Бағдарламасы бойынша шығарылды Құрастырған және алғы сөзін жазған Қанипаш Мәдібаева Қанайұлы Ш. Қ 34



Pdf көрінісі
бет36/40
Дата26.12.2023
өлшемі3,79 Mb.
#144373
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Құрбанғали Халид. Тауарих хамса (Бес тарих). – Алматы: 
Қазақстан, 1992. – 304 бет.
2. Шортанбай. Толғаулар, айтыстар, дастан. – Алматы: Айқап, 
1993. – 80 бет.


368
3. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 240 бет.
4. Калыгул Бай уулу (Элге кенен тараган ырлар жыйнагы). – Биш-
кек: Китеп, 1992. – 48 бет.
5. Сағындықұлы Б. Ғаламның ғажайып сырлары. – Алматы: 
Ғылым, 1997. – 296 бет.
6. Василий Радлов. Алтын сандық. – Алматы: Ана тіл, 1993. – 
256 бет.
7. Қазақ Совет энциклопедиясы. 1– Том. – Алматы: ҚСЭ Бас ре-
дакциясы, 1972. – 648 бет.
8. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – Алматы: Мектеп, 1969. – 
244 бет.
9. Қабдолов З. Әдебиет теориясының негіздері. – Алматы: Мек-
теп, 1970. – 379 бет.
10. Қанайұлы Шортанбай. Қайран халқым. – Алматы: Раритет, 
2002. – 216 бет.
11. Арыстанбек. Ырлар. – Бишкек: КЭ Башкы ред., 1994. – 180 бет.
12. Муфтий Равиль Гайнутдин, Марат Муртазин. В молитве спасе-
ние. – М.: Московская типография № 9, 1998. – 64 с.
Самал Дәрібайұлы
ШОРТАНБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ 
ШАРИҒАТ ЗАҢДАРЫ
1
Дүниедегі әр жаратытылыс тек Алланың шеберлігі мен 
шексіздігін, құдіреттілігін еске салушы. Фәни дүние – пендеге 
Алланың құдіретін, жаратылыстың сырын тану үшін берілген 
тамаша мүмкіндік қана емес, халифалыққа лайық қызмет 
етуге арналған сынақ өмір. Себебі, адам баласы жер бетіндегі 
өзінің осы ұлы миссиясын жете түсінбейінше, жан азығынан 
гөрі тән азығына сұраныс көбірек болады. 
Он сегіз мың ғаламның жаратылуы туралы пайымдаула-
ры сөз асылын саралаған ақын-жыраулардың Құран аятта-
рын терең түсініп тәпсірлегенін көрсетеді. Діни тақырыптағы 
өлең – толғауларында олар өз тыңдаушысын алдымен «бізді 
кім жаратты?», «не үшін жаратты?», «жаратылысымыздың 
мақсаты неде?» деген сауалдарға жауап іздеуге шақырады. 
Соның бірі – ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі 
1
Мақала жинаққа арнайы әзірленді. – 
Құраст.


369
Шортанбай Қанайұлы. Заманның зарын жырға қосқан Шор-
танбай өз оқырманына:
Алақандай ай мен күн –
Ғаламның орта жарығы,
Жаббардың екі болмайды,
Әмір қылған жарлығы,– [1, 275 б.]
деп Алла әмірімен болған істің мінсіздігін мойындай отырып 
мақұлдата, тыңдата отырып таңырқата түседі. Жаратушының 
жер бетіндегі тіршілікті мән-мағынасыз емес, пенделерінің 
игілікті ісі үшін тарту еткенін ақын осы шумақпен-ақ 
салмақтаған.
Жаратылыс – Алланың адам игілігі үшін тартқан ғажайып 
сыйы болса, сол игіліктің қайтарымы адам баласының има-
ны, Алланы нұрлы жүрекпен тануы болмақ. Өзіне арналған 
нығметтің қадірін біліп, шын жүрегімен Жаратушы жүктеген 
парыздарды өтеу, таза ниет – барлық игілік пен ізгіліктің ба-
стауы. Бұл дәрежеге рухани кемелденген пенде ғана лайық. 
Орта ғасырдағы «кемел адам», ақын-жыраулар поэзиясында 
«жақсы адам», ал кейін қазақ поэзиясында Абай айқындай 
түскен «толық адам» түсінігінің темірқазығы да – халифалық. 
Адам адам болып жаратылғандығы үшін ғана халифалық 
деңгейге көтеріле алмайды. Жаратылыс мәні тек жүрек көзі 
ашылғанда ғана мағыналы және оны Алланың халифасы 
дәрежесіне лайық болуға бұл дүниеде еткен амал-әрекетінің 
ғана жетелейтіні хақ. 
Алла Тағала Жер жаһанда жаратылған барлық нәрсені 
Адамға бағынышты етіп, оны өзге тіршілік иелеріне 
бұйырмаған ерекше құрметке бөледі. «Расында Адам бала-
сын ардақтадық... Әм оларды жаратқандарымыздың көбінен 
неқұрлым артық жараттық» (Ісра сүресі, 70 аят) [2] дейді 
Жаратушының өзі. Сондықтан да Адам баласының тіршіліктегі 
ең абыройлы міндеті өзін Жаратқан Иесіне құлшылық ету, 
бағыну. 
Ұлт рухын көтерудің ең негізгі алғышарты - Аллаға 
мойынсұну, Оның әмірімен болған жаратылыстың сырына 
үңілдіру екенін терең түсінген Шортанбай Қанайұлының за-
ман райына алаңдаушылық білдіріп айтқан:


370
Атамыз – Адам пайғамбар,
Топырақтан жаралды.
Мұсылман, кәпір халық боп,
Сол Адамнан таралды.
Бір-біріңе беріскен,
Дәм мен тұзың халалды.
Ұрлық пенен қорлықтан,
Өтірік, ғайбат, зорлықтан
Бойыңды тартып тек жүрсең,
Көрмессің деген залалды.
Белгісі деген бейіштің
Жазғы салқын самалды.
Тәркі деген тамұқтың
Қысқы суық амалды, – [3,74 б.]
деген өлең жолдары да жоғарыдағы аяттардың тәпсірі бо-
латын. Өлең-толғауларында шариғат шарттарын кеңінен 
насихаттаған ақынның шығармаларына Адам Ата мен 
Хауа Ананың мәңгілік жұмақтан қуылып, қиындық көрген 
оқиғасы да өзек болған. Ақын «бойыңды тартып тек жүрсең, 
көрмессің деген залалды» деген пайымдауымен Адам Ата мен 
Хауа Ананың ібілістің азғырғанына еріп Алланың қаһарына 
ұшырағанын меңзейді. Бұл оқиға жөнінде Таһа сүресінің аят-
тарында: «Сонда Адамға: «Күдіксіз осы, саған да, жұбайыңа 
да дұшпан. Екеуіңді жанаттан шығарып жібермесін. Сон-
да машақат тартасыңдар» дедік». (117); «Ақыр шайтан оған 
азғыру жүргізіп: «Әй, Адам! Саған мәңгілік ағашын және та-
усылмайтын салтанатты көрсетейін бе?» – деді. (120); «Сон-
да екеуі одан жеді. Дереу ұятты жерлері көрінді.Сондықтан 
екеуі де жаннаттың жапырақтарын жаба бастады. Адам 
(Ғ.С.) Раббына күнәкәр болып, жолдан тайды».(121) деп 
баян етіледі. Құран аяттарында берілгендей, Алла Тағаланың 
бұйрығын орындай алмаған Адам Ата мен Хауа Ана жұмақтан 
қуылып, көптеген сынаққа ұшырады. Адам баласының түрлі 
қиындықтарға ұшырауы да осы кезеңнен басталған. Сол 
секілді Адам Ата мен Хауа Ана тұрған пейіштің «жазғы салқын 
самалындай» болып суреттелуі осы сүренің 119 аятындағы 
«Сондай-ақ шөлдемейсің де күннің ыстығы өтпейді» деген 
жолдарды еске түсіреді.


371
Шортанбай ақын діни тақырыптағы өлеңдері арқылы 
адамзат баласының Алла аманатына адал, пендешіліктен ада 
болуын арман етеді. Иманы кәміл пендені ғана заманның за-
уалы мойыта алмасын алға тартады. М.Әуезов атындағы 
Әдебиет және өнер институтында дайындалған «Қазақ 
әдебиетінің тарихы» атты академиялық жинақта берілген 
«Шортанбай азып-тозған заман жайын сөз еткенде де, өзінен 
бұрынғы діндар ақындардың ой-пікірлерін басшылыққа алып 
отырды. Ол өз жырларында «сопыаллаяр» кітабын жиі атап, 
соған жүгіне сөйлесе де, көптеген толғауларында Қожа Ах-
мет Иассауидің бағыт-бағдарынан әсте бір ауытқымайды. 
Бұл дүние мен ол дүниенің мән жайын әңгіме еткенде де, 
сол төңіректен табылатынын көреміз. Ақын жырларының 
асыл табиғаты өзіне ұстаз тұтқан Қожа Ахмет Иасауиден 
аулақ кетпейді, көбіне көп солармен үндес, мазмұндас». [4, 
204 б.] деген тұжырым да жоғарыда айтылған пікірді бекіте 
түсері сөзсіз. Жалпы, «зар заман» деп айдар таққан кезеңде 
қазақтың қамкөңіл көңіліне медеу болар тіректің Жаратушы 
Алладан ғана боларын ақын терең сезінді. Ата дәстүрдің та-
мырына балта жүзі тие бастаған шақта ақын алты алаштың 
баласын адастырмас жалғыз жол тек шариғатпен ғана келерін 
айқындай түсті. Белгілі әдебиеттанушы ғалым Қ.Мәдібай 
да ақын шығармашылығы жөнінде: «Шортанбай әлеміне 
оңаша ой бөліп, жүрекпен, сезіммен келгенде ашар сыр аз 
емес. Оның өлеңі адам баласының опасыз жалған дүниеден 
іздегені мен тапқанын, тіршілікке тірек етер мұрат-мақсатын 
көлденең тастайды. Жаратылыстың ештеңеге бағынбайтын 
өктем, ұлы заңдарын мойындатады» [5, 156 б.] деген пікір 
білдіреді. 
Хандық институт тұсындағы жыраулардың соңғы өкілі 
ретінде танылатын Бұқар Қалқаманұлының «Бес уақытта 
бес намаз, біреуі қаза қалмасқа» деген өсиетін кейінгі сөз 
маржанын терген ақын-жыраулар да жалғастырып, пенде 
тіршілігіндегі ұлық амалды ардақтайды. 
Құбылаға бас қоймақ –
Мұсылманның тарығы.
Ораза, намаз қылғанның
Көңілінде құдай барлығы, – [6,275 б.]


372
деп толғаған Шортанбай Қанайұлы пәни дүниеде дін 
исламның адамзат баласына арналған парыз амалдары-
нан артық үлкен сый жоқ екенін меңзейді. Ақын енді бірде 
пәниден бәрзаһқа көшкен пенденің жалған тірлікте біліп-
білмей істеген күнәларына қалқан болар жалғыз медет тек 
намаз – оразадан ғана болатынын да:
Сираттың желі соққанда,
Ораза – намаз панаң-ды, – [6, 277 б.]
деп ескертеді. Шортанбай ақынның пәни тірлікте орындаған 
қасиетті парыздардың қиямет күні пана болатынына жама-
ғатты ұйытуы сол тұстарда көбейіп кеткен аятты өмірден 
көрмейтін дүмше моладалардың уағызына қарағанда 
әлдеқайда тиімді болды.
Жоғарыда келтірілген мысалдардан Шортанбайдың на-
маз, ораза парыздарына ерекше ықыласпен мән бергенін 
аңғару қиын емес. Ол мұсылманшылықты жайдақ насихат-
тауды мақсат еткен жоқ. Керісінше қасиетті Құран Кәрімнің 
әр сүресіне, әр аятына тәпсір жасай отырып, өз оқырманына 
Алла аманаттаған парыздарды түсіндіріп, оған ұйытуды 
көздеді. Ақын өлеңдерінде айтылған ойлар ардақты пайғам-
барымыз Мұхаммед(ғ.с)ның өсиетімен сабақтаса отырып 
тыңдаушы жамағатқа тұнығы бұзылмай жетті. 
Алланың сүйген құлының қатарынан көрінуді армандаған 
мұсылман – уа-л йаумил ахири-фәнидің ең ақырғы күні бо-
латынына сенеді. Қасиетті Кітапта ақырет күні туралы көптеген 
аяттарда баяндалады және Қиямет атты сүре де түскен. Де-
генмен қиямет күнінің нақты қашан болатынын дөп басып 
айту мүмкін емес. Ол тек Жаратушының құзырында. Бұл тура-
лы Ағраф сүресінің 187 аятында: «(Мұхаммед ғ.с) олар, се-
нен қияметтің қашан болатындығын сұрайды: «Шынында 
оның мәліметі Раббымның қасында. Оның мезгілін Ол ғана 
білдіреді. Көктер мен жердегі ауыр жағдай (қиямет ) сен-
дерге кенеттен-ақ келеді» де. Сен оны зерттеп отырғандай-
ақ сұрастырады. Шынында оның білімі Алланың қасында, 
бірақ адамдардың көбі оны түсінбейді» де» делінген. Сол 
секілді Имам Муслим риуаят еткен Мұхаммед ғ.с. хадисінде 
де «Сұралушы Қияметтің басталуы туралы Сұраушыдан 
артық білмейді» деп түсіндіріледі. [7, 81 б.] Пайғамбарымыз 
бұл жауапты Қиямет күнінің нақты мерзімін білгісі кел-


373
ген Жәбірейіл (ғ.с.) періштеге бағыштап айтқан. Соны-
мен бірге ұлы пайғамбарымыз Мұхаммед (ғ.с.) Жәбірейіл 
(ғ.с.) періштенің сұрауына орай ақырғы күннің алдындағы 
белгілерді де ескертеді.
Ақын – жыраулардың толғауларында бұл күн қиямет 
күні, таразы күні, ақырет күні, ақырзаман, сират күні, Ара-
сат күні деп айтылады. Сол секілді ақырғы күннің қалай бо-
латыны мен оның мезгілінің жақындау белгілерін Құран аят-
тарына сүйене отырып тәпсірлейді. «Ақырет күні – адам-
дар қабірлерінен тұрып, мына фәни дүниеде істеген амал-
дары үшін Аллаһ Тағалаға жауап беретіен күн. Ол күні Аллаһ 
Тағаланың жарылқауына лайық болғандар жәннатқа барып, 
Аллаһ Тағаланың азабына лайық болғандар тозаққа душар 
болады.» [7, 75 б.]
Қасиетті Кітаптың Қиямет сүресінде бұл күн туралы бы-
лай дейді: «Адам баласы, біз сүйектерді жинай алмай-
ды деп ойлай ма? (3). Әрине, оны саусақтарының ұшына 
дейін қайта жасай аламыз (4). Бірақ адам баласы күнәні 
жалғастыра бергісі келеді. (5) «Қиямет күні қашан болады?» 
– деп сұрайды (6). Қашан көз шағылысқан (7), Ай тұтылған 
(8), Күн мен Ай бір араға келтірілген кезде .(9). Адамдар сол 
күн : «Қашар жер қайда?»,- дейді.(10). Жоқ, әсте пана жоқ.
(11). Ол күнгі тұрақ- Раббыңның алды. (12). Сол секілді Нәбә 
сүреснің 17-28 аяттарында да осы күні адамзат баласының 
Жаратушының алдында өз істеріне есепке шақырылатыны 
жөнінде: «Расында билік күні, белгілі болған бір мерзім. Сүр 
үрілген күні, топ-топ келесіңдер. Көктер сетінеп есіктер пай-
да болады. Таулар жүргізіліп, сағым болады. Әлбетте тозақ 
күтіп тұрады. Олар онда салқындамайды да сусын татпайды. 
Азғындардың барар жері. Олар онда ғасырларша тұрады. 
Олар онда салқындамайды да сусын татпайды. Бірақ қайнап 
тұрған су және ірің ішеді. Қылмыстарына сай бір жаза. 
Өйткені олар, есепке тартылуды ойламаған еді. Аяттарымыз-
ды мүлде жасынға шығарған еді» делінген болатын. Шортан-
бай Қанайұлы да қиямет күнін адамзат баласының Алла ал-
дында жауапқа тартылар уақыт ретінде :
Дүние деген осы ғой,
Жалғыз маған ерді ме


374
Не деп жауап береміз
Қияметтің күнінде? – 
деп көкірегінде иман нұры бар барша жұртқа сауал қояды. 
Ақын тағы бір өлеңінде:
Сөзім қалсын артымда,
Бір күн болар қиямет.
Дұға қылып, қол жайғай
Мұны естіген әлеумет,– 
деп ақырғы күннің Алла Тағаланың қалаған уақыты болаты-
нын нақтылай түссе, енді бірде:
Сауысқан, ала қарға-құстың құлы,
Басталар ақырзаман жылқы жылы,–
деп қиямет күнінің болатын мезгіліне болжам жасай-
ды. Бұл ретте ақын болжамын ел басындағы ауыр нәубетті 
заманақырға теңегенінен деп түсінгеніміз абзал. Әрине, 
ақынның ақырет күнінің уақытын болжауы діни тұрғыдан 
қайшы. Біз оның себебін жоғарыдағы Мұхаммед пайғабарға 
(ғ.с.) қатысты мысалда айтқан болатынбыз. Дін ғұламалары 
қиямет күнінің жақындауы мен өткен белгілерін Құран аятта-
рына немесе Мұхаммед (ғ.с) ның хадистеріне сүйене отырып 
баяндағанымен, оның нақты мерзімі Аллаға ғана аян.
Жалпы, зар заман ақындарының шығармаларында ақырғы 
күннің қай уақытта болатындығына болжам айту немесе оның 
белгілерін топшылау сарыны байқалады. Бұл жөнінде ғалым 
Б.Омарұлы: «Зар заман поэзиясындағы ақырзамандық сарын 
екі түрлі ыңғайда байқалады. Соның бірі - «заманақыр таян-
ды, қауіп қатер жақындады» деп топшылау, екіншісі – «зауал 
келді, нәубет басқа түсті, демек ақырзаман дегеніміз осы» де-
ген түйін. Алғашқысы болжал өлеңдермен сабақтас, соңғысы 
- айналасындағы құбылыстардан жеріген ақындық көңіл 
күйдің көрінісі» [8, 100] деген пікір білдіреді. Біз де ғалым 
пікірін қуаттай отырып, ақын-жыраулардың шариғаттың 
шырқы бұзылған уақыттағы ұрпақ болашағына деген 
алаңдаушылығының бекер болмағанын бағамдаймыз.
Қазақ әдебиетінің тарихында «кітаби ақындар» деген ат-
пен танылған сөз зергерлерінің шығармаларында қия мет 
күніне қатысты тұжырымдар нақты Құран аяттары арқы-


375
лы тәпсірленген. Олардың туындыларында эмоциялық кө-
ңіл күйден гөрі, Алла Тағаланың аяттары салмақты ой-
мен сараланған. Бір ескерер жай, Шортанбай Қанайұлы, 
Дулат Бабатайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Албан Асан сияқты 
ақындардың шығармаларында ақырғы күннің жақындауының 
белгілері көбірек айтылса, Тұрамағмбет, Қарасақал Ерім бет, 
Шораяқтың Омары секілді ақын-шайырлардың шығарма-
ларында қиямет күнінің қандай сипатта болатыны Құран 
Кәрімнің аяттары негізінде жырланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет