Пайдаланған әдебиеттер:
1. Бес ғасыр жырлайды. Алматы, Жазушы. 1 том. 1989.
2. Құран Кәрим. Қазақша мағына және түсінігі. Аударған: Халифа
Алтай. Сауд Арабиясы: Фаһд патшаның Құран Шәриф Басым ком-
бинаты, 1991.
3. Шортанбай Қанайұлы. Зар заман. Алматы: Жалын, 1993.
4. Қазақ әдебиетінің тарихы. ХІХ ғасырдың бірінші жартысы.
(1800-1850). 10 томдық. 4 том. Алматы: 2005.
5. Мәдібай Қ. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Алматы. Қазақ
университеті. 2001.
6. Шортанбай. Толғаулар, айтыстар, дастан. Алматы: Айқап,
1993.
7. Ислам және иман негіздері. Алматы: Халифа Алтай халық-
аралық қайырымдылық қоры. 2007.
8. Омаров Б. Зар заман поэзиясы. Алматы: Ғылым, 2000.
Раушан Әбдіқұлова
ШОРТАНБАЙ АҚЫН МҰРАСЫН ЗЕРТТЕУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
1
Қазіргі таңда XIX ғасыр әдебиеті жөнінде іргелі еңбекте-
рімен танылған зерттеушілердің бірі – профессор Қанипаш
Мәдібай. Ол өзінің «XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті» (2001)
атты оқу құралында аталмыш тарихи дәуір әдебиетін зерт-
теп-зерделеудегі мақсатын айқын танытады. Еңбектің алғы
сөзінде автор: «XIX ғасыр әдебиеті көп жанрлы, алуан үлгідегі
1
Мақала жинаққа арнайы әзірленді. –
Құраст.
376
әдебиет. М.Бахтин әдебиеттің тарихын дәуірлеуден гөрі,
жанрлардың туып-жасауы, көркемдік дәстүр эволюциясы
көбірек мәнді екендігін өткен ғасырдың 20-жылдарында-
ақ айтқан еді»(1,14),– дей келіп, ұлттық әдебиетіміз жаңа
сапада бой көрсеткен дәуірдің мол мұрасын тұтас жүйеде
қарастырып, оның тарихнамасын жасауда жанрлық тұрғыдан
терең жүйелеудің маңыздылығын көрсетеді. Осы тұрғыда
автор оқу құралында XIX ғасыр әдебиетіндегі өлең үлгілерін:
«I тарау. Қисса өлең. II тарау. Тарихи өлең. III тарау. Ән өлең.
IV тарау. Айтыс өлең. V тарау. Зар заман өлең », – деп бөледі.
Еңбекте зерттеуші XIX ғасыр әдебиетін зерттеу ісіне
тоталитаризмнің кері ықпалдары болғанына қарамастан,
оның шынайы көркемдік сапасын бағалаған тұжырымдарды
алға тартады. Ол ең алдымен, Х.Досмұхамедұлының, М.Әуе-
зовтің, С. Мұқановтың XIX ғасырда жазба әдебиет тууы жай-
лы тұғырнамаларынан бастау алғандығына көз жеткізеді.
Х.Досмұхамедұлының авторлық әдебиетті XIX ғасырдың
бірінші жартысынан басталады деп жобалап, оны халық
поэзиясының діни және ғибраттық түрлерінен іздегендігіне,
халық әдебиетінің хатқа түсірілу, жинау мен аудару жайлары-
на байланысты пайымдарына назар аудартады. М. Әуезовтің
жазба әдебиеттің зар заман ақындарынан бастау алғандығы
жайлы тұжырымына айрықша тоқтала келіп: «М. Әуезов
түрлі саяси күйдің әдебиетке жаңа сарындар, әлеуметшілдік,
азаматтық бағыт әкелгенін айтты» (1,6),– деп жазады.
