216
ауданына қарайтын Дегелең тауының етегінде туды...» деген
жаңсақ ақпар айтқан.
Әміре туралы 1970-жылдары көл-көсір хикаяттар
жазып, соны әр жерде молдап жариялаған,
өзін Әміренің
сүйікті шәкірті деп атаған Мұқатай Тоқжігітов (солай
деуіне иланымды дәлел де келтіреді: әкесі Жақып мырза
Әміремен түйдей құрдас болыпты, әмбе Мейзек тауының
маңайына екі ауыл жайлауға шыққанда Әмірені ауылына
алдырып, әлденеше тәулік үйінде ұстайды-мыс, сол күндерде
Мұқатайдың өзі әншінің тізесінде отырып, жайлау кешінде
шырқата салған әнін талай мәрте сүйсіне
тыңдаған, әнқұмар
баланың өз өнеріне тәнтілігін ырым етіп, әнші ағасы батасын
беріп, таңдайына түкірген-біс) өз жазбаларының бірде-
бірінде оның туып-өскен қыстауы туралы сөз қозғамайды.
Өйткені, Әміре туған Тергеубай ауылын (әншінің немере
ағасы) жоғарыда аталған естелік жазушылардың, иә оған
сипаттама берушілердің бірде-бірі жете білмейді.
Білмеген
соң «Е, солай шығар» деген ойжотаға ұрынады. Немесе «Біз
білеміз» деп ауызша айтушылардың ойдан шығарғанына
жығылады...
Бұл жерде шүбәсіз шындық біреу – Әміре Қашаубай-
ұлы ның Дегелең болысында дүниеге келгені рас, бірақ нақты
туған жері – Дегелең тауының етегі, иә оның қойнауы емес.
Ол туған жер – осы болысқа қарайтын Матай адыры, бұл
болса Дегелең тауынан кем дегенде қырық шақырым түстікте
тұрған жер. Матай адырынан Дегелең шошақ тымақтай боп
ту алыстан көгеріп көрінеді. Анығында
оған Дегелеңнен гөрі
Шыңғыстау жақынырақ, 15-20 шақырымдай ғана. Тергеубай
ауылының жұртын іздеген жанға бүгінде айтар бірден-бір
белгі: Семей–Қайнар даңғылының 219-шақырымында сол
жаққа қарай небары 18 шақырымдық жөнең тасжол шығады,
бұл болса бұрынғы Ақбұлақ кеңшарының орталығына
апаратын жол, соны бойлап, қозы көш жер жүрсеңіз –
Матай адырының жатаған бұйраттары басталады. Ол болса
күнбатыстан шығысқа
қарай көлденең сұлап жатқан, аумағы
он шақырымдай ғана бұйратты адыр. Көдесі бұрқыраған,
құдығының суы тұщы әрі екі-үш құлаш таяздан шығатын,
мал-жанға да аса жайлы қоныс. Мен бұл жерді біршама
білемін, өйткені менің де атақонысым сол бұйраттың төрінде
217
– Саршоқы деген, басында тастан үйген обасы бар тымақтай
шоқының түстік
бөктерінде, бертінде Ақан қыстағы атанған
(әріде Ақан ауылы орныққан, мен өзім де осы ауылдың
тумасымын), бүгінде де жеке шаруашылық иемденген елді
мекеннен екі-үш шақырым жердегі ескі қораның орны
жақсы сақталған. Ал, Тергеубай ауылының жұрты да біздің
қыстақтан қашық емес,
қозы көш теріскейде, оны табу үшін
қазіргі тас жолға қиыстап жүру керек...
Тегінде Ақбұлақ кеңшарының барлық жері – қыстақтары
мен жайлауы болған кең атырап бағзы уақытта төрт старшын
ел болып (ту бастапқыда бұл атырап Тарақты болысы
атанған) қаулап өскен Тарақты руына құтты қоныс болған.
Тарақтының Қармыс бұтағынан тарайтын 12 атаның Сары
мен Әлі ұрпақтары осы жерді түпкілікті қоныстанған. Бұл
жайында біз 1994 жылы «Атамұра» баспасынан жарық көрген
«Тарақты және Қаракесек шежіресі» атты кітабымызда
мынадай уәж айтқамыз-ды:
«Енді бірер сөз Тара'тыны
Достарыңызбен бөлісу: