Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст


(“Өнер өрімдері” кітабынан, А. “Өнер”, 1991 ж.)



Pdf көрінісі
бет54/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   130
 (“Өнер өрімдері” кітабынан, А. “Өнер”, 1991 ж.)
айым М6ХАМЕТХАНОВ
ӘЙГІЛІ ӘНШІЛЕР ӨМІРІНЕН
Әлемге аты әйгілі өнерпаздар – Майра мен Әміре жайында 
аз жазылған жоқ. Олар жайында қалам қайраткерлері – 
ақын, жазушылар өлең-жыр, поэма, драмалық шығармалар 
жариялады. Өнер қайраткерлері олардың әншілік, 
композиторлық, ақындық өнері туралы зерттеу жұмыстарын 
жазып, жарыққа шығарды. Осының бәрі – халықтың қалың 
ортасынан қайнап шыққан табиғи дарынды ардагер ұлы мен 
қызының, ұлттық мақтанышының қадір-қасиетін терең 
түсініп, олардың тарихи-мәдени еңбегін құрмет тұтып, 
бағалай білудің айғағы.
Әміренің де, Майраның да көздері тірі кезінде олардың 
нақтылы өмірбаяндары қағаз бетіне түсірілмеген. Алайда, 
Әміре мен Майраны көрген, білген, істес болған өнер, әдебиет 
қайраткерлерінің, замандастарының олар туралы азды-көпті 
естеліктері бар. Бірақ, осы мағлұматтар тарихи, ғылыми 
тұрғыдан зерттеліп, жүйеге келтіріліп, олардың ғылыми 
өмірбаяндары осы күнге дейін толық жазылған жоқ.


210
Ол үшін түрлі естеліктерді салыстыра зерттеп, әсіресе, 
архивтерде сақталған тарихи деректерді тауып, өнердің 
әйгілі екі қайраткерінің нақтылы ғылыми өмірбаянын жазу 
қажет.
Тіпті Әміре мен Майраның туған, өлген жылдарын әркім 
әр кітапта әртүрлі жазып келеді. Мысалы, бір жерде Әмірені 
1892 жылы туып, 1933 жылы қайтыс болған десе, енді бір 
мақалада 1896 жылы туып, 1934 жылы қайтыс болған дейді. 
Тағы бір еңбекте 1888 жылы туған, енді бір кітапта 1886 
жылы туған делінеді.
Майра туралы зерттеушілердің бірі оны 1896 жылы туып, 
1927 жылы өлді десе, біреуі 1926 жылы өлді, енді біреуі 
1929 жылы өлді дейді. Тағы бір мақалада Майраны 1884 
жылы туған деп болжам жасайды. Бір кітапта: «Майра 
бойжеткеннен кейін Шорман тұқымдарының Өржан деген 
біреуіне тиеді» - десе, екінші кітапта Майраның күйеуін 
«Зәржан» деп атайды.
Осы келтірілген азғана мысалдың өзі-ақ Майра мен 
Әміренің өмір жолдарының үстірт, шалағай зерттеліп 
отырғанын көрсетеді.
Біз бүгінгі әңгімемізде Майра мен Әміренің нақтылы 
өмірбаяндарын баяндап берейік деп отырғамыз жоқ. Ол – 
өнер тарихын зерттеуші мамандардың абыройлы борышы.
Біз Майра мен Әміренің Семей қаласындағы өмір 
кезеңдерін айқын көрсететін архивте сақталған нақтылы 
тарихи деректер жайын қысқаша баяндамақпыз.
Ең алдымен Майраның алғашқы күйеуі жайында бір-екі 
ауыз айта кетейік. Тарихта белгілі Шорман бидің төрт 
баласы болған. Олар: Мұса, Мұстафа, Иса, Әужан. Мұсаның 
балалары: Сәдуақас, Біләл, Жәмі, Қабыш. Біләлдің баласы – 
Жаржан. Жаржан Біләлов – 1884 жылы туған адам. Павлодар 
уезд начальнигінің тілмашы болған, болыс та болған адам. 
Жаржан 1912 жылдары Майраға үйленіп, Майрамен бірге 
екі жыл өмір сүріп, 1914 жылы қайтыс болған.
Жаржан өлген соң, Майра өз еркімен сүйген өнерін қуып 
кетеді. Енді Майраның Семейдегі өмір кезеңіне келейік. 
Ол туралы архив документін келтірер алдында Әміренің 
ауылдасы, Семейде үнемі қасында болған шәкірті – Мұқатай 
Тоқжігітовтың естелігінен үзінді келтірейік. 1964 жылы, 


211
«Ертіс» («Семей таңы») газетінде жарияланған Әміре туралы 
естелігінде «Екінші рет мен Әмірені Семейге оқуға келгенде 
көрдім», - деп келіп, жауырыны жерге тимеген палуан, 
Белгібайдың Қажені, тағы басқа адамдармен Әміремен бірге 
бір мәжілісте болғанда Қаженнің төбелес шығарғанына 
Әміренің өкпелегенін айта келіп, екінші күні Қаженнің 
Әміреден кешірім сұрағанын көрсетеді.
«Жаңалыққа жаны құмар Әміренің сырын білетін Қажен: 
- Әбілмәжін келіншек алыпты, естідің бе? – дейді Әміреге. 
- Қайдан алыпты, кімді алыпты?
- Өзім де соны толық білмеймін, түнде естідім, тегі Кереку 
жағынікі болу керек, әйтеуір жеңгей керемет әнші деседі.
«Әнші» деген сөзді естігенде Әміреде тағат қалсын ба: 
«Әйдә жүр, Әбілмәжіндікіне барайық олай болса», - деді.
Үшеуміз Әбілмәжіндікіне келдік. Үй иесі құшағын жая 
Әмірені бас салып:
- Сағындым-ау, сәулем, әкем Дүйсенбі, шешем Қалипа, 
жалғыз қарындасым Сақыштан сені кем көрмеуші едім, - деп 
зуылдай жөнеледі. 
- Өзеуремей тұра тұршы! Қайырлы болсынымызды 
айтайық та, әуелі, - деді Қажен күліп.
- Иә, иә айтуыңа тұрады, жеңгең Әміре сияқты әнші өзі, - 
деді Әбілмәжін масаттанып.
Қазақ ғұрпын сақтағаны ма, әлде қызғанғаны ма, кім 
білсін, келінді оң жақтағы батсайы шымылдықтың ішіне 
отырғызып қойған екен.
Әбілмәжін оны айтып, мұны айтып, әрі-бері жосыды да, 
төрде тұрған кішкене столдың үстіндегі ақ шілтермен жабулы 
қара гармонның бетін ашты.
- Әміре, мынау замандасыңның гармоны, саусағыңды 
сағындым ғой, бір жорғалатшы. Майра-ау, Майра, мен айтқан 
Әміре осы, жақсылап тыңда, үйреніп ал, - деді Әбілмәжін
гармоньды Әміреге беріп жатып...
- Паһ шіркін, сақылдап-ақ тұр екен, тіпті алып қашады, 
қол тигізер емес, замандас та осындай болса жарар еді, - деп 
Әміре Қаженге көзін қысып қойды.
..Әннің әртүрлісінен екі-үш ауыз өлеңнен айтты да, Әміре 
Әбілмәжінге гармоньды ұстатып:
- Иә, гармоньды иесіне бер, лебізін естіртсін ... - деді.


212
Осы мезетте өзгеше бір үн естідік:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет