Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст


(«Портреттер» кітабынан А. «Жазушы» , 1969 ж.)



Pdf көрінісі
бет52/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   130
Портреттер» кітабынан А. «Жазушы» , 1969 ж.)
Борис ЕРЗАКОВИЧ
М6ХТАРДЫ? АБАЙ ӘНДЕРІН 
НОТА*А Т=СІРТУІ 
...Алайда, одан кейінгі жылдары Абайға, сол сияқты 
революцияға дейінгі басқа да көптеген ақындарға, кеңес 
әдебиетінің, ғылымы мен өнерінің алғашқы қайраткерлеріне 
деген сыңарезу қате бір саясат өріс алып, Абайдың әндерін 
концертте орындауға тыйым салынды. Өз басым, мұны 1931-
1938 жылдары “Қазақ радиосында” қазақ музыкалық радио 
хабарының редакторы әрі пианист болып қызмет істеген 
кезімнен жақсы білемін. Абай әндері музыкалық хабарлар мен 
көпшілік концерттерде бағдарламалардан алып тасталынып 
жүрді. Сондықтан ол кезде мен оның ән мұрасымен онша 
таныс емес едім. Сол себепті де радиоға мен жазып алып, 
нотасын түсірген 500 қазақ әнінің ішінде Абай шығармалары 
жоқ болатын. Ал, сол кезде маған басқа әндерді айтып берген 


201
әншілердің көбінің-ақ репертуарында оның әндері бар еді. 
Мұның мысалы ретінде бір ғана деректі келтірейін. Мәселен, 
Е.Г.Брусиловскийдің маған мынандай бір жайды айтқаны 
бар. Әйгілі халық әншісі Әміре Қашаубаевтың (1888-1934) 
дүние салардан аз уақыт бұрын өзінен Абайдың екі әнін, 
атап айтқанда «Біреуден біреу артылса» және «Қор болды 
жанымын» жазып алуын өтініпті. Абайдың осынау әндері, 
сөз жоқ, әншінің сол кезде қатты күйзелген жан дүниесін 
ашып бергендей еді. Достарының дені оны өте жақсы білді. 
Өз өмірінің соңғы жылдарында басшылықтың күдіктене 
қарауы және әділетсіздігі салдарынан айтулы әнші басынан 
көп қиындық кешірді. Оның жан күйзелісі, әсіресе, Франция 
мен Германияға концерттік сапармен барып келгеннен кейін 
үдей түсті.
(«Аиат» журналынан, 1997 ж.)
Шахмет Х6САЙЫНОВ
ХАЛЫ ӘНШІСІ ӘМІРЕ АШАУБАЕВ
Халық әншісі Әміренің туған жері – бұрынғы Қарқаралы 
уезі, өскен ортасы – Семей қаласы.
Қатал заманда қанаушы таптың қысымына кіріптар 
болған кедей шаруаның тұрмысының қиын екені мәлім. 
Күнкөрістің қиындығынан кедей Әміренің әкесі Қашаубай 
туған жерінен кетіп, Семейге келіп, Ертістің қыр жақ 
қабағындағы слободканың моласын күзетеді. Он жастағы 
Әміре қала саудагері Қаражан Үкібаевтың терісін күзетеді. 
Басында жатақ болып құралып, кейін сауданың ұясы болған
слободкада қыр салтанаты мен қала жаңалығы араласып, 
саудагер жатақтың үйлері сапырылған қымыз, салынған 
әнмен толықсып, татар жыры мен қазақ әні жарыса айтылды. 
Бірақ бұл сауықтың барлығы да қалада отырып, қырдың 
момын шаруаларын еркін сорған саудагерлер мен көпестердің 
үйінде болып жатады. Таң атқаннан күн батқанша арқасына 
ыңыршақ салып жүк тасып, қайық айдаған, шаң жұтып, 
шарқ ұрған кедейлердің көргені бейнет, тартқаны жоқтық 
азабы болатын. Сол жоқтықтың азабын тартушы Қашаубай 
мола басында сарғайса, балдырған бала Әміре бай сарайында 


202
тау-тау болып үйілген қаңсыған терінің үстінде сарғаяды. 
Күздің сұрғылт, қыстың аязды ұзақ түндерінде көз шымырын 
алмай, зарыққан баланың ермегі ән ғана болады. Оның әнінен 
ұзақ түннің, сылбыр өмірдің, ұзын көштегі самарқаулықтың 
сарыны естілгендей еді. Қағілез жас баланың үніндегі зар мен 
шырқай көтергендегі қоңыр, сазды даусында қымызшының 
үйін жағалаған басқа әншілердің әндерінен гөрі жүрекке 
жылы, көңілге жағымды тиетін ерекшелік бар еді.
Ол ерекшелік Әміренің дарындылығымен қатар, шу деп 
ән үйреткен ұстаздары жеңіл-желпі әнші емес, рудан асқан 
бір тайпа елге белгілі әншілер еді. Соның бірі - өзінің жақын 
туысы, бүкіл Қарқаралыға белгілі Серік болатын. Серік – 
атақты Кемпірбай ақынмен өкшелес шыққан. Әсет ақынмен 
тұстас, өз дәуірінде ел сүйсініп тыңдайтын елеулі әншінің бірі 
болады. Арқасын аяз сорған Әміре тері күзетіп отырып, ағасы 
Серіктен үйренген әндерін айтса, бертін келе тері күзетуден 
құтылып, Қаражан саудагердің қолында ат айдаушы болып 
тұрған кезде, қыр әншілерінен атақты Жарылғапберлінің 
шәкірті, Ақбота елінің үлкен әншісі Нұртаның әндерінен 
үлгі алады. Нұрта жуан ата, шонжарларға кіріптар болмай, 
оларға тілемсектеніп өлең айтудан гөрі, өзінің бойға біткен 
әншілік өнерін, көптің жиналған жері – базарда көрсету 
мақсатымен, Әміренің жас албырт кезінде Семей қаласына 
жиі келеді. Күндіз базар алаңында ән шырқаса, кешке қарай 
кедей жатақтардың үйінде ән дүкенін құрып, өз алдына 
думан жасайды. Жаңа «пері», жас талап Әміре әнші болып 
қасына ереді. Жарылғапберлінің орындауындағы «Ардақ», 
«Алтыбасар», «Қанапия», «Әудем жер» тәрізді әндерді осы 
Нұртадан үйренеді. Бауыр еліндегі Жарылғапберлі мен Жаяу 
Мұсаның әндерін Қарқаралы, Семейге жайған да осы Нұрта. 
Өйткені, Нұрта Жарылғапберлінің әнде серігі, өмірде тізе 
айырмаған жолдасы болады. Арқаның ұлан-байтақ жатқан 
ән мұрасын еркін меңгеріп, бабын жеткізіп айтуда Әміренің 
Жарылғапберліге сабақтас ән мектебінен үйренуінің бұл бір 
саласы болса, екінші сала – Абай төңірегіндегі әншілермен 
байланысты екендігі байқалады.
1914 жылы Семей қаласында ұлы ақынның қайтыс 
болғанына он жыл болуына арналған сауық кеште Абай 
әншісі Әлмағамбет Абай әндерін орындаумен бірге, «Жарқ 


203
етпесті» орындайды. 1915 жылы Семейдегі оқушы-мұғалім 
жастардың сауық кешіне ат айдаушы Әміре де қатынасып, 
Әлмағамбеттен үйренген әнін сахнада айтады. Бірақ та 
Әміренің әнге өзінше иық қондырып, бірқатар өзгеріс 
кіргізгендігі байқалады. Жаңалыққа ұмтылған оқушы 
жастардың сауық кешінде Әміренің қыр әншілерінен 
үйренген әндеріне әр беріп, мазмұнын тереңдете, өте шебер 
орындағаны жұрттың есінде қалады. Осыдан бастап халық 
алдында Әміре ірі әнші атанып, Семей қаласындағы ойын-
сауықтарда жұрт сүйсіне тыңдайтын қалаулы әншінің бірі 
болды.
1917-18 жылдары Семей қаласына атақты Майра келіп, 
Әміремен танысады. Қырдың небір сұлу әндерін қала салтына 
кіргізген екі өнерпаз бүкіл Семей қаласын жаңғырықтырып, 
қымызшының дүкенінен бастап пристаньда, пароход ішінде 
ән айтады. Майраның гармонына Әміре де қосылып, екі 
шебер халықты таңдандырады. Осы сапарда Майра Әміреден 
«Жарқ етпесті» үйренеді. «Жарқ етпес» Майраның сүйіп 
айтатын әнінің бірі еді.
Әміре «Ағашаяқ» – «Қыз қалды-ау» деген әнді айтады. 
Бұл әнді Әміре Қоянды, Семейдің жәрмеңкелерінде иығына 
бақан байлап, үстіне әлем-жәлем қызылды-жасылды киімдер 
киіп, ойын көрсететін ойынпаз «қу» Рақымбектен үйренеді. 
Рақымбек тобықты елінен шыққан ойынпаз әнші болған адам. 
Аяғына бақан байлап, базар алаңында ойын көрсеткендіктен, 
«Қыз қалды-ау» әні халық аузында «Ағашаяқ» әні болып 
аталып кетеді. Оны ойынпаз «қудың» өз аузынан естіген 
Әміре «Мен бұл әнді Ағашаяқтан естіп ем, шынында да, бұл 
ән Ағашаяқтың өз әні», - дейді екен. 
Жоғарыда аталған әншілермен қатар, Әміренің алуан 
баптағы қазақ әндерін түр-түрімен меңгеруіне Арқадан 
Ертісті жағалап келетін лирикалы жайма-қоңыр әндерді 
шығарушы Естай ақын, Қарқаралыдағы Ғизат сияқты 
әншілердің де әсері болғанға ұқсайды. Мәселен, «Құсни – 
Қорлан» әнін Естай ақынның өз аузынан естісе, ертеректе 
өткен атақты Төлебай салдың шырқамалы төгіп айтатын әні 
«Шама» және «Смет», «Алтыбасардың» екінші нұсқасын 
Ғизат әншіден үйренеді. 
Әміренің алғаш кездегі әншілік өміріне шолу жасағанда, 


204
оның осы жоғарыда аталған әншілер мен әншілік өнерінің 
сабақтас екендігін көреміз.
Әншілікті тері күзетуден бастаған Әміренің революцияға 
дейінгі өмірінде тұрақты бір жағдай болмағанға ұқсайды.
1916 жылы қаладан қырға кетіп, окопқа қара жұмысшы 
«аладының қаупімен» би, болыстарды сағалап, мал-мүліксіз, 
үй-күйсіз, жалғыз басты, от түтетпейтін, кезбе Әміре аталады. 
Кейін 1917 жылы революция кезінде қайтадан қалаға келіп, 
өзінің ат айдау кәсібін істейді. 
1923 жылы Семейде оқушы жастардың күшімен 
ұйымдасқан ұлт театр тобына кіреді. Қымызшының үйінде 
домбыра, гармоньмен қазақша, татарша бірдей айтатын, қыз 
кәде, қызыл панарларда халық ойындарын қыздыра соғып, 
қызығына жұртты қайран қалдыратын той-думанның иесі 
Әмірені ұлт театр тобына әртіс етіп алады. Бұл дарынды 
әншінің жұрт алдына сахнаға 1915 жылы оқушы жастардың 
сауық кешінен кейін екінші рет шығуы еді. Аяғында 
байпақты етік, үстінде жұпыны ғана қара бешпент, басында 
түлкі тымақ, орта бойлы, сары жігіт сахнаға шығады. 
Елеусіз жігіттің бойында қандай өнері барлығы тыңдаушы 
жұртқа белгісіз. Көруші халық көп әншінің бірі деп ойлайды. 
Жұпыны жігіт домбыраны қолына алып, лебізін шығарғанда-
ақ, оның аяқ алысы өзгеше екендігі сезіледі. Танушылар бұл 
бұрынғы Әміре емес, үнінен жаңа бір толқынның екпіні, 
жаңа өмірдің самал лебі ескендей екен дейді. Сахнаның кең 
төріне лайықты мол дауысын бұрын үйдің ішінде байқай 
алмай келген Әміре әннің басын шырқамалы айғайдай 
бастап, құба жонға, қырдан-қырға қалықтатып, қоңыр 
төгіліспен барып аяқтайды. Театрдың сахнасына қазақтың 
кең даласын көшіріп әкелгендей болады. Тыңдаушы жұрт 
сахнадан жібермей, жеті-сегіз рет шақырып айтқызады. 
Шынында да, Әміре бабында еді. Қымызшы саудагерлер 
мен қала мешандарының мағынасыз есіргенінде әніне 
толық баға ала алмай келген әнші әділ төрешінің театрдағы 
көруші халық екенін сол жолы жете ұғынады. Дарынды 
әнші бойындағы әндерін халықтың мүддесі, елдің игілігіне 
жұмсауды ойлайды. Губернияда болатын ұлы жиын, үлкен 
мәжілістер мен халықтың мерекелі мейрамдарында өзінің 
өнерін көрсетеді.


205
1924 жылы гу берниялық партия комитеті мен оқу 
бөлімінің басқаруымен губерния көлемінде ардақтаған ірі 
әншілердің жарысы өтеді. Әншілер жарысына Кереку, Баян, 
Қарқаралы, Семей елдерінен отыздан аса халық өнерпаздары, 
әншілер қатынасады. Жарыс үш күнге созылады. Бәйге 
комиссиясы халық әндерін бұзбай, өте шебер орындауда 
Әмірені барлық әншіден үздік деп тауып, бас бәйгені соған 
беруді ұйғарады. Алайда, бәйге комиссиясы мәдениет 
қызметкерлерінің араларында алалық туғызбау мақсатымен 
бас бәйгені Әміре мен Қали екеуіне тең бөліп береді. Екінші 
бәйгені Керекуден келген әнші Барбар алады. 
Затаевич «Қанапия», «Смет», «Үш дос», «Ардақ» 
сияқты халық әндерін айтқызып көргеннен кейін: «Әміре - 
әншіліктің ақыны», – деп өз ойын айтады. Әміренің аузынан 
қазақтың небір сүбелі әндерін жазып алады. Бұл жерде 
ескере кететін мәселе, халықтың бірқатар әндерін Әміренің 
жазғызуында айтарлықтай өзгешеліктер бар. Мәселен 
«Ағашаяқ», «Жиырма бес», «Дудар-ай» тәрізді халық әндері 
Әміренің көркем орындауынан өткен әндер десе де болады. 
Бұл ерекшелікті байқаған Затаевичтің Әмірені әншіліктің 
ақыны деуі де содан болуға тиіс. 
1925 жылы маусым айында РСФСР-дың Халық ағарту 
комиссары А.В. Луначарский жедел хат арқылы Әмірені 
Мәскеуге шақыртады. ...Семейдің оқу бөлімінде отырған 
кейбір бастықсымақтар бұл жедел хаттың мазмұнына 
түсінбейді. Әміренің Парижде не шаруасы бар деген 
көзқараспен жедел хатты кезінде Әміреге тапсырмайды. 
Жедел хатқа мезгілінде жауап болмағаннан кейін: «Әнші 
Әміре Қашаубаев туралы мен берген жедел хатқа тезінен жауап 
беруіңізді сұраймын. Парижде болатын біздің концертіміздің 
мемлекеттік мәні зор», – деп А.В. Луначарский екінші рет 
жедел хат жібереді.
Осы жедел хат бойынша Әміре Мәскеуге барып, Мәскеудің
академиялық Үлкен театрының сахнасында Советтер 
Одағындағы барлық ұлттардан келген өнерпаздармен 
бірге сынға түседі. Сынаушы бәйге комиссиялары Әміреге: 
«Сахараның сар даласына сәулет берген тамаша әншінің сұлу 
әні бізді қатты сүйсіндірді. Кең даладағы көшпелі халықтың 
рухани күшінің ұмытылмас өрнегі деп атаса да болады», – 
деген бағаны береді. 


206
Мәскеу сыншыларынан мүдірмей өткен Әміре Совет 
Одағының өнерпаздарымен Париждегі дүниежүзілік 
этнографиялық концертке барады. Париж театрының 
сахнасында он бір рет ән салып, дүние жүзінен жиналған 
өнерпаздардың алдында екінші бәйгені алады. 
...Әміренің әндерін Парижде кімдер тыңдады және 
өзінің алған әсері туралы жазылған очерк-әңгімеден үзінді 
келтірейік.
«Әміре Қашаубаев бір будақ қағазды алдымызға тастай 
берді де: “Оқыңдар, осында бәрі де жазылған”, - деді.
Жоғарыда Луначарскийдің берген жедел хатынан бастап 
оқып едік, ол өзінің есіне қатты сақтаған бір құжатты оқытуға 
құмартып:
– Мынаны оқышы, – деді, онда Әміре он бір рет ән салды. 
Сол әндердің ішінде «Қарға», «Ағашаяқ», «Қараторғай», 
«Ардақ» атап көрсетіліпті. Дала халқының рухани байлығын, 
ән байлығын осы әндерден-ақ тануға болады деп жазыпты.
– Ойбай-ау, менің әндерімді кімдер тыңдады, соны 
оқысаңшы, - деді де, бізге өзінің белгі қойған қағазын 
көрсетті. Қағазда екі адамның фамилиясы бар екен. Ромэн 
Роллан, Анри Барбюс.
– Осы адамдар мен туралы кітап жазам дейді, рас, иә, 
мен олармен бірге үлкен биік мұнараның басына шықтым. 
Осында сол мұнараның аты да жазылған.
Оқып көрсек, ол мұнараның аты – Эйфель.
Әміре өткен өміріне өкініп, кенет жабырқағандай болды. 
Домбырасын алып, «Ағашаяқтың» бір ауызын айтты да, 
көзіне жас алды.
– Өй, Әміре, саған не болды?
– Жай, әншейін, әкем марқұмның мола күзетіп, менің 
тері күзеткен бақытсыз күндерім есіме түсіп кеткені... – деді 
де, қайтадан жайдарыланып, - я, тері күзетуден құтылып, 
Қаражанның атын айдаушы көшір болғанымда айына үш 
сом алушы едім. Әкем марқұм соны да қанағат етіп еді. 
Енді менің жалақым үш сом болмайтын болар. Осы сапар 
– менің бақытымның ашылған сапары. Луначарский мені 
шақырмаса, Мәскеуді көре алар ма едім? Мәскеудің ән-
күй мамандары менің әнімді бағаламаса, Парижде екінші 
бәйге алар ма едім, - деді де, әншілік жолының ашылғанына 


207
зор сенім білдіргендей болды». (Н. Ановтың Әміре туралы 
жинаған материалдарынан).
1925 жылы 25 қарашада Үкімет қаулысы бойынша 
Қазақтың ұлттық театры ашылатын болып, Қазақстан 
Халық ағарту комиссариатының арнап шақыруымен Әміре 
Қызылордаға келеді. Қазақ ұлт драма театрына әртіс болып 
алынады. 1926 жылы 13 қаңтар күні Қазақ театры өзінің 
шымылдығын Мұхтар Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасымен 
ашқанда, әнші Әміре Жапал рөлін ойнап, екінші бөлімінде 
астана жұртшылығының алдында өзінің әнін айтады. Театр 
шымылдығының ашылған күнінен бастап Әміре театрда жай 
ғана әртістің бірі емес, жас театрдың жанды афишасы, халық 
әндерінің небір саңлақ үлгілерін сахна арқылы халыққа 
таныстырушы, өзінен кейінгі жастарға ән үйретуші ұстаз 
болады. 1920 жылдан 1930 жыла дейін театр жөнінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет