Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст



Pdf көрінісі
бет89/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   130
ӨНЕРЛІ ЕЛІМ
Келемін ықыласын алып көптің,
Оң-солды, туған жерді танып кеттім.
Әлемдік әншіліктен жүлдені алған
Шәкірті Әміренің Қайыпбекпін.
Ұрпағы ол Орта жүздің Тарақты елі
Өрлікке өнерліні санап көбі.
Дауысы Ертіс, Іле толқынындай,
Аңғарлы Әміре аға талантты еді!
Жаралған жан емеспін нәзік қолды,
Жүремін естен кетпес жазып жолды.
Үйренген ұстазымнан ән өнері
Жетерлік өміріме азық болды.
Таңдантып, тыңдаушысын ойға бүркеп,
Шырқайтын күнді қосып таңға тіркеп.
Астарын өлеңінің әнмен ашып,
Жүйріктей қыза шапқан алға сілтеп.
Абай мен Шәкәрімдей кемеңгерін,
Пір санап, жатқа айтатын өлеңдерін.
Алыстан ат терлетіп келуші еді,
Тыңдауға Әміресін өнерлі елім.


317
Әміре өнеріне табынамын,
Содан да орнаса да жаныма мұң.
Бейнесі асыл аға көз алдымда,
Мен оны өмір бойы сағынамын.
Бұл өлеңнің мазмұнын ұйғырша өзі қара сөзбен түсіндірді, 
тыңдаушылары риза болды. Осы сәтте қос қоңыр ат жегілген, 
сәнді орындарына кілем төселген арбаны Оразқан мырза 
әкелдіріп, Қайыпбекті қасындағы екі жолдасымен ауылына 
қонақ етуге әкетті. Ауылына, яғни, Нылқы ауданының 
Көкқайқы жайлауына апарып, елін жинап, әншінің әнін 
еліне тыңдатады. Бірнеше күн мейман етіп, үшеуіне үш ат 
жетелетіп, иықтарына асылдан тон жауып, Қайыпбектің 
өзіне он айғырдан шыққан биесімен, бір қоңыр айғырымен 
сыйлапты. Жылқышылары асау биелерден беріп қоя ма 
деп, өзі жылқышыларына былай депті: «Мініске жарайтын 
жуасыған жас биеден, айғыр да бас білген жуас болсын. 
Асауды үйрету өнер адамына ауыр болады». Ермек есімді 
бір жылқышысын қосып айдатып, Қайыпбектің ауылына 
әкелдіріп бергенін айтушы еді Қайыпбек ағаның өзі. Бай 
адамның осындай өнерді, өнерліні құрметтейтінін көргенім 
осы деуші еді. 
Әнші Дәнеш Рақыш Қайыпбекке сәлем беріп: – “Аға, 
қуанышты хабар, ақын Таңжарық Шығыс Түркістанның 
үкімет бастықтарына кіріп, гоминдаң түрмесіне кетер 
алдында құрған қазақ өнерпаздарын қайта құрып, он бес 
адамға жалақылы кадр алуға рұқсат алыпты. Ішінде сіз 
де, мен де бармын... Үйірменің көркемдік жағын басқаруға 
Темірғали Нүсіпті, есепшілікке Қажыбайды белгілепті. 
...Ертесінде Іле газетіне қазақ өнер үйірмесінің 
құрылғаны туралы үкіметтің жарлығы шықты. «Қайыпбек 
пен Дәнештің концерті болады» деген құлақтандыру ілінді 
көшелерге. Билет бір күнде сатылып бітіп, көрермендер 
орынсыз тұрып көруге ала бастапты. Көрерменнің көптігінен 
концертті екінші күнге жалғады. Себебі, 1938 жылы 
Таңжарықтай әр ұлттың өнерлілерін Шиңшицәй түрмеге 
алған соң, ұлттық өнер үйірмелері жабылып қалған. Халық 
қаптап жиналды, ауылдардан келген ел қаншама. Бұл 1948 
жыл еді. Ұйғырлар, татарлар концерт қойғанда да Қайыпбек 


318
пен Дәнешті араларына қосып алатын. Ол кезде қазақ, ұйғыр, 
татарлар бір-бірінің концертіне таласа баратын. Мұңы мен 
сыры бір ел бір-бірінің өнеріне үйір еді. Мен 1949 жылы 
гимназияны бітірген соң, Қазақ өнер үйірмесіне жас әнші 
қатарында жұмысқа алды. Қайыпбек, Дәнеш ағайлардан 
ән өнерінің орындау шеберлігін үйрендім. 1950 жылы 
Үрімжідегі біржылдық саяси курсқа оқуға кеттім.
1952 жылы Пекиннен Кореяға материалдық және 
мәдени көмек көрсетуге арнайы мамандар келді. Өнер 
үйірмесіндегі әр ұлттың өнерпаздарын және аймақтардан 
шақыртты. Іледен әнші Қайыпбек те бар. Қайыпбек қазақ 
әндерімен қоса, корей, ұйғыр, хансу, татар әндерін де 
орындауы керек болды. Сол ұлттардың кейбір әндерінің 
әуенін сақтап, сөздерін қазақшаға аудардық. Концерттік 
бағдарламамен Кореяға сапарлары сәтті аяқталып, 
Қытайдың ірі қалаларында өнер көрсетіп, Үрімжіде есептік 
концерт берді. Өнер үйірмесінде санаулы адамға концертке 
баруға билет берді. Сол қатарда маған да үлесті орын тиді. 
Шыңжаңның бірінші партия хатшысы генерал Уанжың, 
тағы басқа құрметті адамдар отырды. Уанжың Қайыпбектің 
өнеріне таңданып, мәдениет министрі Бұқара Тышқанбаевқа: 
«Мен оған полковниктік шенмен әскери ансамбльге алуға 
бұйрық берейін. Қайыпбекті үйімен Үрімжіге алдыралық, 
үйін де, көшуін де әскери орын көтереді», – депті. Бұқара 
Қайыпбекке Уаңжыңның сөзін айтқанда, ол үйіне барып 
бала-шағасымен ақылдасып келейін, келуге бел байлайтын 
шығармын деп кетіп, Құлжаға үйіне барған соң бір жеті 
ауырып, соқыр ішегі жарылып кетіп, кенеттен қайран әнші 
қайтыс болыпты. Оны естіген Уанжың Шыңжаң радиосынан: 
«Қайыпбектің әнін жазып алдыңдар ма?» – деп сұрайды. 
Жоқ, жазып алмаған. Сол жерде кадрлер басқармасына 
телефон соғып, радионың басшылығына бұлбұл мен қораздың 
дауысын ажырата алмайтын кещені қойдыңдар деп шара 
қолданады. Осыдан кейін Шыңжаң радиосының мамандары 
бір екшеліп қалған еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет