Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст



Pdf көрінісі
бет20/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   130
(“Gні кетпес "латан” кітабынан
А. “Өнер”, 1981ж.)
Шахан МУСИН 
“ӨЛЕ?, ӨМІР, ӨНЕР”
Ақыры көп күткен күніміз туып, Луначарский атындағы 
клубтың есігі кеңінен ашылып, жөңкілген жұрт, біреуді-
біреу баса-көктеп әуелі аман-есен театрдың ішіне кіргенімізге 
кенеліп қалдық. Кісі көп, ине шаншар жер жоқ, «Әміре мен 
Исаның өздері келіпті, әрі өлең айтып, ән салып, әрі ойнайды 
екен, тіпті реті келсе билейді де екен» деп даурыққан жұртта 
дамыл жоқ.
Бір уақытта залдың шамы сөніп, шымылдық алдына 


57
өзі жас, жүзі жарқын орта бойлы бір жігіт шықты. Шулап 
отырған көпшілік құлаққа ұрған танадай жым-жырт болып 
тына қалды. Әлгі жігіт осы «Айман-Шолпан» пьесасының 
авторы Мұхаң туралы, Мұхаң шығармашылығының 
драматургия жанрындағы еңбек ізденістері жайлы және 
«Айман-Шолпан» спектаклінің қазақ театр өнерінің, 
сахна мәдениетінің тәжірибесінде әлі бола қоймаған жаңа 
бір жанр екенін, спектакльді қоюшы «қазақ халқының 
Станиславскийі» атанған тұңғыш режиссеріміз Жұмат 
Шанин екенін қысқаша, бірақ өте мәнді, маңызды етіп айтып 
шықты. Сөйтсек, бұл жігіт әрі жазушы, әрі театрдың сол 
кездегі директоры Саттар Ерубаев екен.
Шымылдық ашылды, спектакль де басталды. Көтібар 
рөлінде – Құрманбек Жандарбеков, Айман рөлінде – Күләш 
Байсейітова, Шолпан рөлінде – Әйнеш Ержанова, Арыстан 
рөлінде – Қанабек Байсейітов, Жарас рөлінде – Манарбек 
Ержанов, ақындар рөлінде – Иса Байзақов пен Қуан Лекеров, 
әнші рөлінде – Әміре Қашаубаев. Үзіліс-антракт уақытында 
ешкім орнынан қозғалмай, есіл-дерті, екі көзі шымылдықтың 
тағы да ашылып, спектакльдің жалғаса беруінде ғана болды 
десем, өтірікші болмаспын.
Спектакль де аяқталды. Құрманбек пен Манарбектің 
образды ойыны, Иса мен Қуанның айтысы, Әміре мен 
Күләштің әні, Шараның биі, оркестрдің күйі бір кеште бір 
спектакльден өнердің бар сырын, сегіз қырын көрген жұрт 
орындарынан ұшып тұра келіп, ду қол шапалақтап, ұзақ та 
ыстық қошемет көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет