Бағдарламасы бойынша шығарылды Құрастырған және алғы сөзін жазған Қанипаш Мәдібаева Қанайұлы Ш



Pdf көрінісі
бет14/46
Дата30.04.2022
өлшемі17,29 Mb.
#32972
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   46
Байланысты:
Шортанбай Қанайұлы шығармалары

ҚАРАКЕСЕК
1
 
дастан
Бастайын «бисмилла» деп сөздің басын,
Тарихтың аударайын біраз тасын.
Кешегі үлкендердің сөзі еді,
Ендігі кішілерге мұра қалсын.
Сағым сел, сансыз көлді, жері – Арқа,
Ел жайлап Сары Арқа толған малға.
Құба жон мекен еткен үш арыс ел,
Жоқ еді зәрулігі малға-жанға.
Бір хақтың билігінде кім туады,
Кіндік кесіп, кіріңді кім жуады.
Біреудің баласы еді үш ел басы,
Белгілі әлімсақтан шынтуайты.
Тараған Жаңаарыстан жалпақ Арғын,
Қоңырат, Қыпшақ, Найман, Керей бартын.
Уақты, басқасын да қоя тұрып,
Арғынның сөз етейін біраз халқын.
Арғыннан туады екен Қара қожа,
Онан соңғы Ақжолды дейді мырза.
Ақжолдың жеті ұл туды тоқалынан,
Біртіндеп таратайын болсаң ырза.
Ақсопы, Қарасопы, Арықсопы,
Сарысопы, Момынсопы, Имансопы.
Жетеудің ең кенжесі Мейрамсопы,
Тұрақты бәйбішеден туған жалқы.
Мейрамның бес баласы бес арыс ел,
Орта жүз – атаң арғын, бір асқар бел.
Ұлы жүз, кіші жүздің арасында,
Жайлаған Сары Арқаны шарқарлы көл.
Қуандық, Қаракесек – жапсар ауыл,
Жасынан бір туыпты болып бауыр.
1
  Қанайұлы  Шортанбай.  Қайран  халқым.  –  Алматы:  «Раритет», 
2002. – 216 б.


127
Мейрамда көп өскені осы екеуі,
Бұлардан шықты жақсы талай тәуір.
Алладан жазуға деп хат алғанмын,
Шежіре жазбай тағы жата алмадым.
Болаттың біле жүрсін былайғы жұрт
Қалайша Қаракесек атанғанын.
Сыр қызын Мейрам сопы алған екен,
Жеңгесі ертіп келіп салған екен.
Жау шауып екі арада, ел бүлініп,
Қайта алмай осы Арқада қалған екен.
Емшекте жеңгесінің бар баласы,
Үш адам келген еді айналасы.
Біреуі Арыстан бап тұқымынан,
Бірге өскен бай қызының жан жолдасы.
Тағдыр ғой, әйел мен қыз қалып қойды,
Мейрам сопы ойлады әрбір ойды.
Біз үшін ел-жұртынан айрылды деп,
Жеңгесін ақылдасып алып қойды.
Ел өскен аналардан енді жаңа,
Бір хақтың ризығына толған дала.
Ел болды біразырақ Қамбар деген,
Манағы емшектегі келген бала.
Әйелден қыздай алған туды төрт ұл,
Қуандық, Сүйіндікпен – екі деп біл.
Бегендік, Шегендікпен – бұл төртеуі
Бірге өсіп, біте қайнап, болған бір тіл.
Жеңге алған әйелінен – Шуыртпалы
Туғаннан жалғыздықты ұмытпады.
Төртеу бір, бұлар екеу екі атадан,
Екеуін ойнаса да жуытпады.
Жыл жылжып, күндер өтті талай-талай,
Сыйлаған екі әйелді барлық маңай.
Екеуі оңашада ақылдасты,
Болады Қарқабаттың жайы қалай.


128
Біреуге ұзатуға қимай жүрді,
Туысқан ақылдасып талай түнді.
Тағдыры не жазады, күтелік деп,
Зер салып айналаға құлақ түрді.
Екеуі соныменен жүрді біраз, 
Қыс өтіп, келесі жыл болады жаз.
Сарқырап тауда өзек, сайда бұлақ,
Көлдегі қиқулаған үйрек пен қаз.
Екі әйел сыры бірге, жаны бөлек,
Сөйлейді бірін-бірі тосып, елеп.
Екеуі суға барып қайтқан еді,
Көреді сол жағдайды тағдыр жебеп.
Екеуі келе жатса Қарқабат та
Қайтыпты суға барып сол сағатта.
Отырған Қарқабаттың орнын көріп,
Екі әйел қалды сонда бір ғажапқа.
Дәреті жерді жыртып кеткен екен,
Жыртысы бір қарысқа жеткен екен.
Екі әйел ішін тартып таң қалысты,
«Қарқабат шын асыл жан, неткен екен».
Екеуі мұны көріп үйге қайтты,
Сопыға көргендерін келіп айтты.
Алла жазса тегі асыл болады деп,
Мақтады қайта-қайта Қарқабатты.
Қор қылма бұл аруды жатқа деді,
Жақсылап тәрбиелеп, сақта деді.
Екеуміз қызғанбалық, тоқалдыққа ал,
Қол жетпес мұндай асыл затқа деді.
Мейрам да қарсылықсыз көне қалды,
Уәде «жарайды» деп бере қалды.
Қидырып ақ некесін молдаларға,
Үшінші тоқалдыққа мұны да алды.


129
Билігі бір Алладан күндер өтті,
Бойына Қарқабаттың бала бітті.
Тоғыз ай тоғызымен өткеннен соң,
Баланың туатұғын күні жетті.
Ұл туды күні жетіп Қарқабаттан,
Қарқабат қуанышқа сондай батқан.
Жаратқан жарылқаса ұл береді,
Деген сөз бар емес пе ақиқаттан.
Әйелдің қалжасына құлын сойды,
Қуанып Мейрам сопы қылды тойды.
Нағашы тегінің деп құрметіне,
Баланың Болат қожа атын қойды.
Ерекше бала Болат бітімі де,
Айрықша анасының күтімі де.
Тілейді бір Алладан күні-түні
Түзуден шықса екен деп түтіні де.
Болаты болып өсті сері көңіл,
Таныған өжеттігін айнала-өңір.
Қиынның қандайынан жалтармайды,
Не істің тауып кетер ыңғай-ебін.
Досынан барлық сырын жасырмайды,
Қастасқан адамына бас ұрмайды.
Біреуден тәкәппарлық көре қалса,
Алғанша онан кегін басылмайды.
Қуандық – сыйлайтұғын үлкен аға,
Жақсы аға, ініге де жақсы жаға.
Мінезі бола қалса тым қаталдау,
Ініге қоя қоймас жақсы баға.
Үлкеннің ыңғайымен өскен бәрі,
Мінезі Қуандықтың әрі-сәрі.
Кейінгі інілерге күш көрсеткен,
Келмес деп төртеуіне мұның әлі.


130
Ежелден Мейрам сопы жуас кісі,
Тоқалдан туғандарға бұрады іші.
Балалар бәйбішеге ырық бермей,
Кей-кейде өз бетімен қылады істі.
Жыл жылжып, өлшеулі күн – мезгіл өтті,
Аттанар бұл дүниеден уақыт жетті.
Тараған алты арыс ел бір өзінен,
Мейрам да қайтпас сапар жолға кетті.
Алла алған аманатын сәт қолайлы,
Атаның жатқан жері болсын жайлы.
Көрмеген көшесінен жарылқа деп,
Ұрпағы әлденеше қолын жайды.
Әке өлді, қалды оның балалары,
Кәртайып, еңкейеді аналары.
Сыйыспай артындағы мал-мүлікке,
Ашылды араз болып аралары.
Шайтанның іс қылады оңбасында,
Асықты иірісті жолды ашуға.
Қуандық:
Бүк, шік, алшы, тәйке – менікі деп,
Болат тек сиыныпты омпысына.
Бір алла іс етерде асыға ма,
Алла ісін көрмей көңіл басыла ма.
Шиырып тастағанда тай үстінен,
Омпадан тұра қалған асыға да.
Қайғыда қалды қамқор аналары,
Бәрінің Мейрам еді паналары.
Ұстауға балалардың басын қосып
Келмеді аналардың шамалары.
Бір күні ауыл көшті жайлау жаққа,
Қуандық әуелден-ақ құмар баққа.
Азырақ қатты сөзге келіп қалды,
Таласып Болатпенен мінер атқа.


131
Үлкен деп Болат оны сыйламады,
Айылын онан қорқып жинамады.
Араз боп бір әкенің балалары,
Төртеуі басын қосып жиналады.
Болат та ашуланды көзі жайнап,
Дүрлікті мұны көріп ауыл-аймақ.
Қамбар мен Шуыртпалы жанжал болса,
Болатқа болысуға тұр ыңғайлап.
Біреулер ертіп келді аналарын,
Қарашы аналардың даналарын.
«Сендерге не жетпейді, қойыңдар» деп,
Таратты ұрсып-ұрсып балаларын.
Сөйтсе де іштерінде кегі қалып,
Татулық көңілдерін шайтан шалып,
Жүгініп ескі қазақ ғұрыпына,
Бөлінді бір-бірінен енші алып.
Баласы бәйбішенің өңкей қасқа,
Ер жетіп ие болған мал мен басқа.
Аз беріп сыбағалы еншілерін,
Қиянат қылды сонда екі жасқа.
Шыдамай бұл қорлыққа Болат бала,
Қамбар менн Шуыртпалыны қасына ала,
Бір түнде бар жылқыны айдады да,
Жөнелді қайдасың деп «Бетбақ дала».
Елсізде бұлар келді бір қораға,
Бел шешіп дем алысты сол арада.
Жылқының қалың сүрлеу ізіменен
Қуғыншы ертең жеткен бұл араға.
Қуандық, Сүйіндікпен келді қуып,
Бегендік, Шегендікпен оған жуық.
Оянып уақытысында Болат қожа,
Бұлаққа жатыр еді бетін жуып.


132
Қақтығыс бола кеткен жайдан-жайға,
Ағайын өкпелескен қотыр тайға.
Қораға сонда Болат жүгіреді,
Сол жерде істемекке амал-айла.
Қораны соққан екен қара шымнан,
Ер Болат қорқар емес қуғыншыдан.
Жалма-жан қара шымды қолына алып,
Қуғыншы ағаларын шыммен ұрған.
Қораға қуғындар да жуықтайды,
Болат та шыммен ұрып жуытпайды.
Жылқыға ие болып Қамбар тұрды,
Көрсетті көп қайратты Шуыртпалы.
Түс ауып, кешке дейін болды жанжал,
Қылады кімге опа дүние мен мал.
Дәл тиіп лақтырылған бір кесектен,
Бет-аузы Қуандықтың болды дал-дәл.
Бола ма төбелесте ешбір есеп,
Тұра ма «ұра бер» деп арқа төсеп.
Қолына ұстағаны қару емес,
Қораны қалаған шым – қаракесек.
Ер Болат бір кесекті қате алыпты,
Оқыста бауырына тақалыпты.
Ағасын қара шыммен ұрып жығып,
Сондықтан Қаракесек атаныпты.
Қан бірге, қайда барад, болды бітім,
Тай сойып Қуандыққа, етті күтім.
Баласы бір әкенің – намыс бірге,
Намысын бермей келед, сырты бүтін.
Алланың жебеуімен өскен халық, 
Қамбар мен Шуыртпалы бірге қалып.
Ұрпағы екеуінің күні бүгін
Ішінде Қаракесек жүргені анық.


133


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет