УДК 821.512.122
ББК 84(5Қаз) 7-5
ISBN
978-601-251-099-7
©
Қанайұлы Ш., 2013
© “Ана тілі” баспасы, 2013
3
Алғы сөз
ЗАР ЗАМАННЫҢ АЙТУЛЫ АҚЫНЫ
Шортанбай Қанайұлы өз дәуірінің өзекті күйлерін тол-
ғаудағы ақындық алымымен әдебиет тарихында қазақ поэзия-
сындағы азаттық сарыны үзілмеген азаматтық лириканың жаңа
бағытын ашты.
Шортанбай – жалпы азаматтық деңгейдегі әлеумет ақы-
ны. Суық заман құрсауында қалған халқының қамын жеген
қайраткер тұлға. Ұлт-азаттық күрестің сөз батыры.
Озбыр, опасыз, отаршыл саясаттың қауіпті сұмдықтарын
сезіну сергектігінің шалқар дін білімдарлығымен астасып
жатқан сырлары – ақын поэзиясының дара сипаты.
Шортанбай Қанайұлы шығармаларының адамшылық
мұраттарымен суарылған ұзын арқауын жалғап жатқан негізгі
желісі – дін ілімі.
Ұзақ жылдар бойы бел алып, ұлт санасын тұмшалаған дүм-
ше құдайсыздық Шортанбай Қанайұлының тарихи тұлғасын
тану бағытында зор тосқауылдың бірі болды. Оның өлеңі
адамның опасыз жалған дүниеден іздегені мен тапқанын,
тіршілікке тірек етер мұрат-мақсатын көлденең тартады.
Жаратылыстың ештеңеге бағынбайтын өктем заңдарын айтып,
мойындатады. Дүниенің шартын, түп-төркінін, арғы-бергісін,
бары мен жоғын түгендеп, әріден қозғап, тіршіліктің алма-
кезек ағыстарын алуан бояуменен суреттейді.
Ақын мұрасының басылым көруіндегі тестологиялық
«құбылулардың» да өкініші көп. Саяси үрейден бұрмала-
нуынан өзге жауапкершіліксіз жариялай баруімізден де өріс
алып кеткен он-сан жаңсақтықтар бар.
Қазақ әдебиетінің тарихында, әдеби мұрасы аса көп сөз
болған үнемі назарда келе жатқан шығармашылық тұлғаның
бірі – Шортанбай Қанайұлы.
Шортанбайдың шығармашылық мұрасына қатысты пікір
4
ХІХ ғасырдың соңғы ширегінен бері қарай айтылып келеді.
Соның ішінде баса назар аударуды қажет ететін Мұхтар
Әуезов зерттеулері, Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов тұжы-
рымдары және 1959 жылғы «Әдеби мұра және оны зерттеу»
атты ғылыми-теориялық конференцияның материалдары,
Е.Ысмайылов, Қ. Жұмалиев, Ы. Дүйсенбаев, Х. Сүйіншәлиев,
М. Мағауин, С.Талжанов, К.Жүністегі, Б.Омар ұлы, А.Шәріп
пікірлері.
Шортанбайдың әдебиет тарихындағы орны ХІХ ғасыр-
дың аяқ шенінен бастап-ақ айғақтала бастады. Шортанбай-
танудың басында, біздіңше, халқымыздың әдебиет үлгілерін
жинап-зерттеуші, бағалап-саралаушы, қазақ әдебиетінің
ғылыми сипаттамасын жасаушы В.В. Радлов тұр. Ол өзінің
халық жайын, әдебиет жайын қозғаған танымдық, ғылыми
еңбектерінде ел әдебиетінің түріне, сарынына, ерекшелігіне
барлау жасайды. Әдебиет туралы тоқтамдарында ел жағ-
дайын, ислам дінінің мәселесін қамти отырады. Кейінде
Шортанбайға діншіл, діни деген атақтың ажырамастай бо-
лып жабысуының бір ұшы Радлов мәліметтерін ұшқарылау
қабылдап, соған сүйене сөйлеуде жатқан сияқты.
«Зар заман» мен «Заман ақыр» тәрізді ғибрат өлеңдер
Ертістің шығысында дала қазақтарының моллалары
шығарған қолтума туындылар
1
». Ертістің шығысында дала
қазақтарының молдасы деп отырғаны кім екенін «Зар за-
ман» деп бүкіл бір дәуірге берген толғаудан білуге бола-
ды. Бұл дерек Шортанбайдың жазба ақын да болғандығын
айғақтайды.
В.В. Радлов Шортанбай толғауларын тұңғыш жинаушы, әрі
бастырушы
2
.
«Дала уәлаяты» газетінің бетінде Шортанбай шығарма-
лары жайлы сөз болды.
Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бас тап
Шортанбай ақын мұрасын жан-жақты қарастыру үзілген жоқ.
1927 жылы М. Әуезов «Әдебиет тарихы» оқулығында Шор-
танбайды қазақ әдебиеті тарихындағы айтулы ағымның –
1
Радлов В.В. Алтын сандық.- Алматы: Ана тілі, 1993. 19-бет.
2
Радлов В.В. Образцы народной литературы тюркских племен,
том ІІІ, СПБ, 1870.
5
зар заманның атышулы тұлғасы ретінде таныды. Әдебиет
тарихындағы өзгеше мектептің ірі өкілі, көшбасшысы
есебінде көрсетті. Өкінішке орай, аталған еңбек ғылыми,
әдеби айналымға түспеген күйде «құртылды». Сол тұстағы
Х. Досмұхамедұлы, А. Байтұрсыновтардың әдебиет тарихы,
әдебиет теориясы, әдебиет сынына қатысты, соның ішінде
Шортанбай деп ала-бөтен бөліп, жіктемегенімен, ақын өмір
сүрген дәуір әдебиетінің ерекшеліктері сипатталған еңбектері
де елеусіз қалуға мәжбүр болды.
Сәкен Сейфуллиннің 1929 жылғы «Еңбекші қазақ» арқылы
халыққа жолдаған «Қазақ әдебиеті туралы ашық хаты» – сол
бір қысылтаяң күндердегі бұқпай, бүгежектемей, жоғары мек-
теп үшін дегенді алға қоя отырып, халықтың былайғы рухани
тарихына аса қажет бетбұрыс іс болды.
«Халық тарихын, әдебиет тарихын тәртіптеп жазып, шыға-
руға әдебиет тарихының дерегі керек. Әркім әр жерде бөлек-
бөлек жинап жүргеннен жалпының ортасындағы ұлы қазан
тәрізді университетке жіберулерін өтініш қыламыз. Кейбір
маңызды мағлұматтарға ақша төленеді. Өте-мөте керек бо-
лып отырған мағлұматтар: Асанқайғы сөздері, Бұқар жырау,
Шортанбай, Ақмолла ақын, Мәшһүр Жүсіптің сөздері, өлең-
күйлері, Жаяу Мұса өлеңдері, Маңмаңгердің Ыбырайының,
Балуан Шолақ, Мәди, Омар Қарашев өлеңдері, әсіресе, «Тер-
ме» деген өлеңі. Бұлармен қатар ел аузында жатқа айтылып
жүрген түрліше өлең-жыр әңгімелер. Қазақтың әндерінің,
күйлерінің тарихтары, мәселен, «Бозайғыр», «Бозінген»,
«Балбырауын», «Ақжелең», «Сарыжайлау», «Қосбасар»,
«Терісқақпай», «Қорқыт күйі», Ықылас, Балабақсы, Дай-
рабай, Тоқа күйлері. Осылардың бәрі қазақтың тарихына,
мәдениет, әдебиет тарихына керек мағлұмттар»
1
.
Сәкен Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» (1932), «Қазақ-
тың ескі әдебиет нұсқалары» (1931) еңбектерінде Шортан-
бай толғаулары бағаланып, жарияланды.
1933 жылы М. Әуезов, М. Жолдыбаев, Ә. Қоңыратбаев
Шортанбай мұрасын әдебиет оқулығына енгізіп, талдап, са-
ралады.
1
Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті туралы хат. Еңбекші қазақ. 1929.
26 желтоқсан.
6
Жалпы өткен ғасырдың 30–40-жылдары аралығында
«өткеннің бәрі кертартпа» дегендей бірыңғай бағдар ба-
сым болды. Ал 1940 жылдардан жалпы әдеби мұраға
көзқараста 1947 жылға шейін бұрынғы пікірден мүлде қарсы
пікірге көшкеніміз – ол да біздің әдебиет тарихын жасауда,
әдебиеттану ғылымымызды дамытуда, саяси тарихымызда бас-
тан кешкен шындығымыздың бірі. 1942 жылы Сәбит Мұқанов
Шортанбайға өз бағасын берді. Әділін айтсақ, көп нәрсені
ашып берген құнды баға: «Сол кездегі қазақ тұрмысынан
Шортанбайдың жыры шолмаған ешбір сала жоқ»
1
. Профес-
сор Қажым Жұмалиев 1941 жылы шыққан «Қазақ әдебиеті»
оқу құралының екінші бөлімінде: «Шортанбай өз дәуіріндегі
әлеумет өмірінің барлық мәселелерін түгел шолып, олардың
әрқайсысына жеке тоқтап өтті, ол мәселелер жөніндегі
көзқарасын айтып берді. Қосқыртыс қайшылықтың жуан орта-
сында болған сыншыл ақын болмысты жасырмай, шын өз
қалпында көрсете алды. Сондықтан Шортанбай үлкен реалист
ақын»
2
, – деп тұжырым жасады.
Есмағамбет Ысмайылов та осы бағытта болды. Алайда,
1946 жылғы қаулыдан кейін ғалымдар Шортанбайға басқа
«баға» беруге және мәжбүр болды. Енді таптық тұрғыдан,
идеология ықпалында тану, таныстыру өрістеді... 1948-50
жылдары шыққан «Қазақ әдебиетінің оқу құралында» про-
фессор Қ.Жұмалиев бұрынғы пікірлерінен қол үзіп, сын мен
мінін баса көрсетті.
С. Мұқанов «Ана тілі мен әдебиет сабағы туралы» мақа-
ласында
3
Шортанбай мұрасын екі жақты деп бағалады. 1957
жылы мерзімді баспасөзде Шортанбай төңірегінде бірталай
әңгіме өрістеді. Т.Нұртазин, Ы.Дүйсенбаев, Ғ.Мұсабаев, С.Нұ-
рышев «Қазақ әдебиеті» газетінің бетінде пікірлер айтты.
Шортанбай туралы ғалымдардың әр кезеңде әр қилы сөйлеп,
баға беруінің ар жағында саясаттың салқыны жатты.
Не дегенде де, Шортанбай мұрасының жаманда-
лып отырып-ақ, ақталып жатқан, айғақталып, сарала-
на түскен тұстары көп. Шортанбай Шоқандай, Абай-
1
Қазақ әдебиеті. 19 сәуір. № 15. 1957.
2
Мұқанов С. Қазақтың ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихы-
нан очерктер, Алматы, 122-бет.
3
Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті. Алматы, 1941. ІІ бөлім.
|