Сондай-ақ, зерттеуші Қ.Мәдібай С.Мұқановтың «Қазақтың
XVIII-XIX ғасырлардағы әдебиеті тарихынан очерктер»
еңбегінің құнды қырларын аша түседі. С.Мұқановтың XIX
ғасыр әдебиетін кезеңдерге жіктеп, айтыс үлгілеріне айрықша
мән бергендігін, Махамбет, Кенесары қозғалыстары өзек
болған шығармаларды терең талдап, сол тарихи жағдайлар
шындығын батыл бағалағанын танытады. Рас, XIX ғасыр
әдебиетінің көркемдік құбылыстары жоғарыда сөз болған ай-
тулы үш тұлғаның ғана еңбектерінде тұжырымдалып қоймай,
бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді.
Әдебиеттану ғылымының үздіксіз дамып отыруы жаңа
бағытты зерттеулерді молайта берері анық. Біз сөз етіп
отырған зерттеу еңбегін осы санатта қарастыруға болады.
Алайда, автор өз зерттеуіне XIX ғасыр әдебиетінің болмыс-
377
бітімін, бағыт-бағдарын, көркемдік құндылықтарын зерде-
леген еңбектерді әдіснамалық негіз етіп алады. Сөйте тұра,
зерттеуші «XIX ғасыр әдебиеті сол дәуірде жасаған әдеби
жанрларды саралауға, көркемдік-саяси ағым, бағыттарды
қарастыра, айқындай түсуге әлі де зәру»(1,9),– деп жаза-
ды. Профессор Ханғали Сүйіншәлиев жазған кейінгі оқу-
лықтарда зәру мәселелердің ескерілгеніне ой тоқтатады.
Әсіресе, белгілі ғалым Құлмат Өмірәлиевтің XIX ғасырдың
орта тұсындағы қазақ поэзиясының көркемдік қырларын
танытқан теориялық тұжырымдарын жоғары бағалайды.
Оны «XIX ғасыр поэзиясын жанрлық, стильдік тұрғыда
мүлде жаңа сапада, таза теориялық талаптар тұрғысынан
арнайы, алғаш қарастырушы» ретінде танытады (1, 12).
Сондықтан, XIX ғасыр әдебиеті жөніндегі зерттеулерде «зар
заман» әдебиетінің айтулы өкілі Шортанбай Қанайұлының
шығармашылығы ауызға алынатыны хақ. Қ.Мәдібай біз
сөз етіп отырған «XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті» атты
зерттеуінде сол еңбектердің ешқайсысын сырт қалдырмай,
ғылыми зерде көзінен өткізіп, уақыт өткен сайын әдеби
мұраға көзқарасымыздың тыңайып келе жатқанын пайым-
дайды. Солай болғанмен де, әрідегі Әуезов секілді ғалымдар
«зар заман» әдебиетінің айтулы өкілі деп таныған Шор-
танбай ақын мұрасының профессорлар Б.Кенжебаев пен
Х.Сүйіншәлиев құрастырған 1990 жылғы «Қазақ әдебиеті та-
рихы» бағдарламасында «XIX ғасыр әдебиетіндегі халықтық
шығыстық сарындар» атты бөлімде қарастырылғанын (1,11)
атап көрсетеді. Дегенмен, бұндай шарттылықтардың негізсіз
еместігін әдеби үдерістің «шекара, шектің жөніне көне
бермейтінімен» түсіндіреді. Демек, ғалым Қ.Мәдібай атал-
мыш дәуір әдебиеті өкілдерінің «репертуарында поэзияның
бірнеше жанрына тән мұралар болды» деген Қ. Өмірәлиевтің
жанрлық тұрғыдағы тұғырнамасына табан тірей отырып, оны
зар заман әдебиетіне де, Абайдан бергі әдебиетке де қатысты
айтуға болатынын межелейді (1,12). Қ.Мәдібай Құлмат
Өмірәлиевтің аталмыш ғасыр ақындарының бір тобын
өлең үлгілеріне қарай жіктегенде, әрі суырып салып ауызша
шығаратын, әрі жазып шығаратын екі топқа қатар телігенін,
«Дулаттың соңын ала шыққан» Шортанбайды зар заман жай-
378
лы толғаулар тудырған «бөлек тұрпатты ақындар» санатына
қосқандығына шүбә келтірмейді.
Зерттеу еңбегінде Қ.Мәдібай Шоқан, Радловтардан бас-
тау алған XIX ғасыр әдебиетін өлең үлгісіне қарай жүйелеу
үрдісінің А.Байтұрсынов зерттеулеріне қазық болып, Х.Дос-
мұхамедұлы, М.Әуезов, С.Мұқанов тұсындағы зерттеулер-
де дамып, Х.Сүйіншәлиев, Ә.Қоңыратбаев еңбектерінде
орнығып, З.Ахметов еңбегінде айрықша негіздемелермен
ашылғанын, Қ.Өмірәлиев зерттеуінде жаңа бағытта өрісте-
генін кең ғылыми пайыммен танытады. Әйтсе де, бағалауды
бағалаудың оңай болмасы анық, Қанипаш Мәдібайдың
ғалымдық қарымы, сарапкер сыншылық қабілеті осы орай-
ларда айқын төбе көрсетеді.
Қ.Мәдібайдың аталмыш еңбегінің V тарауы «Зар за-
ман өлең» деп аталатынын жоғарыда ескерткен едік. Осы
тараудың бір бөлімін ғалым Шортанбай ақын шығарма-
шылығына арнайды. Дегенмен, ғалымның осыған дейінгі
1993 жылы Кәмел Жүністегімен бірге құрастырған «Шор-
танбай жырау» атты жинаққа жазған алғысөзіндегі салиқалы
пікірлерін аттап өтуге болмас. Бұнда да, ол М.Әуезов «зар за-
ман» деп атаған дәуірдің өкілі Шортанбай ақынның өлеңі
сан мәрте уақыт таразысына тартылып, «шын салмағы уақыт
таразысының өлшем мөлшерінен ауыр түсіп» жатқанын
бағамдайды (2,4). Шынында да, зерттеушілер дүниеден
озғанына бір ғасырға жуық уақыт өткен Шортанбай мұра-
сының әр кезде-ақ саясат салқыны тигеніне қарамастан,
көркемдік құндылықтарын жоғалтпағанын, керісінше әлеу-
мет тік маңызының асқақтай түскенін айғақтайды. Қ.Мәді бай
осы тұрғыда: «Шортанбай өз уақытының, қазақ қоғамындағы
қасіреті мол дәуірдің қалың қара бояуын өлеңге көшірді.
Халқының айдағанға көнбес асау мінезін аңсады, ар-
намысын жоқтады. Қатпар-қатпар сұмдығы көп зымиян
үстемдікке бар дауыспен қарсылық айтты. Сөз семсерін сер-
меді. Ту сыртыңнан келіп білдірмей басып, тыпыр еткізбей
көгендеп тастаған опасыздықтың уын ішті. Жанталас шақтың
жан айқайы болып, аспанға шапшыды. Уды умен қайтарып,
ащы зар төкті. Шыр айналған опасыз жалған дүниенің
ұстараның жүзіндей өткіріне жүзін тосты» (2,9),– дейді.
Ғалымның осы байлам, түсіндірмесі Шортанбайдың неліктен
379
«зар заман ақыны» аталғанын айғақтап қана тұрған жоқ.
Шортанбай шындығын жанұшыра қорғаған қай ғалымның
да қайраткерлік болмысын танытпай ма? Сондықтан да ол
аталмыш жинаққа берген алғысөзінде: « Енді бізге «Зар за-
ман ақындары» деген айдар төңірегінде тәжікелеп, бірдеңені
ұғындырып, дәлелдеудің, сипақтаудың қажеті жоқ. Та-
рих бізді ол екіжүзділіктен құтқарды» (2,9),-деп тәуелсіздік
тізгінін қолға алғанымызға шын қуанышын сездіріп өтеді.
Сөйтіп, танымал ғалым Қанипаш Мәдібай Шортанбай ақын
хақындағы тың зерттеулерге қадам басады. Соның бірі –
«Зар заман ағымы» (1997) аталатын оқу құралы деуге бо-
лады. Бұл еңбекте де ғалым М. Әуезов еңбегіне сүйене от-
ырып, «зар заман» деген бағыттың неден басталып, немен
біткенін былай түйіндейді: «Әуезовтың алабөтен айырып ай-
туынша, зар заманның зары орыс отаршыларының келе ба-
стауынан басталған зар, мұң ғана емес, яғни Ресейге бо-
дан бола салып зар еңіреу емес. Мұхтар Әуезов зар заман
әдебиетін айқындап берген көп себеп үміттің үзіліп, «жол-
сыз жорықтың» жеңіліспен аяқталып, Кенесары мен Иса-
тай–Махамбет өлтірілгеннен кейінгі халді баса айтады»(3,7).
Сондықтан, ғалымның зар заман ақындарының көпшілігі
XIX ғасырдың орта кезінен бері қарай сол көтерілістердің ар-
тынан шыққаны жайлы тұжырымы да орнықты деуге бола-
ды. Зерттеуші бұл еңбегінде де, түрлі саяси кезеңдерде «зар
заман ағымына» қилы мән берілгенін, ұлттың тарихи даму
шындығынан туған зор мұраға «сарыуайым, үмітсіз үзілген,
жаңалықтан үріккен, діншіл әдебиет деген мін тағылғанын,
«зар заман ағымы» басқа мағына ала бастағанын айтады
(3,10).
Шортанбай мұрасына көлеңке түсірген сипаттың бірі дін-
шілдік делінсе, жалпы дін туралы Қ.Мәдібайдың: «Дін –
аллатағалаға құлшылықпен, бірді-екілі шарттылықпен ға-
на түгесілетін дүние емес, бүкіл тіршілікпен, жаратылыс
құпияларымен астасып жатқан құлашы кең, күрделі ұғым.
Опасыз жалған дүниеден адамның іздеп тапқан таяныш
тұғыры, рухани күші. Шортанбай осыны білген, түсінген,
насихаттаған»(2,6),– деп дін деген ұғымға өзіндік интерпре-
тация беру арқылы Шортанбай өлеңдеріндегі «діни сипат-
тың» өзгеше құндылықтарын ашады.
380
Қ. Мәдібай «Зар заман ағымы» атты еңбегінде де Шор-
танбай Қанайұлының (1818-1881) шығармашылығы қа-
зақ әдебиеттануындағы барша тұжырымдарды тұтастай
жүйелейді. Шортанбай өмірінен мәлімет-деректер кел тіре-
ді. Сондай-ақ, Шортанбай өлеңдерінің XIX ғасыр соңы-
на қарай түрлі жинақтарда жарық көріп, елге тарала
бастағанын дәйектейді. В.В. Радлов, Лютшь, Ы. Алтынсарин
басылымдарындағы Шортанбайдың «Зар заман» толғауын
сөз етеді. «Шортанбай толғауларын қарастырғанда сөздік-
мағыналық, негізгі ой жүйесіндегі, шығарма тұтастығындағы
айырма-ауытқулар, өзгешеліктер, талас-пікірге сұранып тұр-
ған, ізденіс шақырып тұрған қисын-болжамдар аз емес»
(3,77) деп өз мойнына мақсат-міндеттер жүктеген зерттеуші
Шортанбай өлеңдеріне текстологиялық талдаулар жүргізудің
бет-бағдарын белгілейді. Шортанбайдың «Зар заман»,
«Бала зары», «Алдаушы жалған» толғауларының идеялық-
құрылымдық ерекшеліктері нақтыланады. Зерттеуші Шортан-
бай шығармаларын жыр үлгісі қатарында таниды. Шортан-
байдың 14 түйдектен тұратын атақты «Зар заман» толғауын
құрылымдық талдау жасайды. Осы тұрғыда жыраудың «Ал-
даушы жалған» толғауының да мәні ашылады. Зерттеуші:
«Бала зары» толғауында жалпы жаратылыстың түп негізін
түсіндіруден бастап, өтірік, ұрлық, ғайбат, зорлықтан аулақ
болсаң, залал көрмессің деген уағыз айтады» (3,100),–деп,
Шортанбай ғибраттарының философиясына ой жүгірте ді.
Шортанбай Қанайұлының «Шортанбайдың өлер алдын да
қатын-бала, ел-жұртына арыздасып айтқан насихат сөздері»,
«Пысықай», «Байды құдай атқаны», «Қожа, молда» өлеңдері,
«Көз көрген қазақ батыры» толғауы, «Ақжолтай батыр» даста-
ны ұйқас, буын, бунақ, тармақ ерекшеліктері қарастырылып,
тың таным тұрғысынан жанрлық деңгейде пайымдала-
ды. Профессор Қ. Мәдібай: «Шортанбайда жыр толғаудан
басқа қара өлең үлгісіндегі тарихи жыр да, оқиғалы (сюжетті)
өлең де, айтыс та, Шортанбай айтыпты деген бірқақпайлар
да бар» (3,107),– деп жазады. Бұл бағытта Шортанбай
поэзиясындағы дәстүр сабақтастығы хақындағы пайымдау-
лар да ірге қалайды.
Зерттеуші Қ. Мәдібай Шортанбай шығармаларындағы көр-
кемдік тәсілдердің молдығына қанықтырады. Шортанбай
381
тіліндегі аллитерация, ассонанс, метафора, кейіптеу сияқты
көркемдік құралдарға зерттеу еңбектерінің қай-қайсысында
да айқын мысалдар (3,106–07) келтіреді. «Алайда Шор-
танбай өлеңінің сезім қуаты, көркемдік күші бейнелі көркем
тіл ғана емес; Шортанбай өлеңіне поэзиялық сәуле түсіріп
тұрған – наразылық, жаттың ісінен іш жию, ұрпағын жаман-
дықтан сақтаудағы жанұшыру сезімі» деген байламы ерекше
қуатты деуге болады. Шынында, Шортанбай кейіптеуіндегі
зар заман адамы: «...Қолында тұрып ұрлығы, Мойныңда
тұрып зорлығы, Ойында тұрып жалғаны, Көңілде тұрып
арманы, Баласын беріп моллаға, Көңілін беріп аллаға,
Дүнияға көңіл жұбатты. ...Залым туған сұмырайлар. Осылай-
ша жеңіп тұр. Шолақ иттей діңкілдеп, Бір-біріне жетем деп,
Аласұрып өліп тұр. ...Бұл заманның адамы, Ұстасады көре
алмай, Аз болса бөліп бере алмай, Шындық кетті қазақтан,
Ант сөзіне сене алмай» (3,109),– деп суреттеледі. Кенеуі
кеткен кемшілік қай заманда да табыларына бақсақ, Шор-
танбай өлеңдерінің өміршеңдігінің сырына тағы да қаныға
түсеміз. Зерттеушінің байлам-пайымдарынан Шортанбай
сын ды зар заман ақын дарының қас-қабағын терең танығаны
аңғарылады.
Әрине, зар заман әдебиеті негізінде XIX ғасыр әдебиетіне
тұтастай жүйелі талдау жүргізу жаңашыл бағыттағы зерт-
теушілік әлеуетті қажет еткені анық. Осы тұрғыдан келгенде,
әдебиет тарихының білгірі Қанипаш Мәдібайдың Шортан-
бай ақын шығармашылығы жөніндегі зерттеулері жаңашыл
сипат тарымен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |