Бағдарламасы бойынша шығарылды Құрастырған және алғы сөзін жазған Қанипаш Мәдібаева Қанайұлы Ш



Pdf көрінісі
бет5/46
Дата30.04.2022
өлшемі17,29 Mb.
#32972
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
ЗАМАН АҚЫР
1
Абібі ақ серуердейін
Абу Бакр. Омардайын
Осман, Әлі Қайдардайын
Әділ патша табылмас-ты.
Жақсыны көзден салмаңыз,
Жақсыдан қапыл қалмаңыз,
Тәңірім қылған оларды
Аяғынан алмаңыз.
Әрбір жұртқа, әр топқа
Алтын сақа табылмас-ты
Бас ауырса тәуеттерге
Алып келіп бақтырарсың
Жиын бәлекет қашты деп
Өкпеменен қақтырарсың
Жақсыдан мұндай тұмар алып 
  
 
қақтырарсың,
Тура құрық салған болса
Дертке шипа табылмас
Қатының өлсе қайғырарсың,
Кеміген болып қалсаң керек
Онан-мұнан қарманып,
Бас біреуін алсаң керек,
Төсек қалың салсаң керек.
Өзіңді бассаң керек
Бір кеткен соң қамқорың
Ата-ана табылмас-ты.
Көрінгенге көз саларсың
Ажал болса маңдайында
Біткен болса не қыларсың?
Бәріңізге жүзі қызыл,
Қасы қара табылмас-ты.
Балаларың мектеп көрсін
Әркім мәселе сұраса
Оған баға табылмас-ты.
1
  Радлов  В.В.  Алтын  сандық.  Алматы:  «Ана  тілі»  баспасы,  1990. 
–256 б.


21
Көп мұсылмандар пақыр болар
Тамам жерлер тақыр болар
Бақырлардың халін сұрау
Қайырлы байлар табылмас-ты.
Бұл дүниеге көңіл қойма!
Қонақ келсе арық сойма,
Есің болса өзіңді ойла,
Алты құлаш бөзден басқа
Артық пайда табылмас-ты.
Жарлы екен деп аямайды,
Бай екен деп силамайды,
Әлін адам ойламайды,
Өлімге қайла табылмас-ты.
Бір шыбындай жаннан кешіп,
Ашық шайда болмасаң
Қатын, бала малдан кешіп,
Тәркі дүние болмасаң,
Кеше, күндіз зар жылап,
Тағат тақия қылмасаң,
Рахатымен жатқанға
Дидар құдай табылмас-ты
Қан қылып, сурет қылып
Жан қылып, қып-қызыл қан ішіріп
Шешесінің қарнында
Тоғыз ай, он күн кешіріп
Жылатып жерге түсіріп
Әуелдгідей мұныңды
Пана қылса керек-ті.
Ақыл беріп, ақ жүзге гүл беріп
Қуат қылса керек-ті.
Он екі жасқа кім келсе
Құдайыны бір білсе,
Өзін кісіден кем көрсе,
Кісіні өзінен ұлық білсе,
Мұндай кісіні әр топқа
Аға қылса керек-ті.
Тағат қылса Аллаға,
Күнде барса молдаға,
Қағаз қалам алдаға,


22
Рахмет жауар ол құлға.
Мұның орны жендетте
Мақұл болса керек-ті.
Бір пара қылса да ұрлықта
Ұрлықтың түбі қорлық-ты.
Көрінген кісіге қылады зорлықты.
Басы жерге жеткенше
Қоя білмес қарлықты.
Құлағына алмайды
Құдайынан салған жарлықты.
Мұның орны жаман
Лепсе болса керек-ті
Қапыл адам жетеді
Бір күн тәубе қылайын
Бір күн тәубе қылғанша
Үзіп жұлып алайын
Аузыма алып салайын
Жас уақыт тауба қылғанша
Қартайғанда құдайға 
Мұқым жатып жылайын
Өлшеп берген өмірін
Зая қылса керек-ті.
Бір параны, е, құдайым
Алтын таққа міндіріп,
Дәулет күшін басына қондырып,
Пәрменіне жұртын көндіріп,
Бағындырып, нандырып
Ел басы қылса керек-ті.
Жастыққа басың жеткенде
Жалынарсың малыңа
Кім сұрайды халіңді
Жан алқымға келгенде
Кім сұрайды халіңді.
Шашыратпай қаныңды
Суырып алар жаныңды
Әзиз жаныңды денеңнен
Жақсылық қылса керек-ті
Қасықтап жиған мал қалар,
Сайманменен үй қалар,


23
Ұлан ұсақ қыз қалар,
Ағайынның басында
Айғай салса керек-ті.
Сені тез жоғалтар
Жеңсіз көйлек кигізіп,
Үш жеріңнен бүлдіріп,
Қатты жерде ойдырып,
Топырақпенен бастырып,
Дұға қылса керек-ті.
Бұл көзіңді оттай қайнатып
Ауыр күрзі ойнатып
Мүңкір, Нәңкір періште
Сені көрден оятып
Суал қылса керек-ті.
Заманы ақырдың хандары
Қасындағы сұлтандары,
Тақ үстінде жұртына,
Тұтып тұрғандары,
Жарлыдан алып байларға,
Ақыл қылса керек-ті.
Заман ақырдың қожасы,
Қайырылып келер есікке,
Бұл үйде кім бар екен деп,
Көзін салар тесікке.
Балашағасын бастырып,
Төрге шығып өлтіріп,
Дұға қылса керек-ті.
Заман ақырдың молдасы.
Бек үлкен келер сәлдесі
Бауыр қыла көрмеңіз
Рас емес оның дұғасы.
Қолына пайда түскен соң,
Жарым дейді оның бағасы.
Көрмей, білмей біреуге
Куә болса керек-ті.
Заман ақырдың биіне
Барар болсаң алдына,
Құлағын салар жаныңа,
Қашан қарайды қалыңа,


24
Қарайды өзіңе, жүз малыңа
Жүре берсе керек-ті.
Заман ақырдың байлары 
Ұлық билер өз басыңы
Қайда дәулетті кісі келсе
Оған берер асыны.
Телміріп келсе бір кедей
Көзінен төгіп жасыны
Бермек түгіл бейшараны
Ажуа қылса керек-ті.
Заман ақырдың қатыны
Артына тастап ұятыны
Қиямет күні ол қатын
Жаза тартса керек-ті.
Заман ақырдың жастары
Ата-анасының көзінше 
Қол салысып, ойнасып
Ойнағаны күлгені
Зина болса керек-ті.
Ұл әкеден ұялмас,
Қызды ана тия алмас,
Заман ақырдың қыздары
Бір бірінің үйінен
Өсек айтып қалмағай.
Бір бірінің үйінен
Аяқ табақ алмағай.
Үй басына бір үй болса керек-ті.
Енді Шүршіт шығып Ташканд алғай
Кокан биінен Қажалты алғай
Мұсылмандар жылап қалғай.
Ұлуғы айбат перизат болғай керек-ті.
Енді Шүршіт жаңа қырыс қылғай
Самарқанға қылыс қылғай
Сайзылда шығын жайдан
Шүршіттердің бәрін қырып
Опат қылса керек-ті.
Тажал шығып дінді бұзғай
Қылышынан қан тамызған
Мұсылмандар анда тұрғай.


25
Сол малғұн тәңірмін деп
Дау қылса керек-ті.
Мәди шығып жолығысқай
Мұсылманға басын қосқай
Тажалменен ұрысқай.
Тап тұтылмай Мәдит қашып
Пайғамбардың көрін құшқай.
Көрден Ғайса деп
Әуес шықса керек-ті.
Аспаннан Ғайса түскей,
Мәдименен көріскей,
Кәпірменен ұрысқай,
Тажалды өлтіріп,
Ғайса үкімі онда болып,
Мәдименен иман қылса керек-ті.
Бір параны көрсеңіз
Аузы тола иманды
Қойны тола құранды
Сақар қылып тыңдасаң
Сухан Алла ұранды
Қақтан қорқып жүрегін
Пара қылса керек-ті.
Бір параны көрсеңіз
Беті қолын жуынып,
Әмет белін буынып,
Нәпсісін отқа өртеп,
Өз көңілін бекітіп,
Ол беңдені құдайым
Иманды қылса керек-ті.
Бір параны көрсеңіз,
Жанын отқа өртеп,
Омырауын желге бұрып,
Нәпсі үшін жүгіріп
Жан жолдасы бес намаз
Қаза қылса керек-ті. 
Бір параны көрсеңіз.
Сұрау, сұрау малы бар, 
Бір параны көрсеңіз.
Табақ, табақ асы бар.
Бір параны көрсеңіз.


26
Күн көретін халі бар,
Бір параны көрсеңіз.
Тек шықпаған жаны бар
Бірі бай, бірі кедей қылса керек-ті.
Қожа бұлға, молда бұлға,
Жақсы бұлға, сұлтан бұлға,
Бәріңізге ұлығы дағыба болса керек-ті.
Разы Алла мал берің,
Қайыр үшін жан берің,
Бір пара жанға бас берің,
Осы күнде басыңа,
Сая болса кеерк-ті.
Шапағатшы пайғамбар
Үмбет үшін зар жылап
Кешір, жалынар,
Сажда қылса керек-ті.
Аздар көпке теңелер,
Бақыр биге теңелер,
Қорлар зорға теңелер,
Теңеліп ақын алса керек-ті.
Ата ұлға бақпас,
Қыз анаға бақпас,
Әкім өзімен мүптеге болса керек-ті.
Пайғамбарлар бір бөлек,
Мұсылмандар бір бөлек,
Кәпірлер бір бөлек,
Жақсы, жаман бір бөлек,
Әуес қылса керек-ті.
Сұраушылар келерлер,
Бөлек, бөлек қыларлар,
Сират атты көпірге,
Айдау салса керек-ті.
Сират атты көпірдің 
Жуандығы бір қылдай,
Ұзындығы үш мың жылдай,
Иманды құл болмаса
Өтпек түгіл мүскілді
Имансыздар жыласып
Пәле қылса керек-ті.
Артына қараса ұрылар,


27
Артына қараса қыл көпір,
Адым қылса жығылар.
Е, кісі, топырақ болсақ екен деп
Зар еңірей керек-ті.
Ол Мұхамбет пайғамбар
Жалаң аяқ, жалаң бас
Көздерінен төгіп жас,
Көзден аққан жастары,
Қып-қызыл аққан жастары,
Үмбет үшін жандарына
Пида қылса керек-ті.
Біреу тайып түсер,
Еңбектесіп өтер,
Әркім амалына қарай жаза тартса крек-ті.
Бір параға бір демдік,
Бір параға мың жылдық,
Бір параға мың айлық,
Бір параға бір жылдық,
Әркім қызметіне қарай жаза тартса керек-ті.
Ораза немес иманның,
Қылған қайыр ықсаның,
Шалған қойың құбаның,
Арқасына көтеріп,
Алып ұшса керек-ті.
Көрің расул үмбетің,
Үмбетіне қылған шапағатың,
Жиып тамам үмбетін,
Абу Қаусар шербетін,
Ішіп қанса керек-ті.
Жат етіңіз жаппарды
Жарылғаушы ғұбарды
Абу Бакр, Омарды
Осман Әлі Қайдарды
Қаузы Қаусар суына
Табақшы қылса керек-ті.
Сүйген құлға оң қолдан
Бат-бақтырар арқаждан
Нигмет қылса керек-ті.
Мыңда әлім айтқан сөзіне
Әлім айтқан сөздерін


28
Еш алмапсың көзіңе
Құдайымның алдында
Қол аяғың өзіңе
Қуа болса керек-ті.
Мизан таразы құрулар
Әуел намаздан сұралар
Дүниеде қылған істерін
Мойныңа сенің қойылып
Қалынша қылса керек-ті. 
Дүниеде көп күлгендер
Дүниені өтпестей білгендер
Күнасы ауыр келгендер
Басын төмен салып
Ұялып тұрса керек-ті.
Пайғамбар ту жасылды,
Әзәзіл ту қызылды,
Қиямет жолы ұзынды,
Бара, бара ұзын жол
Екі айрылса керек-ті.
Бір жол барар бейішке,
Түрлі, түрлі жеміске,
Белі қылдай жіңішке,
Қорлар болса керек-ті.
Қорлар он бес жасфнда,
Таза гүлдер басында,
Ер жиырма жасында,
Қорларменен ойнасып
Жақсылыққа жетсе керек-ті.
Ден саулық бар, ауру жоқ,
Тірлік бар, өлім жоқ,
Қызығы бар, қайғы жоқ,
Суық іске желі жоқ,
Көктегі құл болса керек-ті.
Ғаишы ғишрет анда бар.
Мазы нигмет анда бар
Шырын шәрбет анда бар,
Жан парағат анда бар,
Құдайым сүйген құлына 
Несіп етсе керек-ті.
Бір жол бар дұзақққа,


29
Тәңрі алар азапқа,
Түрлі, түрлі азапқа,
Душар етсе керек-ті
Оттарға салып қайнатқай,
Ботадай боздатқай,
Іс өткен соң басына
Пайда етпесе керек-ті.
Періштелер жиылып
Дүниенің суын жиып
Алып келіа дұзаққа,
Құйса да отқа жетпес,
Ол сулар құрып қалса керек-ті.
Дұзақшылар аш қалса
Закон деген зәрі бар,
Рахметі жоқ кәрі бар,
Сусағанға зәр ішіріп,
Ішін қандай қайнатса керек-ті.
Әркім қылмысына лайық
Жаза тартса керек-ті.
Заман ақырдың адамдары
Өмірлері аз болғай,
Бойлары екі кез болғай, 
Өздері құмарпаз болғай
Әр қайсының қолында
Бір-бір домбыра болғай
Жиналып түрлі әлемет қылып
Қол салысып ойнасып,
Жер жүзіне түрлі пәле болса керек-ті.
Дария тасып, су ақпай,
Тауларлдан булар шықпағай,
Малды сауса сүт шықпағай,
Рас сөз қылмағай.
Бір имандық қалмағай,
Тәубе есігі байланып қалса керек-ті.
Жастарды әдеп қылмағай,
Біріне рас сөз қылмағай,
Ақыреттің айбатынан
Перизат етсе керек-ті.
Азанменен қаумет кетер,
Мейірімнен шапағат кетер,


30
Қалам молдадан хат кетер
Мекке жерден көтерлік
Аспанға ұшса керек-ті.
Күн тұтылып, жел болғай,
Топыырақтан өзге шашылмас,
Бұл жерде гүлдер ашылмас,
Түрлі-түрлі жемістер
Құрып қалса керек-ті.
Асрапыл сырын ұрғандай,
Тау қаңбақтай домалар,
Тас бұршақтай жумалар,
Жан дегеннің бәрі де
Бақыр болса керек-ті.
Тамам жерлердің жүздері
Айнадай болса керек-ті.
Төрт Мүккара періште,
Әр қайсы бір істе,
Үшеуін өлтіріп,
Әзірейіл жалғыз қалса керек-ті.
Құдайым айтар кім бар деп,
Әзірейіл айтар мен бар деп,
Өз жаныңды өзің ал десе керек-ті.
Бір қанатын жамылып,
Бір қанатын төсеніп,
Өз жанын әзірейіл,
Өзі алса керек-ті.
Ақтан жарлық болып,
Денеге жан кіріп,
Өлген адам тіріліп,
Қылған азаптары көрініп,
Күн шыққандай көрініп керек-ті.
Көрдің басында өзің мың жыл отырып,
Көзден аққан жасыңа
Ұлық дария болса керек-ті.
Пайғамбар жатқан тарапқа
Тура қарап симеңіз.
Үйіңізде біреуінің,
Бұлы болса беріңіз.
Аштан өле қалмассыз,
Адал болсын дініңіз.


31
1890  жылы  Қазан  қаласында  қайта  басылып  шыққан  «Бала 
зары» жинағының факсимилесі.


32


33


34


35


36


37


38


39


40


41


42


43


44


45


46


47


48


49


50


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет