шәлиев, М.Мағауин, К.Жүністегі, С.Дәуітовтер Шортанбай
шығармаларын жинады, баспадан шығарды.
Қазіргі кезеңдегі ақын мұрасын бағалаудағы негізгі ша-
руаның бірі – жарияланған, басылым көрген өлең-толғау-
лардағы мәтіндік айырмашылықтарды арнайы салыстыру-
лар арқылы зерделеу. Яғни, мүмкіндігінше ақын мұрасының
ғылыми текстологиясын жасау. Сол мақсатта өз тарапымыз-
дан Шортанбай мұрасын зерттеу бағытында (Қ.Мәдібай. Зар
заман ағымы және Шортанбай Қанайұлының әдеби мұра-
сы. – канд. дисс. 1995 ж.) біраз салыстыру, айғақтау жұмысы
жүргізілді.
Шортанбай шығармаларының ұлт тарихындағы, әдеби
дамудағы бастамашыл бағыттарын, діни-ағартушылық
ұстанымдарын ендігі уақыттың таным талқысына тарта оты-
рып, зерттеудің күрделі міндеттері бар.
Ақын мұрасын жүйелеу жұмысы әлі де күн тәртібінде тұр.
Шортанбай шығармаларының осы кезекті басылымы сол
орайдағы игілікті істерге өзіндік септігін тигізеді деген ойда-
мыз.
Достарыңызбен бөлісу: