Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст



Pdf көрінісі
бет57/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   130
екі тармаыны Абыралы атырабына келуі жайында. 
Ә.Бөкейхановты «ар'аралы уезі» кітабында (1905 жылы 
Санкт-Петербургте жарыққа шыққан «Каркаралинский 
уезд» деп аталған қалың кітап. Оның материалын дайындап, 
жарыққа шығарушы – санақшы ғалым, профессор Н.А.Щер-
бина экспедициясы. Сол топ шығарған 13 том сүбелі 
еңбектің бір томы – «Каркаралинский уезд» кітабы. Ал, 
Ә.Н.Бөкейханов осы томға жауапты дайындаушы болған) 
бл 'а'ында 45-49 беттерде әлденеше дерек келтірілген. 
Соларды тжырымы – Әліні онысбай әулетіне дейінгі 
төрт буыны 1899 жыла дейін Сарысуды А'тау мен 
Ортау аталатын жоары атырабында (брыны бөлік 
бойынша А'мола уезіне 'арасты жерлер) трыпты; ал 
1763 жылы бл аталар ауа көшіп, осы маат'а келіпті; 
Жанто'а рпа'тары 'ыры' жылдай мезгіл у тауын 
'ыстаудан со, 1837 жылы Дегеле болысына 'оныс 
аударыпты. Тара'тыны Сарысыны Сойырас әулеті, 
оны бәйбішесінен туан Жа'сыберді мен то'алынан туан 
рпа'тары XVIIІ-асырды ая' шенінде Омбы уезіндегі 
Ебейті көліні жаасынан Темірші болысыны Көкшетау 
тауына (ар'аралы тауыны тстігінен кншілік жер) 
'оныстап, біра' онда көп тра'тамай, аайындары жиын 


218
отыран Дегеле болысындаы Матай адыры деген жерге 
'оныс ауыстырыпты...»
Әміре Қашаубайұлы Тарақты руының Әлі бұтағына 
жатады, соның ЖАНТУ–АТАН тармағынан. «Тарақты 
және Қаракесек шежіресі» кітабының 26-бетінде бұл 
атаның төменгі буынын біз былайша таратқамыз: Атаннан 
– ӘЛМЕНБЕТ, одан ЕСЕНӘЛІ, осы атадан – Өтеп пен ШӘКУ 
туады (Алагөз Шәку атанған, Сапаекең де ұрпақтары 
молырақ тараған осы атаны нұсқап отыр, олардың бертіңгі 
әулеті Семей мен Ақбұлақ ауылында тұрады). Шәкуден 
– Есенбай, Қоңырбай, ТЕРГЕУБАЙ, Күзеубай, Жанай, 
ҚАШАУБАЙ және Кежембай туады. Тергеубайдан – СЕРІК 
ақын. Жанайдан – Исабек, одан Нығмет... (Қайнекей 
Жармағанбетовтің «Әнші азамат» атты деректі хикаятында 
Әміренің әнші атағы мәлімсіз кезде, Семей қаласына келген 
бетте атын айдады, мая боп үйілетін терісін күзетті дейтін 
бақалшы көпес ағайыны – осы Исабек). ҚАШАУБАЙДАН – 
ӘМІРЕ жалғыз...
Тергеубайдың Серігі – Абыралы, Дегелең атырабында 
суырыпсалма қабілетімен танылған ақын атанған. Біздің 
бала кезімізде сол атыраптың үлкендері оның өлеңдерін 
жатқа айтушы еді. Амал қанша, сол сөздер келешекте керек 
болар деп кезінде жазып алмадық. Серік ақынның кейбір 
жырларын әдебиетші Серік Қасымбеков білуші еді, одан да 
гөрі – 80-жылдары опат болған оның әкесі Мұсағали ағай 
(бұл кісінің өзі де өлеңнен қара жаяу болмайтын). Сапарғали 
Бегалин жоғарыда аталған «Ән асқары – Әміре» хикаятында 
Серік Тергеубайұлының бір ауыз өлеңін келтіреді (басқа 
бір шығармасында осы өлеңнің оншақты шумағын жария 
еткені – еміс-еміс есімде). Өлеңнің шығу тарихы мынадай: 
елдің жайлауға шыққан кезі болса керек, тегене толы сары 
қымызды алдарына алып, ауылдастарымен дойбы ойнап, 
одан да гөрі мәндірек ермек іздеп зерігіп отырған бай 
ауылдың иесі, Ақан ауылының көшбасшысы Сылдырбай 
Төкірұлы (Ақан Жолбарысұлы – Дегелең болысының биі, 
менің төртінші атам) киіз үйдің жаппасынан ішке аттай 
берген Серік ақынға: «Әй, құрдас, сол жерде тұрып, бір ауыз 
өлең айт, әйтпесе қымыз түгілі су татырмаймын!..» – деп 
қалжыңдаса керек, сонда Серік ағамыз: 


219
«Ассалаумағалейкум, мырза Сылдыр,
Көзіме көрінесің алдыр-бұлдыр. 
Бүгін кел, ертең келің таусылмайды. 
Құрбыңның ат сұраған көңілін тындыр...» – 
деп он шақты шумақты судырата жөнелгенде, төкпе 
ақынның өткір шымшымасын тоқтатуды қалаған бай туысы: 
«Жә, жә, сөз тапқанға қолқа жоқ деген осы. Жылқыдан бір 
құр ат ұстап әкеліңдер, мініске емес, басы бүтін бердім...» – 
деп бәсіре атап, әрең құтылыпты. 
Тегінде Әміре өскен дегдар ортадағы дара шыққан әнші 
де, ақын да – осы Серік Тергеубайұлы. Немере ағасының 
шаңырағында дүниеге келген әнқұмар жасөспірімге Серік 
ақын білген өнерін үйретіп, домбыра, гармонь тартқызып, 
талабын ұштаған деседі. Әміренің ауылға келгенде: 
«Ақындық маған қонбады, ал әншілікті ағамнан асырып, 
әрі қарай дамыттым...» – деген сөзін еске алушылар бар. 
Ауылдастары жадында сақталған тағы бір дерек: Жанай 
деген ағасының қозы көш жерге жетерлік зор даусы болыпты, 
соған орай қыр елінде атағы мәшһүр ірі әнші атанған; бірақ 
сол өнерін өзі әуей көріп алысқа өрістетпеген, тіршілік 
тауқыметін жеңуді көбірек ойлап, шаруа қаузаумен кеткен 
деседі... Бірде, сірә, Әміренің алты жасқа шыққан кезі болса 
керек, қозы қайырып жүріп, жас баланың айдалада шырқата 
салған әнін естіп, інісінің шошаласына келіп: «Қашаубай 
інім, Тойған келінім, мен білсем сендердің Әмірелерің әлей 
әнші болады, баланың бетінен қақпаңдар, тегінде біздің 
әулеттің атағын осы боқмұрын шығарады... Баланың аузы 
даладай кең, көмейі де ерекше кең, соны бүгін байқадым, 
ал даусы ерекше күшті, ән шырқағанда сағағы түсіп, тіпті 
салбырап тұрады екен. Құдай тағала бұл баланы қас пен 
сұқтан аман қылсын?..» – депті-міс...
Біздіңше, жоғарыдағы бір ауыз өлең Тергеубай ауылының 
тұрмыс халін нақтырақ айқындайды. Ауыл иесінің жалғыз 
перзенті, есімі елге мәшһүр Серік ақынның тақымына басар 
дербес аты жоқ. Демек, күллі ауыл тақыр кедей. Сондықтан 
да олар қолындағы азын-аулақ күнкөрістік ұсақ малын, бірер 
сауын сиырын қыстауда бағып, төр жайлауға сирек шыққан. 
Ал, ересектері осы маңаттағы дәулетті ағайындардың малын 
бағып, шаруасына қолғабыс етіп тірлік еткен. Сапарғали 


220
ақсақалдың естелігінде осы ауылдың бірер азаматының 
ұрлықпен айналысып, соның салдарынан ел ішіне симай, 
Ақмола жағына да қоныс аударғанын жазыпты. Бұл да 
қарақан бастың қамы, қайткен күнде жан сақтап, тіршілік 
етудің шарасы... Шәку ұрпағы Жанайдың Исабегі еті 
тірі жан болса керек, қыр елінен тері-терсек, жүн-жырқа 
жинап, Семейге апарып жүріп, аз-кем дәулет жыйса керек, 
ақырында Ертістің қыр жағындағы бөлегінен, «Қайық 
аузынан» үй сатып алып, қалаға көшкен. Тетелес інісі 
Қашаубайдың ағасын сағалап, қалаға келуіне, сірә, осы жайт 
түрткі болған деседі бұл ауылдың жай-жапсарын білетіндер. 
Әміре туралы жазылған естелік, бірталай хикаяттарда оның 
1917 жылдан бері де (сірә, бұл да атақты әншінің тағдырын 
Қазан төңкерісіне тікелей байланыстырудан, яки таптық-
социологиялық көзқарастан туған қисынсыз бопсалау) 
Семейде біржола тұрақтағаны жазылған. 17–жылы Әміре 29 
жаста, сөйте тұра оны мадақтаушылар жас күнінен Семейге 
келтіріп, Исабек көпеске атшы бала етеді. Екі бопсаның бір-
біріне кереғар пайымдау екенін соны жазушылар тіпті де 
ойламаған...
Біздіңше, Қашаубайдың Ертіс жағасына қоныс аударуы 
жиырмасыншы ғасырдың басында, Әміренің 14-15 жасқа 
толған шағында жүзеге асқан. Мұқатай Тоқжігітов алғаш рет 
Семейге келіп, 1915-1916 оқу жылында өзінің бергі жағадағы 
2-кластық орыс-қырғыз мектебіне шәкірт болғанын 
тәптіштеп жазады. Әмірені де алғаш рет сол кезде, Жақып 
мырза атанған әкесінің қаладағы үйінде көрген. Бұл кезде ол 
жиырманы орталаған сақа жігіт. Әмбе атағы дүрілдеп тұрған 
әлей әнші. Шынында да Әміренің ел құрметіне бөленген 
шағы жиырмадан асқан кезінде басталды десек, Мұқатай 
ақсақалдың елу жылдан кейін есіне алып отырған оқиғалары 
шындыққа жанасады...
20-жылдардың бас кезінде Семейде қазақ зиялыларының 
қарамды тобы шоғырланып, қыр елін білім жолына бұрып, 
мәдени-ағарту ісімен белсене шұғылданғаны жұртшылыққа 
мәлім. Нақ солар туған жұртын қалың ұйқыдан оятып, 
Еуропаның игі үлгісін ел арасына таратуға да әуей болған. 
Осы ниетте жолды болған игі істердің бірі – Жұмат Шаниннің 
бастауымен етікшілер артелінің иесі жұмыскер ақын 


221
Жақсылық Төленов төрағалық еткен (Ол кісінің өзі ту баста 
«Жұмсат» атты ұжым да құрған) «Ес-Аймақ» ұйымы. Осы 
топ қазақ тұрмысынан түрлі драмалар жазғызып (авторлары 
– Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Жұмат Шанин), оны 
көпшілікке көрсетіп, ойын-сауық кештерін ұйымдастырған. 
Бір ғажабы, соның бәріне қатысушылар – мектеп 
мұғалімдері, зиялы қауым өкілдері, педтехникумның оқушы 
жастары. Бұлардың тобында сақа жігіт болған кезінде оқу 
жолына түскен ересек азаматтар да болған. Әрине, солардың 
қатарында ән дүлдүлі Әміре де жүрген. Әмбе ол ойын-сауық 
қана емес, шілдехана, қыз ұзату, келін түсіру, бала сүндеті 
сияқты үлкенді-кішілі тойлардың көбіне қатысады. Әлбетте 
той иесінің қалауымен, құзыр-мәзір боп шақыруымен. 
Өйткені дөңгелек дәулетті Семей қазағының қайсысы болсын 
Әміренің қатысуымен той өткізуді өзіне бақ-бедел санайды. 
Сол себепті тойдың күнін ең алдымен Әміремен келісіп 
белгілейтіндер де бар...
* * *
Осы ретте өзімізге жақсы мәлім бір оқиғаны еске алуға 
тура келеді.
1918-1919 жылдарда Алаш қаласында (кейінгі Жаңа Семей) 
ашылған екіжылдық мұғалімдер курсын бітірген, Дегелең 
болысының тумасы Дүйсебай Есенжолов есімді азамат бір 
қыс Шыңғыстаудың күнбатыс сыртындағы ағайынды Ике-
Мұсатай ауылында ашылған бастауыш мектепте мұғалім 
болып ұстаздық етуден соң, Семейге қайтып келіп, қала 
мектебіне жұмысқа орналасқан. Бұл болса 1921 жылдың 
екінші жартысы. Көзі қарақты жас мұғалім домбыра шертіп, 
ән салудан да қара жаяу болмаған. Сірә, осы жайт оның 
«Ес-Аймақ» ұйымының бұқара арасындағы игі жұмысына 
қолғабыс етіп, ұжым мүшелері қойған ойын-сауыққа 
белсене қатысып, ән айтып, драмалық қойылымдарға да 
қатысып, жұрт көзіне түсуіне түрткі болған. Сөйтіп жүріп, 
ол Семей әншілерінің дүлдүлі Әміренің ойын-сауыққа ертер 
серігіне айналады. Сірә, екеуінің өзара етене жақындасуына 
Дегелең болысының тумасы болғандығы да мұрындық болған 
сияқты... 
Содан күндердің күнінде саяқ жүрген жас мұғалім отбасын 
құрып, шаңырақ көтеру жайын ойлап, өзіне лайық қалыңдық 


222
қамдайды. Бірақ көңілі құлаған жан – бір атаның жалғызы 
әрі ауқатты ата-анасының шаңырағында өскен еркебұла қыз 
екен... 
Ақыры, не істерін білмей құса болған жігіт өзі тап болған 
қысылтаяң жағдайды аға тұтып, Әміреге айтады. Жас 
серігінен он екі жас үлкендігі бар Әміре бұл шаруаға бірден 
кірісіп, Семейдің Татар слободкасы аталған, кілең көктөбел, 
екі қабатты тас ғимараттардан тұратын орталық бөлігінің 
теріскей тұсына ірге тепкен (осы күнгі № 16 қазақ орта 
мектебіне ұрымтал тұс) Әкімбай көпестің әсем үйіне барып 
(асты-үсті қызыл кірпіштен сомдалған сол үй XXI ғасырдың 
басына дейін коммунальдық меншік атанып, қаз қалпында 
сақталды, төңкеріс кезінде Володар атанған, бертінде 
Ғабдолла Тоқай көшесінде алыстан андыздап тұрушы еді), 
үй иелерімен «жеңгетайлық» сөз жүргізеді. Таңға дейін 
шырқап салар ұшы-қиырсыз мол әнге болмаса, ұзақ сөзге 
жоқ және ойындағысын аңқылдап отырып бірден айтар 
Әміренің жалғыз қызын әлпештеп, бар өмірін соның тілеуіне 
бағыштап отырған кексе жастағы ата-анаға сол күні нендей 
желеу айтып, қандай ұтымды сөз сөйлегені – бізге беймәлім, 
алайда олжалы оралғаны – өмір шындығы. Дүйсебай інісінің 
жалдап тұратын жөнең тұрағына қайыра оралғанда айтқаны 
мынау болыпты: «Әй, Дүйсеш, көкейкесті шаруаңды 
біржолата тындырып қайттым, құдай жолымды оңғарды. 
Майнұр бойжеткенге құда түсіп қайттым. Қалыңдығыңның 
ата-анасы құдайға қараған оңды жандар екен. Бөтен емес, 
мына Семейтаудың арғы бөктеріндегі Көкен тауының уағы 
(ру аты – М.С.) екен, ертеден біздің елмен қойын-қолтық 
араласқан бай ауылдың ұрпағы болып шықты.... Ал, өздерінің 
қаладағы үйі де сән екен, хан сарайындай сыңғырлап тұр, 
астын білмеймін, үстіңгі қабатында отырдым, бақандай алты 
бөлме. Ал, сен, сондай кең жайды жалғыз жайлап өскен 
сұлуды мына жер жалдаған жеркепеге әкелемін дейсің?.. Қой 
оны, Әкімбай отағасымен мынаған келістік: алдағы жұмада 
Үлкен мешітте некелеріңді қиямыз; сол күні сен қайын атаң 
үйіне бала болып біржолата кіресің, үстіңгі қабат – басы 
бүтін сенікі... Оны аз десең – Әкімбай шал жалғызының 
жансерік тапқанына қатарынан үш күн той жасайтын болды. 
Маған қойған шарты – жолдас-жораларыңмен үлкен топ 


223
болып, сән-салтанатпен келесіңдер... Мен келістім соған. 
Бұл уәдені бұзбайсың, өйткені мен уәде беріп келдім. Ал, 
Дүйсеш, Майнұр екеуіңнің құдай тағала бақтарыңды ашсын! 
Қысқасы, қаладағы ағайынның бетке ұстарына хабарла, 
қалыңсыз қыз бола ма, сый-сияпат алып, бір қауым ел боп 
барамыз да, Әкімбай көпестің жиған-тергенін үш күн бойы 
шашамыз. Күйеу жолдасты іздеме, мен өзім-ақ ол міндетті 
атқарамын, сен үшін бес-он жасты кемітіп айттым қайын 
жұртыңа...» – дейді білем. 
Ақыры, Әміренің дегені болады. Дүйсебай Есенжолов 
пен Майнұр Әкімбайқызы екеуі алпыс жылдан астам уақыт 
(мұның аттай 12 жылы, яки 1937-1949 жылдар аралығында 
Дүйсебай мұғалімнің «Халық жауы» қамытын киіп, Сібір 
лагерьлерінің дәмін татып, еркінен тыс қапаста болғанын 
есепке алмасақ) тату-тәтті өмір сүріп, үш қыз, бір ұл сүйіп, 
бақытты ғұмыр кешті. 80-жылдардан беріде екеуі де сексен 
жасты еңсеріп барып, бақилық сапарға аттанды. Ал, төрт 
баласынан тараған ұрпақ бүгінде кең-байтақ Қазақстанның 
4-5 қаласында ғұмыр кешіп жатыр.
Бізге енді соншама тәптіштеп баяндаған отбасылық 
хикаяттың кілтипанын ашу ғана қалды: Дүйсекеңнің екінші 
қызы – Клара Есенжолова менің өмірлік қосағым... Осы 
хикаятты жазып отырып, мен қайын енемнің әкесінің есімін 
сұрасам, қосағым бетіме аңтарыла қарап: «Нағашы атамның 
аты – Әкімбай, сол кісінің атамекені былтырға дейін аман тұр 
еді, жақында көрдім, бір байшыкеш сатып алып, тас-талқан 
ғып бұзып, орнына жаңа коттедж тұрғызыпты. Сол үйді менің 
әке-шешемнен 1928 жылы қазынаға тартып алған, әкеме 
37-жылы байланған кінәнің бірі – байдың қызына үйленіп, 
байлардың рөлін ерекше рухтанып, сахнада тым әсерленіп 
бейнелейсің... деген жала айып (бұл кісі «Ес-Аймақтағы» 
әлеуметтік міндетін, Семей театры құрылып, дербес шаңырақ 
көтерген кезде де тастамай, ұстаздық жұмысымен, әрі қосағы 
Майнұр Әкімбайқызымен 1937 жылға дейін, яки түрмеге 
түскенше сахнаға шығуды тастамаған. Мысалы, М.Әуезовтің 
«Қарагөз» трагедиясында Сырым салдың рөлін айрықша 
жақсы ойнаған)...» – деп көкірегінде шемен боп қатқан шерді 
ағыта жөнелді...
Енді осы хикаяттың түйткілді эпилогын баяндайын.... 


224
1975 жылдың қыс айы екені есімде. Алматыға 
жолаушылап барған сапарымнан Әміре Қашаубаевтың 
грампластинкаға жазылған әндерін алып қайттым. Оны 
Мәскеу архивінен тауып, жарық дүниеге шығарған музыка 
зерттеушісі Жарқын Шәкәрімов ініміз еді. Фонографқа 
жазылып қалған Әміренің жеті әнін Семейге әкелгенімде 
Дүйсекең атам мен Майнұр енем біздің үйде болатын (қыс 
айларында, соғым сойған кезімізде ол кісілер Алматыдан 
келіп, жас күндері өткен Семейде бірер ай шеру жасап 
қайтатын-ды). Кешкі асты ішіп, дастарқан жиылған соң мен 
үйдегі грамофонды ортаға қойып, грампластинка табақтың 
кіріспе сөздерін аттап өттім де, ән басталатын тұсына инені 
қададым. Әуелі табақтан қырылдаған жағымсыз үн естілді 
(25-жылдардың үн жазу техникасының ақаулығына не 
істейсің?), ақыры оны әншінің саңқылдаған даусы көмді. 
Дыбыс күшейткішті көтере түсіп едім, еңсесі едәуір көтеріңкі 
қонақ бөлменің іші күмбірлеген үнге толды. Үйдегілер түсінік 
күткендей маған аңырая қарап отыр. Ал, мен қасақана 
үндемей, грампластинкадан шыққан сиқырлы күмбірге ынта 
қойған қалып аңғарттым. Әуелі «Балқадиша», артынша 
«Жалғыз арша» аңырады, ән кезегі «Бес қарагерге» жеткенде 
қайын атамның қарақоңыр жүзі қып-қызыл бояқтай болып, 
өзін ұстай алмай абдырай бастады. Ал, қайын енемнің 
де өзіндік майда қоңыр даусы бар, ақсақалына қосылып, 
баяулата ән салатын жан еді. Ол кісі де әлдеқашан жоғалтқан 
асыл дүниесін қайта тапқандай бір нұрлы қуанышпен аққұба 
жүзі күлімдеп, үстел басында отырған бала-шағасына 
еміне қарап, дегбірсізденген күйге түсті. Қосағым: «Бұл 
не жұмбақ?» – деп, маған түксие қарап еді, әкесі сабыр ет 
дегендей, сұқ саусағын шошайтты. Мен байғұстарды әлі де 
қинай түскім келіп, тіл қата қоймадым. Содан «Дударайды» 
тауысып, пластинкадағы үн «Ағашаяқты» көтеріңкі бастап, 
қайырмасына жетіп, сақ-сақ күліп, дем алмастан жылауға 
ауысқан тұста қайын атам, сірә, өзі де не істегенін аңғармаса 
керек, қолын сарт-сұрт соғып: «Өй, мынау Әміренің үні ғой, 
нақ өзі, бәйбіше, не білдің?!..» – деп тебірене үн қатты. Қайын 
енем де есесін жібермей: «Пәлі, жаңа білдің бе, Әміренің үні 
екенін мен «Бес қарагерді» айтқанда-ақ сезгемін», – десін. 
«Үш дос» пен «Сметті» айтқызып алып, мен пластинканы 


225
ту басынан қайыра қойып, Сапарғали Бегалин мен Серке 
Қожамқұловтың кіріспе естелігін тыңдадық...
Апырай, Мәскеуден Әміренің үні табылыпты дегенді 
былтыр естіп едім, рас болды. Мынаны қайдан алдың, балам?
– Пластинкаға жазылып, көпшілікке тарағаны көрім 
болды. Бұл енді халық мұрасы ғой және кім-кім, Әміренің 
жоғалған үні!..
Мен табақтың сыртындағы мұқабасын көрсеттім, онда: 
«Асыл аға, Ғабеңе, Илья, 20 ноябрь, 75-жыл» деген қолтаңба 
бар-ды. Өзіммен әріптес әрі замандас Илья Жақанов 
«Мелодия» фирмасының Ташкенттегі зауытынан шыққан 
осы пластинканың біреуін Ғабит Мүсірепов ақсақалға сый 
етіпті. Құдай оңдап мен соның артынша Ғабең үйінде отырып, 
Әміре туралы сөз туып, қандас туысымның әндері жазылған 
пластинканы күні бойы іздеп таба алмағанымды мұң ғып 
шаққанмын. Ғабең қайтарда маған жымия қарап: «Медеу, 
ағаңның жоғалған үнін іздеп бекерге шаршама, ол жоғыңды 
мен шығарайын», – деп, жазу үстелінің бір қуысынан осы 
пластинканы суырып алып, маған ұсынған. Мен болсам 
соны енді ұлы әншінің ғажап үнін талай жыл естіген, дәмдес 
болған ата-енеме естіртіп, танымал үнді айнытпай таныған 
кексе жандарға қайран қалып отырмын...
Біз жоғарыда бүге-шігесін тәптіштей баяндаған үйлену 
хикаяты да алғаш рет сол кеште айтылған еді. Тағдыр 
шіркіннің бұлтарыс-қалтарысында шек жоқ. Екеуінің 
шаңырақ түзеуіне қалтқысыз көмек еткен қандас туысым 
ұлы Әміре сол күнде осы ісі оңға шығып, әнші рухына бала 
күнінен тәнті ағайындас ұрпағына қызмет етерін, сірә, 
ойлады ма екен? Шүбәлімін.
Әрине, соншама жыл күткізіп, туған халқының қолына 
тиген әншінің асыл мұрасы менің үйдегі архивімде ең 
қастерлі мүлік санатында сақтаулы.
* * *
Қай елдің болсын мақтаныш тұтып, өскелең ұрпағына 
үлгі етер көрнекті тұлғалары бар. Көбіне ол бір аудан, иә 
бір қауым ел емес, тұтас бір халықтың алға ұстар жарық 
жұлдызы іспетті кемеңгер ой иесі, сөз өнері қонған тілмар 
шешен, не ақын-жазушы, иә дүлділ әнші болады. Осы 
жөнмен зерделеп қарағанда қазақтың жампоз әншісі Әміре 
Қашаубаев – қаладан қиян шет Абыралы атырабында, 


226
көшпенді қазақ ауылында туса да, елден асқан өнерімен 
туған халқының даңқын төрткіл дүниеге паш еткен, өз ұлты 
атынан Париждің, Германиядағы Франкфурт қаласының 
атақты театрларының сахнасында ән салып, Еуропаның 
талғампаз қауымын сүйсіндірген дарабоз тұлға.
Сол себептен де Абыралы жұрты Әміре Қашаубайұлының 
есімін қадір тұтып, жадында сақтап, ардақтаудан жаңылған 
емес. Осы ауданның бұрынғы әкімшілік орталығы Қайнар 
мекенінде Мәдениет сарайы бой көтергенде, соның іргесіне 
қойылған тас мүсіннің Әміреге арналуы – соған айғақ. Сірә, 
бұл – атақты әншіге қойылған ең алғашқы, әзірше ең соңғы 
да мүсін болса керек. Өйткені, өткен ғасырдың 30-шы және 
60-жылдарында Қазақстан үкіметінің әншіге ескерткіш қою 
туралы бірнеше қаулысы жүзеге аспай, қағаз жүзінде қалғаны 
– жұртшылыққа мәлім... Әншінің есімі 70-жылдары Семей 
полигонының ғылыми орталығы болған Курчатов қаласының 
күнбатыс іргесінде қоныс тепкен, Бесқарағай ауданында 
жаңадан құрылған кеңшарға (орталығы Бөденелі ауылы) 
берілді. Ал, Семейдегі облыстық филармония 1968 жылдан 
бері Әміре Қашаубаев есімін абыроймен иеленіп келеді. Оның 
құрамында көп жылдар бойы Қазақстанның халық әртісі 
Мәдениет Ешекеев, республиканың еңбек сіңірген әртістері 
Болат Сыбанов пен Дауыл Хайруллин (бертінде үшеуі де 
бақилыққа аттанды) ән шырқап, республиканың шартарабын 
аралап, әсем әуенге бөледі. Әншілердің Әміре Қашаубаев 
атындағы республикалық бәйгесінің жеңімпаздары – 
Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген әртіс Бақыт 
Үдербаева, әншілер тарланы Келденбай Өлмесеков, Санақ 
Әбеуов, Толу Сембаев сияқты күміс көмей әншілер осы 
ұжымда тұрақты жұмыс істейді. Осы филармонияға соңғы 
жиырма бес жыл бойы есімі республикаға танымал әнші, 
сазгер, ақын Аймұханбет Бейсенбеков сәтті басшылық етіп 
келеді.
Әрине, біртуар талант Әміредей асыл дарын иесіне құрмет 
осындай бірлі-жарым игі шаралармен шектелмесе керек. 
Сірә, оған Семей қаласында үлкен бір көше арнап, сол 
көшенің бойына, ел демалатын Ертіс жағасына да гранит 
тастан қашалған мүсінін қойып, халыққа дабыра атағына 
лайық марапат жасасақ, нұр үстіне нұр болар еді...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет