Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст



Pdf көрінісі
бет55/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   130
- ызы едім мен Уәлиді атым Майра.
Отыз тіс, көмекейден тілім сайра ...
Гармоньмен Майраның даусы қалтқысыз бірдей шықты ...

Әнші, әнші-ақ екен, шіркін! Мен әйелдерден мұндай 
дауыс естіген емес едім, - деді Әміре Қаженге сыбырлап».
... Кәдімгі керекулік атақты әнші Майраның Әміремен бұл 
алғашқы кездесуі еді...
Енді осы естеліктің шындығын, яғни Майраның Әбілмәжін 
Дүйсенбинге күйеуге шығып, 1917 жылы Семейде болғанын 
дәлелдейтін Семей архивінде сақталған тарихи деректі 
келтірейік.
Бұл құжаттан Майраның басынан кешкен өмір 
кезеңдерінің тағы бір көңілсіз көріністерін көреміз және осы 
құжатта Майраның өз қолымен жазған қолтаңбасы сақталған. 
Онда араб әрпімен: «Маһира Дүйсенбина» деп қол қойыпты. 
Құжатты сол кездегі жазылған қалпында келтіреміз. 

1917 года 19 июня я, помощник комиссара Слабодки 
(кейінгі Жаңа Семей қаласы. Қ.М.) постановил настоящий 
протокол в следующем: сего числа явилась в канцелярию 
жена киргиза Абралинской волости Каркаралинского уезда 
– Абдулмажина Дюйсенбина Майра Дюйсенбина и заявила, 
что киргиз Маралдинской волости Павлодарского уезда 
Абдулгалим Кулакбаев-Чегулов заходил к ним в дом вчера 
т.с. 18-го июня с двумя револьверами в боковых карманах 
спрашивал ее мужа Абдулмажина Дюйсенбина, осматривал 
кругом комнаты, немного постоял и ушел, Майра Дюйсенбина 
добавила, что Габдулгалим Тулакбаев – Чегулов известный 
хулиган в г. Павлодаре, ввиду его плохого поведения волосное 
управление не выдает паспорта, его она знает по Павлодару, 
т.к. она рожденка г. Павлодара, она Майра Дюйсембина 
объясняет, что он покушается на ее жизнь. В настоящее время 
он Габдулгалим Тулакпаев – Чегулов находится в гостинице 
Пастухова в 3 ч. г. Семипалатинска. Дюйсембина просит 
задержать его и отправить к месту его жительства. 
Подпись заявительницы. («Маһира Дүйсембина» деп араб 
әрпімен қол қойған. Қ. М. ). 
Біз бұл арада өзіміз жақсы білетін палуан, сері жігіт 


213
Әбілмәжін жайына және оның Майраға үйлену тарихына 
тоқталмаймыз. Ол өзі бір төбе әңгіме. 
Енді Әміренің 1917 жылы, Әбілмәжіннің Майраға 
үйленген кезінде Семейде болғанын көрсететін архив 
құжатын көрейік. Ол мынау.
«Список»
Киргиз, принятых на работу по консервированию 
баранины «Кувардак» для нужд Фронтовых учреждений 
Комитета Западного фронта Всероссийского Союза городов». 
Осы тізімде оныншы болып Әміренің аты тұр. 
Сөйтіп, 1917 жылы Майра Семейде болған кезде Әміренің 
де болғанын архив құжаты көрсетіп отыр. 
Және 1917 жылы майданға қуырдақ даярлау жұмысына 
алынғанда Әміренің 25 жаста екені жазылған. Осы архив 
құжатына сенетін болсақ, Әміре 1892 жылы туған. 
Ал, 1934 жылы Әміре қайтыс болғанда жазған «Әнші 
Әміре» атты мақаласын Жұмат Шанин: « Осыдан отыз алты 
жыл бұрын, Әміре 12 жасында, бүгінде Жаңа Семей, ол 
кезде Заречная Слободка кешегі байдың босағасында жүрген 
жалшы Әміре еді», - деп бастайды. Бұл мағлұматқа сенсек, 
Әміре 1886 жылы туған болады.
Жоғарыдағы келтірілген тізімге қол қойған агроном 
Сабатаев үлкен білімді мәдениетті адам болған. Ол 
М.Рамазановпен бірге 1914 жылы Мәскеуде басылып шыққан 
«Восточный сборник в честь А.Н. Веселовского» атты кітапқа 
Абайдың 4 өлеңін («Аул ночью», «Лето», «Пожалейте меня», 
«Поэт») орыс тіліне аударып жариялаған екен.
Ал, Майраның 1917 жылдан кейін Семейде екінші рет 
болуын белгілі этнограф Александр Викторович Затаевичтің 
1931 жылы жариялаған «Қазақтың 500 ән-күйі...» 
жинағының ескертпе бөлімінен оқып, Майраның толық 
тұлғасын көз алдымызға келтіреміз.
«...Омбыдан Семейге қарай, Ертісті жоғары өрлеп келе 
жатқан «Ленинград» атты пассажир пароходы Павлодардың 
пристанынан шықпай жатып, төмендегі үшінші класс 
каютасының терезесінен әсем қоңыр, жұмсақ тембрлі 
контральто, әйелдің ең жуан дауысы естілді... Гармоньмен 
қосылып, қазақ әндерін айтты. Бір минут та өтпей-ақ мен де 
төменге түстім. Айнала қамалап тұрған халықтың ортасында, 


214
жасы отыздан асыңқыраған, арықша келген, көрікті, жағы 
ғана сәл сопақтау... қараторы әйел отыр. Құлағында ұзын 
сырға, омырауында бірнеше қатар тізілген алқа. Үстіндегі 
жібек көйлегі, иығына бос салған шәлі аса жарасып тұр. 
Осының бәрінде де ерсі көрініп тұрған ешнәрсе жоқ... Бұдан 
келіп мен профессионал әнші екенін сезе қойдым.
Мен оның әнін тыңдадым. Ән салғанда бірінші планда 
қоятыны: өршіл өктемдік, кең құлаш, от мінез екен. Мен 
көріп жүрген қазақтың бұйығы қыздарынан дәл мынадай 
өршілдікті кездестірмеп едім. Оның сопақшалау болып келген 
беті де жалпы қазақ қыздарына ұқсамайтынын көрсетіп тұр.
Енді бұл жұмбақты шешу ғана қалды. Әнін аяқтауын 
күтіп тұрдым да, аты-жөнін сұрадым. Ол еркін де салмақты 
сөйлеп: – Майра, – деді. Осы есімнің өзі-ақ маған біраз нәрсені 
түсіндіргендей болды. Мен сырттан білетінмін. Өзімнің 
кім екенімді айтқанымда, ол да мен туралы естігенін және 
мені көргеніне аса қуанышты екенін айтты. Өзі жап-жақсы 
орысша сөйлейді екен».
Сөйтіп, 1926 жылы жаз айында Майрамен тұңғыш 
кездесуін Затаевич осылай бастап әңгімелейді. Одан әрі:

Семейге дейінгі екі тәуліктік жолда Майра менің 
1 класты салоныма бірнеше рет келді. Пианинода ойнап 
отырып, мен оның өлеңдерін нотаға түсірдім. Семейге 
келген соң да мен Майрамен қымызханада кездесіп, әндерін 
тыңдадым.
Омбыға қайтып бара жатып мен Майраны тағы да Павлодар 
пристанында жолықтырдым. Қоштасып тұрып, әншімен 
ақырғы рет көрісіп тұрғанымды білмедім ғой. Осыдан төрт 
айдан кейін Майра аурудан қайтыс болып, Мәскеуде өтетін 
қазақ концертіне қатыса алмай кетті, - дейді.
Ол концерттің Мәскеуде 1927 жылы сәуір айында болғаны 
мәлім. Ендеше, Майраның дүниеден қайтқан уақыты 1927 
жыл.
Мәскеудегі концертке: Қали Байжанов, Жанбике Шанина, 
Әміре Қашаубаев, Дәлила Оңғарбаева, Жұмат Шанин; 
Қалыбек Қуанышбаев, А.В. Затаевич, Ғаббас Айтпаев, Серке 
Қожамқұлов, Иса Байзақов, Елубай Өмірзақов, Құрманбек 
Жандарбековтар қатысқан болатын.
Әміре келер жылы (1928) тағы да үлкен концертке 
қатынасып ән салыпты. 


215
Бұл жөнінде газетте мынандай хабар жарияланған.
Студенческий концерт
«Студенты Казахстана, обучающиеся в Москве, 
Ленинграде, и Ташкенте устраивают 6 января в межсоюзном 
клубе, концерт-бал. Сбор пойдет в пользу улучшения быта 
студентов. В концерте примут участие артисты Ольхов, 
Затаевич, Амре, а так же силы, выделенные из среди 
студенчества».
Біз бұл жолы Майра мен Әміре жайындағы тарихи нақтылы 
деректердің біразын ғана келтіріп отырмыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет