Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст



Pdf көрінісі
бет50/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   130
ызы едім Уәлиді атым Майра,-
деп басталатын өз атындағы әйгілі әнін әлденеше 
түрлендіре, шыңға өрлете, шырқай жөнеледі.
Ән, әсіресе, тосын тыңдаған Әміреге өте ұнайды. Оның 
орындаушылық әдістері оған үлкен әсер етеді. Ән болған соң 
Майра Әміреге күлімсірей қарап:
– Ал, әнші жігіт Әміре! “Орамал тон болмайды, жол 
болады” демекші, әзірше осыған риза болып, енді қонақ 
кәдесін орындауды өзі де көп кешіктіре қоймас деп сенеміз, 
– дейді.
Майраның бұл сөзін басқалар да түгел қостай түсіп, 
Әміренің қолына домбыра береді. Міне, осы кезде ол 
домбыраны біраз безілдете шертіп-шертіп алады да, белгілі 
“Ағашаяқ” атты күлдіргі әнді айтып береді.
Әміре әнді ә деп бастасымен-ақ, музыка тілін түсіне білетін 
өңшең өнер саңлақтары бірде күліп, бірде тынып, құлақ түре 
тыңдап отырады да, ән аяқталысымен әрқайсылары өздерінің 
ой-пікірлерін ортаға салады. Ең алдымен ақмолалық атақты 
әнші Сәтмағанбет сөз бастап:
– Ау, шырағым Әміре! “Білім көпке жеткізеді, өнер көкке 
жеткізеді” дегендей біз бүгін сенің әншілік өнердің шыңына 
шығып, көкке өрлей қанат қаққан тамаша талант иесі 
екендігіңді көрдік, тағы қатты қуанып қалдық. Сондықтан 
келешекте де құлашыңды кең жайып, көздеген мақсатыңа 
жете беруіңе шын ниетпен тілектестік білдіреміз, – дейді. 
Сәтмағанбеттің осы сөздерін Қараөткелдік Ғазиз ақын да 
қостай кетіп:


190
– Иә, Сәке! Сіз де өте дұрыс айттыңыз. “Жігіт қадірі 
өнермен өлшенеді” деп жаңағы Майра айтқандай-ақ, бәріміз 
де ән салып, сан рет өнер жарысында сайысқа түсіп жүрміз 
ғой. Бірақ та, “өнерлі өрде озады” демекші, Әміренің өнер 
салмағы таразының бір жағын баса беретін тәрізді көрінеді, – 
деп әңгімесінің аяғын әзілге айналдырып әкетеді.
Ғазиз сөзін бітірісімен Әміренің қасында тізелес отырған 
Қали да қалыңдау қара мұртын бір сипап қойып:
– Әрине, есеп бар ма, (есеп бар ма дейтін оның әуелден сөз 
салты болатын-ды). Бұл Әміренің әйгілі ән шебері боларын 
мен мұнан гөрі де жасырақ, бала шағында-ақ байқағанымда: 
– Шырағым Әміре, “өнер өрлейді, үміт сөнбейді” деген халық 
сөзі бар. Сондықтан да, алдағы уақыттарда сенің өнер төрінен 
орын алуыңа мен кәміл сенемін. Ендеше, осы әншілік өнеріңді 
өміріңше тастамай, талпына бер, алға қарай қарыштай қадам 
баса бер», – деп ағалық ақылымды да айтқанмын.
Ал, енді мұның жігіт шағында, қандай өнерлі жан болып 
өскендігін бүгін өздеріңіз де көріп отырсыздар,- деп танауын 
тыржита күледі де, Әмірені арқаға қағады.
Тыңдаушыларынан, әсіресе, белгілі ән сыншыларынан 
аса жақсы баға алып, көңілі үлкен қуанышқа бөленген Әміре 
оларға өте ризашылығын білдіре отырып:
– Ардақты ағалар! Құрбы-құрдастар, замандастар! Сіздер 
мен туралы талай тәтті сөздер айтып, азды-көпті талабыма 
жаңадан табыс қосқандай болып отырсыздар. Оларыңызға, 
әрине, көптен көп рақмет. Бірақ, мен сіздер айтқандай 
дәрежеге әзірше жете қойғаным жоқ. Өздеріңіз сияқты үлкен 
өнер иелерінен үлгі алып, әлі де үйрене түсуім керек.
Ал, енді осы отырған сіздердің құрметтеріңіз үшін, 
Семейге бір барған сапарында, мына Қали ағадан үйреніп 
қалған “Жалғыз арша” атты әнді айтып көрейін, - дейді де 
Әміре тағы да әнге басады.
Жұртқа әйгілі осы бір кербез әнді шабыттана шырқаған 
Әміре өзінің керемет шебер орындаушылығымен 
тыңдаушыларын тағы да тым таңдандыра түседі. Олар 
әншіге алғыс айта, сатыр-сұтыр қол соғып, мақтау хорына 
қосылғандай болады. Міне, осындай қызу құттықтаулар 
аяқталысымен Әміре отырып:
– Мен сіздерден үлгі алып, үйренгім келетін ойымды жаңа 


191
да айтып едім ғой, әлі де сол ниеттің үстіндемін. Ал, ендігісін 
өздеріңіз біліңіздер, - деп ишарат етеді.
– Ендеше, алдымен мен-ақ бастайын! – Қали өзінің дүріл 
қаққан, сиқырлы даусымен “Шама” дейтін әнді жүйткіте 
жөнеледі. Онан соң Ғазиз “Аттандым Ғазиз ақын бала жастан 
” деп басталатын өз әнін қалықтатып, ән базары барған сайын 
қыза түседі.
Міне, осылардың бәрін де бар ынтасын сала, үнсіз тыңдап 
отырған Әміре әлде бір ән мектебінен өткендей сезінеді. 
Өйткені, бұл оның мұндай үлкен өнер иелерімен тұңғыш рет 
кездесуі еді. 
Сөйтіп, әр арнадан сынаптай толқып, судай тасыған сұлу 
әндерге сол үйде отырғандар әбден сусындағандай болған 
кезде, Сәтмағамбет көпке қарап:
– Уа, жігіттер! Күн бір бұл емес қой, өмір болса тағы да 
талай рет кездесерміз. Сондықтан, бүгінгі ән сауығын, сірә, 
осымен аяқтауымыз жөн болар, - деп ұсыныс жасайды. Бұл 
ұсынысты басқалар да қостай түсіп, бәрі де біртіндеп үйді-
үйіне тарасады да, Әміре ол күні өзінің таныс жерлесі, осы 
қымыз сатушы Ажар атты әйелдің үйінде қонып қалады.
Әміренің өнер іздеу жолындағы саяхат жасаған ең 
алғашқы сапары осылайша басталады да, бір ай бойы болатын 
сол Қоянды жәрмеңкесінде жүріп, жаңағы айтқандардан 
басқа да әр жерден келген: Иса, Ғаббас, Темірболат сияқты 
бірсыпыра ән шеберлерімен танысады.
Әміре Қоянды жәрмеңкесіне барған осы жолынан Семейге 
үлкен олжамен оралады. Демек, ол онда көптеген көркем өнер 
уәкілдерімен кездесіп, бұрын өзі білмейтін талай таңдаулы 
халық әндерін үйренді. Сонымен қатар, ол сол жәрмеңкеге 
әр жерден жиналған көп жұртқа өзінің тамаша талант иесі 
екендігін таныта білді.
Сөйтіп, Семейге осындай шығармашылық табыспен 
келген Әміренің беделі қала тұрғындарының арасында 
бұрынғысынан да арта бастайды. Олар өз орталарынан шыққан 
керемет ән шеберінің өнер шыңына өрлеп, орындаушылық 
қабілеті шыңдала түскендігін шын көңілден үлкен қуаныш 
етеді, кезекпен қонаққа шақырып, сый-құрмет көрсетеді.
Сонымен арада жылдар өтеді. Бір кездерде Ұлы Октябрь 
социалистік революциясының жеңіс туы желбіреп, алтын 


192
арай бақыт таңы атқан шақта Әміре де зор шаттыққа бөленіп, 
ежелгі аңсаған арманына жетеді. Оның шабыттана шырқаған 
әсем әндері енді бүкіл аспан әлемін шарлап кетеді.
Әміре осылайша ән салып, Семей қаласында сейіл құрып 
жүрген кезінде, бір жылы өзінің әріптесі керекулік әнші 
Майра келе қалады. Бұрын Қоянды жәрмеңкесінде тұңғыш 
рет танысқан досын ол құшағын жая қарсы алады. Оны 
көрген семейліктер де үлкен қуанышты сезіммен ең сыйлы 
қонақтары қатарында санап, ерекше құрмет көрсетуге 
кіріседі.
Сөйтіп, екі өнер саңлағы Семейде әннің туын тіккендей, 
тізе қоса ән салып, талай күндер қызықты сауық кештерін 
жасайды. Барған жерлерін базар етіп, тыңдаушыларының 
құлақ құрышын әбден қандырғандай болады. Бірақта, 
ән адамның рухани жан азығы екендігін жақсы түсіне 
білген, әнқұмар қала халқы олардың айтқан әсерлі әндерін 
тыңдаудан тіпті жалығар емес. Сондықтан да Майра қашан 
еліне қайтқанша үйде де, клубта да, Ертіс жағасындағы 
орман арасында да ән айттыруды әдетке айналдырып алады.
Майраның Әміремен үшінші рет кездесуі 1924 жылы 
ақпан айында Семей қаласында өткізілген облыстық өңшең 
өнер шеберлерінің жарысында болған екен. Ол кезде: 
Қарқаралы, Өскемен, Павлодар, Баян – бәрі де Семей облысы 
деп аталатын-ды. Сол кезде Семейде болған Совет Одағының
халық әртісі Қалибек Қуанышбаев ақсақалдың айтуына 
қарағанда, сол жарысқа Павлодардан - Майра, Семейден - 
Әміре, Қарқаралыдан – Қали, тағы басқа да көптеген әншілер 
қатысқан көрінеді.
Сондағы жарыс қорытындысын Қалекең былай деп 
баяндайды:
– Әрбір әншілер жарысқа түсіп, кезектесіп әндер 
орындағаннан кейін, топтанып келе жатып, тап 
қарақшыларға таянғанда ғана шұбалып, жекелене бастайтын 
бәйге аттарындай аяғында көптен іріктеліп Қали мен Әміре 
қалды. Бұлар әуелде әрқайсысы әртүрлі әндер айтып отырды 
да, кейіннен бір әнді екеуі бірінің аузынан бірі жұлып 
алғандай кезекпен айтып, біресе домбыра, біресе гармоньмен 
сүйемелдеп, қыза- қыза екеуі сахнадан шықпай қойды.
– Қазақтың ескі әдеті қала ма, Қали айтқанда: Қарқаралы, 


193
Павлодар, баяндықтар қошеметтеп, ал Әміре айтқанда 
Семейдің көпшілігі шулап, айқайласа қостап жатты. 
Ақырында, “Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымас” 
дегендей, екі әншінің бірінен-бірін бөлмей, екеуінің дарынды 
әнші екенін көрген төреші топ бірінші, екінші бәйгені қосып, 
Қали мен Әміреге бөліп берді, – дейді Қалекең.
Әншілік өнерін ең алғаш рет ауылдағы көрші-қолаңдар 
арасында, киіз күрке көлеңкесінде отырған кезінен бастаған 
жас талант Әміре жыл сайын сатыдан-сатыға өрлеп, енді міне, 
сол өнердің ең биік шыңына шықты. Оның құрметті даңқы 
бүкіл кең-байтақ қазақ даласын кезіп, шартарапқа тарап 
кетті. Енді бір кездерде Әміренің аты республика көлемінен 
асып, астанамыз Мәскеуге да барып жетті.
Әміре 1925 жылдың аяғында, сол кездегі РСФСР халық 
ағарту комиссары А. В. Луначарскийдің екі рет жедел 
хат жіберіп шақыруы бойынша Парижде болатын бүкіл 
дүниежүзілік өнер қайраткерлерінің концертіне қатысу үшін 
сапарға аттанды.
Әміре осындай бақыт сапарына аттанып, Мәскеуге 
барғаннан кейін басқа да республикалардан келген өзі сияқты 
өңшең таңдаулы талант иелерімен бірге 25 маусым күні Үлкен 
театрдың сахнасында қойылған концертке шықты. Оның 
тұңғыш рет Үлкен театр сахнасында асқақтата шырқаған 
әсем әндері Мәскеу жұртшылығына, оның ішінде, әсіресе, 
музыка тілін тереңірек түсіне білетін өнер сыншыларына да 
өте ұнайды.
Парижге бару алдындағы дайындық есебінде берілген 
осы концерт жөнінде “Правда” газеті өзінің сол жылы, 26 
маусымдағы санында арнаулы мақала жариялап, Әміренің 
әншілік өнеріне жақсы баға береді. Расында да, “Әміре 
сияқты әншіні сирек кездестірдім”, – деп А. Барбюс те, 
әрине, кездейсоқ айтпаған.
Мәскеуде сыннан сүрінбей өткен советтік сан алуан өнер 
саңлақтары Парижге барып, дүниежүзілік өнер сайысына 
түсе бастады. Олар онда әлденеше күн жатып, он бір рет 
концерт берді. Совет өнерпаздары үнемі алдыңғы сапта 
болып, сыбағалы жақсы орындарды иеленіп отырды. Бұған 
дәлел есебінде мынадай фактілерді айта кетуге тура келеді:
Сол өнер сайысы өтіп жатқан кездегі совет өнерпаздарының 


194
орындаушылық шеберліктері жөнінде Париждің түрлі 
газеттері үзбей мақалалар жазып тұрды. “Париж апталығы” 
деп аталатын газеттің сол жылы 31 маусым күні шыққан 
санында, Совет Одағынан барған бірсыпыра өнерпаздар 
жайлы айта келіп:
“Қазақтың әншісі Әміре Қашаубаев өзінің жанрлық 
айтылатын емін-еркін дауысына, ұлт аспабы домбыраның 
сүйемелін қосып, өз елінің жаныңды толқытатын әндерін 
орындады. Солардың бәрінде де өнерлерін Парижге көрсетуге 
келген адал көңілді әртістердің өз Отанына деген жалынды 
сүйінші белгісі сезіледі”,- делінген.
Әміренің асқан әншілік өнеріне француздың атақты 
жазушысы әрі әйгілі сыншысы Р. Роллан да өте жоғары баға 
берген. “Қашаубаевты тыңдап отырғанда, - деді Роллан, - 
Шығыста әншіні бұлбұлға не себепті теңейтінін түсіндім, 
онда әншілік қабілет өте басым”.
Әміре сол Парижде берілген концерттерде әуелден өзі 
ұнататын, жұртқа белгілі: “Ағашаяқ”, “Ардақ”, “Қанапия”, 
“Қарға”, “Қос барабан”, “Үш дос”, “Смет” сияқты көптеген 
әндер айтқан екен. Солардың бірсыпырасын Париждегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет