Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст


(« аза әдебиеті» газеті, 1978 ж., 28 шілде.)



Pdf көрінісі
бет86/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   130
 (« аза әдебиеті» газеті, 1978 ж., 28 шілде.)
Мәдениет ЕШЕКЕЕВ,
Ә. ашаубаев атындаы облысты 
филармонияны әншісі, аза КСР-ы халы артисі.
ӘМІРЕНІ? ШӘКІРТІМІН
Мен қолыма домбыра ұстап, алғаш ән сала бастаған 
күнімнен Әміренің атағына тәнті болып, оны ұстаз тұтып 
өстім. Әкем Сейтжан ел арасындағы өнерпаздардың бірі 
болғандықтан, Әміремен, Қажымұқанмен сан рет пікірлес, 
дәмдес болған көрінеді. Қазір сексеннің бесеуіне келіп 


305
отырған анам Әйбике Тоқтарқызы да жас кезінде Әміренің
дауысын көп естіпті. Қазіргі Киров атындағы мәдениет және 
демалыс паркі ол кезде «Полковник аралы», ондағы қалың 
орман «Бабье тогай» атаныпты. Жаңа Семей жатағының 
тұрғындары бес үйден бірігіп, саба-саба қымыз, мал сойып, 
аралға шығып, Әміреге ән салдырады екен. «Орта бойлы, 
ақ маңдайлы, ботакөз адам болатын», – дейді. Гармоньды 
құлаштай тартқанда аспаптың қатпарлы қартасы қақ 
айрылып кете жаздайтын, әуелетіп ән шырқағанда тоғай 
жаңғырығып, терезенің шынысы дірілдеп, үйдің ішіндегі 
ыдыс-аяқ шылдырлап тұратын болған.
Бұл сөзді менің сүйікті ұстазым, Қазақ ССР-ы халық 
әртісі Жүсіпбек Елебеков марқұм да растайтын. Оның 
айтуы бойынша, Әміренің дауысы Манарбекке ұқсас, бірақ 
одан әлдеқайда күшті, зор болған. Әміренің дауысына жету 
үшін Ғарифолла Құрманғалиевтің дауысындай алты дауыс 
керек дейтін. Оның тамағында ауа қапшығы болған, әннің 
аса созылмалы жеріне келіп, шарықтау шегіне жеткенде 
күре тамырлары адырайып, алқымы ісіп, тамағы мойнымен 
тұтасып кеткендей әсер қалдыратын. 
– Жас кезім еді, - дейді Жүсекең Әміренің дауысын 
суреттегенде. – Қоянды жәрмеңкесінің маңында жылқы 
бағып жүргенмін. Бір күні кешкі мезгілде алыстан талып 
жеткен дауыс құлағыма шалынды. Басында қай жақтан 
шыққанын білмей аңырып қалдым да, ән әуенінің 12 
шақырымдай жердегі ауылдан екенін аңғарып, астымдағы 
атымның барлық шабысына салып тарттым. Келсем, бұрын 
көрмеген бір ақ сары адам қалың жұртшылықтың алдында 
әнді аңыратып отыр екен. Менің Әміремен алғаш таныстығым 
осылай басталды.
– Әміре домбырадан гөрі гармоньды көбірек қолданушы 
еді, - дейтін Жүсекең. – «Ағашаяқты» айтқанда «қарағым, 
айналайын, келдің қайдан-ай» деген жерін екі рет қайталап, 
небір әдемі өрнектерді, дыбыстық безендірулерді аямай 
жұмсайтын. Бұдан кейін дәл осы тұсты екі рет қайталап, 
әдемі өрнек салған әншіні кездестіргенім жоқ. 
Өз басым Әміренің репертуарындағы барлық 
әндерді айттым десем артықшылығы жоқ. «Ағашаяқ», 
«Балқадиша», «Дудар-ай», «Жалғыз арша», «Гауһар қыз», 
«Көк көбелек», «Бесқарагер» сияқты көптеген туындыларды 
республикамыздың барлық облыстарының тұрғындары 


306
тыңдады. Оларды орындағанда мен Жүсекеңмен ғана емес, 
Әміренің тікелей шәкірттері болып есептелетін Манарбек 
Ержанов, Рабиға Есімжанова сияқты өнер саңлақтарымен 
де көп пікірлесіп отырдым. Әнші біткеннің бәрі Әміреге 
еліктеп, оның репертуарындағы шығармаларды шырқауға 
тырысқанмен, соның бәрі сәтті бола бермейтін. Мәселен, 
«Жиырма бес» әнінің екі түрін Қали Байжановтан, «Үш 
досты» Манарбек Ержановтан артық орындайтын адам 
болған емес.
Мен – Әміре әндерін көпшілік арасына кеңінен наси хат-
таушылардың бірімін. Жүсекеңнің шәкірті болғандықтан 
ұстазыма көбірек еліктеймін. Осы дәстүрімнен күні бүгінге 
дейін танып көргенім жоқ. Әлі де содан айнымақ емеспін. 
Әміре әндерін орындағанда Жүсекең сияқты мәнерлеп, 
бедерлеп, өрнектей орындап, көпшіліктің жүрегіне жеткізуге 
тырысамын. Әзірше мұндай талпыныстарым жұртшылық 
тарапынан қолдау тапқан сияқты. 
Әмірені көзімен көріп, оның көптеген әндерін өзінің 
майда қоңыр дауысымен айтып отыратын әкемнің «Әміредей 
әнші, Исадай ақын, Қажымұқандай балуан тумас» деген 
сөзі есімнен кетпейді. Әміре татар халқының «Ғалиябану», 
«Баламышқин», «Оран» күйлерін сүйсіне орындаған. Бірақ, 
осы жанрда күні бүгінге дейін әншінің ізбасарлары көрінбей 
келеді. Әншілеріміз осы жағын да ескере жүрсе деген 
ойдамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет